Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы ««№ бұйрығына 129-қосымша Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11 сыныптарына арналған «Графика және жобалау»


Кескіндердің негізгі түрлері және оны құрастыру



бет6/17
Дата19.11.2023
өлшемі58,61 Kb.
#124916
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Типтік бағдарлама

2. Кескіндердің негізгі түрлері және оны құрастыру

Білім алушылар тиісті...

Бөлімше

10-сынып

11-сынып

2.1 Проекциялау
әдістері

10.2.1.1 Проекциялау әдіс-тәсілдерін білу және түсіну;
10.2.1.2 Екі немесе үш жазықтыққа проекциялаудың сызбадағы қажетті түрлерінің санын, олардың орналасуын анықтау және білу




2.2 Графикалық
Кескіндердің негізгі түрлерін
құрастыру
тәсілдері

10.2.2.1 Тегіс геометриялық денелер мен көлемді бұйымдарды құру тәсілдерін білу және түсіну (аксонометрия);
10.2.2.2 Заттың (дененің) берілген көріністері
бойынша, құрылымдау ережелерін білетіндігін көрсете отырып, аксонометриялық проекцияны орындау;
10.2.2.3 Техникалық сурет пен эскиздің ерекшеліктерін білу және анықтау

11.2.2.1 Компьютерлік графика құралдары арқылы көлемді денелерді және үстіртін модельдеудің негізгі
тәсілдерін пайдалану;
11.2.2.2 3D моделін жасау үрдісін кезеңдерге бөлу
(координаттық тор, геометриялық денелер, сплайндар, әртекті рационалды сплайндар, модельдер, негізінде модельдеу);
11.2.2.3 3D модельдерін (аксонометриялық проекция,
техникалық сурет, жиынтық бiрлiк) жасау үшiн растрлық, векторлық бағдарламалардың мүмкiндiктерін мен тиісті құралдарын пайдалану;
11.2.2.4 3D моделін (аксонометриялық проекция, техникалық сурет, жиынтық бiрлiк) жасауда көлемді денелерді модельдеу операцияларын қолдану (қаңқалы беттi жасау, бiрiктiру, қиылыстыру, алу, ұлғайту)

2.3 Заттарды
(геометриялық
денелерді) оқу
және олардың
сызбаларын жасау

10.2.3.1. Бұйымдардың геометриялық формасының қасиеттерін ескере отырып, сызбаға өлшемдерді қоюды білу және қолдана алуын көрсету;
10.2.3.2 Сызбада шарттар және жеңілдетулерді
пайдаланып, проекциялау тәсілдерін қолдану туралы терең білімдерін көрсету;
10.2.3.3 Бұйымдардың геометриялық формаларын талдау барысында сызбаларды оқу және орындау

11.2.3.1 3D моделін визуализациялау түрлерін анықтау және таңдау (аксонометриялық проекция, техникалық сурет), жиынтық бірліктер;
11.2.3.2 Көлемді денелерді (призма, пирамида, цилиндр, конус, сфера, тор) және үстіртін модельдеуді салыстыру (күрделі формаларды) және құрастыру тәсілдерін таңдау;
11.2.3.3 Визуалдау үдерісінде бұйымның текстурасы мен фактурасын көрсету

2.4 Қималар мен
тіліктер

10.2.4.1 Сызбаларда қима мен тіліктерді қолданудың маңыздылығын білу және түсіну;
10.2.4.2 Сызбада қима мен тілікті кескіндеу
ережелерін білу және қолдану;
10.2.4.3 Қима мен тіліктерді орындау барысында шарттар мен жеңілдетулерді қолдану

11.2.4.1 2D объектiнi (қималар мен тiлiктер) жасау үшiн бағдарламалық қамтамасыз етуді (растрлық немесе
векторлық) таңдау;
11.2.4.2 3D объектіде тiлiктер мен қималардың құрылуы
үшiн көлемді денелерді модельдеудің негізгі операцияларын пайдалану



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет