Терминдер мен анықтамалар Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер) 1. Мемлекеттік жаңа саяси реформалар: бағыты, барысы, күтілетін нәтижелері.
2. 1990 жылы наурыздағы Бүкілодақтық референдум
3. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының» қабылдануы.
Жалпы, Қазақстандағы саяси жүйенің қалыптасып, дамуының қыр-сыры, сол сияқты жүргізілу барысы елбасы Н.Назарбаевтың соңғы жылдары жарық көрген ел тарихы үшін аса құнды саналатын бірнеше кітаптарында атап өтіледі. Ғылыми жұмысты жазу барысында осы еңбектердің барлығында мұқият қарастырып, жұмыс мәтінінде басты басшылыққа алуға тырыстық. Мысалы Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында», «Тәуелсіздігіміздің бес жылы» еңбектері Қазақстанның тәуелсіздік алуы туралы және оған дейінгі ел тарихына шолу жасалса, ал «Сындарлы он жыл» , «Бейбітшілік кіндігі» еңбектерінде қазақ тарихындағы маңызды саяси реформалар мен халықаралық аренада жеткен жетістіктерімізді сомдайтын іргелі еңбектер деп атауға болады. Сонымен қатар тәуелсіз 20 жыл бойындағы Қазақстан тарихы жөнінде сүбелі мағлұматтарды М.Р.Насырова мен С.Р.Тоқсанбайдың «Қазіргі экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздік-анықтамалығы» береді. 1990-2009 жылдарға дейінгі Қазақстанның саяси тарихы мен экономикасына ерекше ден қойыла жызылған зерттеу еңбектері қатарында Б.К.Сұлтанов, Л.М Мұзапарова., А.Е Абишев., Л.Г Ерекешова., А.Г Кожиховтардың біріккен зерттеуі атауға тұрарлық. Сол сияқты соңғы жылдардағы еліміздің экономикасының қарыштап дамуына барынша зор еңбек сіңірген елбасы мен оның жекешелендіру саясатынан кейінгі саяси реформалары мен маңызды саяси қадамдары туралы ізденіс ретінде В.Маликовскийдің, М.Б.Қасымбековтың еңбектері аса бағалы болып табылады. Сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы саяси тарихына К.Ә.Төлентаеваның «Қазақстан тарихы, 1917-2004», С.В.Дьяченконың, мемлекеттік қайраткер, президент кеңесшісі Е.Ертысбаевтің еңбектері де арналған. Сонымен қатар соңғы жылдардағы еліміздің қалыптасуы мен даму жолын көрсетуге арналған мерзімді басылымдарда баршылық.