Терминдер мен анықтамалар: ҚР ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламалардың қабылдануының алғы шарттары
Қазақстан 2030 статегиялық даму бағдарламасы
Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы туралы әр студенттің пікірі (бір бағдарламаны мысалға ала отырып талқылап, сыни көзқарас, ұсыныстар білдіру).
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер):1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б. 1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті. 1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды. Бұл бағытта бүгінгі таңда жарық көрген зерттеулер баршылық, қазіргі мемлекетіміздің саяси жүйесі жетілдіріліп әліде қалыптасу үстінде, сонымен қатар биыл 2010 жылды елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінін 20 жылдығы» деп жариялауына байланысты еліміздің саяси жүйесінің қалыптасуы мен дамуы мәселелерін барынша жан-жақты қарастыруға талпындық. Тәуелсіздік шаңырағын көтерген Қазақстан халқы өзін нұрлы болашаққа бастауды тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың ресми сөздерінде баяндалған стратегиялар бүгінгі таңдағы Қазақстандық қоғамды жаңғыртып, түлетудің және еліміздің жаңа дүние жағдайындағы мемлекеттілігін нығайтудың негізіне айналды.