Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
1 тапсырма. Тыңдау және талдау.
Қазақтың əн мен күйлері жеке орындауда дамыған.
«Біздің оркестр» тақырыбы күйдің уақыттың өзгерісіне қарай жеке орындаудан оркестрлік орындауға көшуі жөнінде тақырыпты жалғастырады.
Оқушылар бірінші сыныптан бастап жеке орындау мен аспаптық орындаудағы ерекшеліктерді өзінің
жинақтаған тəжірибелік деңгейінде түсіндіре алады.
2-тапсырма. Сыныптық талқылау.
Оқулықта бірнеше оркестр түрі көрсетілген: симфониялық оркестр, халық аспаптар оркестрі,
үрлемелі аспаптар оркестрі. Оқушылар оркестрлердің
дыбысталуын бейнежазбадан тыңдайды, көреді.
– Бейнежазбадағы жəне суреттегі оркестр түрлерін ата.
– Халық аспаптар оркестрінің басқа оркестрден ерекшелігі неде? (аспаптарында, киімдерінде, құрамында, орындалуында, дыбысталуында)
Әртүрлі оркестр туралы бейне таспаларды көріп шығыңыз. (қазақ халық аспаптар оркестрі, үрмелі аспаптар оркестрі, шулы аспаптар оркестрі және т.б.)
- Оркестр туралы не білесің?
- Оркестрдің түрлерін білесің бе?
- Оркестр құрамына қандай аспаптар енеді?
- Бір күйдің жеке орындауы мен оркестрлік орындауында қандай айырмашылықтар мен ұқсастықтарын байқадың?
Оркестрдің құрамындағы аспаптар:
2 тапсырма. Әнді үйрену. Муз.С.Апасова, сөзі Қ.Бухарбаеваның «Біздің оркестр» әнін үйреніңіз.
3-тапсырма. Орындау жəне суырыпсалма.
Сабақта орындалатын «Біздің оркестр» əні (өлеңін
жазған: Ə. Асылбек, əнін жазған: Т. Қоңыратбаев).
«Біздің оркестр» өлеңінің мазмұнымен үйлесімде,
композитор Т. Қоңыратбаев əр шумақтан кейін
оркестр үнін салатын қысқа қайырымдық əуенмен
əнді бекітіп отырады. Əнді орындауды игергеннен
кейін, аталмыш қысқа қайырымдық əуенді ұрмалы
аспаптармен сүйемелдеуге болады.
Оқушыларға ырғағын қадағалау тапсырылады.
Əннің соңғы шумағын бірге орындаңдар».
3-тапсырма. Суырыпсалма.Екі топқа бөлініңдер. Бірінші топ «Біздің оркестр» әнінің бірінші шумағындағы та,та, та,та, буындарын дауыстап әуендетіп, бум бум буынын ұрмалы аспаптармен, шапалақпен соғып көрсетеді.Екінші топ: әннің екінші шумағындағы дың,дың,дың буынын ұрмалы аспаптармен шапалақтап соғып көрсетеді. Әннің соңғы шумағын бірге орындайды.
РЕФЛЕКСИЯ
-Мен не білдім?
- Бүгін мен не үйрендім?
-Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?
-Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?
|
Оқушылар өз ойларын ауызша жеткізеді.
Оқушылар өз ойларын ауызша жеткізеді және жаңа сабаққа назар аударып, берілген сұрақтарға жауап береді.
Дәптермен Сұрақтарға жауап береді
Бір -бірін бағалау
Берілген сұрақтарға жауап беріп, сабақты қорытындылайды.
|
Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі
Дескриптор нәтижесінде «Үш шапалақ»тәсілі арқылы бағаланады
|
Бейнеролик
оқулық
Оқулық
Оқулық, нота хрестоматиясы, үн-бейне хрестоматия
Топпен жұмыс.Импровизация жасау
А1, А3 форматтағы қағаздар Фламастерлер Қарандаштар Журналдар Газеттер
Кері байланыс тақтайшасы
|