Дұрыс, мәнерлі сөйлей алады. интонациялық мәнерлеудің түрлі тәсілдерін қолданады.
Сөздік қорды қалыптастыру
Сөйлеуде антоним, синоним сөздерді қолдана отырып, тілдегі сөздің көп мағыналығын түсінеді
қазах халқының құндылықтарын құрметтейді әртүрлі ойындарды бірге, келісіп ойнайды.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Түбірлес сөздерді жасап қолдана біледі, етістіктерді жалғаулармен қолданады, сөйлеу әдебін, жай және жайылма сөйлемдерді қолданады
Негізгі ойды дұрыс жеткізеді, өз пікірін айтады монологты байланыстырып құра біледі, әңгімені бірізділікпен айтады, шағын логикалық және хабарлау сипатындағы әңгімелерді құрастырады.
Көркем әдебиет
Өлеңдерді мәнерлеп, интонациямен оқиды; сюжеттің бірізділігін сақтай отырып,
өз бетінше шығарма мазмұнын қайталап айтады; кітаптарға қызығушылық танытады; өлеңдерді мәнерлеп оқиды.
Қазақ тілі
Қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіреді;
ауызекі сөйлеуде көркем сөздерді қолданады;
қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң, һ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтады;
сөздегі дыбыстардың орнын ажыратады;
қазақ халқы қолөнер шеберлерімен жасалған бұйымдарды біледі;
киіз үйдің заттарын және тұрмыстық заттарды білдіретін сөздерді біледі;
азық-түлік атауларын атайды;
аңшылық кәсіпке, мал өсіруге байланысты,
егіншілік кәсіпке байланысты сөздерді біледі және оны ауызекі тілде өз бетінше қолданады;
туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздерді біледі;
өзінің бауырлары, туыстары, ағайындары,
отбасылық мерекелер, басқосулар, тойлар, салт-дәстүрлер туралы айтады;
өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтарды жатқа айтады;
жұмбақтардың жауабын
табады;
шешендік өнерге, айтыс өнеріне қызығушылық танытады;
сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолданады;
интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолданады;
өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге тырысады;
өз бетінше қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге тырысады, әңгімелесушінің сөзін мұқият тыңдайды;
әңгімелесушіге сұрақтарды дұрыс қоюға, оған қысқа және толық нақты жауап береді;
таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың мазмұнын
иллюстрациялар бойынша қайталап айтады;
тыңдалған көркем шығарма мазмұнын ретімен, жүйелі түрде жеткізеді;
кейіпкерлердің диалогын мәнерлі интонациямен береді;
шығарманы рөлдерге бөліп
сомдайды, кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізеді;
тыңдалған шығарманы еркін талқылауға қатысады;
бір-бірімен еркін диалог құрады;
өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастырады;
ойыншықтар мен заттарды 5-
6 сөйлеммен сипаттайды;
заттар мен ойыншықтар, сюжетті суреттерді сипаттауда сөздерді дәл және дұрыс қолданады;
берілген мәтіннің
басталуын және соңын ойдан құрастырады;
ересектермен қарым-қатынас жасауда өз ойын еркін жеткізеді.
Сауат ашу негіздері
Сөздерді буындарға бөледі, олардың саны мен ретін анықтайды;
берілген буынға сөз құрастырады; сөздегі буындардың санын анықтайды;
берілген сөздерден жай сөйлемдер құрастырады; қаламды дұрыс ұстай алады;
қолды жазуға дайындауға берілген тапсырмаларды орындайды