Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ЖАҢА Қазақстанды қалыптастырудағЫ Қр тұҢҒыш президенті н.Ә. Назарбаевтың тағдыркешті шешімдері»



Pdf көрінісі
бет33/47
Дата30.01.2017
өлшемі5,76 Mb.
#3043
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47

Сағатова А.С. (Қарағанды, ҚарМТУ) 

 

РУХАНИ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БІРЛІК 

 

Патриоттық тәрбиені мазмұндық түрлендіру дегеніміз бұл патриоттық 



мақтаныш,  абыройдан  патриоттық  кеңпейілділікке  қарай  ұмтылыстармен 

жүзеге асырылуы. Осы орайда күн тәртібіне шығатын мәселелердің бірі – 

ізгілендіру  (гуманизация)  үрдерісі  болмақ.  Қазіргі  таңда  білім  берудегі 

ізгілендіру  (гуманизация  немесе  гуманитаризация)  бір-біріне  мүлде 

ұқсамайтын  көзқарастар  мен  өмірлік  ұстанымдарда  адамгершілік  және 

толеранттылық  қатынастарды  қалыптастыруға,  моральдық  құндылықтар 

бағдарының басымдылығына бағытталғандығын көпшілік түсіне бермейді. 

Алайда, ізгілендіру өз кезегінде: 

1-ден, 

адамдардың 



ашылуына 

мүмкіндік 

туғызады 

және 


инеллектуалды әрекетті белсендіруге ынталандырады; 

2-ден, 


қазіргі 

білім 


берудегі 

ізгілендіру 

(гуманитаризация) 

руханилықтың негізін құрауға бағытталған. 

3-ден, 

жоғары  оқу  орындарында  білім  берудегі  ізгілендіру 



(гуманизация және гуманитаризация) кез келген мамандықты игеруде, әрі 

оның  дағдыларын  меңгеруге  көмектеседі.  Ең  бастысы,  жүктелген 

басқарушылық  міндеттерін  орындауда  мамандар  қызметіне  тікелей 

қатысты болмақ. Жалпы зерттеушілердің пікірінше, экономикада, саясатта, 

экологияда,  әлеуметтік  салалардағы  қиындықтар  мен  шешілмейтін 

қайшылықтарға  тап  болу  себебі  -  қазіргі  мамандарды  дайындауда,  білім 

беруде бірізділік емес, жан-жақты ойлау қабілетсіздігі. 

Білім  беруді  ізгілендіру  дегеніміз  –  қоғамдық  қатынастар 

құрылымында  орталық  орындардың  бірінде  тұрған  тұлғаны  жетілдіруге 

бағытталған  білім  беру  мен  оқыту  технологиясы  мазмұнында  жалпы 

мәдени  құндылықтарды  басымды  дамытуға  бағытталған  шаралар  жүйесі. 

Сонымен  бірге,  білім  беруде  тұлғаның  басымдығы,  оның  адамгершілікті 

дүниетанымы  мен  шығармашылық  күш-қуатының  қалыптасуы  жөніндегі 

тұжырымдық қағидасы. 

Бұл  өз  кезегінде  қандай  да  болсын  ұжымда  тұлғааралық  қатынас 

мәдениетін  және  өзара  әрекеттестікті  қалыптастырып,  этикеттің 

жалпыадамзаттық нормаларын игеруді негіздейді. 

Осыдан  келіп  жалпы  біртектілік  мәселесі  туындайды.  Бұл  ұғымның 

күнделікті  тәжірибедегі  мән-мазмұны  –  «ұжымдық  мен».  Яғни  Қазақстан 

жерінде  өмір  сүріп  жатқан  түрлі  ұлт  өкілдерінің  бір  ананың  баласындай 

тату-тәтті ғұмыр кешуі, бір-біріне деген адамгершілікті қадір-қасиеттердің 

тереңінен көрініс беруі. 

Тәуелсіз  Қазақстанадағы  конфессионалдық  жағдай,  діни  сенім 

бостандығы  туралы  түсінік,  дінаралық  қатынастардағы  толеранттылық, 

ұлтаралық  және  дінаралық  келісімнің  Қазақстанадық  үлгісі,  Елбасының 


316 

 

бейбітшілік  пен  дінаралық  келісім  орнату  саласындағы  саясаты  туралы 



түсініктер  –  қазіргі  жаһандану  жағдайында  өзекті  мәселелердің, 

тақырыптардың негізіне айналған.

 

Рухани адамгершілік құндылықтар мен 



білім  жүйесін  дамытып  қалыптастыруда,  кәсіптік  және  адамгершілік 

әдептерге байланысты көзқарастарды жетілдіру, өндірістік және қоғамдық 

іс  әрекеттерде  іске  асыру  –  халықтың  рухани  бірлігіне  бастайтын 

бағдарлардың мән-мазмұнын құрайды.  

2010  жылғы  қазанның  18-20-сы  аралығында  Елордада  өткен 

Бүкіләлемдік  рухани  мәдениет  форумына  70  елдің  өкілдері  қатысып, 

рухани  құндылықтар  және  әлемнің  руханилығын  нығайту  төңірегінде, 

мәдени 


дәстүрлердің 

сұхбаттастығы 

және 

ғаламдық 



өркениет 

диалектикасы  тұрғысындағы  мәселелерді  ортаға  салды.  Осы  мәртебелі 

жиында  Елбасымыз  өз  Жолдауында  тыныштық  пен  тұратылықты  сақтау 

еліміздің  болашағы  үшін  маңызы  зор  екендігін  былайша  атап  өтті:  «Кез 

келген  халықтың  рухани  мәдениетінің  негізін  бейбітшілікке,  келісімге, 

әділдікке  ұмтылу  құрайды.  Көп  ұлтты  Қазақстандық  мәдениетке  тән 

рухани  бастамаларды  нығайту  мемлекеттік  саясаттың  маңызды  бөлігі. 

Жыл  сайын  Қазақстанда  рухани  келісім  күні  атап  өтіледі.  Қазіргі  таңда 

түрлі этностар мен дінге жататын адамдарды біріктіруге қабілетті рухани 

құндылықтарды  бекіту  тұрақты  күш-жігерді,  әрі  түрлі  елдердің  діни 

көшбасшылары, ғалымдары, мәдениет және өнер қайраткерлері тарапынан 

үнемі назарды қажет етеді. Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумын өткізу 

қазіргі әлемнің руханилығын нығайтуға, мәдениеттер  мен өркениеттер үн 

қатысуларын кеңейтуге маңызды қадам болатындығына сенімдімін» [1]. 

Руханият  белгілерінің  ұлттық  сана,  рухани  келісімнің  өрісі  мен  өресі 

хақында  адамгершілік  ұстанымдар  мен  моральдық  өлшемдер  адамзат 

өркениеті даму тарихында көкейтесті мұраттарынан сыр шертеді. 

Ұлттық  ерекшелікті  сақтай  отырып,  ата-баба  дәстүрінен  рухани 

құндылықтарды  баянды  етуде  ұлттық  рухты  дәріптеу  шарт.  Бұл  жерде 

ұлттық  құндылықты  айқындаушы  фактор  ретінде  әрі  оның  өзектілігін 

айқындауда  халқымыздың  тыныс-тіршілігінің  көзі  ұлттық  таным  алыс 

замандар қойнауынан қайта жаңғыруда.  

Халқымыздың  жүріп  өткен  күрделі  де  көпқырлы  тарихын 

айқындайтын,  қадір-қасиетін  танытатын,  сайып  келгенде  оның  рухының 

өміршеңдігін негіздейтін – бұл ұлттық сана және ел тұтастығы мен рухани 

келісімнің  маңыздылығы.  Оған  негіз  болған  бабалар  дәстүріндегі  рухани 

құндылықтардағы  мақсат-мүдде  -  ерте  замандардан  ауыз  бірлік  пен 

татулықты  насихаттай  отырып,  ел  тыныштығын  дәріптеу  арқылы 

ұрпақтарының  үйлесімді  де  берекелі  өмір  сүруіне  бағытталған.  Ел 

тарихында  ұлттық  болмысқа  және  санаға  бағытталған  ізгілендіру, 

адамгершіліктік  қатынастарды  айқындау,  сараптау  -  көпшілікті 

шоғырландыра,  рухтандыра,  біріктіре  алатындай  күші  мен  әсер  етуін 

жүзеге  асыратын  ұрпақтар  сабақтастығының  ықпалды  да  белсенді  ролі 


317 

 

қазіргі  таңда  биіктен  өз  көрінісін  беруде.  Ұлттық  бірлік  пен  қоғамдық 



келісімнің  астарында  әр  ұлт  өкілінің  өзінің  туған  жеріне,  кіндік  қаны 

тамған  топырағына  деген  отансүйгіштік  қадір-қасиетті  тереңінен  ұғына 

білумен  байланысты  түсінік-танымы  жатыр.  «Адам  баласының  рухани 

өмірінде ақыл-сананың орны ерекше екені баршамызға мәлім. Ақыл, сана 

күші  арқасында  адам  ақиқат  болмыстың,  заттар  мен  құбылыстардың 

мәніне  жетіп,  таниды.  Ақыл,  сана  күші  сақтыққа,  сабырлылыққа 

шақырады,  өмірдің  жүгін,  тіршіліктің  қамын  жасауға,  міндет,  парызды 

атқаруға  жегеді.  Өткінші,  тұрлаусыз  құбылыстардан  жиркендіріп, 

бездіреді,  өмірдің  бұлтарыс,  бұралаңы,  ирелеңі  мол  жолдарында 

түзуліктен, дұрыстықтан айнымауға жетелейді... Тағы да толып жатқан ірі-

ірі  адамгершілік  ізгі  қасиеттер,  атап  айтқанда,  сабыр,  әділдік,  ынсап, 

мейірім,  ұят,  әдеп,  үміт,  тілек,  талап,  қайрат,  намыс,  иман,  арман  сияқты 

ұғымдар  бар.  Бұлар  халықтың  ғасырлар  бойы  тірнектеп  жинаған 

тәжірибелерінен  қорытылған.  Әрқайсысы  философиялық  түйінге, 

мағыналы ойға ие» [2, б. 120]. 

Елімізде ұлтаралық достық қарым-қатынасты сақтау, конфессиялармен 

мәдениеттер  сұхбаттастығын  одан  әрі  дамыту,  дін  саласындағы  тұрақты 

мемлекеттік  саясат  ұстану,  қоғамда  тұрақтылықты  сақтауға  ұмтылыс 

қазіргі  жаһандану  жағдайындағы  басты  ұстанымдар.  Елімізде  Қазақстан 

халқы  Ассамблеясының  өмірге  келуі  –  тарихи  тың  оқиғалардың  бірі,  әрі 

өзге халықтарға үлгі-өнеге бола білді.  

Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  алға  қойған  мақсаты  –ұлтаралық 

қатынасты жетілдіріп қана қоймай, сонымен бірге Қазақстан жерінде өмір 

сүріп  жатқан  түрлі  ұлт  өкілдерінің  өзіндік  ұлттық  ерекшелігін  (тілін, 

тарихын,  мәдениетін,  салт-дәстүрін)  дамытуда  еркіндік,  әрі  қоғамда 

бейбітшілік  пен  тұрақтылықты  нығайту  бағытында  түрлі  іс-шаралар 

өткізу.  Сонымен  бірге  түрлі  ұлт  өкілдері  тарапынан  қонақжай,  жомарт, 

дархан қазақ халқын жоғары бағалап, құрметтеу арқылы тұрғылықты елдің 

тілін,  тарихын,  мәдениетін,  дәстүрін  жете  білуге  құлшыныстарын 

көрсетуде. Бұл - Қазақстандағы толеранттылық мәдениетінің үлгісі дерлік 

дәреже. Осы негізде 2016 жылдың 7 қыркүйегінде Қарағанды мемлекеттік 

техникалық  Университеті  жетекшілігінің  шешімімен  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы кафедрасының ашылуы үлкен жетістіктердің бірі болды. Осы 

сенімді  жауапкершілікпен  жете  ақтау  жолында  қазіргі  таңда  кафедра 

ұжымы алдында үлкен мақсат-міндеттер тұр.  

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 



 

1.  18-20.10.2010ж.  Елордада  өткен  Бүкіләлемдік  рухани  мәдениет 

форумына қатысушыларға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауынан 

2.  Негимов  С.  Ақын-жыраулар  поэзиясы:  Генезис.  Стилистика. 

Поэтика. – Алматы: Ғылым, 2001. -280б.  

 


318 

 

ӘОЖ 323.1(574)=512.122  



Сеитова С.Х. (Бұқар жырау ауд. Қаражар ОМ)

 

 



ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ 

ИДЕЯЛЫҚ НЕГІЗІ 

 

Жаңа Қазақстандық Патриотизмді тәрбиелеу процесінің тұтастығы мен 



бірізділігі  тек  егер  ол  елдің  өткеніне  құрметпен  қарауды  қалыптастыруға 

ғана  емес,  сонымен  қатар,  қазіргі  Қазақстанның  құндылықтары  мен 

жетістіктерін меңгеруге табиғи байланысты таралған жағдайда қамтамасыз 

етілу.  Қазіргі  Қазақстанның  жетістіктері  еліміздің  Тұңғыш  Президенті 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен тығыз байланысты болуы сөзсіз 

факт.  Ел  басына  ауыр  екіталай  жылдары,  мемлекеттілікті  сақтау  туралы 

сұрақ аса шиеленіскен кезде келіп, Н.Ә. Назарбаев саяси білімпаздық пен 

стратегиялық көрегендік таныта отырып, ел болашағы үшін жауапкершілік 

алып  қана  қоймай,  сондай-ақ,  мемлекеттік  құрылыстың  қазақстандық 

моделін әзірлеуде және Жаңа Қазақстандық Патриотизм – Мәңгілік Елдің 

идеялық негізін негіздеуде шешуші роль атқарды.  

Н.Ә. 


Назарбаев 

«Қазақстан-2050» 

стратегиясы: 

қалыптасқан 

мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  Жолдауында  ең  маңызды  стратегиялық 

міндет  ретінде  патриоттық  тәрбие  беруді  атағаны  тегін  емес:  «Өзімізді 

және балаларымызды Жаңа Қазақстандық Патриотизмге тәрбиелеу қажет». 

Сондықтан  жас  қазақстандық  ұрпақтың  патриотизм,  азаматтық  және 

әлеуметтік  жауапкершілік  сияқты  сапаларын  қалыптастыру  мақсатында 

тәрбие  беру  мақсаттарын  жетілдіруді  екінші  маңызды  міндет  ретінде 

көреміз. 

«Біздің елде жасалып жатқан игіліктің бәрі, бәрі – халық үшін. Жақсы, 

жаңа  бастамалар  мен  оң  реформалардың  авторы  –  Президент  Нұрсұлтан 

Назарбаев. Елбасының: «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел 

болу  үшін  бізде  бәрі  бар.  Тәуелсіздіктің  туын  желбіретіп,  тұғырын 

нығайтқан  біздің  тарих  алдында  жүзіміз  жарқын!  Біздің  тірегіміз  – 

Тәуелсіздік,  тілегіміз  –  тұрақтылық,  тілегіміз  –  бірлік!  Мен  халқыма 

сенемін»,  деген  сөзін  бүгінгі  күннің  басты  бағдары,  қазақстандықтарға 

жүктелген зор жауапкершілік деп қабылдаған жөн» [1, 5 б.]. 

Еліміздің  қоғамдық-саяси  өміріндегі  ең  маңызды  оқиға  Президентіміз 

Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 

болашақ»  Қазақстан  халқына  Жолдауы  болды.  Онда  Елбасы  еліміздің 

дамуының  басым  бағыттары  мен  ұзақ  мерзімді  «Қазақстан  -  2050» 

стратегиясын іске асыру бағдарламасын айқындады    

«Біз,  қазақстандықтар,  бір  елміз!  Барлығымызға  ортақ  тағдыр  ол  – 

біздің  «Мәңгілік  ел»,  біздің  лайықты,  құрметті,  беделді  және  ұлы 

Қазақстан!  Мәңгілік  Ел  –  ол  біздің  ортақ  қазақстандық  үйіміздің  ұлттық 

идеясы,  ата-бабаларымыздың  сан  мың  жылдан  бергі  асыл  арманы». 



319 

 

Еліміздің  Президентінің  бұл  сөздері  оның  жариялаған  ұлттық  идеясының 



тереңдігін,  негізін  толықтай  көрсетеді  және  де  бүгінгі  таңда 

қазақстандықтарды  біріктіретін  бір  мақсат  бар  екендігіне  сендіруге 

мүмкіндік  береді:  молшылық,  бірлік  және  достық  орнаған  ортақ  үйінің  – 

Қазақстан Республикасының құрылысы» [2, 4 б.].  

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік 

Ел»  ұлттық  идеясы  патриотизмнің,  Отанымыз  –  Қазақстанның  гүлденуі 

мен тәуелсiздiгінің күшеюінің терең мағынасын бейнелейді. «Мәңгілік Ел» 

–  ол,  Тәуелсіздік  жылдарындағы  Қазақстанның,  қазақстан  халқының, 

қазақтардың  тарихи  тәжірибемен  келген  жолы.  Президент  Қазақстанның 

болашағын «Мәңгілік ел» ретінде айтқанда, күн тәртiбiнде ұлттың тарихи 

санасы  туралы  мәселелерді  алғашқы  орындардың  бiрiне  қояды.  Тарихи 

зерде  тереңдеген  сайын,  мәдени  -  әлеуметтiк  дәрежесі  ретінде 

сипатталатын;  тарихи  таным,  адамның  өзі,  жалпы  қоғам  рухани    толыға 

түседі. 


Ұлт  Көшбасшысының  «Мәңгілік  Ел»  түсінігінде  келтірілген 

философиялық - саяси негіздеріндегі бастауды сонау сақтардан, ғұндардан, 

ежелгi  түркілерден,  Шыңғыс  империясынан,  Алтын  Орда  мемлекетінен 

алады,  ендеше  Қазақстанға  «Мәңгілік  Ел»  иядеясы  ата-бабадан  қалған 

мұра  ретінде  өтедi.  Осы  идеяға  деген  сенім  бiздiң  жерiмiзді  барлық 

заманда басқыншылардан қорғады және бұл байланыс тарихқа да, уақытқа 

да  қарамастан  үзiлмеуi  керек.  Өйткенi,  Президент  айтқандай,  бiздiң 

қаhарман 

ата-бабаларымыздың 

әрекеттері 

арасындағы, 

бүгiнгi 


жетiстiктеріміз бен жарқын болашақ арасындағы сабақтасты сақтасақ қана 

бiз  «Мәңгілік  Ел»  бола  аламыз.  Ежелгі  түркілер  өз  мемлекеттерін  құрып, 

оны «Мәңгілік Ел» деп атады.  

Осы  идеяны  іске  асыру  үшін  өз  тәуелсіздігін  алған  біздің 

мемлекетімізге  бұл  тарихи  мүмкіндік.  Бұл  тәуелсiз  Қазақстанның  орасан 

зор және әлi де өз мәнiнде толық пайдаланылмаған әлеуеті бар, көршімен 

тату  болуға  ұмтылатын,  ынтымақшыл  мемлекет  екені  дүниежүзiлiк 

қоғамдастыққа танымалдылығын бiлдiредi. «Мәңгі Ел» идеясы – ол біздің 

ұлттық белгімізді білдіреді. 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 



 

1.

 



Тұрлашов Л.М. «Егемен Қазақстан», 2015, 25 желтоқсан 

2.

 



Послание  Главы  государства  Н.А.  Назарбаева  народу  Казахстана 

«Казахстанский  путь  –  2050:  Единая  цель,  единые  интересы,  единое 

будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января. 

 

 



320 

 

ӘОЖ 323.1(574)=512.122                Сейтова Г.Е. (Қарағанды №5 ЖББОМ)



                                                                                                                                    

 

ПАТРИОТТЫҚ ЖЫРЛАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 

Өз дәуірінде ұлы ғұлама Ахмет Байтұрсыновтың «Ұлттың сақталуына 

да,жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған 

жұрттың өзі де жоғалады»[1, 25 б.] деген ұлағаты  бүгінгі күні де ұлттың 

рухын 


көтерер 

орынды 


сөз.Тәуелсіз 

еліміздің 

татулығы 

мен 


ірлігін,ынтымақтастығы мен елдігін арттыратын,елдігімізді паш ететін,жас 

ұрпақты патриотизмге баулитын да осы тілдің құдіреті. 

Бүгінгі таңда тәуелсіз елімізде мемлекеттік тіліміздің қолданылу аясын  

кеңейтіп,  оның  барлық  мүмкіндіктеріне  жол  ашу  мақсаты  көзделіп  отыр. 

Тіл – ең алдымен кез келген ұлттың ұлттық белгісі, символы.Тіл жоқ жерде 

ұлт  жоқ  деп  бекер  айтылмаған,  сондықтан  тәуелсіздік  алған  әрбір  ұлт 

алғашқы  қадамын  ана  тілінің  тұғырын  нықтап,  мәртебесін  биіктетуден 

бастайды.  1991  жылдың  16  желтоқсанында  еліміз  тәуелсіздікке  қол 

жеткізді. Тәуелсіздіктің арқасында тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды.  

Тәуелсіздік  –  халқымыздың  басты  құндылығы.  Елбасының  барлық 

қазақстандықтарды тәуелсіз Қазақстанның игілігі мен көркеюі үшін еңбек 

етуге,  қоғамымыздың  жалпы  құндылықтарын:  Бейбітшілікті,  Келісім  мен 

Бірлікті  бағалауға  және  нығайтуға,  ұлттық  дәстүрлерімізді  сақтауға  және 

дамытуға шақыратындығы сондықтан. 

Біздің  мақcатымыз  бір  –  «Мәңгілік  Елді»,  еліміздің  Тәуелсіздігі  мен 

жалпыұлттық бірлігімізді нығайту. Ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын өскелең 

ұрпаққа  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабағында  қазіргі  қазақ  ақын  – 

жазушыларының  патриоттық,  Отансүйгіштік    тақырыптарына  арнап 

жазған  өлең – жырларын оқытып, жаттатамыз. Тәуелсіздіктің 25 жылдық 

мерейтойы қарсаңында мектебімізде көптеген мәдени  – іс шаралар өтуде. 

Тәуелсіздік  тойының  сәтті  өтуіне  мектеп  мұғалімдерімен  оқушылары 

атсалысуда.     

«Ел  өміріндегі  ең  еңсесі  биік,  тегеуріні  текті  мереке  –  тәуелсіздік 

мейрамы.  Өйткені,  бұл  күннің  мағынасы  мен  мән  –  мазмұны  аса  терең. 

Терең болатын  себебі, біз  қазақ халқы азаттық жолында  соншама  қиын  – 

қастау  кезеңдерді  басымыздан  көп  өткізген  және  соның  табы  жанымызда 

терең ізін қалдырған, тағдарымызды қиындатқан жолдарын арылып өткен 

халықпыз  [2,  3  б.].    Бұл  күн  мен  үшін,  біздің  замандастарымыз  үшін  аса 

ыстық» – дейді Нұрлан Оразалин. Азаттық деген – ұлы сөз. Ардақты сөз. 

Асыл  сөз.  Қазақ  жұрты  үшін  бұл  сөздің  мән  –  мазмұны  тіпті  өте  өрен. 

Тұңғиық. Азаттық туралы ақын Дүкен Мәсімханұлы былай жырлайды:  

«Соқ жүрегім, бұлқын, шалқы, арында, 

Ақсын жалын алпыс екі тамырда. 

Иә, бүгін мен кімдерден кем едім, 

Азат елім – ҚАЗАҚСТАН барында! 


321 

 

Азат бүгін тауым, қалам, қырым да, 



Асқақ бүгін әнім, күйім, жырым да.  

Жайраң қағып жырлап, күліп ағады 

Ертісім де, Жайық, Ілем, Сырым да...[3, 2 б.]» 

Тәуелсіздік  алған  уақыттан  бері  қазақтың  бірнеше  ақын  ұл-қыздары 

азаттық туралы көптеген өлең-жырларын жазып, оқырманын бір серпілтіп 

тастады.  Ақын  Несіпбек  Айтовтың  «Азаттығым»  атты  өлеңін  оқып 

көрейік: 

«Атажұрттың қазығына байланған соң кіндігім, 

Арқандаулы ат секілді шыр айналған тірлігім. 

Таң атқаннан күн батқанша өз басымен әуре боп, 

Арпалысқан бұл жалғанда ұғып жатыр кімді кім? 

Қанатымды шаңға малып тіршіліктің қамы үшін, 

Тауық та бір, мен де бірмін теріп жеген тарысын. 

Бостандықтың бір тал шашы түсер болса егерде, 

Қынабынан суырылар қылшылдаған намысым! 

Жеткен жан жоқ қуғанменен мына дүние шетіне, 

Пәни менен бақи барда бөлінесің екіге. 

Азаттығым, тиер болса суық ызғар бетіңе

Жүрегімді қалқан етем соққан желдің өтіне! [4,3 б.]» 

Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік 

рухта  тәрбиелеу  барысында  Қазақстанның  білім  және  ғылым 

қызметкерлерінің  ІІ  съезінде  еліміздің  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев: 

“Қазақстанның  отаншылдық  сезімін  тәрбиелеу  білім  берудің  мектепке 

дейінгі  жүйесінен  жоғары  оқу  орындарына  дейінгі  орталықтарда,  барлық 

ұйымдарда  көкейкесті  болып  табылады.  Балаларды  Отанды,  туған  жерді, 

өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да 

қадірменді  парызы”  –  деген  сөзіне  үңілсек,  онда  Қазақстан  мемлекетінің 

егемен  ел  болып  қалыптасып,  дербес  мемлекет  болуы  және  өркендеп 

гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады.  

Оның  басты  құндылықтары  –  ана  тілі,  ұлттық  рух,  діни  на¬ным 

сенімдермен  тығыз  байланысты.  Қазақ  халқы  –  рухани  зор  байлықтың 

мұрагері. 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 



 

3.

 



Жарықбаев Ә. «Ақылдың кені». Алматы «Өнер». 1995 – 290 б. 

4.

 



Оразалин Н. Егемен Қазақстан 16 желтоқсан 2014 жыл. 

5.

 



Мәсімханұлы Д. «Азат елім» Егемен Қазақстан 17.12.2010  

6.

 



Айтов Н. «Азаттығым» Егемен Қазақстан 17.12.2010 

 

 



322 

 

ӘОЖ 323.1(574) =512.122       Соколова А.А. (ҚарМТУ, БЖД-14-2 т. ст.) 



       Ғылыми жет. – аға оқытушы Әбілқасов Ғ.М. 

 

МЕНІҢ ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН! 

 

Менің  туған  елім,  туған  жерім,  кіндік  қаным  тамған  жер  тәуелсіз 



Қазақстан.Туған  елімнің,  отанымның  патриоты  болуға  атсалысамын.  Ол 

үшін  сабағымды  жақсы  оқып,  университетте  өтетін  барлық  патриоттық 

мәдени іс-шараларға қатысып отырамын. 

«Айналайын атамекен — ақ мекен, 

Қандай қазақ іздеп сені тапты екен, 

Туған өлке тәтті екен ғой тәтті екен» [1, 57 б.] – деп ақын М.Мақатаев 

жырлағандай,  туған  өлке,  туған  жер,  атамекен  әрбір  адамзат  баласына 

ыстық  екені  рас.  Әрбір  Қазақстан  азаматы  туған  елінің,  туған  жерінің, 

отанының  қадір  қасиетін  құрметтеп,  аялап,  нағыз  отаншыл,  патриоты 

болуы  керек.  Қазақстан  —  Қазақ  халқының  ата-баба  мекені,  ежелгі 

қонысы.  Бұл  жерде  ата-бабамыз  туды,  тұрды,  өмір  сүрді,  оның 

топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері.  

Отан…  Атамекен…  Атажұрт…  Тарих…  Бұл  қай  құлаққа  да  асқақ 

естілер  асыл  ұғымдар.  Адам  өмірге  келіп,  ес  жиып,  етек  жия  бастаған 

сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды… 

Біздің  еліміздің  жерінен  Жерорта  теңізінен  Қытайға  дейін  Еуразияны 

көктей  өтіп  жатқан  «Ұлы  Жібек  жолының»  керуендері  тоғысқан  кіндік 

Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.  

Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт 

шыңдарды,  тұңғиығы  тұнжыраған  жұмбақ  көлдерді,  ақ  жал  толқындары 

асау  арғымақтардай  көкке  шапшыған  шалқар  теңізді,  күні  от  шашқан 

шөлейтті,  арналы  өзен,  ну  орманды  көруге  болады.  Қазақстан  картасы  – 

қазына  картасы  қазір.  Даласы  дархан,  топырағы  қасиетті,  қойнауы 

қазыналы.  Қазынаның  барлығы  да  Қазақ  жерінің  топырағында  тұнып 

жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.  

Дегенмен, жер бедерінде, негізінен, жазық далалы, шөлді және шөлейт 

аймақтар  басым.  Олардың  арасында  Сарыарқа  мен  Үстірт,  Тұран  ойпаты 

мен  Батыс  Сібір  ойпаты,  Мойынқұм  мен  Бетпақдала  ұлы  өңірлері  бар. 

Таулы  аймақтар  республиканың  оннан  бір  бөлігін  алып  жатыр.  Оларға 

Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тау жоталары кіреді. Ірі өзендер: 

Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл.  

Қазақстан  Республикасы  Еуразия  құрлығының  түкпірінде  орналасқан. 

Қазақстан  батыста,  солтүстік-батыста  және  солтүстікте  Ресеймен, 

оңтүстікте,  оңтүстік-батыста  Орта  Азия  республикалары  Түрікменстан, 

Өзбекстан  және  Қырғызстанмен,  оңтүстік-шығыста  және  шығыста  Қытай 

Халық  Республикасымен  шектеседі.  Қазақстан  шекарасының  жалпы 

ұзындығы  –13034км.  Қазақстан  аумағының  көлемі  –  2  млн.  714,9  мың 


323 

 

шаршы  км.  Оған  Батыс  Еуропаның  Франция,  Португалия,  Испания, 



Италия,  Греция,  Норвегия  және  Финляндия  мемлекеттері  түгел  сыйып 

кетер еді. Міне, Қазақ даласы – кең байтақ! Қазақстан жер көлемі жөнінен 

Ресей,  Қытай,  АҚШ,  Австралия  мен  Үндістаннан  кейін  алтыншы  орын 

алады.  Сондығынан  ғой,  күмбір  –  күмбір  көне  күй  мен  толғауы  тоқсан 

жырларымызда  –  «Ұшса  құстың  қанаты  талады,  шапқан  аттың  тұяғы 

тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы – күншілік,» – деп толғаған.  

Байтақ  ел,  күн  сәулетті  Қазақстан  бүгінде  дамудың  даңғыл  жолына 

түсті.  Өлшеусіз  табиғат  байлығымен  ғана  емес,  ең  алдымен  сан  түрлі 

ұлттардан  құралған  халқының  ауызбірлігімен  аты  шықты.  Бүгінгі 

Қазақстан  —  өзі  орналасқан  аймақтың  ғана  емес,  бүкіләлемдік 

проблемаларды  талқылауда  және  шешуде  ықпалды  рөл  атқаратын  ел. 

Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  пікіріне  әлем 

саясаткерлері ықылас қоятын болды.  

Егемендік  алған  жылдар  ішінде  өзіне  тән  барлық  институттары  бар, 

әлемдік  қауымдастықтың  ықпалды  мүшесі  болып  табылатын  мемлекет 

құрылды,  оның  қауіпсіздігі  мен тәуелсіздігі  қамтамассыз  етілді. 

Конституциялық  жолмен  мемлекеттік  және  саяси  билік  құрылымдарын 

жаңарту негізінде елдің демократиялық жолмен дамуының берік іргетасы 

қаланды  [2,  1  б.].  Елдің  ішкі  экономикалық  жүйесі  түбірімен  өзгеріп, 

дамыған  өркениетті  елдердің  ешқайсысынан  кем  түспейтін  нарықтық 

қатынастар  мен  институттар  құрылды.  Соның  негізінде  Қазақстан 

дүниежүзілік экономикада өз орны бар елге айналды.  

Жиырма  бес  жыл  ішінде  Қазақ  халқының  ұлттық  санасы  жаңғырып, 

өзін  —  өзі  тану,  өзінің  бай  ежелден  қалыптасқан  тарихы  мен  ұлттық 

дәстүрлерін құрметтеу, ұлы тұлғаларын бүкіл дүниеге таныту, бай рухани 

қазынасын  әлемдік  өркениетпен  ұластыру  бағытында  қыруар  шаруалар 

атқарылды.  

Ең  бастысы,  Қазақ  халқымен  бірге  әр  түрлі  этностардың  да  отаны 

болып  табылатын  біздің  еліміз  бүкіл  әлемге  қоғамдағы  татулық  пен 

ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің 

үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді. 

Бүгінде Қазақстанның негізгі ұлтын Қазақ халқы құрайды. Одан кейін 

славян  халықтарының  өкілдері  орыс  және  украин  халықтары.  Сонымен 

қатар  ең  елеулі  этносты  құрайтындар  өзбек.  немістер  және  татар 

халықтары.  Осы біздің  елдегі халықтар  басын  біріктіріп,  олардың ұлттық 

тегіне  қарамастан,  теңдігін  бекітетін  құжат  бар.  Ол  еліміздің  Ата  Заңы, 

Конституциямыз.  

Қаншама  рет  туы  тігіліп,  қаншама  рет  туы  қайта  қисайған,  қаншама 

мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, 

әрі  жас  Қазақ  халқы  қайтадан  әлемдік  дүбірге  қосылып,  әлем  елдерімен 

иық тіресуде.  


324 

 

Тәуелсіздік  –  ең  алдымен  Қазақ  халқының  бостандыққа  ұмтылған 



асқақ  армандары  мен  қайсар  рухының  жемісі.  Сондықтан  да  біз  үшін 

Тәуелсіздік  күні  –  ең  қастерлі  күн.  Еліміз  тәуелсіздігін  жариялап,  дербес 

мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі 

қазақтарға  тартқан  тағдырдың  сыйы  емес,  өзінің  ежелгі  жерінде  қилы 

кезеңді  бастап  кешу  арқылы  қол  жеткен  өз  мемлекттілігін  құруға  деген 

заңды құқығү бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», 

— деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.  

Осы  жылдар  ішінде  елімізде  қыруар  істер  атқарылды.  Атап  айтсақ 

тарихи  жеріміздің  шекарасы  халықаралық  шарттарға  сай  бекітілді. 

Мемлекеттік  рәміздеріміз,  Ата  заңымыз,  ұлттық  валютамыз  және 

Сарыарқаның  кең  жазық  даласында  барша  елдің  өзінің  тез  көркейіп 

өсуімен  таң  қалдырып,  жаңа  Астанамыз  дүниеге  келді.  Әлемдік 

қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің 

екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, 

рухани  даму  деңгейі  белеске  көтерілуде.  Өзіне  тәң  барлық  институттары 

бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын  тәуелсіз 

мемлекет құрылды.  

Жыл  сайынғы  ел  Президенттің  халыққа  арналған  Жолдаулары  мен 

қабылданған  мемлекеттік  бағдарламалар,  стратегиялық  бағыттардың 

барлығы  да  қарапайым  халықтың  тұрмысын  жақсартып,  тәуелсіздігімізді 

нығайтуға  бағытталды.  Елбасы  өз  Жолдауында  ішкі  саяси  мен  ұлттық 

қауіпсіздіктің  2050  жылға  дейінгі  негізгі  мақсаттары  қоғамда  келісім  мен 

тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті.  

Елбасы  өз  Жолдауында  құқық  қорғау  жүйесін  реформалаудың 

бағыттарын  көрсетіп  берді,  олар  –  құқық  қорғау  жүйесін  оңтайландыру, 

әрбір  мемлекеттік  органның  нақты  құзыретін  белгілеу,  заңдарды 

ізгілендіре  отырып  сапасын  арттыру,  құқық  қорғау  жүйесінің  қызметінде 

ішкі  ведомстволық  мүддеден  азаматтардың  құқық  пен  мемлекеттің 

мүддесін қорғауға ауыстыру.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 



 

1. Мақатаев М. Жырлайды жүрек Алматы – «Жазушы» 2005 ж. – 469 б.  

2.  Н.Ә.  Назарбаев  Қазақстан  халқына  жолдауы  «Қазақстан  жаңа 

жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» 2015 жылғы 30 қараша . 

«Егемен Қазақстан» - газеті 30.11.15. 

 

 



 

325 

 

ӘОЖ 323.1(574)=512.122   Тасимова Г.Ж. (Қарағанды, №81 ЖББОМ) 



                                                Бекбергенова З.Т. (Қарағанды, №81 ЖББОМ)

                                                                                                                                    

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет