Еңбекақы ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғаушы күштері арасында әлеуметтік әріптестік қатынастарның дамуына мүмкіндік беретін, жұмыс беруші мен қызметкердің мүдделері арасында келісімдер жасалады.Олардың қазіргі нарықтық реалияға қаншалықты сәйкес келетіндігі еңбекақының негізгі қызметтеріне байланысты.Соған байланысты, әрбір қызметкердің жалақысы тек кәсіпорынның нәтижесіне байланысты , салықтық органдар қарастырады деп айтуға болады. Қазақстанда және басқа да елдерде кәсіпорын есебінің басты мәселесі бұл қызметкерлерге еңбекақы төлеу тәртібі болып табылады.Еңбекақы төлеу есебі - ең қиын және жауапкершілігі зор операциялардың бірі болып табылады.Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде ең маңызды орын алады.
Кәсіпорындағы еңбекақы есебін ұйымдастыру – бұл кез келген кәсіпорынның негізгі операциясы болып табылады. Өйткені, қандай кәсіпорын болмасын ол өз қызметкерлеріне, жұмысшыларына еңбекақы және басқа да төлемдер есебін жүргізеді.
Еңбекақы бұл – жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Ал кәсіпорын үшін ол өндіріс шығындары ретінде қарастырылады.
Еңбекақы төлеудің есебін мемлекет түгелімен кәсіпорынға жүктейді. Оған еңбекақы есебін ұйымдастыру,жалақы төлеудің нысандары, түрлері, жүйелері жатады.Еңбекақы төлеудің екі нысаны бар:мерзімді және келісімді.Мерзімд еңбекақы нысанында қызметкер өзінің атқарған жұмыс уақытына алатын жалақысы. Ал келісімді еңбекақыны қызметкерге орындалған жұмыстың көлеміне байланысты есептейді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Кондраков Н.П.Бухгалтерлік есеп: Оқулық. -., - М.: ИНФРА - М, 2015
Электронная справочная система «Гарант» НПП «Гарант-Сервис» 2014
Луговой А.В.Еңбекақы есебі. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Издательство «Бухгалтерлік есеп», 2015
Қуатова Д.Я. Кәсіпорын экономикасы. Практикум. – Алматы : Экономика,2016