Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы 5 В020300 – Тарих мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған


ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата03.03.2017
өлшемі1,08 Mb.
#5914
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ. 
 
№  Жұмыс түрі 
Тапсырманың 
мақсаты мен 
мазмұны 
 
Ұсынылатын 
әдебиеттер 
Орындау 
мерзімі 
және 
тапсыру 
уақыты 
(аптасы) 
     
Балл 
Бақылау 
түрі 

Реферат 
Тақырып 
бойынша негізгі 
Семинар 
тақырыбына 
4 -
7 апта 
және 11 -15 
2,5%  (үй 
тапсырмас
Реферат 
және 

баяндама 
байланысты 
апта  
ы түрінде 
беріледі) 
баяндама 
 
 
 
 
 
 
 

ОЖСӨЖ 
тапсырмалар
ын орындау  
  
Талдау және 
танымдық 
қабілеттерін 
арттыру 
Семинар 
тақырыбына 
байланысты 
ОЖСӨЖ 
кестесі 
бойынша 
берілген 
уақыт 
шеңберінде 
 
Тақырып 
бойынша 
1 – 3% 
дейін 
(аралық 
бақылау 
түрі 
ретінде) 
Тапсырмал
ардың 
орындалуы
н, 
сұрақтарға 
жауап беру 
қабілетін 
тексеру 

Жазба 
жұмыс 
түрінде 
аралық 
бақылау 
Ойлау, есте 
сақтау 
қабылетін және 
не игергенін 
тексеру 
Бірінші жұмыс  
1 - 7 
тақырыптарға 
байланысты 
Екінші жұмыс 
8- 15 
тақырыптарға 
байланысты 
Бірінші 
жұмыс 7 
апта  
Екінші 
жұмыс 15 
апта  
Тапсырма
лар саны 
бойынша 
әрбір 
жұмыс 
7,5% 
бағаланад
ы 
Жазба 
жұмысын 
тексеру 

Емтихан 
Білімді кешенді 
тексер 
 
 
Тест 
 
 
 
4.  ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ 
 
Кафедра: Қазақстан Республикасы тарихы. 
Тьютор:  Қалменов М.Д.  
Пән: «Қазақстан тарихының тарихнамасы мен  деректануы» 
Кредит саны: 3 
 
 
№ 
 
Әдебиет атауы 
 
Барлығы 
 
Ескерту 
 
кітапхана
да 
 
кафедрада 
 
Студенттердің 
қамтылу 
пайызы (%) 
Электронды 
түрі 
 








Атабаев Қ. Деректану.-
«Қазақ тарихы» 
баспасы,А., 2007. 
15 
 
           5 
 
 

ГоликовА.Г.,Круглов 
Т.А. «Источниковедение 
отечественной 
истрии».М, 2007. 
22 
 
12 
 
 

Н.И.Смоленский 
«Теория и методология 
истории»,М,2008. 

 
1,3 
 
 

Тарих адамзат ақыл-
ойының қазынасы :он 
томдық-Астана: 
«Фолиант»,2006.2 
10 
 
2,5 
 
 

Асфендияров С. 

 
0,44 
 
 

История Казахстана.- А-
А: 1993. 

Бекмаханов Е. ХІХ 
ғасырдың 20-40 
жылдарындағы 
Қазақстан. Алматы, 
1994. 
15 
 

 
 
 
 
5.  ДӘРІСТІҢ КОНСПЕКТІ 
Апта 1 
1 кредит сағат 
№1 Дәріс 
Тақырыбы: Қазақстан тарихы бойынша деректер пәніне кіріспе 
Дәріс мазмұны:   
1.
 
Қазақстан тарихы бойынша деректер пәні мен объектісі. 
2.
 
Курстың мақсаттары, мазмұны, құрылымы. 
3.
 
Тарих ғылымындағы деректердің рөлі мен орны. 
4.
 
Деректану тарихнамасы. 
                                                                           
Тіршіліктін несі сән, 
                                                                           
Тереңге бет коймаса? 
                                                                                                 
Абай. 
Қазақстан тарихының деректанулық негіздерін оқып үйрену келешек кәсіби тарихшы 
мамандар даярлауда ерекше орын алады. 
     
Басқада халықтар тарихы сияқты, қазақ халқының тарихы да өзінің тума төл деректерінің 
негізінде  жазылады.Сондықтан  ұлттық  деректерімізді  тани  білу  еліміз  тарихын  оқып  - 
үйренудің шешуші шарттарына жатады. Деректерді тану ісімен тарих ғылымының маңызды 
салаларының бірі -     деректану айналысыды. 
     
Деректану,тарихнамамен  қатар,  келешек  тарихшы  мамандардың  теориялық-
методологиялық  және  арнайы  дайындығын  қамтамасыз  ететін  іргелі  пәндер  санатына 
қосылады.  Деректанудың  іргелілігі  ең  алдымен  тарих  ғылымының  өзіндік  ерекшелігінен 
туындайды: тарих объектісі - “қоғамның өткенін”-тарихшы тікелей зерттей алмайды,ол тек 
тарих  ғылымының  тікелей  зерттеу  объектісі  болып  табылатын  тарихи  деректерді  сыни 
талдау арқылы ғана зерттей алады. Тарих деректерді сын елегінен ғылыми негізде өткізудің 
қажеттігі  мен  маңызы  туралы  белгілі  орыс  ғалымы  Лев  Гумилев:  “Оларға  тарихи  сын 
әдістерін қолданбай деректерді оқу еш мән-мағына бермейді” - деп, жазды . 
      
Сол  деректерді  сыни  талдау  арқылы  пайдалануға  кәсіпқой  тарихшыларды  үйрететін 
ғылым - деректану ғылымы. 
      
Деректану тарихи зерттеу тәжірибесінің барысында пайда болады. Алғаш ежелгі тарихи 
ескерткіштер  зерттелінді  және  нақты  тарихи  фактіні  тануға  “дерек  не  береді?”  -  деген 
маселенің фактілік жағына ғана көңіл аударған қолданбалы деректану қалыптасты. 
       
Деректік  базаның  кеңеюіне,  ғылыми  айналымға  жаңа  деректер  тобының  молынан 
тартылуына  байланысты,  нақты  бір  оқиғаның,  құбылыстың  немесе  процестің  әр  түрлі 
деректерде  әр  түрлі  бейнеленетіндігі  көріне  бастады.  Сондықтан  олады  бір  -  бірімен 
салыстырып, сыннан өткізу қажеттігі туындады. Эмперикалық жолдармен жасалынған және 
ұзақ  жылдарға  созылған  іс  -  тәжірибелік    сынақтан  өткен  тәсілдер  “дерек  оқиғаны  қалай 
бейнелейді”  деген  проблеманы  шешуге  көмектесетін,  жазба  деректерді  зерттеу 
методикасына айналды. Жазба деректерді заттай (археологиялық) деректерден бөлек зерттей 
бастады.  Бүгінгі  күні  деректану  өркениетті  елдерде  бірнеше  салалардан  тұратын,  жан  - 
жақты дамыған ғылымға айналды. 
       
Оқу  құралының  мақсаты  –  тарихи  деректерді  белгілі  бір  уақыттағы  тарихи  және 
әлеуметтік  жағдайда  болып  өткен  уақиғаны  немесе  құбылысты  бейнелейтін  және  өзін 

жасаған  субъект  туралы  мәлімет  беретін  тарихи  таным  құралы  ретінде  зерттеуге  келешек 
тарихшыларлды  үйрету;  студенттерге  деректанудың  негізгі  принциптерін,  тәсілдерін  және 
методтарын меңгеруге көмектесу. 
        
Оқу  құралының  міндеті  –  келешек  тарихшы  мамандардың  бойында  деректерді  іздеп 
табу, таңдау, жүйелеу және сыни талдай білу қабілетін қалыптастыру; Қазақстан тарихының 
негізгі кезеңдерінің деректерімен, олардың ерекшеліктерімен студенттерді таныстыру және 
деректанудың  ұғымдық  –  терминологиялық  аппаратын  меңгеруге  көмектесу;  деректерді 
талдау  барысындағы  білім  жүйесін  қалыптастыру  және  оны  іс  жүзінде  пайдалана  білу 
жолдарын көрсету. 
         
Оқу  құралының  деректану  ғылымының  теориялық  және  методикалық  мәселелеріне 
арналған  бірінші  бөлімі,  деректану  өз  дәрежесінде  дамыған  Батыс  Еуропа  мен  Ресейдің 
дәстүрлі  мектептерінің  іс  -  тәжірибесі  мен  жетістіктері  туралы  жазылған  теориялық  және 
методикалық еңбектердің негізінде орындалды. 
        
Екінші бөлім нақты – қолданбалы деректануға арналған.Онда ежелгі дәуірден халқымыз 
тарихының  негізгі  дерек  көзі  болып  табылатын  ауыз  әдебиеті  туындыларынан  бастап, 
бүгінге  дейінгі  Қазақстан  тарихының  дерек  көздерінің  негізгі  түрлері  мен  ерекшеліктері 
көрсетіліп,  оларға  деректанулық  талдаулар  жасау  арқылы  ғылыми  құндылығы  жоғары 
мәліметтер алу жолдары туралы айтылған. 
       
Дегенмен,  оқу  құралына  Қазақстан  тарихының  маңызды  деректер  көздерін  құрайтын: 
шежіре,  заң  актілері,  статистикалық  мәліметтер,  КОКП  құжаттары  сияқты  түрлерінің 
енбегендігін ескертеміз. 
               
Қазақ тілінде ғылыми терминдер қалыптастыру тарихынан. 
 
Деректанудың  жалпы  мазмұны,  теориялық  негіздері,  мақсаты  және  мәні  барлық 
жерде  бірдей  болғанымен,  оның  белгілі  бір  ұлттың  тарихын  зерттеуде,  сол  ұлттың  төл 
деректері  негізінде  және,  ең  бастысы,  сол  ұлттың  тілінде  жазылғанда  ғана  өзінің  міндетін 
дұрыс  атқара  алатындығы  анық.  Орыс  ағартушысы  Н.  Г.  Чернышевскийдің:  “Верный 
признак 
удовлетворительного 
или 
неудовлетворительного 
состояния 
науки 
удовлетворительность  или  неудовлетворительность  ее  терминологии”  -  деген  қағидасы 
бізден  алдымен  деректанудың  қазақша  ұғымдары  мен  терминдеріне  көніл  бөлудің  қажет 
екендігін көрсетеді. 
      
Ұғым  –  зерттеушілердің  тәжірибелік  –  эмперикалық  және  ғылыми  –  танымдық  іс  - 
әрекеттерінің барысында қалыптасқан, зерттеудегі объектілер мен құбылыстардың мәні мен 
ерекше белгілерін тұтас және жалпылама ашатын ойлау формасы. Терминдер – сол ұғымның 
сөздік,  табиғи  тілдік  айтылуы.  Олар  не  бөлек  сөздерден,  немесе  белгілі  бір  сөз 
сәйкестіктерінен  тұрады.  Терминология  әлі  қалыптаспаған  жағдайда  ұғымның  мазмұны 
суреттеу арқылы ашылуы мүмкін. 
       
Алғаш қазақ халқының өз тіліндегі ғылыми терминдерін қалыптастыру қажеттігін айтып, 
мәселе  көтерген  алаш  ардагерлері  болды.  “Қазақ”  газетіндегі  бірінші  номерінің  бас 
мақаласында:  “Сөз  қару,  мұны  бұзуға  жұмсақ  бұзады,  түзеуге  жұмсақ  түзейді”  –  деп  сөз 
құдіретін жоғары бағалаған А.Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлы алты жыл бойы газет арқылы 
өз халқын сөздің мағынасын дұрыс ұғынып, орынды пайдалана білуге үйретті. Тәуелсіздік 
төбесі  көрінгендей  болған  1918  жылы,  алаштың  жас  қайраткері,  Мұхтар  Әуезов  қазақша 
ғылым тілінің қажеттігін негіздеп  
“Абай”  журналының  жетінші  санында  “Ғылым  тілі”  деген  мақала  жариялады.  Мақала 
атының астына “Научный термин” деп, оның орыс тіліндегі аудармасында көрсеткен. Әрине, 
мұны  автор  өзінің  не  туралы  айтып  отырғандығы  оқырманға  түсінікті  болсын  деп 
жазғандығы  белгілі.  Демек,  ол  кезде  термин  деген  сөз  біздің  тілімізге  әлі  ене  қоймаған. 
Сондықтан  авторлар  оның  орнына  әр  түрлі  сөздер  қолданған.  А.Байтұрсынұлының  өз 
еңбектерінде  қазіргі  кең  қолданып  жүрген  “терминнің”  орнына  “сөзді”  пайдалануы  соның 
дәлелі.(“Тіл дәлдігі деп ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады.Ұғымга сөз дәл 
келуі  үшін  сөздің  мағынасын  дұрыс  айыра  білу  керек”.Ақ  жол  352  б.).  Осылай,  ғасыр 
басында зиялыларымыз “терминнің” орныпа “тіл” не “сөзді” қолданған. 

        
Ал  аталған  мақаланың  мазмұнына  келсек,  қазақ  әдебиетінің  келешек  классигі  өзінің 
мақаласын:  “Ғылым  тілі  бұл  уақытқа  шейін  қазақ  оқығандарының  бір  қалыпқа  қойып,  бір 
негізге  құра  алмай  келе  жатқан  мәселенің  бірі”-  деп,  ғылыми  терминнің  сол  кездегі 
қалыптасу  жағдайын  анықтаудан  бастаған.  Одан  әрі  автор  ғылыми  терминдерді 
қалыптастырудағы  орыс  және  жапон  халықтарының  тарихи  тәжірибелеріне  талдау  жасай 
келе,  терминдерді  басынан  дұрыс  қалыптастырудың  маңызын  дәлелдеген.  Ғылым  жолы 
туысқандыққа  салып  бұрмалауға  көнбейтін  жол  екендігін  айтып:  “Біреу  оңға,  біреу  солға 
тартып,  илей  беруге  көне  беретін  ғылым  жолы  –  терінің  пұшпағы  емес.  Әуелде  қалай 
беттесе, көп уақытқа шейін сол бетінде жол болып, бекіп қалады. Сол себепті қазақ оқуының 
бетіне  қандай  жаңалық  кіргіземіз  десек  те,  әуелі  кеңінен  толғанып  ойланбай  іс  қылудың 
артынан талай мәселе туып кетуін ұмытпау керек” – дейді. 
     
“Абай”  журналының  8  және  10  сандарында  “Ғылым  тілі  туралы  жауап”,  “Ғылым  тілі 
туралы  сұрау”  деген  М.  Әуезовтың  пікірін  қолдаған  мақалалар  жарияланған.  Бұл  ғылыми 
термин  қалыптастыру  проблемасының  сол  күндердің  маңызды  проблемаларының    бірі 
болғандығын  көрсетеді.  Пікір  алмасуға  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  да  қатысқан.  Ол:  “Қазір 
қазақ  тілінде  жазылған  ғылыми  кітаптар,  мектептерде  қолданып  жүрген  біраз  кітаптар 
татардікі, түріктікі, арабтікі. Бұдан былай оқу қазақтың нағыз тілінде болатын болса, қазақша 
кітаптар өте қажет. 
       
Орысша  оқығандардың  кейбіреулері  бірсыпыра  орысша  кітаптарды  қазақ  тіліне 
аудармақ  ниеті  бар...  Орыс  тілінен  қазақшаға  аударғанда  ғылым  тілдері  көп  ұшырайды. 
Жеткенше  қазақ  тілінен  табуға  жаһат  етілер.  Жетпеген  жерде  тілді  кімнен  аламыз.  Осы 
мәселені  шешу  өте  керек...  Бұл  сөзді  аяқсыз  қалдырмай  барлық  қазақ  газеттері  тезірек 
пікірлерін  жазуын өтінеміз” – деп, өз ойын айтқан. 
       
Қазақ  тіліндегі  ғылыми  терминдер  қалыптастыру  ісі  кеңес  үкіметі  тұсындада 
жалғастырылды.  Мысалы,  1926  жылы  Бакуде  өткен  Бүкіл  одақтық  екінші  тюркология 
съезінде  А.  Байтұрсынұлы  термин  сөздерді  мынадай  үш  қайнардан  алып  қалыптастыруды 
ұсынады: “1) ана тілінің өзінен 2)тектес, жүйелес түркі тілінен 3)басқа тілдерден”. Сонымен 
қатар ол алғашқы терминдер жасауға да қатысты. 1935 жылы бірнеше тілді жетік меңгерген 
қазақтың  лингвист  ғалымы  Құдайберген  Жұбановтың  басшылығымен  қазақша  терминдер 
сөздігі  жасалынды.  Ұзақ  жылдар  бойы  Қ.  Жұбановтың  аты  аталмағанымен  сөздіктің  өзі 
көптеген ғылым салаларында пайдаланылып келеді. 
       
Әрине,  қазақша  терминдер  жасау  ісінің  жаңа  қарқынмен  тез  дами  бастауы  еліміздің 
тәуелсіздік алып, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуымен тікелей байланысты 
екендігі түсінікті. Соңғы жылдары ғылымның әр түрлі саласы бойынша қазақша – орысша 
терминдер сөздігі жасалынып, ресми орындарда бекітілді. Бұл қуанарлық жағдай. Дегенмен, 
әрбір ғылым  саласына  тән  өзіндік  ерекшеліктері  болатындықтан,  терминдер  қалыптастыру 
ісімен алдымен сол саланың мамандары айналысулары қажет екендігін өмір көрсетіп отыр. 
Деректанулық ұғымдар мен терминдер туралы. 
       
Деректанудың  өзекті  категориясы  –  дерек.  “Дерек”  термин  ретінде  бүгінгі  күні  екі 
мағынада қолданылып жүр. 1. Дерек – хабар – ошар, мәлімет, мағұлмат сөздерінің синонимі 
ретінде.  “Тарихи  мәліметтердің  бір  –  ақ  қайнар  көзі  –  тіл.  Ол  уақыт  мүддесінен  тыс; 
идеологиялық  толқуларға  бағынбайды,  нағыз  дәл  дерек”.  (О.  Сүлименов.  “Азия”.  139  б.).  
Бұл 1987 жылы шыққан “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігімен (ҚТТС) де сай келеді”. Онда, 
“Дерек  -1.Хабар  –  ошар,  мәлімет”  –  деп  көрсетілген  (ҚТТС.  3  том,  116  б).  2.  Дерек  көзі 
(шежіре, жылнама т.б.) ретінде жиі қолданылап жүр. (Тарихи деректер өзінің саны, көлемі 
жағынан аса көп, мазмұны, түрі жағынан әр алуан.“Қазақ тарихы”, 1995 №1. 74 б.). ҚТТС - 
де “деректің бұл мағынасы туралы еш нарсе айтылмаған”. 
       
Демек,  “Деректану”  түсінік  ретінде  нақты  уақиғалар  туралы  зерттеушіге  жерткен 
деректерді  (хабар,  мағлұмат,  мәліметтерді),  немесе,  сол  деректерді  (мағлұматтарды) 
жеткізген  дерек  көздерін  (шежіре,  жылнама  т.б  )  зерттеу,  талдау  мағынасын  білдіреді.  Ол 
жалпы  деректану  ғылымының  міндеттеріне  сай  келеді.  Егер,  тарихшы  –  зерттеуші  өз 
проблемасы  бойынша  жинаған  деректерінен  алған  нақты  мағұлматтарды  деректанулық 

талдаудан өткізу арқылы өз еңбектерінде пайдалануға тиіс болса, деректанушы – зерттеуші 
сол  мағұлматтар  көздерінің  пайда  болуын,  олардың  ерекшеліктерін  зерттейді.  Яғни, 
“деректану”  түсінік  ретінде  тарихшы  –  зерттеушілердің  де,  деректанушылардың  да  іс  - 
әрекеттерінің мәнін аша алады. 
       
Өткен  ғасырдың  басында  дерек  бір  ғана  мағынада    -  хабар,  мағұлмат  мағынасында 
пайдаланылған. (Шежіре - өткеннен дерек беретін сөздің бір түрі. А. Байтұрсанов. Ақ жол. 
358 б.). Ал дерек көздері  “тарихтың жемі” - деп айтылған  (“Шежіре, заман хат, өмірбаян, 
мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер”. А. Байтұрсынов, Ақ жол. 358 бет. 
“Анық тарих -  осы екіншісі. Бұған жем нәрселер (материал) жақсы, шын ақындар шығарған, 
бұзылмаған  жырларда  болады”.Ә.  Бөкейханов.  Шығармалар.  302  б.)  Бұл  жерде  Ә. 
Бөкейхановтың    “жем  нәрселердің”  қазақша  нақты  термині  болмағандықтан  оның  орыс 
тіліндегі анықтамасында беріп отырғандығын байқау қиын емес. 
       
Демек, “дерек” түсінігі ғасыр барысында өзіндік даму жолынан өткен, оның мағынасы 
кеңейген, яғни  “дерек” түсінік ретінде трансформацияланып, қосымша мәнге ие болған. Бұл 
кез – келген ғылымда болып тұратын заңды құбылыс. Әрбір ғылым саласына бір – бірімен 
байланысты  түсініктер  жүйесі  тән.  Нақты  ғылыммен  бірге  оларда  үнемі  дамиды  және 
өркендейді.  Ескі  түсініктердің  мазмұны  кеңейеді  немесе  олардың  кейбірі  мүлдем 
ұмытылады.  Жаңа  түсініктер  және  олардың  мәнін  ашатын  терминдер  пайда  болады.  Бұл 
ғылыми – таным процесі барысында үздіксіз жүріп отыратын табиғи – тарихи құбылыс. 
      
