Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы


Терминдер мен анықтамалар



бет18/43
Дата10.03.2023
өлшемі0,88 Mb.
#73112
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
Байланысты:
ҚР сыртқы саясат

Терминдер мен анықтамалар: . Республика Үкiметiнiң құзыретi
2. Республика Үкiметiнiң актiлерi
3. Республика Үкiметiнiң есептiлiгi мен жауапкершiлiгi
4. РеспубликаҮкіметінің Премьер - Министрі
5. Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Республика Үкiметiнiң өзге де мүшелерi
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
Республика Үкiметiнiң құзыретi
Республика Үкiметi:
1. мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi;
2. мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;
3. әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, жүзеге асырады;
4. Республика Президентi белгiлейтiн тәртiппен республикалық бюджеттi әзiрлеу мен оны өзгертуге қатысады, Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi;
5. Республиканың қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады; мемлекеттiк валюта, қаржы және материалдық ресурстарды жасақтау мен пайдалануда заңның сақталуына мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз етедi;
6. құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады
7. мемлекеттiк баға түзу саясатын талдап жасайды және жүзеге асырады; мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын өнiмдер, тауарлар мен қызметтердiң номенклатурасын белгiлейдi;
8. мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөнiндегi шараларды талдап жасайды және жүзеге асырады, мемлекеттiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етедi;
9. еңбекке ақы төлеу, азаматтарды әлеуметтiк қорғау, мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн және шарттарын белгiлейдi;
10. мемлекеттiк аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, жүзеге асырады: аймақаралық проблемалар мен аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуы мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;
11. ғылым мен техниканы дамытудың, жаңа технологияларды енгiзудiң, мәдениеттi, бiлiмдi, денсаулық сақтау iсiн, туризм мен спортты дамытудың мемлекеттiк саясатын белгiлейдi, және жүзеге асырады;
12. табиғи ресурстар мен айналадағы табиғи ортаны тиiмдi пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;
13. құқықтық реформаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау, заңдылық пен құқық тәртiбiн, Республиканың қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, Республиканың аумақтық тұтастығы мен мемлекеттiк шекарасын күзетудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;
14. келiссөздер жүргiзу мен үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды; Республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етедi; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөнiнде шаралар әзiрлейдi, сыртқы сауданы дамыту жөнiнде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты және өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
16. Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарды құрады және таратады;
18. өзiне Конституция, заңдаржәне Президент актiлерiжүктегенөзге де функциялардыорындайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет