Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



бет82/135
Дата06.12.2022
өлшемі1,23 Mb.
#55320
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   135
Байланысты:
Типтік бағдарлама

«Шығармашылық» білім беру саласы
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- музыка ұйымдастырылған оқу әрекеттерінде іске асырылады.
Мақсаты: эстетикалық талғамның болуын қарастыратын шығармашылық дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
- қажетті тәсілдер мен әдістерді пайдалана отырып сурет салу, мүсіндеу, жапсыру дағдыларын жетілдіру;
- күрделі заттардың бөліктерінің орналасуын дұрыс беру және оларды көлемі бойынша салыстыру іскерліктерін қалыптастыру;
- эстетикалық талғамға тәрбиелеу, бейнелеу және музыка өнеріне қызығушылық таныту.

І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ


Сурет салу
Заттық сурет салу
Үлгі бойынша және түсті елестету бойынша, олардың өзіне тән ерекшеліктерін: пішінін, пропорциясын және заттар мен олардың бөліктерінің орналасуын ескере отырып, сурет салу дағдыларын қалыптастыру.
Бірнеше біртектес заттардың көлеміндегі айырмашылықтарды ажырата білуін дамыту.
Бейнелеу материалдары мен аспаптарының қасиеттері туралы білімдерді қалыптастыру.
Бейнелеу техникасы дағдыларын дамыту: қаламды пайдалану, сурет салғышты пайдалану, сурет салу кезінде дұрыс отыру дағдысын дамыту.
Сурет салудағы техникалық дағдыларды нығайту: суреттерді бояу, қаламмен тек қана бір бағытта – жоғарыдан төмен қарай немесе сол жақтан оң жаққа қарай, контур шегінен шығармай бояу қажет.
Мазмұнды сурет салу
Күзгі жапырақтары бар ағаштың, үйдің, ағаштағы алманың суреттерін бақылау негізінде суретін салу дағдыларын қалыптастыру.
Балаларды заттардың бейнелерін, жануарлар пішінін, табиғат құбылыстарын, таныс ертегілердің оқиғаларын тұжырымдауға үйрету. Негізгі түрлері мен олардың реңктері туралы білімдерін жетілдіру, оларды қағаз бетінде салу тәсілдері туралы білімдерін жетілдіру.
Қағаз бетінде заттарды орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Заттар мен нысандардың көлемін ескере отырып сурет салу дағдыларын қалыптастыру.
Қоршаған шынайы әлем құбылыстары мен заттарын, үлгі бойынша ертегі кейіпкерлерін бейнелеу және заттардың олардың бөліктері мен түстерінің орналасуын, пішінін, пропорциясын ескере отырып ұсыну тәсілдерін пайдалану дағдыларын жетілдіру.
Сәндік сурет салу
Геометриялық пішіндерден тұратын және жолақтағы өсімдік өрнектері мен халықтық өнер сарыны бойынша салу дағдыларын қалыптастыру. Ою-өрнектер мен пішіндерді бірінен кейін бірін салатын бірізділік дағдыларын жетілдіру.
Екі түрлі элемент кезектесіп, элементтері ырғақты қайталанған, симметриялылығы, элементтердің бірізділігі сақталып , тура және ирек сызықты өрнек пішіндері ескеріле отырып жазықтықта орналастырылған қазақы ою-өрнек элементтерімен танысу.
Тура және ирек сызықтары үйлестіріп құрастырылған дымков таңбаларының элементтері туралы білімдерін қалыптастыру.
Сурет салудың техникалық дағдыларын нығайту: бояғыштың ұшымен сурет салу, жақпаларды ырғақты жағу, штрихтарды пішіні бойынша түсіру, қылқаламмен тұтастай кең сызықтарды жүргізу, ал жіңішке сызықтарды, нүктелерді қылқаламның теріс жағымен немесе түктің ұшымен жүргізу.
Қазақ ою-өрнектеріне тән ашық түстерді, атап айтқанда таңқурай түсін, жасыл, қара, ақ, сұр, қызыл түстерді пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
Ойы бойынша сурет салу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет