3,0…4,5 ºС анағұрлым ауытқуы солтүстік, батыс, оңтүстік облыстардың бөлігін, сонымен
қатар Қазақстанның орталық аудандарын қамти отырып, Қазақстан аумағының көпшілік
бөлігінде байқалды. Бұнда 2012 жылғы көктем айрықша жылы көктем мезгілдерінің 10
17
пайызына енді. Шығыс пен оңтүстік-шығыста ауытқулар нормадан 1,0…3,0 ºС-қа жоғары
болды (1.10в сурет).
Жаз
2012 жылғы жаз республиканың барлық аумағында жылы жəне айрықша жылы
болды. Ауа температурасының қанағаттанарлық ауытқулары 0,1…4,0 ºС құрады. Ауа
температурасының анағұрлым ауытқулары батыста - 2,5…4,0 ºС бақыланды, ауытқулар
4,0 ºС жоғары, Ақтөбе облысының солтүстігінде максимуммен болған. Ауа
температурасының көп емес ауытқулары - 0,1…1,0 ºС Балқаш көлі мен Қазақтың ұсақ
шоқылы аудандарында болды. Көпшілік (90 пайыздан аса) метеостанциялардың деректері
бойынша 2012 жылғы жаз өте ыстық жаз мерзімдерінің 10 пайызына енді (1.10г суреті).
Күз
Күз Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында жылы жəне айрықша жылы болды,
онда ауа температурасы нормадан 1,0…3,0 ºС жоғары болды. Қалған оңтүстік-шығыс
жартысында температураның ауытқуы ±1
°С шегінде болды. ШҚО, Қостанай, Ақтөбе
облыстарының көпшілік метеостанцияларының деректері бойынша 2012 жылғы күз өте
ыстық күз мерзімдерінің 10 пайызына енді (1.10д суреті).
a)
б)
в)
18
г)
д)
(0…9 %) – экстремалды суық;
(10…29 %) – суық;
(30…69 %) –нормаға жуық;
(70…89 %) – жылы;
а) жыл (желтоқсан 2011ж.– қараша
2012 ж.)
б) қыс
в) көтем
г) жаз
д) күз
(90…100 %) – экстремалды жылы.
1.10-сурет –1971…2000 жж. базалық кезеңге жəне 2012 жылғы бақыланған ауа
температурасы мəнінен аспау ықтималдығына қатысты есептелген, 2012 ж. ауа
температурасы ауытқуының (°С) кеңістіктік таралуы, 1941…2012 жж. кезең
деректері бойынша есептелді.
Нақты жылғы температуралық режімнің экстремалдығын бағалау үшін,
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйыммен ұсынылған, климаттың өзгеру индексі
қолданылды. Төменде 2012 жылы Қазақстан аумағы бойынша кейбір ең көрнекі индекстер
мен олар мəнінің таралу ерешелігіне жасалған талдауы ұсынылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: