Қызметкерлерге еңбекақы төлеу – бұл олардың жұмыс жасаған уақытына және заңға сәйкес белгілі бір жағдайларда - жұмыс жасаған күндеріне де төленеді.
Еңбекақы есебін ұйымдастырудың мынадай мақсаттары:
кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы есебінің жүйесін және нысандарын анықтау;
кәсіпорын қызметкерлерін және мамандарынае үстемақы жүйесін қарастыру;
кәсіпорын қызметкерлерінің және басты мамандарының жалақы есебін ұйымдастыру.
Кәсіпорындағы қызметкерлерге еңбекақы төлеп, есептеу - кәсіпорын жұмысын ұйымдастырудың негізгі бөлігінің бірі болып табылатындықтан, есептеу жүйесіне жоғары талаптар қойылады.
Кәсіпорында жалақы саясатын әзірлеуде және оны ұйымдастыруда жалақының мына төмендегі принциптерін еске алу тиіс:
кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы есептеудің дұрыс, нақты, толық жүргізілуіне бақылау жүргізу;
қызметкер жалақысынан салықтар, бюджетке төленетін және басқа да төлемдер ұстап қалу;
қызметкерлерге жалақыны дұрыс төлеу тәртібін қадағалау;
істелмеген жұмыс есебінің қиындығы және еңбек біліктілігінң деңгейі;
зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене еңбекгінің есебі;
еңбек сапасына және еңбекке қатыстылығының адалдығы үшін ынталандыру;
Мысал.
Қызметкерге жыл сайынғы демалыс күндері беріледі, ол 28 күнге тең.Сонымен қатар қалыпты жұмыс жағдайларынан ауытқуына байланысты – қосымша 6 күнтізбелік күн беріледі.
2016 жылдың 15 тамызынан 2017 жылдың 14 тамызына аралығындағы жұмыс жылына қызметкерге 20 маусым – 23 шілде аралығында демалыс күндері беріледі.
1.Демалыс күндерініне төлем есебі.
Қызметкер жұмыс күнінің орташа есебі:
50000теңге / 29,6 = 1689,18 теңге
Демалыс күндерінің төлем есебі:
1689,18 теңге * 34 = 57432,16 теңге
Демалыс күндерінің 11 күні маусымға, ал 23 күні шілде айына келіп тұр.
Маусым бойынша төлемдерінің сомасы:
1689,18 * 11 = 18580,98
шілде айының сомасы:
1689,18 * 23 = 38851,14
2.Қызметкердің маусым айында жасаған жұмыс күндері үшін жалақы есептеу.
Маусым айында қызметкер 1- 19 аралығында жұмыс жасады. (маусымның барлық жұмыс күндер саны – 21 күн)
50000 теңге / 21 * 12=28571,43
Сонда қызметкердің демалыс күніне кетер алдында оған 86003,59 теңге төленеді.