Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІКТЕРІ МЕН



бет8/13
Дата13.12.2022
өлшемі110,45 Kb.
#56983
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
мониторинг 2022-2023

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІКТЕРІ МЕН
ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙЛЕРІН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін бақылау бойынша индикаторлар жүйесі баланың жасына сәйкес әр білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелерден тұрады.Стандартпен белгіленген деңгейлер Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес:
-III деңгей – «жоғары»;
-ІІ деңгей – «орташа»;
- I деңгей – «төмен» деп баламаланған.
Бақылау парағына білім беру саласының дескрипторының тұсына біліктер мен дағдылардың деңгейі қойылады, олар қосылып, «Жалпы саны» бағанына енгізіледі.
Алынған сома дескрипторлар санына бөлінеді де «Орташа деңгей» бағанына қойылады.Біліктер мен дағдылардың даму деңгейінің
көрсеткіштері алынған орта деңгей негізінде анықталады және «Біліктер мен дағдылардың даму деңгейі» бағанына енгізіледі.
Егер орташа деңгей толық санды көрсетсе, онда сол сан «Біліктер мен дағдылардың даму деңгейі» бағанына автоматты түрде көшіріледі.
Егер баланың орташа деңгейі толық емес санды құраса, мысалы, 2,5 кем болса, онда
бұл жағдайда II деңгей, егер 2,5 асатын болса – онда III деңгей қойылады. Егер
тура 2,5 болса – онда педагог баланың қай деңгейге жеткенін өзі шешеді.
Бақылау парағындағы «Біліктер мен дағдылардың даму деңгейі»
көрсеткіштері бағаны негізінде педагог әрбір баланың біліктері мен
дағдыларының даму деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін топтың (сыныптың)
Жиынтық есебін жасайды. Әрбір баланың біліктері мен дағдыларының даму
деңгейі Жиынтық есепте барлық білім беру салаларының деңгейлері қосу
арқылы анықталып, алынған сома білім беру салалары санына бөлінеді.
Біліктер мен дағдылардың даму деңгейін есептеу Бақылау парағы сияқты
жүргізіледі.Диагностика нәтижелері бойынша педагог балалардың
үлесін есептейді:
- I даму деңгейі (төмен деңгейге баламалы),%;
- ІІ даму деңгейі (орташа деңгейге баламалы);
- III даму деңгейі (жоғары деңгейге баламалы).
Төмен, орташа және жоғары деңгейдегі балалардың үлесін есептеу үшін келесі белгілер қолданылады.
А – барлық бала саны;
Б – төмен деңгейдегі бала саны (I деңгей);
В – орташа деңгейдегі бала саны (II деңгей);
Г – жоғары деңгейдегі бала саны (III деңгей).
Балалардың % (пайыздық) үлесін анықтау үшін мысалы, төмен деңгейдегі
балалар санын топтағы (сынып) барлық бала санына бөліп, 100 көбейту қажет немесе Б:А*100.
Сондай-ақ орташа және жоғары деңгейдегі бала саны да осылайша
есептеледі. Осылайша, баланың қалыптасқан білік пен дағдыларының
даму деңгейі мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделін құрайды:
1) физикалық жағынан дамыған;
2) білім құмарлық;
3) белсенді;
4) эмоционалды елгезек;
5) ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас құралдары пен тәсілдерді меңгерген;
6) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (ел), әлем және табиғат жайында алғашқы түсінігі бар;
7) мектепте оқу үшін қажетті біліктер мен дағдыларын меңгерген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет