Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы ««№ бұйрығына 129-қосымша Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11 сыныптарына арналған «Графика және жобалау»


-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі



бет5/17
Дата19.11.2023
өлшемі58,61 Kb.
#124916
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Типтік бағдарлама

2-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі

16. Бағдарламада оқыту мақсаттарын пайдалану ыңғайлылығы үшін код енгізілді. Кодта бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен бөлімшенің, төртінші сан – оқыту мақсатының реттік санын білдіреді. Мысалы, 10.1.1.1. кодында «10» - сынып, «1.1» – бірінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «1» – оқыту мақсатының реттік саны.



1. Ақпаратты визуалдаудың графикалық әдістері мен құралдары

Білім алушылар тиісті...

Бөлімше

10-сынып

11-сынып

1.1Ақпаратты
Визуалдаудағы кескіндердің ролі

10.1.1.1. Адам өмірінде және әртүрлі салада
(ғылымда, техникада және өнерде) ақпаратты визуалды түрде берудегі кескіндердің ролінің маңызын білетіндігін және түсінетіндігін көрсету;
10.1.1.2. Графикалық кескінді орындаудың әртүрлі әдістері мен құралдарын білу

11.1.1.1. Растрлық, векторлық графикалық бағдарламалар редакторларының негіздерін білу және оларды қолдану

1.2 Ақпаратты
визуалдау
құралдары

10.1.2.1. Негізгі сызба құралдарын білу;
10.1.2.2. Графикалық жұмыстарды орындау барысында сызба құрал-дарымен жұмыс жасаудың тәжірбиелік дағдыларын көрсету

11.1.2.1 2D нысанасын жасау үшін (сызық қалыңдығы мен түсі, тік бұрыш, көпбұрыш, шеңбер, доға, эллипс, сплайн сызықтар, сызықпен түрлеу, өлшемдер қою, координаттық тор) бағдарламалық қамтамасыздандыруды (растрлық немесе векторлық)
таңдау;
11.1.2.2 2D объектiлердi жасау үшiн графикалық редактордың тиiстi аспаптарының мүмкiндiктерін қолдану;
11.1.2.3 Векторлық және расторлық графикада түстік модельдерін таңдауды талдау;
11.1.2.4 Векторлық және расторлық графикалардың графикалық операцияларын (ерекшелеу, жою, масштабтау, бұру, қозғалту, айнадағы суреті, ауқымы, қиюды) пайдалана білу

1.3 Сызбаны
орындаудағы
негізгі ережелер

10.1.3.1 Стандарт бойынша сызба орындау мен безендіру ережелерін білу және сақтау;
10.1.3.2 Сызық түрлерінің классификациясын білу және графикалық жұмыстарды орындауда дұрыс қолдану;
10.1.3.3 Негізгі жазулар мен өлшемдерді қою, сызба әріптері, сызық түрлері, масштабтар туралы білімдерін көрсете отырып, графикалық кескін орындау

11.1.3.1 2D обьектілердің графикалық безендіруін
орындау үшін графикалық редактордың мүмкіндіктерін
пайдалану

1.4 Сызбадағы
геометриялық
құрылым

10.1.4.1 Сызбада геометриялық құрылымдарды (кесіндіні бөлу, шеңберлерді және бұрыштарды тең бөліктерге бөлу) әртүрлі сызба құралдарымен орындау;
10.1.4.2 Овал, қисық сызықтар және әртүрлі түйіндесу сызбаларын орындау тәсілдерін көрсету

11.1.4.1 2D объектілерін (геометриялық салулар,
түйіндесу) жасау үшін растрлық, векторлық кестенiң
түрлерiн таңдау және технологияларын білу;
11.1.4.2 2D объектiлерін құрастыру барысында клипарттар, кiтапханалар, үлгiлерді пайдалану;
11.1.4.3 Расторлы және векторлы графикада 2D объектiлерiн (сызба әріптері, сызба сызықтары, геометриялық құрылым, түйіндесулер) жасау үрдісін оңтайландыру және жеделдету, кескіндерді баспада басып шығару технологияларын пайдалана білу және қолдану



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет