Әдебиет:
1.Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.
2.Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,269 бет
3.Пушкарев Л. Н. Типологическая классификация русских письменных источников.
4. Источниковедение: теория, история, метод. Источники Российской истории: учебное
пособие. М., РГТУ. 1998.
5. Медушевская О.М. Современное зарубежное источниковедение. Москва, 1983
6. Источниковедение истории СССР. Под ред. Ковальченко И.Д. Москва, 1981
7. Абусейитова М.Х. К проблеме источниковедения средневекового Казахстана\\
Отечественная история. 1988, № 1.
Апта №13
1 кредит сағат
Дәріс №25
Тақырыбы: Қазақстан тарихының қазіргі заман тарихы бойынша деректер.
Дәріс мазмұны:
1.
Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы.
2.
Қазақстан тәуелсіздігі және тарихи деректер кешені.
ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ.басы Қазақстан тарихына түбегейлі қоғамдық өзгерістер кезеңі
ретінде енетіндігі айқын. Ал, заң актілері болса,түбегейлі қоғамдық өзгерістердің тарихының
негізгі дерек көздерінің бірін құрайды.Заң актілерін дерек көздері ретінде пайдалана білмей,
Қазақстандағы бұл өзгерістердің шынайы тарихын жазу мүмкін емес. Өйткені, Қазақстан
Республикасы тарихының басты ерекшелігі сонда, қоғамдық өзгерістер қажеттілігі алдымен
әр түрлі деңгейдегі форумдарда негізделді және заң актілерінде нақтыланып бекітілді, содан
кейін ғана іске асырылды.
Әрине, көрсетілген кезеңдегі ең басты түбегейлі қоғамдық өзгеріс, ол еліміздің өз
тәуелсіздігін алып, Қазақстан Республикасы атты мемлекеттің дүниеге келуі болды.
Қазақстан заң актілеріне деректанулық талдау жасау, осындай өзгерістердің еліміз
тарихында бұрын болмаған жаңа билік жүйесінің қалыптасуына заңдық негіз жасаған «Қазақ
ССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі Заңына)
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның болғандығын көрсетеді. Дәл осы заңға
сәйкес Қазақстанда президенттік институтының іргесі қаланды.
1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің мәжіліс залында 21 сағат 55
минутта Конституцияға сәйкес Қазақ ССР-інің тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Әрине, «Қазақ ССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына
өзгерістер мен толқтырулар енгізу туралы» заңның қабылдануы және сол заңға сәйкес
Қазақстанда президенттік басқару жүйесінің қалыптаса бастауы кездейсоқ нәрсе емес еді. Ол
сол кездегі қоғамдық қажеттіліктен туындаған объективті құбылыс болатын.
Түбегейлі қоғамдық өзгерістер бағытында жасалынған келесі қадам, сол 1990 жылдың
күзінде «Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының » қабылдануы
болды. Елде күннен-күнге белең ала бастаған бейберекетсіздікке тосқауыл қоюға сол кездегі
Орталықтың қабілетсіздігі, республикаларда экономикалық дербемтікке ұмтылу үрдісін
тудырды, толыққанды дербестік – егемендік жариялау процесі, яғни «егемендік шеруі»
басталды. Ел басшысының бастамашылығымен елдің жоғарғы заң шығарушы органы «Қазақ
ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны » қабылдады, онда былай делінген:
«... 1. Қазақ Советтік Социалистік Республикасы – егеменді мемлекет, ол басқа
республикалармен Егменді Республикалар Одағына ерікті түрде бірігеді және олармен өзара
қатынастарын шарттық негізде құрады.
Қазақ ССР-і Одақтан еркін шығу правосын өзінде сақтап қалады.
2.Қазақ ССР-і ұлттық мемлекеттіліг сақтау, қорғау және нығайту жөніінде шаралар
қолданады...».
Жарияланған Егемендік декларациясы тәуелсіздік бағытында нақты істер атқаруға заңдық
негіз жасады, мемлекет басшысына, декларацияға сәйкес, бірінші кезекте елдің мемлекеттік
басқару органдарын нығайту жөніндегі шаралар қабылдауға мүмкіндік берді.
1990
жылғы 20 қарашада Қазақстан Президенті «Қазақ ССр-індегі мемлекеттік билік пен
басқару құрылымын жетілдіру және Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» Заңға қол қойды.
Әдебиет:
1.Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.
2.Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,269 бет
3.Пушкарев Л. Н. Типологическая классификация русских письменных источников.
4. Источниковедение: теория, история, метод. Источники Российской истории: учебное
пособие. М., РГТУ. 1998.
5. Медушевская О.М. Современное зарубежное источниковедение. Москва, 1983
6. Источниковедение истории СССР. Под ред. Ковальченко И.Д. Москва, 1981
2 кредит сағат
Дәріс №26
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы тарихының деректері
Дәріс мазмұны:
1.
ҚР мемлекеттік рәміздерінің қабылдануы
2.
1993 жылғы Конституция.
3.
1995 жылғы Конституция.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті 1992 жылдың 4 маусымда «Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік жалауы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасы туралы», «Қазақстан Репспубликасының Мемлекеттік Гимнінің музыкалық
редакциясы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды. Мемлекеттік
нышандардың 15 жылдығына орай 4 маусым мереке күні болып жарияланды.
1993 жылғы 28 қаңтарда өтпелі кезеңдегі бірінші Қазақстан Конституциясы қабылданды.
Негізгі партиялық коммунистік жүйе кезінде қалыптасқан заң шығарушы орган – Жоғарғы
Кеңес пен жаңа билік жүйесі – Президенттік басқарудың өзара келісімі ретінде қабылданған
ҚР бірінші Конституциясы өміршең болмай шықты. Бірінші Конституция елдегі басталған
түбегейлі реформаларды одан әрі тереңдетуге қабілетсіз болып шықты.
Ескі мен жаңаның арасындағы болмай қойсайтын күрес басталды. Бірінші конституция
елдегі басталған түбегейлі реформаларды одан әрі тереңдетуге қабілетсіз болып шықты. Ол
туралы Президент ретінде сол Конституция шеңберінде қызмет етуге тиіс болған,
сондықтан оның барлық кемщіліктерін дер кезінде сезіне білген Н.Ә.Назарбаев : «Еліміздің
алғашқы Конституциясы 1993 жылы қаңтар айында күшіне енген бойда-ақ, кемшіліктерін,
әлеуметтік – экономикалық және саяси процестердің шын ахуалынан аулақ жатқандығын
көрсетті.
Желпіністің желі тез ыдырады. 1993 жылғы үлгідегі Конституция егемен Қазақстанды
құрудың күнбе- күнгі қарапайым да ауыр қызметіне құқықтық негіз бола алмайтындығын
аңғартты. »
Объективті қалыптаса бастаған жаңа жағдайға бейімделуге қабілетсіздік танытқан билік
тармақтарының бірі – Жоғарғы Кеңес өзінің төменгі құрылымдарының бастамшылығымен
таратылды. 1994 жылы 7 наурызда сайланған Қазақстанның тұңғыш кәсіби парламенті де
ұзақ жұмыс істей алмады. Ол да Конституциялық соттың 1995 ж. 10 наурыздағы шешімімен
заңсыз деп танылды.
Еліміздің саяси билік жүйесінде дағдарыстық ахуал қалыптасты. Осындай жағдайда
Қазақстан халқы өз Президентінен батыл шаралар қабылдауды талап етті. Уақыт талабынан
шыға отырып, Н.Ә.Назарбаев, Мемлекет басшысы ретінде референдум өткізуге шешім
қабылдады.
1
995 ж. 29 сәуірде өткізілген референдум қортыдысында ҚР Президенті өкілдігінің
мерзімін ұзартуды жақтап сайлаушылардың 95, 46 пайызы дауыс берді. Ол экономиканы
жандандыруға бағытталған 511 Жарлық шығарды, оның 132-сінің заң күші бар еді.
Бұл заңдар, сөз жоқ, елдегі түбегейлі қоғамдық өзгерістерді терңдетіп, олардың негізгі
бағытының бұлжымастығын бекіте түсті. Дегенмен, басталған реформаларды жалғастыру
және тереңдету үшіін ҚР Президентінің басшылығымен және тікелей қатысуымен әзірленген
ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумның маңызы аса
зор болды. 1995 жылғы 30 тамызда өткен референдумға қатысушылардың 89 пайызы жаңа
Конституцияны жақтап дауыс берді. Жалпыхалықтық қолдауға ие болған ҚР жаңа
Конституциясының қабылдануына байланысты түбегейлі қоғамдық өзгерістердің де жаңа
кезеңі басталды.
Әдебиет:
1.Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.
2.Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,269 бет
3.Пушкарев Л. Н. Типологическая классификация русских письменных источников.
4. Источниковедение: теория, история, метод. Источники Российской истории: учебное
пособие. М., РГТУ. 1998.
5. Медушевская О.М. Современное зарубежное источниковедение. Москва, 1983
6. Источниковедение истории СССР. Под ред. Ковальченко И.Д. Москва, 1981
Апта №14
1 кредит сағат
Дәріс №27
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы тарихының деректері
Дәріс мазмұны:
1.
1995 жылғы референдум.
2.
ҚР Президентінің жарлықтары
Еліміздің саяси билік жүйесінде дағдарыстық ахуал қалыптасты. Осындай жағдайда
Қазақстан халқы өз Президентінен батыл шаралар қабылдауды талап етті. Уақыт талабынан
шыға отырып, Н.Ә.Назарбаев, Мемлекет басшысы ретінде референдум өткізуге шешім
қабылдады.
1995 ж. 29 сәуірде өткізілген референдум қортындысында ҚР Президенті өкілдігінің
мерзімін ұзартуды жақтап сайлаушылардың 95, 46 пайызы дауыс берді. Бұл
Н.Ә.Назарбаевтың реформашыл жолын бүкіл халық болып қолдайтындығының айқын дәлелі
болды. Бұл Н.Ә.Назарбаевқа , халық қолдауына толық ие болған Президент ретінде,
парламент тараған кезде бар жауапкершілікті өз мойнына алып, елдегі түбегейлі өзгерістерді
одан әрі тереңдетуге мүмкіндік беретін жаңа әрі жеткілікті нормативтік- құқықтық база
жасауға жол ашты. Ол экономиканы жандандыруға бағытталған 511 Жарлық шығарды, оның
132-
сінің заң күші бар еді.
Олар реформаны жалғастыру үшін өмірлік қажеттіліктен туындаған: «Жер туралы»,
«Мұнай туралы», «Ұлттық банк туралы», «Акциздер туралы» , «Банкроттық туралы» және
басқа да заңдар еді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы
сайлау туралы» , «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан
Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан
Республикасының Үкіметі туралы», «Республикалық референдум туралы», «Қазақстан
Республикасындағы шет ел азаматтарының құқытық жағдайы туралы», «Мемлекеттік қызмет
туралы»,
«Қазақстан
Республикасының
прокуратурасы
туралы»,
«Қазақстан
Республикасының ұлттық қауіпсіздігі органдары туралы» және де басқа көптеген
мемлекеттік құрылыс мәселелеріне арналған заң актілеріне қол қойды.
Басталған реформаларды жалғастыру және тереңдету үшіін ҚР Президентінің
басшылығымен және тікелей қатысуымен әзірленген ҚР жаңа Конституциясын қабылдау
жөніндегі республикалық референдумның маңызы аса зор болды.
1995 жылғы 30 тамызда өткен референдумға қатысушылардың 89 пайызы жаңа
Конституцияны жақтап дауыс берді. Жалпыхалықтық қолдауға ие болған ҚР жаңа
Конституциясының қабылдануына байланысты түбегейлі қоғамдық өзгерістердің де жаңа
кезеңі басталды.
Әдебиеттер:
1.Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.
2.Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,269 бет.
3.Пушкарев Л. Н. Типологическая классификация русских письменных источников.
4. Источниковедение: теория, история, метод. Источники Российской истории: учебное
пособие. М., РГТУ. 1998.
5. Медушевская О.М. Современное зарубежное источниковедение. Москва, 1983
2 кредит сағат
Дәріс №28
Тақырыбы: Н.Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі.
Дәріс мазмұны:
1. Н.Назарбаев еңбектері – тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі.
2. Н.Назарбаев еңбектері – тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы
мен ерекшеліктері
3. Н.Назарбаев еңбектерінің пайда болу объективтілігі, тарихи жағдайы және оларды
сыныптау проблемалары.
Тағдырдың жазуымен тарихымыздың ең бір күрделі кезеңінде ел басшылығына ие болған
Н.Ә.Назарбаев ел басқару ісімен қатар көптеген еңбектер жазып, тәуелсіз Қазақстан
тарихының деректік негізін қалауға да өз үлесін қосып келеді. Елбасы ретінде Н.Назарбаев
еңбектерінде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихы ең алғашқы күндерінен бастап-ақ,
барлық қырынан дерлік бейнеленген. Сондықтан, Н.Назарбаев еңбектерін тәуелсіз Қазақстан
тарихының дерек көзі ретінде пайдалана білмей, ең жаңа тарихымызды ашып көрсету
мүмкін емес.
Ең жаңа тарихымызыдң өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстанның өз мемлекетін
құру мәселесі. Тарихымыздың басқа да түйінді мәселелері сияқты, мемлекеттігімізді
қалпына келтіру тарихы, алғашқы іс-шаралардан бастап, жан-жақты бейнеленген. Сондықтан
Н.Назарбаев еңбектеріне тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қалыптастыру, нығайту және дамыту
тарихының дерек көзі ретінде талдау жасау – тек деректану ғылымының ғана емес, жалпы
Қазақстан тарихнамасының да өзекті мәселелерінің бірі болып табылатындығы күмәнсіз.
Егер деректің әлеуметтік табиғаты сол деректі жасаушы субъектінің қоғамдағы орнымен
анықталатындығын ескерсек, онда Н.Назарбаев еңбектері түңғыш президентіміздің өзі
туралы құнды мағлұмат бере алатын маңызды дерек көздері міндетін де атқарады.
Н.Назарбаев еңбектерінің ХХ ғасырдың соңы мен ХХі ғ. басындағы объективті қоғамдық
құбылыс – КСРО - ның ыдырап, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болуы және
қалыптасу тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері, сол еңбектердің
авторы, яғни тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көздерінің үлкен бір тобын жасаушы
субъект – Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдағы орны мен өзіндік адами және тұлғалық
қасиеттерімен тығыз байланысты.
Н.Назарбаев еңбектері, деректану ғылым тұрғысынан қарағанда, өзінің пайда болуы
жағынан жазба дерек көздерінің жеке адамдық тобына жатады. Ал, жеке адамдық дерек
көздерінің басты ерекшелігі, оларда субъективті фактордың айрықша орын алуында.
Н.Назарбаев туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. 2005 жылғы Президенттік сайлау
қарсаңында, әсіресе, сайлаудан кейін Н.Назарбаев туралы, оның айқын жеңісінің себептері
туралы баспасөз беттерінде көптеген мақалалар жарияланды. Ол өткен ғасырдың 80-
жылдарынан бастап республикалық деңгейдегі басшылық қызметте болса, тәуелсіздіктің
қарсаңында, яғни 80 жылдардың соңы мен 90 жылдардың басында Қазақстан сияқты үлкен
республиканың бірінші басшысы міндетін атқарды. Н.Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз
Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі басты маңызы, олардың басқа да тәуелсіз
Қазақстан тарихының дерек көздерінен негізгі ерекшелігі – сол жылдардағы қоғамдық
құбылыстар мен түбегейлі өзгерістердің «қалың ортасында жүріп», ел тағдырын, ұлт
тағдырын шешкен «шешімдер қабылдаған» адамның дүниеге әкелгендігінде.
Н.Назарбаев еңбектерін тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихының дерек көзі ретінде
қарастыруда олардың пайда болуының себептерін, алғышарттарын, яғни объективтілігін
және тарихи жағдайын анықтаудың маңызы үлкен. Жұмыстың кіріспе бөлімінде
айтылғандай, Н.Назарбаев 1991 жылдың көктемінде дайындаған «Әділеттің ақ жолы» атты
еңбегінен бастап, 2006 жылыдң қаңтарында ҚР Президенті міндетін атқаруға қайта
кіріскенге дейін бірнеше іреглі еңбектер жинақтар, Жолдаулар және кітапшалар жариялады.
Солардың бәрінде дерлік, біздің тікелей зерттеу объектіміз болып табылатын - тәуелсіз
Қазақстан мемлекеті тарихы туралы ғылыми құндылығы жоғары мәліметтер алуға
көмектесері анық.
Деректанулық зерттеуде сыныптау проблемасының маңызы үлкен. Ол зерттеушіге нақты
деректің немесе дерек көзінің ерекшелігін анықтауға және сол ерекшеліктен шыға отырып
зерттеу тәсілдерін пайдалануға мүмкіндік береді. Осы қағидаға сай Н.Назарбаев еңбектерін
тәуелсіз Қазақстан мемелекеті тарихының дерк көзі ретінде кезеңдік, хронологиялық,
тақырыптық, мазмұндық, мақсаттық, формалық, т.б. принциптерге сай сыныптауға болады.
Мысалы, 1991 жылы жарық көрген «Әділеттің ақ жолы» кеңестік кезеңде дайындалып,
жарияланған еңбекке жатса, басқа дерек көздері ретінде қарсатырылып отырған Н.Назарбаев
еңбектері тәуелсіздік кезінде жарияланған еңбектерге жатады.
Әдебиеттер:
1.Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.
2.Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,269 бет.
3.Пушкарев Л. Н. Типологическая классификация русских письменных источников.
4. Источниковедение: теория, история, метод. Источники Российской истории: учебное
пособие. М., РГТУ. 1998.
5. Медушевская О.М. Современное зарубежное источниковедение. Москва, 1983
6. Источниковедение истории СССР. Под ред. Ковальченко И.Д. Москва, 1981
7. Абусейитова М.Х. К проблеме источниковедения средневекового Казахстана\\
Отечественная история. 1988, № 1.
Апта №15
1 кредит сағат
Дәріс №29
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы тарихының деректері
Дәріс мазмұны:
1.ҚР заң шығарушы органдарының шығарған заңдарының тәуелсіз Қазақстан
мемлекетінің құрылу, қалыптасу және даму тарихының дерегі.
Заң актілеріне деректанулық талдау жасау, жүргізілген түбегейлі қоғамдық өзгерістер
салдарында біздің елімізде жаңа саяси жүйенің қалыптаса бастағандығын көрсетеді. Әрине,
ондай жүйенің қалыптасу тарихы Қазақстан Республикасы тарихының өзекті мәселесі
ретінде келешекте жан-жақты зерттелері күмәнсіз.
1995 ж. 29 сәуірде өткізілген референдум қортындысында ҚР Президенті өкілдігінің
мерзімін ұзартуды жақтап сайлаушылардың 95, 46 пайызы дауыс берді. Бұл
Н.Ә.Назарбаевтың реформашыл жолын бүкіл халық болып қолдайтындығының айқын дәлелі
болды. Бұл Н.Ә.Назарбаевқа , халық қолдауына толық ие болған Президент ретінде,
парламент тараған кезде бар жауапкершілікті өз мойнына алып, елдегі түбегейлі өзгерістерді
одан әрі тереңдетуге мүмкіндік беретін жаңа әрі жеткілікті нормативтік- құқықтық база
жасауға жол ашты. Ол экономиканы жандандыруға бағытталған 511 Жарлық шығарды, оның
132-
сінің заң күші бар еді.
Олар реформаны жалғастыру үшін өмірлік қажеттіліктен туындаған: «Жер туралы»,
«Мұнай туралы», «Ұлттық банк туралы», «Акциздер туралы» , «Банкроттық туралы» және
басқа да заңдар еді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы
сайлау туралы» , «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан
Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан
Республикасының Үкіметі туралы», «Республикалық референдум туралы», «Қазақстан
Республикасындағы шет ел азаматтарының құқытық жағдайы туралы», «Мемлекеттік қызмет
туралы»,
«Қазақстан
Республикасының
прокуратурасы
туралы»,
«Қазақстан
Республикасының ұлттық қауіпсіздігі органдары туралы» және де басқа көптеген
мемлекеттік құрылыс мәселелеріне арналған заң актілеріне қол қойды.
Мемлекет құру iсi-үздiксiз процесс, ол мемлекет қанша өмiр сүрсе, сонша уақыт
жүргiзiле бермек. Әлбетте өмiрдiң өзi оған өзгерiстер енгiзудi, соның iшiнде
конституциялық өзгерiстер енгiзудi талап етуi ықтимал. Бiрақ бiр мәселенiң басы ашық,
Қазақстан Республикасының Конституциясы өзi өмiр сүрген жылдардың iшiнде өзiнiң
өмiршеңдiгi мен тиiмдiлiгiн дәлелдедi, оның басты қағидалары бүгiн де көкейкестi қалпында
қалып отыр. «Қазақстан 2030» стратегиясында атап көрсетiлген: «Аса ауыр жағдайларда
жинақталған мемлекеттiк құру, саяси және оның дамуы туралы бiлiм-бiлiгiмiз»,
қазақстандықтардың төзiмдiлiгi мен түсiнушiлiгi бiзге қосымша күш-қуат пен сенiмдiлiк
үстейдi.
Қазақстан Республикасының қарулы күштерiнiң құрылуы.
Елiмiздiң Қарулы Күштерiн құру iсi Президент Н.Ә.Назарбаевтiң есiмiмен тiкелей
байланысты екендiгi жақсы мәлiм. “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн құру
туралы” Елбасының 1992 жылғы 7- шi мамырдағы Жарлығы тәуелсiз Қазақстан Қарулы
Күштерi құрылысының бастауы болып табылады.
Қазақстан Қарулы Күштердi құрумен қатар Елбасшылығы мемлекеттiң әскери
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн саяси-дипломатиялық сипаттағы шараларды жүзеге
асырды.
Әскери саясаттың тиiмдi шараларын жасаумен жүзеге асыру аймақтағы қауiпсiздiктi
нығайтудың және елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң маңызды факторларының
бiрi болып табылады.
Әдебиеттер:
1.Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.
2.Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,269 бет
3.Пушкарев Л. Н. Типологическая классификация русских письменных источников.
4. Источниковедение: теория, история, метод. Источники Российской истории: учебное
пособие. М., РГТУ. 1998.
5. Медушевская О.М. Современное зарубежное источниковедение. Москва, 1983
6. Источниковедение истории СССР. Под ред. Ковальченко И.Д. Москва, 1981
7. Абусейитова М.Х. К проблеме источниковедения средневекового Казахстана\\
Отечественная история. 1988, № 1.
2 кредит сағат
Дәріс №30
Тақырыбы: Мерзімді басылымдар және олардағы болған өзгерістер
Дәріс мазмұны:
1.
Тәуелсіздік жылдарындағы мерзімді басылымдардың дамуы.
2.
Ресми басылымдар.
3.
Тәуелсіз басылымдар.
Қазақстан тарихының жазба деректерінің үлкен бір тобын мерзімді басылымдар
құрайды.Патша жарлығы мен оның жергілікті әкімшілік органдарының шешімдерін халыққа
жеткізіп отыру мақсатында, 1870 жылдың сәуірінен бастап, қазақ тілінде шыға бастаған
алғашқы «Түркістан уалаяты газетінен» бастау алатын қазақ баспасөзі, XX ғасырда негізгі
ақпарат құралына айналды.
Қоғамда болып жатқан әр алуан, ірілі ұсақты уақиғалар туралы дер кезінде оқырмандарына
мәлімет жеткізу міндетін атқаратын мерзімді басылым, уаөытөте келе баға жетпес құнды
деректер көзіне айналды. Халыққа болған оқиға туралы өз бойына қажетті мағұлматтар да
жинайды, сөйтіп уақыт өте келе өзі де тарихи дерек көзі ретінде ғылымға қызмет етіп,
уақиғалардың кейбңр қырларын ашуға көмектеседі.
Дегенмен, мерзңмдң басылымдар жазба деректердің басқа түрлерінен тек өзіне ғана тән
сипаттармен ерекшеленеді. Сондықтан оларда сақталынған мәліметтерден объективті
мағлұмат алу мақсатында зерттеушілер баспасөзді тарихи дерек көзі ретінде арнайы
қарастыруға тиіс болады.
Мерзімді басылымдар мәліметтерін тарих дерегі ретіндегі зерттеумен, оларды белгілі бір
дәрежеде талдаумен немесе сыннан өткізумен тарихшы – зерттеушілердің бәрі де
айналысады. Дегенмен оларды нақты тарихи проблемаларды зерттеуші- тарихшылар және
мерзімді басылымдарды тарих дерегінің көзі ретінде зерттеушілер-деректанушылар деп
бөлуге болады. Алғашқылары әдетте нақты басылымдағы өздерін қызықтыратын
жылдардағы белгілі бір материалдарға талдау жасаса, соңғыларының міндеті нақты
басылымның өзін жан жақты зерттеу. Нақты мерзімді басылымның ерекшеліктерін жан
жақты көрсету арқылы деректанушы, нақты проблемаларды зерттеуші – тарихшыларға өз
уақыттарын дұрыс пайдаланып, басылымнан қажетті мағлұмат ала білуге көмектеседі. Бұл
жерде деректанушы тарихшы – зерттеушілерге жол көрсетуші міндетін атқарады. Бір
деректанушының еңбегі ондаған тарихшылардың өз уақыттарын тиімді пайдалануына
мүмкіндік жасайды.
Әсіресе, соңғы жылдары еліміздің тәуелсіздік алып, өз тарихын объективті жазуына
мүмкіндік тууына байланысты ұлттық деректерге, оның ішінде қазақ тіліндегі басылымдарға
деген жаппай қызығушылық, оларды ел тарихының дерегі ретінде ғылыми айналымға
молынан тарту, қазақ баспа сөзін өзіндік ерекшеліктері бар тарихи дерек көзі ретінде
кешенді талдаудың қажеттілігін күннен күнге арттырып отыр.
Газет не журнал белгілі бір мерзімділікпен өткенді өз бетінде бейнелейді. Сондықтан
олар қоғам өмірінің өткені жазылған өзіндік күнделік міндеттерін атқарады. Демек уақтылы
шығып тұрған газеттер өткеннің белгілі бір кезеңдегі үздіксіз даму тарихын қалпына
келтіруге көмектеседі. Газет материалдары өзінің құрамы жағынан әр алуан болып келеді.
Онда ақпараттық мәліметтермен қатар өзінің мазмұны жағынан әр түрлі жанрлара жататын
жеке адамдық деректер: хаттар, күнделіктер, естеліктер т.б ресми құжаттар,статистикалық
мәліметтер, көркем шығармалар т.т кездеседі. Баспасөз материалдарының өзінің құрамы
жағынан күрделілігі оның басты деректік ерекшелігі болып табылады. Баспасөз
мәліметтерінің формасы жағынан да мазмұны жағынан да ір түрлі болып келуі, олардан ұлт
өміріне қатысты жан жақты мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Мысалы, қазақ тілінде пайда болған газеттерден қазақ тарихын зерттеушілер XIX ғасырдың
соңғы үшінші бөлігін бастап бүгінге дейінгі ел өміріне қатысты сан алуан мағлұматтар ала
алады.
Әдебиеттер:
1.Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.
2.Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,269 бет
3.Пушкарев Л. Н. Типологическая классификация русских письменных источников.
4. Источниковедение: теория, история, метод. Источники Российской истории: учебное
пособие. М., РГТУ. 1998.
5. Медушевская О.М. Современное зарубежное источниковедение. Москва, 1983
6. Источниковедение истории СССР. Под ред. Ковальченко И.Д. Москва, 1981
7. Абусейитова М.Х. К проблеме источниковедения средневекового Казахстана\\
Отечественная история. 1988, № 1.
Достарыңызбен бөлісу: |