Келесі  бір  көңіл  аударатын  мәселе,  ол  нақты  дерек  атына  қатысты  кейбір  нәрселерді 
анықтап  алудың  қажеттігі.  Олай  дейтініміз  кей  әдебиеттерде  әр  түрлі  деректер  бірдей 
терминдермен аталса, кей деректердің қазақша өзіне лайықты аты болғанымен, басқа тілде 
айтылап жүргендігі де кездеседі. Мысалы, қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде “шежіре” мен  
“жылнама”  мағынасы  бір  сөздер  есебінде  берілсе  (“Шежіре  –  тарихи  оқиғаларды  жазып 
отыратын  жылнама”.  ҚТТС,  10  –  том,  189  б.),  өзінің  пайда  болуы  жағынан  жеке  адамдық 
деректер тобына жататын жазба деректердің маңызды бір түрі “мемуар” деп аталып жүр. 
        
Біріншіден, шежіре мен жылнама өзіндік ерекшеліктері бар, бір – бірінен бөлек тарихи 
деректердің  екі  түрлі  тобын  құрайды.  Егер,  шежіре  атадан  балаға  жалғасып  келе  жатқан 
халқымыздың  ауызша  тарих  айту  дәстүрінің  тамаша  үлгісі  болса  (  “қазақтардың  әрбір  ру 
басылары өз ру -тайпасының шежіресін – шыққан тегін, елдің әдет – ғұрпы заңдарын, ескі 
жарлықтарын,  халықтың  басынан  өткен  тарихи  жайларды  көп  жасаған  ақсақалдардан 
іждаһаттылықпен  үйреніп,  өзінің  шешендік  өнерін  шыңдауда  көптеген  аңыз  -  әңгімелерді, 
мақал  –  мәтелдерді,  маңызды  оқиғаларға  қатысты  ұлағатты  асыл  сөздерді  ұзақ  уақыт 
жаттайды”. Ш. Уалиханов. Таңдамалы. 115 б.), жылнама - оқиғаны  болған жылы бойынша 
баяндайтын жазба дерек (“Орта ғасырлар тарихының аса маңызды жазба деректерінің бірі –
оқиғаның болған жылы бойынша баяандайтын жылнамалар”  “Қазақ тарихы”. 1995. №6, 75 
б.). Сондықтан жылнамалар негізінен, жазу дәстүрі  қалыптасқан отырықшы халықтарға тән. 
Мысалы, орыс халқының тарихи деректері арасында өзінің көлемі жағынан да ең көбі сол 
жылнамалар. 
       
Екіншіден, өткен ғасырдың 70 жылдары мен 80 жылдарының аралығында дайындалған 
көп  томдық    “Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінің”  Қазақстан  ҒА  корреспондент  –  мүшесі 
А.Ы. Ысқақов бастаған ғалымдар тобының ондаған жылдарға созылған зерттеу жұмысының 
арқасында  дүниеге  келген  құнды  еңбек  екендігінде  күмән  жоқ.  Дегенмен,  ондада  өз 
уақытының ізі қалғандығы көрініп тұр. Себебі, сөздік сол жылдардағы әдебиетте, ғылымда 
қолданылып  жүрген  сөздер  мен  сөз  тіркестеріне  негізделіп  жасалынған.  Ал  қазір  оладың 
біразы ескірген, бүгінгі күннің талабына сай келмейді. Мысалы, сөздікте  “деректеме”деген 
терминге  мынадай  мысал  келтірілген:  “Жазба  деректемелер  мен  жер  астынан  табылған 
искусство  бұйымдары  сол  кездің  өзінде  –  ақ  профессионал  шеберлердің  болғандығын 
көрсетеді  ”  (ҚазССР  тарихы).  Бұл  жердегі  сөздіктің  авторлары  сілтеме  жасап  отырған 
“ҚазССР  тарихының”  өзінің де,  оның  қазақша  мен  орысша араластырып  жазған  тілінің де 
біраздан  бері  жарамсыз  болып  қалғандығы  баршаға  аян.  Сондықтан  кей  жағдайда 
деректанулық түсініктер мен терминдерді өз беттерімізше іздестіруімізге тура келеді. 

       
Ал, “мемуар” туралы айтсақ, оның термин ретінде біздің тілімізден берік орын алғаны 
рас. Дегенмен А.Байтұрсынов жазба деректің бұл түріне кезінде “заман хат” деп ат қойып, 
“Біреудің  заманында  болған  тарихи  уақиғадан,  яки  өз  ішінде  болған  істерден  дерек  беруі 
заман хат деп аталады” – деп, оның мәнін толық ашатын анықтамасын да берген еді. Мүмкін, 
біздің де сол атқа қайта оралғанымыз дұрыс болар. 
      
Соңғы жылдары  “деректеме” деген термин орыс тіліндегі “источники” деген терминнің 
баламасы ретінде қолданылып жүр. Әрине, деректануға қатысты барлық терминдерге талдау 
жасап шығу мүмкін емес. Ол арнайы зерттеу  жұмысының тақырыбы. Дегенмен, деректану 
ғылымы  үшін  маңызы  үлкен  өзекті  терминдердің  тағы  біріне  тоқталайық.  Деректануда 
“классификация”  деген  термин  жиі  қолданылады.  Қазақ  тілінде  ол  “топтау”,  “жіктеу”  деп 
жазылып жүр. ( “Орыс деректану мектебінде жазба және басқа да тарихи деректерді әр түрлі 
белгілеріне қарай топтау, жіктеу әрекеттері жасалынған”. “Қазақ тарихы”. 1995.№ 1. 74 б.). 
        
А. Байтұрсынұлының “Ұғымға сөз дәл келу үшін сөздің мағынасын дұрыс айыра білу 
керек”  (Ақ  жол.  352  бет)  деген  қағидасына  сай  жүргізілген  ізденістер  “топтаудың”  да  
“жіктеудің  ”  де  “классификациясының”  мағынасына  сай  келмейтіндігін  көрсетті.  Олай 
дейтініміз,  біріншіден,  деректерді  категорияларға  бөлу  зерттеушіге  тәуелсіз  объективті 
өлшемдерге  негізделуі  тиіс.  Олар  деректердің  өзіне  тән  объективті  қасиеттерінен  шығуы 
керек. 
       
Екіншіден,  онда  деректегі  шындықтың  ену  және  бейнелену  заңдары  көрінуі  қажет. 
Сондықтан  деректерді  бөлу,  яғни  “классификация”  проблемасы  тек  таза  техникалық  емес, 
методологиялық  та  проблема  болып  табылады  және  тек  қалың  деректер  арасында  бағыт 
көрсету  қызметін  ғана  атқарып  қоймайды,  сонымен  қатар  олар  зерттеу  тәсілі  қызметін  де 
атқарады. Орыс тілінде “классификация” осы мағынада қолданылады. 
       
“Топтау” да  “жіктеу”де ол мағынаны бере алмайды. Біріншіден бұл сөздер орыс тілінде 
басқа  мағына  білдіреді.  (  “группировать”,    “склонять”).  Екіншіден,  олар  деректерді  тек 
механикалық бөлшектеуді білдіреді. Сондықтан біз  “классификацияның” баламасы ретінде  
“сыныптау” деген араб сөзін қолдануды ұсынар едік. Себебі, түркі тілінде бұрыннан да кең  
қолданылап  жүрген  бұл  сөз  соңғы  жылдары  біздің  тілімізге  де  ене  бастады.  Қазіргі 
мектептерде  бұрынғыдай  “класс”  демей    “сынып”  деп  айтылуы  соның  дәлелі.  (“Бірінші 
орынды  Алматы  қаласындағы  №  161  көп  салалы  гимназияның  11  сынып  оқушысы 
Нұрмахаметова Гүлжан жеңіп алды”. “Қазақ тарихы”, 1999. № 4 – 57, 81 б.). 
        
Екіншіден,  араб  тілінде  белгілі  бір  жүйені  соған  сай  келетін  майда  жүйелерге  бөлу 
“сыныптау”  деп,  ал  оның  нәтижесінде  алынған  бөлшектерді  “сыныптар”  деп  атайды.  Бұл  
“классификацияның”  мағынасымен  сай  келеді.    (  “Сыныф  –  рот,  сорт,  класс,  категория”. 
Баранов Х.К. Арабско – русский словарь. М. Русский язык, 1984,С.447). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет