15. 11-сыныпқа арналған «Графика және жобалау» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Ақпаратты визуалдаудың графикалық әдістері мен құралдары». Компьютерлік графиканың негізгі түрлері. Растрлық, векторлық графикаға арналған бағдарламалар; 2D кескінін құру үшін БҚ (бағдарламамен қамтамасыз ету); 2D кескінін құру; векторлық және расторлық графикадағы түстік модельдер; векторлық және расторлық графикалардың графикалық операциялары; графикалық безендіруін орындау үшін графикалық редактордың мүмкіндіктерін пайдалану; примитивтерді қолдана отырып, 2D объектінің кескінін құру. Примитивтерді қолдана отырып, геометриялық құрылымдар орындау; кескіндерді баспада басып шығару.
2) «Кескіндердің негізгі түрлері және оны құрастыру». Компьютерлік графика құралдары арқылы көлемді денелерді және үстіртін модельдеудің негізгі тәсілдері; 3D моделін құрудың негізгі кезеңдері. 3D моделін (аксонометриялық проекция, техникалық сурет, жиынтық бiрлiк) құрудағы расторлық және векторлық бағдарлама мүмкіндіктері. Көлемді моделдеу операциясының негізіне
сүйеніп 3D моделін құру; 3D моделдердің визуализациялау түрлерін анықтау. 3D моделдерін тұрғызу тәсілдерін таңдау. 3D моделдерінің текстурасы мен
фактурасы; 2D нысанының қима және тілік көрінісін орындау үшін БҚ (бағдарламамен қамтамасыз ету) таңдау. Қима мен тілікті қалыптастыратын көлемді моделдеу тәсілдері.
3) «Кескіндерді түрлендіру». Кескіндердің түрі мен құрамын түрлендіру (графикалық жұмыс).
4) «Форманың қалыптасуы және құрылымдау». Компьютерлік графика құралдары арқылы геометриялық дене (заттардың) бетінің жазбасын сызу.
5) «Форманы түрлендіру». Бөлшектерді жою және басып шығару арқылы 3D моделді түрлендіру; бөлшектерді ауыстыру арқылы 3D моделді түрлендіру;
6) «Техникалық, сәулет – құрылыс және ақпараттық графика элементтері». Жиынтық бiрлiгінің 3D-моделі; графикалық бағдарламалардың кітапханамен жұмысы; құрылыс сызбаларын графикалық редакторларда орындау; инфографика (сұлбалар, графикалар және диаграммалар). Әртүрлі саладағы инфографика.
7) «Жобалау және жобалау графикасы». Жобалау әдістері»; Жобалаудың негізгі кезендері; жобалау объектілеріне қойылатын талаптар (эстетикалық, функциялық); Шығармашылық идеяларды визуалдау. Графикалық құжаттар; техникалық құжаттамалардың түрлері және олардың құрамы; шығармашылық идеяларды визуалдаудың әртүрлі құралдары (эскиз, макет, сызба); берілген тақырыпқа шығармашылық жоба орындау.__