Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



бет75/135
Дата06.12.2022
өлшемі1,23 Mb.
#55320
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   135
Байланысты:
Типтік бағдарлама

«Таным» білім беру саласы
«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:
- қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
- құрастыру;
- экология негіздері;
- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Мақсаты: математикалық ойлау дағдыларын, құрастыру, танымдық қызығушылықтарын, негізгіэкологиялық білімдерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- танымдық-зерттеушілік және өнімділік (құрастыру) әрекеттерін ұйымдастыру;
- қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру;
- танымдық қызығушылыққа, қоршаған табиғаттың тірі және өлі құбылыстарына ұқыпты қарым-қатынасқа тәрбиелеу
-балалардың дүниетанымын кеңейту.

І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ


Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Жиынтық. Балаларға әр түрлі пішіннен, өлшемнен заттардың жиынтығы тұратындығы туралы ұғымдарды беру.
Осы заттарды салыстырып қою арқылы оларды санамай-ақ салыстыру негізінде теңдігін немесе теңсіздігін анықтауға үйрету.
Сан және есептеу
Балаларды 3, 4, 5 ке дейін санауға үйрету, заттарды үлгісі бойынша және аталған саны бойынша санауға, сандарды тәртібі бойынша атауға және қорытынды санды атауға, «Барлығы қанша?» сұрағына жауап беруге үйрету. Бірінің астына бірі екі қатарда орналасқан заттардың екі тобын салыстыруды үйрету.
Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды беру. Салыстырылатын топтар: бір көп, бір және екі, екі және үш және төрт, төрт және бес.
Теңдікті кем топқа үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып екі тәсілмен орнатуға, «Қанша еді?», «Қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету.
Беске дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау, «Қаншасыншы?», «Қайсысы» сұрақтарына жауап беру дағдыларын дамыту.
Беске дейінгі сандармен таныстыру, сандық топты белгілеу.
Әр түрлі сезім мүшелерінің көмегімен санау дағдысын дамыту (көру, есту, иіс сезу).
Тура және кері бағытта беске дейін санап жаттығу.
Көлем
Екі, үш затты шамасы, ұзындығы, биіктігі, ені, жуандығы бойынша салыстыру білігін бекіту. Қосу және үстемелеу тәсілдерін пайдалану, заттардың сөздермен орналасу тәртібін белгілеуге үйрету, мәселен, үлкен – кіші; жоғары-төмен. Үш затты салыстыру кезінде сөйлеуде заттарды көлемі бойынша сипаттайтын терминдерді пайдалану. «Бұл шырша ең биік шырша, ал мынау аласа, ал енді мынаусы өте аласа».
Шаманың екі белгісі бойынша заттарды салыстыру дағдысын қалыптастыру.
Үшінші (шартты өлшеммен) екі затты салыстыруға үйрету.
Геометриялық пішіндер
Шеңбер және төртбұрыш, үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді ажырату және дұрыс атай білуін бекіту.
Тікбұрышпен таныстыру. Геометриялық пішіндерді: төртбұрышты, тікбұрышты ажырату және атауды үйрету; геометриялық пішіндерді сипап-сезу және көру арқылы зерттеу.
Геометриялық пішіндер әр түрлі өлшемде және әр түрлі түсте болатындығы туралы ұғымдарды беру.
Текше, шар, цилиндр геометриялық пішіндермен таныстыру, оларды ажырату мен атауды үйрету.
Кеңістікті бағдарлау
Алға, артқа, солға, оңға, жоғары,төмен бағыттарды анықтай білуін жетілдіру.
Берілген бағытта: алға, артқа, солға, оңға қозғала білуін дамыту.
Өзіңе қатысты белгілі бір заттың орналасуын сөзбен белгілеуге (менің алдымда-есік; арт жақта үстелде кітап; менің сол жағымда шкаф; менің оң жағымда терезе, жоғарыда-төбе, төменде еден) үйрету.
Кеңістіктік қатынастармен таныстыру: алыс-жақын. Өзіне қатысты алыс, жақын заттардың орналасуын, мәселен қабырға алыс, ал терезе жақын екендігін анықтауға үйрету.
Уақытты бағдарлау
Тәулік бөліктері туралы ұғымдарын кеңейту, оларды атау кезіндегі дұрыс жүйелілікті сақтауға үйрету, мысалы, таңертең, күн, түс, кеш, түн.
Мынадай ұғымдармен таныстыру, кеше, бүгін, ертең, таяу күндердегі атаулардың жүйелілігін атауға үйрету: «Кеше аптаның қай күні болды?», «Бүгін қандай күн?», «Ертең қандай күн болады?», әр түрлі оқиғалар негізінде: біз кеше не істедік; бүгін не істейміз, ертең не істейміз;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет