Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары



Дата10.03.2023
өлшемі183,91 Kb.
#73089
Байланысты:
№894 по аттестации с МП




2023 жылғы 6 ақпандағы № 15/651-И хаты


Облыстардың, Астана,
Алматы, Шымкент қалаларының
білім басқармалары
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен (жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы
30 желтоқсандағы № 533 бұйрығымен)
бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының 15-тармағына (бұдан әрі-Қағидалар) сәйкес педагогтердің білімін бағалау кезеңін өткізгенге дейін біліктілік бағалау және педагог қызметінің нәтижелерін кешенді талдамалық қорыту жүргізіледі.
Қағидаларда көрсетілген норманы іске асыру мақсатында тиісті деңгейдегі білім беруді басқару органдары 2023 жылғы 15 наурызға дейінгі мерзімде аттестаттаудың осы кезеңдерін өткізу бойынша тиісті жұмысты ұйымдастыру қажет.
2023 жылғы 27 наурызға дейін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы сараптамалық кеңестің ұсынымдары негізінде әрбір педагог бойынша педагогті аттестаттаудың келесі кезеңі - педагогтердің білімін бағалауға жіберу/жібермеу туралы шешім қабылдауы және қабылдаған шешімді аттестатталатын педагогтердің назарына уақтылы жеткізуі қажет.
Аттестатталатын педагогтер үшін педагогтердің білімін бағалау 2023 жылы сәуір айының басында жүргізілетін болады. Педагогтердің білімін бағалау нәтижелері бойынша тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы әрбір аттестатталатын педагог бойынша түпкілікті шешім шығарады.
Сонымен қатар, Лессон стади (Lesson Study) сабағына зерттеу жүргізу және педагог қызметінің нәтижелерін кешенді жалпылау кезінде педагогтің экшн рисерч (Action Research) әрекетінің инновациялық әдістерін қолдануы талап етілмейтінін хабарлаймыз. Заңнаманың жаңа талаптарына сәйкес ағымдағы жылдан бастап педагогтер үш жылда бір рет кесте бойынша және тегін негізде біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Бұл курстардың сертификаттары сертификаттау кезінде ескеріледі. Lesson Study сабағына зерттеу жүргізу әдістемесі және аттестаттау рәсімінен өту кезінде Action research әдісін қолдану бойынша жеке біліктілікті арттыру курстарының қосымша сертификаттары талап етілмейді.
Төрағаның м.а. З. Байменова
Г. Алиева,
74-27-26



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет