3.7.Электр қауіпсіздігі.
Шарушылықта Электр жүйесі құрылған.Ескірген электр желілері шаруашылыққа қауіпті болғандықтан жаңа заман талабына сай желілермен қайта жасалды.Егер шаруашылықта жарық болмай қалған жағдайда жарықтың жасанды көздерін пайдаланады.Ол үшін әдетте,қызу шамдары немесе газбен зарядталған люминесценттік шамдар пайдаланылады.Ал қызу шамдарының бірнеше түрлері қолданылады 1-вакумдық 2-газдық 3-айналы.
3.8.Өртке қарсы сақтық шаралары.
Өрттің дер кезінде өшірілуі –негізінен,өрт сөндірушілердің дер кезінде шақырылуына көп байланысты.Сол сияқты,адамдарды жанып жатқан ғимараттан тез шығарудыңда маңызы зор.Осындай жағдайда келесі сақтық шараларға көңіл аудару қажет.
1-Болып жатқан өрт туралы хабарлама беру. Өртті байқаған сәтте ғимараттағы адамдарға тез хабар беру керек .Өрттің көлеміне, жану қуатына қарамай өрт сөндірушілерді 01-телефоны арқылы хабардар еткен жөн.
2-Адамдарды құтқаруға әрекет жасау. Өрт сөндірушілерді шақыру мен қатар оны сөндіруге әрекет ету қажет, ал егер адамдарға тікелей қауіп төнсе, оларды көшіруге қимыл жасау керек.
3-Заттар мен жануарларды эвакуация жасау.Заттардың құрып кету қаупі туған кезде, оларды өрттен шығара бастауға адамдарды құтқарған соң кіріседі және бұл іс-әрекет өрт сөндірушілердің жұмысына кесірін тигізбеуі қажет.
4-Өртті өшіру.Өрт сөндіру құралдары.Оған мына құралдар жатады.
-судың ағын,шашыраған және бу түрін пайдаланатын құралдар;
-химиялық жіне ауа-механикалық көбіктер;
-инерттік газдар(көмірқышқыл,азот және т.б.
-ұнтақ құрғақзаттар(мысалы,құм),хлорлы металл түріндегі арнайы флюстер.
5-Егер өрт сөндіргіш жоқ болса, үй тұрмыс жағдайында қолда бар құралдар пайдаланылады:
-су;
-құм,құрғақ әрі майда болуы керек;
-киіз;киіз жанған затқа ауа жібермеу үшін пайдаланылады. Жанған жерді тез жауып, от өшкенше басып тұру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |