Қазақстан Республикасы құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі



бет1/9
Дата26.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#26461
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасы құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың рөлі мен қызметі

Назарбаев Сара Алпысқызы Назарбаевамен үйленген. Жұбайы — Сара Алпысқызы — Бөбек қорын басқарады. Президенттің үш қызы бар: Дариға  Назарбаева Динара Назарбаева Әлия Назарбаева Н. А. Назарбаевтың он немересі және бес шөбересі бар.


Отбасы және балалық шағы

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбайдың шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болған. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін.  Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келген.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет