Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің


Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру



бет7/13
Дата13.12.2022
өлшемі110,45 Kb.
#56983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
мониторинг 2022-2023

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру






Өзінің болашағына, табысты болу үшін білімнің қажеттігін түсінеді;
еңбекқорлық пен жауапкершіліктің маңызын түсінеді;
өз күші мен мүмкіндіктеріне сенеді;
туыстық байланыстарды түсінеді, жеті атасын біледі;
үлкендерді сыйлайды, кішіге қамқорлық танытады;
қолынан келгенше көмектесуге тырысады;
отбасы мүшелерін жақсы көреді, оларға алғыс айтады, сыпайы сөйлейді; өз ойын түсінікті жеткізеді, өзінің пікірін айтады;
заттардың қандай материалдардан жасалғанын өз бетінше анықтайды және олардың сапалары мен қасиеттерін сипаттайды;
ұялы телефон, смартфон, компьютер, ғаламтор, теледидардың.
қолданылуын біледі;
айналадағы заттар, ойыншықтар адамның еңбегімен жасалғанын біледі және оларға ұқыпты қарауға тырысады;
еңбек ардагерлерін, қарттарды құрметтейді, үлкенді сыйлайды, олардың еңбегін бағалайды;
Мемлекеттік мерекелердің маңыздылығын түсінеді, оларға белсенділікпен қатысады;
Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлерін біледі, оларды құрметтейді;
Қазақстанның әсем табиғаты, көрнекі жерлері мен тарихи орындарының маңыздылығын түсінеді; қазақ халқының құндылықтарын құрметтейді;
өз Отанын жақсы көреді,, Қазақстан әскері туралы түсінігі бар;
Кеңес Одағының батырларын біледі, оларды құрметтейді;
өз іс-әрекеттері мен басқа адамдардың іс-әрекеттерін бағалай біледі;
еңбек етуде, шығармашылық әрекеттерде жақсы нәтижеге жетуге ұмтылады;
сеніп тапсырған тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға тырысады;
айналасындағыларға әрқашан әділ болуға, оларға қолдау көрсетуге, көмек беруге тырысады;
балабақшаның үй-жайларында, жақын маңдағы шағын ауданда еркін бағдарлайды
арнайы көлік құралдарының қолданылуы туралы біледі;
өлі табиғат заттарын адамның қолымен жасалған заттардан ажыратады;
тірі және өлі табиғат, табиғат құбылыстары арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды бақылайды және түсінеді;
заттар мен құбылыстардың өзіне тән, сипаттамалық белгілерін бақылайды, талдайды, салыстырады, ажыратады туған өлкенің ағаштарын, бұталарын, гүлдерін, шөпті өсімдіктерін таниды және ажыратады;
өсімдіктерді бақылап, себеп-салдарлық байланыстарды ажыратады;
өсімдіктерге күтім жасау әдістерін біледі;
жануарларды әртүрлі белгілері бойынша топтастырады;
таныс материалдармен өз бетінше эксперимент жасай алады;
нанға ұқыпты қарайды, адамдардың еңбегін құрметтейді;
Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар мен олардың төлдерін ажыратады және атайды;
төрт түліктің пайдасын біледі, оларды күтіп-баптайды;
жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажыратады, құстардың пайдасын біледі, оларға қамқорлық жасайды;
адамның табиғаттың бір бөлігі екендігін біледі;
табиғатты қорғау, сақтау, күн мен ауаның адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі маңызы туралы біледі;
тірі объектілердің өсуі мен дамуы үшін су, жарық, ауа, қорек және айналасындағылардың қамқорлығы қажет екенін түсінеді;
қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат объектілеріне қамқорлық танытады;
ата-анасының, жақындарының мамандықтары туралы әңгімелейді, ересектердің еңбегін құрметтейді және бағалайды;
үй жұмыстарына көмектеседі;
кезекшінің міндеттерін, топта және балабақша ауласында шамасы келетін тапсырмаларды өз бетінше орындайды;
ересектердің еңбегін құрметтейді;
Қазақстан Республикасының Президентін біледі, оны мақтан тұтады;
жол қозғалысы ережесін біледі;
қоршаған ортада, табиғатта тәртіп ережелерін біледі;
ненің «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» екенін түсінеді және ажыратады

Қауіпсіздік



Өз өмірінің қауіпсіздігін түсінеді және сақтайды;
қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелерін сақтайды;
үйдегі, балабақша тобындағы міндеттерін біледі;
ұялы телефон, смартфон, компьютер,
ғаламтор, теледидардың қолданылуын біледі.

Ескерту: Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар, оның ішінде ақыл-есі кемістігінің жеңіл және баяу дәрежесіндегі балалар үшін біліктер мен дағдылардың тізбесі Стандарттың 1-тармағының 2) тармақшасының талаптарына сәйкес әзірленген жеке және арнайы үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес анықталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет