Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ЖАҢА Қазақстанды қалыптастырудағЫ Қр тұҢҒыш президенті н.Ә. Назарбаевтың тағдыркешті шешімдері»



Pdf көрінісі
бет29/47
Дата30.01.2017
өлшемі5,76 Mb.
#3043
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47

Мосякина А.А. (Караганда, КарГТУ) 

   Тухтаева Н.О. (Караганда, КарГТУ) 

 

КАЗАХСТАНСКАЯ МОДЕЛЬ ПО ФОРМИРОВАНИЮ 

ОБЩЕСТВЕННОГО СОГЛАСИЯ И НАЦИОНАЛЬНОГО 

ЕДИНСТВА 

 

Единство  –  это  сила,  которая  способна  преодолеть  все  трудности



Решая  общие  задачи,  каждый  улучшает  собственную  жизнь.  Только  у 

сплоченного  народа  есть  уверенность  в  завтрашнем  дне.  Сильная  единая 

нация  –  залог  процветания  в  любых  исторических  условиях.  При  этом 

осознание  принадлежности  к  преуспевающему  государству  породило 

солидарную ответственность каждого казахстанца за мир и стабильность. 

В  Послании  Главы  государства  Н.А.  Назарбаева  народу  Казахстана 

«Нұрлы  жол  –  путь  в  будущее»  особо  подчеркнуто:  «Чтобы  пройти 

глобальный  экзамен  на  зрелость,  мы  должны  быть  сплоченными.  Мы 

должны крепить доверие между всеми казахстанцами! Быть толерантными 

друг к другу! Это ключи к будущему Казахстана. Межэтническое согласие 

–  это  живительный  кислород».  По  инициативе  Лидера  нации  Н.А. 

Назарбаева в Казахстане сформирована уникальная, и до сих пор нигде не 

повторённая,  модель  единства  народа.  Ассамблея  народа  Казахстана  на 

протяжении многих лет выступает стержневым механизмом гармонизации 

общества,  в  котором  воплощены  идеи  дружбы,  толерантности  и 

совместного развития культур и традиций всех казахстанских этносов. 

Основа  основ  нашего  государства  –  это  мир  и  согласие,  единство  и 

стабильность. На фоне социальных потрясений во многих странах мира и 

нарастающей 

глобальной 

нестабильности 

Казахстан 

развивается 

устойчиво  и  уверенно.  Выдающиеся  инициативы  Главы  государства: 

«Стратегия-2050»,  новая  индустриализация,  «Нұрлы  жол»,  Пять 

институтициональных реформ, «Мәңгілік Ел», рассчитаны на многие годы 

вперед  и  запустить  их  способен  только  мощный  всенародный  механизм. 

Таковым  может  стать  нация  единого  будущего.  Только  нация  единого 

будущего,  основанная  на  дальнейшем  укреплении  казахстанской 

идентичности  и  принципе  гражданства,  консолидирующие  ценности  на 

базе идеи «Мәңгілік Ел», развитие триединства языков, средний класс как 

основа  казахстанской  нации  будут  самым  надежным  фундаментом 

устойчивого и успешного государства 

1



.  


Казахстан  состоялся  как  независимое и  демократическое  государство. 

В  стране  созданы  все  необходимые  политико-правовые,  социально-

экономические, 

культурно-нравственные 

основы 

казахстанской 



идентичности и единства. 

281 

 

Во-первых,  с  момента  обретения  независимости  Первый  Президент  – 



Лидер  Нации  Назарбаев  Н.А.  последовательно  проводит  политику 

государственного 

строительства. 

Основополагающим 

документом, 

определившим  характер  нового  независимого  Казахстана,  ценности  и 

приоритеты  развития  страны,  стал  Закон  Республики  Казахстан  от  16 

декабря  1991  года  «О  государственной  независимости  Республики 

Казахстан». 4 июня 1992 года были утверждены Государственные символы 

Республики  Казахстан  –  Флаг,  Герб  и  Гимн.  Конституция  Республики 

Казахстан  от  30  августа  1995  года  гарантировала  равенство  прав  всех 

граждан  независимо  от  расовой,  этнической,  религиозной  и  социальной 

принадлежности. 

Конституция 

закрепила 

гражданский 

принцип 

построения 

казахстанской  идентичности  и  единства  народа  на  основе  признания 

этнического, языкового, культурного, религиозного многообразия. 

В  Конституции  утверждены  концепты  общественного  согласия, 

политической  стабильности  и  казахстанского  патриотизма.  Знаковым 

символом  формирования  казахстанской  идентичности  и  единства  стала 

новая столица Казахстана – Астана.  

Во-вторых,  сегодня  в  Казахстане  успешно  реализована  уникальная 

модель общественного согласия и общенационального единства. Ее автор 

и  архитектор  –  Президент  Назарбаев  Н.А.  Для  консолидации 

полиэтнического  и  поликонфессионального  общества  успешно  работает 

институт  АНК.  АНК  играет  ключевую  роль  в  укреплении  казахстанской 

идентичности  и  единства,  является  конституционным  органом, 

обеспечивающим стабильность и согласие в обществе.  

В-третьих,  проводится  взвешенная  государственная  языковая 

политика.  Глава  государства  Назарбаев  Н.А.  неоднократно  отмечал,  что 

необходимо  приложить  все  усилия  для  дальнейшего  развития  казахского 

языка,  который  является  главным  фактором  объединения  всех 

казахстанцев.  В  то  же  время  необходимо  создавать  благоприятные 

условия, чтобы представители всех проживающих в стране этносов могли 

свободно говорить, обучаться на родном языке, развивать его. Реализуются 

государственные  программы  функционирования  и  развития  языков

образования и науки до 2020 года.  

Глава  государства  Назарбаев  Н.А.  в  Послании  народу  Казахстана 

обозначил  развитие  трехязычного  образования  на  казахском,  русском  и 

английском  языках  как  залог  консолидации  общества,  роста  его 

конкурентоспособности.  

В-четверых,  выработаны  принципы  Общества  Всеобщего  Труда  как 

ориентира социальной модернизации казахстанского общества.  

В-пятых, в Стратегии «Казахстан-2050» определены принципы нового 

казахстанского  патриотизма,  который  обозначен  важным  условием 

вхождения страны в число 30-ти развитых стран мира. 


282 

 

Фундамент нового казахстанского патриотизма – это равноправие всех 



граждан и их общая ответственность за успешное развитие Казахстана. 

В-шестых,  в  Послании  Президента  Республики  Казахстан  Назарбаева 

Н.А.  народу  Казахстана  выдвинута  общенациональная  патриотическая 

идея  «Мәңгілік  Ел».  Общенациональная  патриотическая  идея  «Мәңгілік 

Ел» – это система ценностей, формирующих казахстанскую идентичность 

и  единство,  общественное  согласие.  «Мәңгілік  Ел»  −  это  неиссякаемый 

источник энергии нашего единства. 

«Мәңгілік  Ел»  −  это  надежная духовная  опора  нашей  Независимости, 

объединяющая всех казахстанцев. 

«Мәңгілік Ел» − это общенародная идея, показывающая историческую 

глубину казахстанской государственности. 

«Мәңгілік  Ел»  −  это  олицетворение  любви  к  своей  Отчизне,  высокая 

степень  казахстанского  патриотизма,  сила  духа,  верность  Родине, 

преданность народу, гражданский долг 

2



.  

Сегодня  Казахстан  вышел  на  качественно  новый  этап  развития  и 

укрепления казахстанской идентичности и единства. 

Переход  к  новому  этапу  государственного  строительства  определен 

пятью  институциональными  реформами,  выдвинутыми  Президентом 

Назарбаевым  Н.А.  Цель  нового  этапа  –  формирование  нации  единого 

будущего 

3



Современные  тенденции  развития  глобальной  экономики  и  мировой 



политики  порождают  новые  вызовы  и  риски.  Одним  из  ключевых 

направлений политики государства в этих условиях является консолидация 

нации,  которая  наиболее  эффективно  может  быть  осуществлена  на 

гражданской основе. 



    

Список использованных источников 

 

1.

 



Методические  рекомендации  «Республиканский  Урок  мира  и 

согласия,  посвященный  Дню  знаний//НАО  им.И.Алтынсарина.  –  Астана, 

2015 

2.

 



Доктрина  Национального  Единства  Казахстана.  Государственная 

этнополитика Казахстана: новые тренды: Методическое пособие. Под общ. 

ред. Е. Л. Тугжанова. Астана: Академия государственного управления при 

Президенте Республики Казахстан, 2001, с. 139–145. 

3.

 

Послание  Президента  Республики  Казахстан  –  Лидера  Нации  Н.  А. 



Назарбаева  народу  Казахстана  «Стратегия  «Казахстан-2050»:  Новый 

политический курс состоявшегося государства», akorda.kz. 

 

 


283 

 

 ӘОЖ: 94(574)= 512.122 



Ишанова У.Б. (ҚарМТУ, БТ -16-3 т. ст.) 

Омарова А.М. (ҚарМТУ, БТ -16-3т. ст.)                                                      

Ғыл. жет. - аға оқытушы Байпелова Г.С. 

 

 

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ – МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ! 



 

Осыдан дәл жиырма бес жыл бұрын, 1991 жылдың 16  желтоқсанында 

Қазақстан  Республикасы  –  Тәуелсіздікке  ие  болды.  Қазақстан 

Республикасының тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық 

қауіпсіздігі,  экономикамыздың  жедел  қарқынмен  дами  беруі,  Қазақстан 

халықтарының  өз  болашақтарына  деген  берік  сенімі,  қазіргі  замандағы 

өркениетті  қауымдастық  ортасында  іргелі  елге  айналуы  –  стратегиялық 

негізгі бағыттарды құрайды. Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін  – 

біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге 

деген  тағзымды  салауат  пен  болашаққа  деген  сенімді  үміттің  мерекесі 

болып табылады. 

Әлемде  екі  мың  бес  жүзден  астам  халық  бар  екен.  Соның  екі  жүзге 

жуығы  ғана  өзінің  мемлекеттілігіне  ие  екен.  Саны  жағынан  қазақты  сан 

орап кететін ұлттардың арасында да өз елі өзіне өлең төсегі болмай, туған 

жерінен  бір  жапырақ  туын  тігетін  алақандай  төбе  таппай  жүргендері 

жетерлік.  Тіпті  туған  жерге  туын  тіккен  елдердің  бәрін  бірдей  толық 

мағынасында тәуелсіз деп тани алмайтынымыз тағы бар. 

Тәуелсіздік ұғымының аясы кең. Әлемдік қауымдастық мойындаған өз 

аумағы болуы да, сол аумақты басқаратын мемлекеттік биліктің болуы да 

бұл үшін аздық етеді. Тәуелсіздік ең алдымен мемлекеттің өз саясатын өз 

еркімен жүргізуге қабілеттілігін білдіреді. 

Тәуелсіздік – бұл қазақ елінің басына қонған бақ-берекесі деп білеміз. 

Тәуелсіздік  тойы  қарсаңында  ақын  Бақытжан  Тобаяқовтың  [1,  77]  өлең-

жолдары ойға оралады: 

Тәуелсіздік! Тәу етем, һақ тағалам, 

Сенің биік төбеңнен бақ тараған. 

Тіл мен көзден сақтасын бір өзіңді, 

Өткен - кеткен саған бір жалт қараған. 

Қандай ғажап сәулеті шаһарымның, 

Сап түзеген көшелер қатары мың. 

Мәңгілік Ел тойына барады олар

Арасында Елбасы атағының. 

Оу, көрікті шадыман Тәуелсіздік, 

Сен үшін біз талай жыр, әуен сыздық. 

Мәңгілік Ел шырағы сөнбейтіндей 

Көрінетін болайық әлем - үздік! 

Шүкіршілік, артта қалған жиырма бес жылдың алғашқы белестерінен – 

ақ  Қазақстан  Республикасы  толық  тәуелсіздікке  жетудің  жолына  түсті, 



284 

 

небір  тайғақ  кешулерден  аман  –  есен  өтіп,  азаттықтың  алғашқы  әрі  азап, 



әрі  ғажап  асуларынан  абыроймен  асты,  айналасы  оншақты  жылдың 

жүзінде егемен ел ретінде дамудың даңғылына қарай қадам басты. 

Қазақстанның осы жиырма бес жылдағы жүріп өткен жолы атқан оқтай 

түзу, төселген тақтайдай тегіс болмағанын, жас мемлекеттің алдынан талай 

–  талай  сынақтар  тосылғанын,  оларды  еңсеру  елдің  елінің,  ердің  ерінің 

қолынан келгенін барша жұрт біледі. Қазақ елінің де, елді басқарған ердің 

де  қолынан  келді  сол  шаруа.  Осы  жылдар  ішінде  даламыз  да  өзгерді, 

қаламыз  да  өзгерді  [2,1].  Ата-бабаларымыз  аңсап,  армандап  өткен 

азаттыққа  арпалысқа  толы  жасампаз  жұмыс  қана  апаратынын, 

тәуелсіздікке тәуекелі тұратындардың ғана қолы жететінін айқын ұғынған 

бостан  сана  ол.  Тәуелсіздіктің  басқа  бір  қонса  мәңгілікке  шегеленіп 

қылмайтынын,  баянды  бостандық  бақыттың  бағасын  білгендердің  ғана 

қолында  тұратынын  да  біледі  біздің  халқымыз.  Бар  адамзат  бір  базарда 

бәсекелесіп,  барын  салып,  бағын  сынап  жатқан  мына  жаһанданудың 

жанталасты  жағдайында  ұлт  ретінде  ұпайыңды  жоғалтпау,  халық 

қалпыңда қадіріңді кетірмеу, мемлекет күйінде мығым тұру барған сайын 

қиындай түсетінін де біледі біздің халқымыз. 

Біз ата – бабалар аманатын ақтаған ұрпақ екенімізге мақтанамыз, біздің 

мына  жердің  бетіне  келген  кезіміз  халқымыздың  тарихындағы  ең  бір 

ғажайып  тұсқа  –  азаттық  алған,  тәуелсіз  мемлекет  құрған  тұсқа  тап 

болғанына,  біздің  маңдайымызға  осы  елдің  бір  кірпішін  қалау  бақыты 

бұйырғанына шүкіршілік етеміз. Келер ұрпақ өздеріне Елбасы бастап, елі 

қостап  құрып  берген  Қазақстанның  қадір  –  қасиетін  тани  біледі, 

тәуелсіздік туын желбіретіп ұстаудың жауапкершілігін сергек сезінеді. 

Тәуелсіздіктің баянды болуының басты себебінің бірі – Елбасымыздың 

елдік мұрат жолындағы ерен еңбегі. 

Осы  жиырма  бес  жылдың  ішінде  ел  халқы  дәйім  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  жұлдызын  жоғарыдан  жандырумен  болды.  Елім,  жерім 

деген,  елдің,  жердің  қамын  жеген  ерге  сену,  таңдаған  азаматымыз 

адастырмайды,  алға  бастайды  деп  қиын  күндерде  де  соңынан  еру 

халқымыздың мемлекетшіл мінезін, бірлікшіл болмысын сан мәрте айқын 

айғақтады. 

Ұлан  –  ғайыр  жері  бар,  ұлы  мұратты  Елі  бар,  бабалар  жазған  ұлы 

тарихы  мен  ұрпағы  көз  тіккен  ұлы  болашағы  бар  менің  халқым  –  Ұлы 

халық! 

Тәуелсіздікті алу үшін қандай қажыр – қайрат керек болса, оны баянды 



ету үшін одан да зор қажыр – қайрат – керек. 

Табысқа тоқмейілсімей, кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау – 

ортақ парыз. 

XXI  ғасырдың  сын  –  қатерлеріне  төтеп  беріп,  ең  дамыған  елдердің 

біріне айналу – ортақ жауапкершілік. 


285 

 

Біз  халқымыздың  қаһармандық  тарихын  жасампаздық  тарихына 



ұластырдық.  Әлемдегі  ең  мықты  50  елдің  сапына  еркін  қосылып,  енді  ең 

қуатты 30 елмен иық тірестіруге бет алдық. 

Рухы  биік,  еңсесі  тік,  еңбегі  ерен,  бірлігі  мығым  Мәңгілік  Елдің 

мәртебесі асқақ болуы үшін бізде бәрі бар. Ендеше, барды бағалап, дамыта 

білейік, қадірлі халқым! 

Заман  ағымы  бізді  Қазақстан  Республикасы  тұңғыш  рет  Тәуелсіз  Ел 

ретінде әлемге әйгіленген тарихи дата -  1991 жылдың 16 желтоқсанынан 

алыстатып барады. 

Біз  жыл  өткен  сайын  сол  бір  тарихи  тандаудың  сарқылмас  құдіретін 

жан жүрегімізбен түсінеміз. 

Ол – егемен мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат 

өмір сүру тандауы. 

Ол  –  туған  жеріміздің  қазынасы  мен  қазба  байлығына  дербес  иелік 

етіп, барша қоғамның игілігі үшін өз қалауымызбен жұмсау таңдауы. 

Ол  –  өз  тағдырымызды  өзіміз  айқындау,  болашағымызды  өз 

қолымызбен жасау тандауы. 

Біздің жаңа Қазақстанымыз жарық жұлдыз болып дүниеге келді. 

Баршамызды  Тәуелсіздіктің  Ұлы  рухы  жебейді,  біріктерді,  бойымызға 

қуат  беріп,  сенімімізді  нығайтады.  Ол  алтын  күні  жарқырап,  алтын  қыраны 

қалықтаған  Қазақ  елінің  ашық  аспаны  астында  дүниеге  келген  әрбір  сәбидің 

жүрегіне  орнайды.  Ол  әрбір  азаматтың  жүрегінде,  әр  шаңырақтың  төрінде, 

елімізде бой көтерген әрбір үйде, әрбір қала мен ауылда салтанат құрады. Ол 

біздің  экономикамыздың  өсімімен,  ұлан  –  ғайырОтанымызға  төселген  әрбір 

күре жолмен, дала төсіне өнген әрбір тонна алтын дәнмен нығаяды. 

Тәуелсіздік  –  кешегі  батыр  бабалардың  қасиетті  жеріміздің  әрбір 

қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі. 

Тәуелсіздік  –  кешегі  батыр  бабаоар  өсиет  еткендей  Қазақстанды  қасық 

қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі. Біз жүргізіп 

отырған  сыртқы  және  ішкі  саясат  –  халықтың  даналығы.  Қазақстанды 

өркендету жолындағы күллі жауапты шешімдердің даналығы. Халқымыздың 

асқақ абыройының, қонақжайлылығы мен кең пейілінің даналығы. 

Тәуелсіздік  дегеніміз  –  жалпыға  ортақ  еңбек.  Ғылым  қуып,  білім 

іздеген  оқушылар  мен  студенттердің  еңбегі.  Еліміздің  ұлттық  байлығын 

еселей  түсетін  барша  мамандық  иелерінің  еңбегі.  Әрбір  жас  буынның 

жүрегіне 

Отанға 


деген 

шексіз 


сүйіспеншілік 

дарытатын 

қазақстандықтардың еңбегі. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

1. Бақытжан Тобаяқов. Шығармалар жинағы – Алматы «Жазушы» 2009. 

2. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы «Егемен Қазақстан»  

28.11.14. 

 


286 

 

ӘОЖ 323.1(574)=512.122       Кенжебекова Г.А. (Қарағанды №81 ЖББОМ) 



Шакаримова Г.К. (Қарағанды №81 ЖББОМ)

 

 



«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ  

 

Елбасымыз 

Нұрсұлтан  Назарбаев,  Астана  активімен  кездесу  кезінде 

2015  жылы  елімізде  Қазақ  хандығының  550  жылдығы  тойланатындығы 

туралы  өз  сөзінде:  «Керей  мен  Жәнібек  1465  жылы  алғашқы  хандықты 

құрды,  қазақтың  мемлекеттілігінің  тарихы  сол  кезден  бастау  алады. 

Бәлкім,  ол  бүгінгі  шекарасындағы,  бүкіл  әлемге  осынша  танымал  әрі 

беделді,  осы  ұғымның  қазіргі  мағынасындағыдай  мемлекет  болмаған  да 

шығар. Бірақ, бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы 

да  айтуға  болады.  Ең  маңыздысы,  сол  кезде  оған  негіз  қаланды.  Біз  – 

бабаларымыздың ұлы істерін жалғастырушыларымыз» – деген болатын.  

Елбасының  көтерген  «Мәңгілік  Ел»  идеясы  ұлттық-мемлекеттік 

идеяның негізі болып табылады. Қазақ хандығының мерейтойы –  бүгінгі 

жастарға  тәлім  -  тәрбие  беруде  еліміздің  тарихын,  дарынды 

хандарымызды,  даналарымызды  ұрпақ  санасына  сіңіруде  қызмет  ететін 

идея. Бабаларымыздың мол өнегелерін дәріптеу арқылы біз  жастармызды 

Отанды сүюге тәрбиелейміз.  

«Қазақстан-2050»  стратегиясында  біздің  қоғамдағы  бейбітшілік  пен 

тыныштықты  сақтауда  қазақ  халқына  үлкен  жауапкершілік  арта  отырып, 

Президент  былай  дейді:  «Қазақстан  –  біздің  қасиетті  мекеніміз.  Кейінгі 

ұрпақ  осынау  қастерлі  өлкеде  өмір  сүріп  өркен  жаятын  болады.  Қазақ 

жеріне тағдырдың жазуымен алуан түрлі ұлт өкілдері қоныс аударды. Біз 

оларға құшағымызды ашып, қазақи қонақжайлылықпен қарсы алдық. Олар 

біздің  елімізде  өсіп-өніп,  бауырларымызға  айналды.  Қазір  біз  көп  ұлтты 

сипаты  бар,  бір  тұтас  елміз.  Жаһандану  дәуірі  –  көпұлтты  мемлекеттер 

дәуірі. Бұл – әлемдік үрдіс. Еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері 

бірге  үлес  қосты.  Ендеше,  тәуелсіз  қазақ  елінің  азаматтарын  алалауға, 

бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл 

табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың 

басты қағидасы болуы шарт. 

Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген жан өзге халық 

тарды  ашындырмайды,  өз  ұлтын  ешкімге  қарсы  қоймайды.  Біз  ел  иесі 

ретінде  биік  бола  білсек,  өзгелерге  сыйлы  боламыз.  Тіл  туралы 

жауапкершілігі  жоғары  саясат  біздің  қоғамымызды  одан  әрі  ұйыстыра 

түсетін басты фактор болуға тиіс. 

Біз  алдағы  уақытта  да  мемлекеттік  тілді  дамыту  жөніндегі  кешенді 

шараларды  жүзеге  асыруды  табандылықпен  жалғастыра  береміз.  Кез 

келген  тіл  өзге  тілмен  қарым-қатынасқа  түскенде  ғана  өсіп,  өркен 

жаятынын  әрдайым  есте  сақтаған  жөн.  Осы  заманғы  ғылыми 

терминологияның  негізін  латын  тілінен  енген  сөздер  құраса,  ақпараттық 



287 

 

технология  дамыған  қазіргі  дәуірде  күнсайын  дерлік  ағылшын  тілі  дүние 



жүзіхалықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену 

үстінде.  Бұл  үдерістен  біз  де  тыс  қалмауымыз  керек.  Қазақ  тілінің  осы 

заманның биік талабына сай, бай терминологиялық қорын жасаған соң оны 

рет-ретімен,  кезең-кезеңімен  қоғамдық  өмірдің  бар  саласына  батыл 

енгізуіміз керек» [1, 2 б.]. 

В.В.  Бойко  адамның  басқаға  қатынасын,  оның  қабылданбаған  және 

қабылданған психикалық жағдайын тасымалдау дәрежесін, серіктестерінің 

қасиеттері мен іс-қылықтарын өзара әрекеттесу бойынша коммуникативті 

толеранттылық ретінде қарастырады [2, 36 б.]. 

1996  жылы  23  мамырда  Президент  өкімімен  «Қазақстан 

Республикасының 

мемлекеттік 

сәйкестігін 

қалыптастыру 

тұжырымдамасы»  құпталды.  Тұжырымдамада:  «Мемлекеттің  негізгі 

идеялары  халық  бірлігі,  азаматтық  бірлік,  әлеуметтік  тұрақтылық, 

ұлтаралық  және  конфессияаралық  келісім,  мәміле  және  төзімділік  болуы 

тиіс.  Қоғамда  жалпыадамзаттық  имандылық  қалыптарына,  ұлттық 

дәстүрлерге  негізделген,  азаматтық  жауапкершілік  пен  патриотизмге 

тәрбиелейтін рухани құндылықтар бекуі тиіс»,- деп атап көрсетілген.  

Жан жағыңды дос, бауыр тұту бірлікте өмір сүру «Адамзаттың бәрін 

сүй бауырым» деп жырлаған Абай шығармаларының түп қазығы. 

Қазақтың,  ендігі  тәуелсіз  Қазақстанның  бүкіл  тарихы  топтасу, 

түсінісу, бірлесу, көршілермен жарастық құрған тарихи тәжірибеге ұқсас, 

сондай  ұтымды  үйлестікке  тәрбиелейді.  Кімде-кім  халқымыздың 

татулықты сақтаған даналығын дұрыс ұқса, ол өз елінің болашағына үлкен 

үмітпен қарайды, ұлағатты мұратқа ұмтылады. 

Қазақ  халқы  бірлігінің,  әділдік  пен  даналықтың,  биік  абырой  мен 

адамгершіліктің қайталанбас нышаны ретінде ХVІІ-ХVІІІ ғғ. Үш ұлы би – 

Төле би, Қазыбек би мен Әйтеке билердің ерлікке толы өмірі мен қызметі 

болып  табылады

 

[3,  76  б.].  Төле  би,  Қазыбек  би  мен  Әйтеке  би  халықты 



тарихтың  тік  асуларында  бірліктен  айрылған  адам  өмірден  де  айрылады 

деген  ұлы  ақиқатқа  сендіре  білді.  Үш  ұлы  би  үш  жүздің  көп  көне 

бермейтін  асқақ  мінезді  батырларын  ақылға  келтіріп,  халықты  мәмілеге 

келтіріп, біріктіре білді. 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 



 

1.

 



Послание  Главы  государства  Н.А.  Назарбаева  народу  Казахстана 

«Казахстанский  путь  –  2050:  Единая  цель,  единые  интересы,  единое 

будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января  

2.

 



Бойко В. В. Энергия эмоций в общении: взгляд на себя и на других  

— М. Филинъ, 1996. — 472 с. 

3. «МӘҢГІЛІК ЕЛ»  Жоғары оқу орнына арналған оқулық,  

Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат»  10.12.2015 

 


288 

 

УДК 342.51(574): 323.2                     Коккоз М.М. (Караганда, КарГТУ) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет