Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



бет70/135
Дата06.12.2022
өлшемі1,23 Mb.
#55320
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   135
Байланысты:
Типтік бағдарлама

Күтілетін нәтижелер:
- педагогтың ауызша тапсырмасымен ертеңгілік жаттығулардың кешендерін орындайды;
- сауықтыру жаттығуларын орындайды;
- қажетті бастапқы қалыпта болу, жаттығуларды орындаудың бірізділігін сақтайды;
- жолда жүру ережелерін сақтайды;
- түрлі ойындарды өз бетінше ойнайды;
- жануарлармен, жәндіктермен байланыста қауіпсіздік шараларын сақтайды;
- балабақшаның, өз үйінің жақын айналасын бағдарлай біледі;
-ұқыпты жейді, асхана құралдарын пайдаланады;
- гигиеналық шараларды орындайды: жуынады, таранады, қолын сабындап жуады, қол орамал пайдалану.


Қатынас» білім беру саласы
«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:
- тіл дамыту;
- көркем әдебиет;
- қоршаған ортамен таныстыру;
- мемлекеттік, орыс және басқа да тілдер (мемлекеттік тіл қазақ тілінде тәрбиеленетін және оқытатын топтарда өткізілмейді) ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады.
«Қатынас» білім беру саласының мазмұны қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынастың құрылымдық тәсілдері мен құралдарын меңгеруге бағытталған.
Мақсаты: тіл ережелері мен нормаларын меңгеру негізінде балалардың тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту;
- балалар әрекетінің түрлі формалары мен түрлерінде балалардың ауызекі тілін дамыту;
- зейін дағдыларын, тілді меңгеруге, балалар әдебиетіне деген қызығушылықтарына тәрбиелеу.

I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ


Тіл дамыту

Тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу


Дауысты, дауыссыз дыбыстарды, қатаң, ұяң және үнді дыбыстарды (р, л) таза, анық айту дағдыларын бекіту.
Фонематикалық қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеуде дидактикалық ойындарды қолдану.
Сөздік жұмыс
Адамдардың атын, мамандықтарын, заттардың қасиеттерін, бөліктері мен бөлшектерін, тұрмыстық электротехника заттарын білдіретін - зат есімдермен балалардың сөздік қорын байыту.
Тұрмыстық заттар және қоршаған табиғат заттарының маңыздылығын түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Тілдің сөздік қорына жалпылама атаулы сөздер енгізу.
Заттарды және олардың тұрған орнын анықтау дағдыларын жетілдіру.
Ойындарды пайдалану арқылы сөздерге қызығушылығы мен зейінін дамыту.
Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру
Сөздердің қиысу дағдыларын жетілдіру.
Жан-жануарларды, олардың төлдерін білдіретін сөздерді зат есімнің көпше және жекеше түрінде айту біліктіліктерін дамыту, сөздерді түрлі тәсілдермен құру.
Сан есімдерді ретімен атауға, оларды зат есімдермен бірге қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда ойындарды қолдану.
Байланыстырып сөйлеу
Әңгімелесу кезінде бірін-бірі тыңдауға, бірінің сөзін бірі бөлмеуге, түсінуге және әңгімеге қатысуға үйрету.
Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, әңгіме барысында өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Берілген сюжет бойынша сахналауға үйрету.
Шығармашылық сөйлеу әрекеті
Шағын тақпақтарды, өлеңдерді жатқа айту дағдыларын қалыптастыру.
Балаларға түсінікті қуыршақ театрының «жүргізу техникасын» пайдаланып, театрландырылған әрекеттерге – ойындарды драматизациялауға, қойылымдарға қатысуға баулу.
Ойнау барысында ұйқасты өлеңдерді және мәнерлі сөздерді қолдана білуге тәрбиелеу.
Кейіпкерлердің бейнесін беру үшін қажетті ырғақ мәнерінің тәсілдері мен қарқынын қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Берілген әңгіменің басы мен аяғы бойынша әңгіменінің атын ойлап табу іскерліктерін қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет