Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ЖАҢА Қазақстанды қалыптастырудағЫ Қр тұҢҒыш президенті н.Ә. Назарбаевтың тағдыркешті шешімдері»



Pdf көрінісі
бет32/47
Дата30.01.2017
өлшемі5,76 Mb.
#3043
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47

Оразбаева Б.Н. (Бұқар Жырау ауд., Калинин ЖББОМ) 

 

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ – БОЛАШАҚҚА 



СЕНІМДІ ҚАДАМ 

 

2014  жылы  17  қаңтарда  өзінің  Қазақстан  халқына  кезекті  «Қазақстан 



жолы  –  2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  Жолдауында  Елбасы 

Н.Ә.  Назарбаев  Жаңа  Қазақстандық  Патриотизмді  қалыптастыру 

проблемасын көкейкесті етті және оның идеялық негізін – «Мәңгілік Елді» 

тұжырымдады. 

«Мәңгілік  ел»  идеясы  –  халықтың  мүддесіне,  қоғамдағы  тыныштық 

пен  ынтымақтастыққа  қызмет  ететін,  бағыты  мен  бағдары  анық  жол, 

бейбітшілік  пен  келісімді,  ұлтaрaлық  татулық  пен  төзімділікті  сақтaп, 

сындарлы сәттерден сүріндірмейтін  ұлы мұрат. 

«Мәңгілік  ел  -  ата-бабамыздың  сан  мың  жылдан  бергі  асыл  арманы 

екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас 

құратын,  әлем  картасынан  ойып  тұрып  орын  алатын  тәуелсіз  мемлекет 

атану  еді.  Ол  арман  тұрмысы  бақуатты,  түтіні  түзу  шыққан,  ұрпағы 

ертеңіне  сеніммен  қарайтын  бақытты  ел  болу  еді.  Біз  бұл  армандарды 

ақиқатқа  айналдырдық.  Мәңгілік  елдің  іргесін  қаладық.  Мен  қоғамда 

«қазақ  елінің  ұлттық  идеясы  қандай  болуы  керек»  деген  сауалдың  жиі 

талқыға  түсіп  жүргенін  естіп  жүрмін,  біліп  жүрмін.  Біз  үшін 

болашағымызға  бағдар  етіп  ұлтты  ұйыстыра  ұлы  мақсаттарға  жетелейтін 

идея  бар.  Ол  -  мәңгілік  ел  идеясы.  Тәуелсіздігімізбен  бірге  халқымыз 

мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің 

тірегі  мәңгілік  елордамызды  тұрғыздық.  Қазақтың  мәңгілік  ғұмыры 

ұрпақтың  мәңгілік  болашағын  баянды  етуге  арналады.  Ендігі  ұрпақ  - 

мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік 

ел», - деді Президент [1, 13 б.].  

«Қазақстан  Республикасының  президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаевтың  кезекті  халыққа  жолдауын:  «Бір  жыл  бұрын  мен  еліміздің 

2050  жылға  дейінгі  дамуының  жаңа  саяси  бағдарын  жария  еттім.  Басты 

мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол 

—  «Мәңгілік  Қазақстан»  жобасы,  ел  тарихындағы  біз  аяқ  басатын  жаңа 

дәуірдің  кемел  келбеті«,-  деп  бастады. Бұл  орайда  елең  еткізген  жаңалық 

—  тұңғыш  мемлекеттік  ресми  идеология,  яғни  «Мәңгілік  Ел»  идеясының 

жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген 

түйін-тұжырым.  Мәңгілік  Ел  отандастардың  бірегей  тарихи  мақсаты  мен 

қаһармандық  ұраны  десек  қателеспейміз.  Аталған  идея  қазақ  елінің 

ғасырлар  бойы  армандаған  мақсаты  ғана  емес,  Тәуелсіздік  жолындағы 

жанқиярлық  еңбегі  мен  тынымсыз  шығармашылығының  нәтижелері 

арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи 



306 

 

негіздерін  көрсету  мәселелері  маңызды  болып  табылады.  Түркі  тарихын, 



көне  түркі  мұраларын  зерттеуші  филология  ғылымдарының  докторы, 

профессор  Қаржаубай  Сартқожаұлының  «MANGI  EL»  халықаралық 

ғылыми-көпшілік  тарихи  журналында:  «Мәңгілік  ел  —  түрік  жұртының 

данагөйі,  үш  бірдей  қағанның  кеңесшісі  болған  атақты  Тоныкөк  (Тұй-

ұқық) негізін қалаған идея...» — екендігін жазған [2, 18 б.].  

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы қазақ елінің жарқын болашағын білдіре 

отырып,  Қазақстанның  дамыған  елдермен  қатарласуына  мүмкіндік 

беретіндігін білдіруде. Бұл – ұлттық бірлік пен бейбітшілік, экономиканың 

нығаюы,  халықты  әлеуметтік  қорғау,  ұлттық  қауіпсіздік,  мәдениеттің, 

тілдің  дамуы  негізге  алынатын  Қазақстан  жолының  жаңа  кезеңі.  Ел 

дамуының бүгінгі жағдайында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – болашаққа 

сенімді қадам. Ол барша қазақстандықтардың ынта-жігерін қоғам алдында 

тұрған маңызды міндеттерді шешуге жұмылдыруы тиіс. 

«Мәңгілік Ел» идеясы Қазақстанды ел ретінде ғана емес, біртұтас ұлт 

ретінде  танытады.  Біз  экономикалық  тұрғыда  ғана  емес,  рухани  да 

дамуымыз  керек.  Қазақстан  өзінің  көпұлттығына  қарамастан,  біртұтас, 

ортақ  идеяны  дүниеге  әкелді.  Бұл  –  біздің  өмір  бойы  аңсаған,  іздеген 

арманымыз.  «Мәңгілік  Ел»  -  Қазақстанның  қазіргі  даму  жағдайындағы 

мемлекеттік  идеологиясының  түпкі  мәні,  –  деп  жазады  саясат 

ғылымдарының докторы, профессор Г.Сұлтанбаева [3, 45 б.]. 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 



 

3.

 



Шағатай А.,  17 қаңтар 2014 ж 14:44 , Астана BNews.kz 

4.

 



Бижанов А.С., Ибраева А.Ғ., "Мәңгілік ел"  - Халықаралық ғылыми-

көпшілік журналы,  Астана қ. 2014 

5.

 

Касымбеков  М.Б.,  Пралиев  С.Ж.,  Жампеисова  К.К.,  Мәңгілік  Ел:  – 



Оқулық. Алматы: «Ұлағат» баспасы, 2015. – 336 б. 

 

 



307 

 

ӘОЖ 323.1(574)=512.122        Оспанбаева А.К. (ҚарМТУ, БЖД 14-2 т. ст) 



Ғыл. жет. - аға оқытушы Әбілқасов Ғ.М. 

 

ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ 

 

Ұлы дала елінің ертеден келе жатқан «Басшы - біреу болсын, қалғаны - 



тіреу  болсын»  деген  тамаша  даналық  сөзі  бар.  Еліміздің  Тұңғыш 

Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  Тәуелсіз  Қазақстан 

Республикасын  ширек  ғасырдан  астам  басқарып  келеді.  Біз  бірнеше 

күннен кейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап 

өтеміз. 

Қазақстан  -  өз ұлты,  халқы,  діні,  тілі,  мәдениеті,  тарихы, салт-дәстүрі 

бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-

қайрат,  қайтпас  қанат  мұра  ретінде  келешек  ұрпаққа  дейін  жеткен.Қазақ 

елі  тәуелсіз  болса  деген  арман  ұшқын  шашса,  бүгінгі  таңда  Қазақстан 

Республикасы  Қазақ  елінің  жиырма  бес  жылдан  астам  тұтқасын  ұстап, 

туын  көтерген  тұрлаулы  да  тұғырлы  тұлғасы  –  тұңғыш  Президентіміз 

Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты  жеткен 

мемлекетке  айналды.  Ұлы  даланың  тағдыр-тарихын  барлық  дем 

тынысымен  түсініп,  елінің  ендігі  тарихын  сол  ұлылар  рухында  одан  әрі 

жаңғырта,  жасарта  алып  кететін  ер,  көзсіз  батыр,  тап-таза  ар  -  намыстан 

жаралған  қайтпас-қайсар  қайраткер,  елін  басқарып,  қос  батырдың  ісін 

істей  алатындай  ерекше  тұлғаны  тап  басып  таңдап,  тағдырын  қолына 

бергенінде  жаза  басып  жаңылған  жоқ  еді.Біз  әрдәйім  Елбасымызбен 

мақтанамыз,келешек жастар Елбасының айтқан сөздерін тыңдап,мол өнеге 

алып,бой түзейміз.   

«Қазақстан аян боп әлемге кең, 

«Мәңгілік» деген сөзді дәлелдеген. 

Әуені әр қазақтың Тәуелсіздік, 

Мен бүгін тағзым етіп сәлем берем. 

Киелі Тәуелсіздік мықты үмбетім, 

Перзентің бағыштайды құт құрметін. 

Ұраның дүниенің жалт қаратып, 

Шуағың шайқағандай сүттің бетін. 

Шырқап ұштық кеңдікпен аспан аңсап. 

Нұрлы Жолда шалқимыз асқақ ән сап. 

Тәуелсіздік байрағын көтеруден… 

Қажет емес мен үшін басқа мансап. 

Елін ойлар – Ерім бар мақтанатын, 

Ұлы ұрпақ келеді өсіп жаттап атын. 

Тәуелсіздік! Елбасы! Қазақстан! 


308 

 

Аттарымен  баянды  бақ  табатын»  [1,3  б.]  –  деп  жас  ақын  киелі 



тәуелсіздікті,  мәңгілік  елді,президентімізді  жырына  арқау  еткен 

Аллаберген  Қонарбаев  жырлағандай,  Нұрсұлтан  Әбішұлы  -  жер  бетіне 

сөзін өткізіп, отырған бүгінгі заманның көрнекті саясаткері, Қазақстанның 

тәуелсіз  мемлекетін  құрудың  басында  тұрған,  осы  жолдағы  не  қилы  тар 

жол,  тайғақ  кешуді  халқымен  бірге  өтіп,  қиыншылықтарын  бөліскен, 

бүгінде  әлем  мойындап  отырған  жаңа  мемлекетті  қалыптастырған, 

болашаққа  бағыттап  бара  жатқан  ұлы  тұлға,  төрт  құбыланы  түгендеп, 

кемел  ойлы,  кемеңгер  ата-бабаларымыздың  жолымен  жүрген,  қасиет 

дарыған қайраткер. 

Тарихтың  тағдыр-талайы  шешуші  сәтінде  мемлекет  басына  келіп, 

шексіз  ұлтжандылықпен  рух  биіктігін  көрсетіп,  елін  өрлеу  мен  гүлдену 

жолына  түсіріп,  іркілмей  бастап  келе  жатқан  ізгі  жан  туралы  жылы 

лебіздерді  көптеп  келтіруге  болады.  Соның  бірі  Ресейдің  байтақ  бір 

өлкесін  билеп,  халқының  құрметіне  бөленіп  отырған  қандасымыз  Аман 

Төлеевтің айтқаны да айрықша көңіл бөлерлік. Ол: «Нұрсұлтан Назарбаев 

өте көреген, әріден ойлайтын саясаткер. Ол жігерлі әрі айбарлы адам. Мен 

оның көрегендігін ұнатамын. Ол шебер шахматшы секілді, бәрін де алдын 

ала  есептеп,  нағыз  жүрістерді  таңдай  алады»,  -  деп  әділ  бағасын  берген. 

Президент боламын деген кісі ақылы мен қайратын, жігерін, ірі саясаткер 

талантымен,  ел  басқару  ісіндегі  мол  тәжірибесімен  ұштастыра  отырып, 

елдің  бірлігі,  халықтың  тыныштығы,  мемлекеттің  тәуелсіздігі  мен  қадір-

қасиетінің  артуы  үшін  еңбек  етуі  шарт.  Нұрсұлтан  Назарбаев  бұл 

шарттардан  мүдірмей  өтті,  ол  елдің,  мемлекеттің  ақыл-ойын  байытуға, 

абыройын асыруға, ар - ожданын ардақтауға қызмет етті және қызмет етіп 

келеді. Мәселен, Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сара 

басшылығымен  демократиялық  құндылықтарды  құрметтеу,  ашық  қоғам 

құру,  адам  құқын  қорғау  мен  сөз  бостандығын  өркениет  өрісіне  сай 

қамтамасыз  ету  салаларында  ауыз  толтырып  айтарлықтай  табыстарға 

жетті. Еліміздің экономикасын көтеріп, халқымыздың әл-ауқатын арттыру, 

саяси  реформалар  жүргізіп,  басқарудың  тиімді  тетіктерін  қалыптастыру 

бағыттарында  да  қомақты  шаруалар  атқарылды.  Республикамыз  қазірге 

дейін  бірқатар  халықаралық  ауқымды  шараларға  бастамашы  болып 

үлгерді.  Әлемдік,  өңірлік  деңгейдегі  құрылымдарды  өмірге  әкелудің  көш 

басында  жүрді  [2,  3  б.].  Ел  ішіндегі  этносаралық  татулық  пен  дінаралық 

келісім  үдерістері  өзгелерге  үлгі  етерліктей  дәрежеге  көтерілді. 

Дүниежүзілік,  аймақтық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  саласындағы  күш  - 

жігеріміз  де  халықаралық  қоғамдастық  тарапынан  оң  бағаланып  келеді. 

Жер  шарының  көптеген  мемлекеттерімен  тек  достық,  ынтымақтастық 

тұрғысында  қарым-қатынас  орнаттық.  Кеңес  өкіметінің  құлаған  сарайын 

күреп  тастап,  ата-бабамыздың  ақбоз  үйін  тіге  қою  Оңай  болған  жоқ. 

Елбасы егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап, жатса-тұрса ойлайтыны 

да, айтатыны да көп ұлтты еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу 



309 

 

болды.  Халықты  аштыққа,  жалаңаштыққа  ұрындырмай,  қиын  өткелден 



алып шығуының бірден-бір жолы - шет елдердің қаржысын Қазақстанның 

экономикасын  өркендетуге  жұмсау,  өзіміздің  теңгемізді  тұрақтандыру, 

дамыған  елдермен  байланыс  жасап,  жер  бетінде  Қазақстан  атты 

мемлекеттің барын таныту болды. Өтпелі кезең қиыншылықты болғанмен, 

мемлекеттің  алдындағы  өзекті  мәселелерде  Елбасы  бірден-бір  баянды 

бағыт ұстанды.  

Отансүйгіш азамат ретінде президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевты үлгі 

ретінде  алсақ  болады.  Қазақ  тілінің  дамуына  үлкен  назар  аударған 

елбасымыз болған. Ал қазіргі кезде президентіміздің арқасында халықтың 

көбісі өз ана тілінде емін-еркің сөйлейді. Менің ойымша бұл өте маңызды 

іс.  Өйткені  өз  ана  тілі  қазақ  тілін  білмейтін  адам  қалайша  өзін  қазақпын 

деп  жариялай  алады.  Президентіміз  жастайынан  жақсы  оқыған. 

Н.Назарбаев жай отбасында туып, металлургия зауытында жұмыс істеген. 

Одан  кейін  өзінің  ақыл-ойымен  Президент  болуға  дейін  барған.  Қазіргі 

жастар  үшін  қолынан  келген  барлық  жұмысты  істеді.  Басы  тайған 

халқымыздың  есесін  қайтарып,  қабырғалы  берік  ел  етіп,  осыншама 

құдіретті  жасап  беріп  отырған  Елбасының  кеменгерлігі.  Егер  елімізді 

Президентіміз  Н.Назарбаевтай  президенттер  басқарса,  біздің  еліміз  мәңгі 

тәуелсіз  болып  қала  береді.  Еліміздің  көгінде  тәуелсіздік  туы 

желбірегеннен  бері  өшкеніміз  жанды,  өлгеніміз  қайта  тірілді,  ата-баба 

дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесің тіктеп жарқын болашаққа қол созды. 

Еліміздің  дамуына  әр-бір  отансүйгіш  азамат  теңізге  тамған  тамшыдай 

болса өз үлесің қосуы керек деп ойлаймын. Қазақстан менің туған жерім. 

Кім де кім менен Қазақстан туралы сұрап қалса, мен оған жас жүрегімнен 

шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен түсінікті етіп айта аламын. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 



 

1. Қонарбаев А. Тәуелсіздік жыры. « Егемен Қазақстан » 17.12.14. 

2.  Қасымбеков  М.Б.,  Пірәлиев  С.Ж.,  Жампеисова  К.К.,  Мәңгілік  Ел:  –  

Оқулық. Алматы: «Ұлағат» баспасы, 2015. – 336 б. 

 

 


310 

 

ӘОЖ 323.1 (574)=512.122 



Рахимжан Б.А. – ҚарМТУ студ. (ОПИ-15-1т.)  

Асқар Н.Н. – ҚарМТУ студ. (ОПИ-15-1т.)  

Ғыл. жетекшісі – оқытушы Альжанова Г.Б. 

 

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ 

КЕЛІСІМ МЕН БІРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ 

 

«Кезінде    тағдырдың  жазуымен  қасиетті  қазақ  даласына  сан  түрлі 



ұлт өкілдері қоныс тепті. Бүгінге олар тегі басқа болғанымен жаны бір, 

арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елінің туының астында 

бірігіп,  туған  жердің  тұғырын  биік  етуге  бел  шешкен  азаматтарды  бір 

тағдыр  күтеді  әр  уақытта.  Осылай  елдігіміздің  ертеңі  ошақтың 

ұштағаны  секілді  «бір  халық,  бір  ел,  бір  тағдыр»  деген  үш  сөзге  сыйып 

отыр»,-  деді  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев.  Елбасының  осы  екі    ауыз 

сөзіне  сыйып  тұрған  толеранттық  ұғым  әрбір  қазақстандық  үшін  біліп 

жүретін дүние. 

Қазіргі  көпұлтты  Қазақстан  жағдайында  бірлік  пен  татулық  тәлімінің 

маңызы  ерекше.  Мемлекет  құраушы,  елдің,  жердің  иесі  ретінде  қазақ 

халқы өзге ұлттар мен ұлыстарға оның асқан үлгісін көрсетіп келеді десек 

артық емес. Тарихымызға үңілер болсақ, оған анық көз жеткізуге болады. 

Қазақты  қасиетті  қара  шаңыраққа  баласақ,  еліміздегі  барша  этностар  сол 

шаңыраққа  шашылған  уықтар  секілді.  Қиын  -  қыстау  кезеңге  тап  болған 

өзге  ұлт  өкілдеріне  қашанда  қамқор  болып,  ағалық  мейірімін  аямаған. 

Алаш  елі  тағдырдың  жазуымен  жер  аударылып  келген  түрлі  ұлыстарға 

төрінен  орын  беріп,  бір  үзім  нанын  бөліскені  белгілі.  Сол  үшін  көптеген 

ұлыстардың өткен және бүгінгі буыны қазақ халқына шексіз риза. 

Ел 


Президенті 

Нұрсұлтан 

Әбішұлы 

Назарбаев 

Қазақстан 

Халықтарының  Ассамблеясын  құру  идеясын  алғаш  рет  1992  жылы 

Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған форумында жариялады [1, 25 б.]. 

1995  жылғы  16  ақпанда  Президент  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев 

еліміздегі ұлттық  мәдени орталықтардың жетекшілерімен  кездесу  өткізіп, 

еліміз  тарихи  тағдыры  ортақ  этностардан  құралған  унитарлы  мемлекет 

болғандықтан,  республикадағы ұлтаралық келісімді сақтау және оны одан 

әрі  нығайту  үшін  республикада  жаңа  қоғамдық  бастама  -  Қазақстан 

халықтарын ортақ мүддеге біріктіретін  сара жол Ассамблея құру қажеттегі 

туындап отырғандығы жайлы сөз етіледі. 

Осыдан  он  жыл  бұрын,  1995  жылғы  1  наурызда  Қазақстан 

Республикасының  бірінші    Президенті  жарлығымен  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаев  елімізде ТМД  елдерінде де  ,  тұтастай  алғанда  ,  әлемде  теңдесі 

жоқ  этносаралық  және  конфессияаралық  қатынастарды  үйлестірудің 

принципті  түрдегі  жаңа  институты  –  Қазақстан  Халықтарының 

Ассамблеясы  құрылды.  Бұл  мерзім  бір  қарағанда  аз  болғанымен, 



311 

 

Ассамблеяның  құрылу  және  қалыптасу  тарихын  жасап  қана  қойған  жоқ, 



сонымен  қатар  біздің  тәуелсіз  мемлекетіміздің  қалыптасуының  күрделі 

жылдарында  еліміздің  барлық  көптеген  этностарының  мүдделерін 

келісетін  жоғарғы  тиімді  және  сенімді  институты  құрған  біздің 

Елбасымыздың  көрегендігі  жоғары  бағалауға  лайықты  екендігін  көрсетті. 

Қазақстан  Халықтарының  Ассамблеясы  Президент  жанындағы  кеңесші-

консультативті 

орган 

мәртебесін 



иелене 

отырып, 


халық 

парлемантаризмнің  кең  ауқымды  диалогтік  алаңына,  мінберіне, 

этносаралық  қатынастардың,  аз  ұлттардың  құқықтарын  қорғаудың, 

Қазақстандағы  көп  ұлтты  мәдениеттер  мен  тілдердің  еркін  дамуының 

демократиялық реттеушісіне айналды [2, 122 б.]. 

Қазақстан Халықтары Асамблеясының басты мақсаты қазақ халқының 

топтастырушы  рөлін  арқау  ете  отырып,  қазақстандық  патриотизм, 

Қазақстан халқының азаматтық және рухани - мәдени ортақтығы негізінде 

қазақстандық  азаматтық  бірегейлікті  және  бәсекеге  қабілетті  ұлтты 

қалыптастыру  процесінде  Қазастан  Республикасында  этносаралық 

келісімді қамтамасыз ету болып табылады [3, 14 б.].   

Бұл  бастама  еліміздегі  барлық  этнос  өкілдерін  ортақ  мақсатқа 

ұйыстыра  отырып,  мемлекеттегі  тұрақтылықты  сақтау  мен  еліміздің 

дамуына  айтулы  үлес  қосып  келеді.  Осы  бастаманың  арқасында 

Қазақстанда 

діни 


ерекшелігіне 

қарамастан 

әрбір 

азаматтың 



Конституциямен  кепілдік  берілген  азаматтық  құқықтары  мен  еркіндігі 

толығымен қолданылатын конфессияаралық келісімнің үлгісі қалыптасты. 

Президенттің  жіті  назарында  болған  Ассамблея  осы  уақыт  ішінде 

шындығында  да  барлық  халықты  жұмылдыра  білді.  Сондықтан  ұлттық 

диаспоралар  Президент  саясатын  қолдайды.  Көптеген  мемлекеттік  және 

қоғамдық 

қайраткерлер 

этносаралық 

қатынастарды 

дамытудың 

қазақстандық  үлгісі  басқа  да  елдер  үшін  үлгі  бола  алады  деп  есептейді. 

Сондықтан  да  «Этносаралық  келісімнің  қазақстандық  үлгісі:  тәжірибе 

және  ұсынымдар»  атты  халықаралық  конференциясына  қатысушылар 

Қазақстанның  ұлтаралық  қатынастарының  мәдениетін  қалыптастырудың 

оң  тәжірибесімен  танысу  және  таратуды,  бұл  орайда  БҰҰ,  ЕҚЫҰ, 

ЮНЕСКО  және  басқа  да  халықаралық  және  аймақтық  ұйымдармен 

ынтамақтастықты  нығайтуды,  сан  жағынан  аз  халықтармен  жұмыс 

жөніндегі  құрылымдар  құруды  ұсынады.  Этносаралық  қатынастарды 

дамытудың  қазақстандық  үлгісін  конференцияға  қатысушылар    -  белгілі 

саясаттанушылар мен қоғамтанушылар жан - жақты таратуды және барлық 

жерде насихаттауды талап ететін бірегей дүние деп бағалады [4, 85 б.] . 

Қазақ  жерінде  қазір  140  -  тан  астам ұлт  пен  ұлыс  өкілдері  өмір  сүріп 

жатыр. Оларға Қазақстан азаматтары ретінде тең құқық берілген. Елімізде 

мекен еткен ұлт пен ұлыстарға өз мәдениетін дамытып, салт - дәстүрлерін 

сақтауға  лайықты  жағдайлар  жасалған.  Олардың  әрқайсысының  ұлттық 


312 

 

мәдени орталықтары тұрақты жұмыс істейді. Мәдени орталықтар әр халық 



өкілдерінің өз ұлттық дәстүрлерін сақтауға зор ықпал жасап келеді. 

Елімізде  құрылған  бұл  бастама  өзге  елдерге,  мемлекеттерге  үлгі 

көрсетіп  қана  қойған  жоқ,  бірліктің  қазақстандық  бірегей  үлгісін 

қалыптастырды. Ассамблея мүшелері қашанда Қазақ елінің  ынтымағы мен 

бірлігін жақтап келеді. Алғашқы референдумнан бастап, кешегі Ел бірлігі 

Доктринасына  дейін  Ассамблея  осы  өмірлік  мәселелердің  бел  ортасынан 

табылды. Достыққа - дәнекер, ұлағатты істерге - ұйытқы болды.  

Нарықтық экономикасы бар демократиялық құқықтық мемлекет құруға 

бағытталған  егеменді  Қазақстанның    даму  кезеңі  барысында  бірді  -  бір 

этносаралық  шиеленіс  жағдайы,  қанды  соқтығыстар  мен  соғыстар  болған 

емес.  Қазақстанда  тұратын  барлық  этностар  әрекет  етуші  Конституция 

негізінде білім және еңбек салаларына табыстарға қол жеткізуге, ана тілін, 

мәдениетін,  дәстүрлерін  өркендетуге,  тұрғын  үй  алуға  және  өз  меншігін 

қорғауға тең дәрежеде құқылы. Қазақстан Республикасы Конституциясына 

жазылған  адам  және  азамат  құқығын  қорғау  туралы  бұл  іргелі  Ережелер 

әрбір  Қазақстанның  этностық  және  оның  нақты  өкілінің  шынайы 

әлеуметтік  көрсеткішінде  жүзеге  аса  отырып,  бұдан  ары  да  өмірде 

орындалады. 

«Елу жылда –  ел жаңа» дейді қазақ. Қазақ қоғамы 50 жылда емес  20 

жылға  жетпей-ақ  жаңарды.  Жаңа  тұрпатты,  жан-жақты  жетілген  жаңа 

ұрпақ  қалыптасты.  Қазақстан  атты  қуатты,  жас  та  өршіл  мемлекет 

өркениет  көшіне  қарқынды  қадам  басты.  Бүгінгі  таңда  кең  -  байтақ 

Отанымызда ұрыс жоқ, ырыс бар. Берекеміз де , мерекеміз де бар. Ол осы - 

бірліктің  арқасы.  Ынтымақтың  арқасы.  Достық  пен  өзара  жарасымның 

арқасы.Талай  қиындыққа  төзе  білген  қазақтың  арқасы.  Қазақты  түсіне 

білген туыс - бауырлардың арқасы [5, 20 б.]. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 



 

1.

 



Н.Ә. Назарбаев - этносаралық және конфессияаралық келісімнің 

қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы. Алматы «Жеті Жарғы» 2006ж-25 б. 

2. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан Халықтар Ассамблеясына 10 жыл. Елорда 

2005ж-122 б. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



3.  «Тәуелсіздік  тұғырым»  /  Егемен  Қазақстан  (№188),  29  қыркүйек 

2015ж-14 б. 

4.  Ә.Нысанбаев,  Г.Малинин.  Бейбітшілік    пен  келісімнің  аймағы, 

үйлесім мен түсіністіктің кезеңі. Алматы 2006ж-85 б. 

5.  Қазақ  тарихы.  «Еліміздің  Тәуелсіздігі  мәңгілікке».  (№5),  17  қазан 

2016ж-20 б. 



313 

 

УДК  323.2 (574)   



 

 

Сабденова В.Т. (Караганда, КарГТУ) 



 

Кудряшова М.И. (Караганда, КарГТУ) 

Левченко В.Н. (Караганда, КарГТУ) 

 

СОЦИАЛЬНО-ИНДУСТРИАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ КАЗАХСТАНА: 

ДОСТИЖЕНИЯ ЗА 25 ЛЕТ НЕЗАВИСИМОСТИ 

 

Со  дня  вступления  на  пост  Президента  страны,  Нурсултан  Абишевич 



сделал  немало  проницательных,  величественных  решений,  которые  в 

последующем  времени  сказались  в  виде  авангардного  развития  страны  в 

различных  сферах.  Фундаментальные  решения,  которые  в  последующем 

отразились  на  всех  сферах  деятельности  страны,  это  провозглашение 

Казахстана  независимым,  суверенным  государством.  Мы  живем  в 

независимом государстве и успешно шагаем в светлое будущее и стоим в 

преддверии большого национального праздника – 25 лет Независимости. 

Одним  из  немаловажных  решений,  которое  принял  наш  Президент, 

является отказ от ядерного оружия. Это было одним из самых взвешенных 

и  эпохальных  решений.  Наша  страна  послужила  примером  для  других 

стран, сделав этот многосложный выбор. В мировом сообществе на отказ 

от  ядерного  оружия  отреагировали  с  уважением,  и  всячески  поощрили 

Казахстан.  За  последние  25  лет  в  Казахстане  в  17  раз  вырос  объем 

производства  в  машиностроении,  благодаря  Нурсултану  Абишевичу,  мы 

установили дипломатические отношения со 180 странами. 

Были  осуществлены  и  осуществляются  такие  программы,  как  «Нурлы 

Жол»,  «Мәңгілік  Ел»,  «План  нации  «100  шагов  по  реализации  пяти 

институциональных программ», Стратегии «Казахстан – 2030» и «Казахстан – 

2050» и другие. Особое внимание уделяется молодежи. В стране определены 

цели и задачи государственной молодежной политики. Программы «Дорожная 

карта  занятости»,  «Доступное  жилье»,  «С  дипломом  в  село»  и  другие 

нацелены  на  создание  условий  для  самоопределения  и  реализации 

потребностей  и  способностей  молодежи,  профессионального  роста.  Созданы 

условия  для  интеллектуальной  и  творческой  деятельности.  Казахстанские 

проекты  в  сфере  образования  позволяют  молодежи  получить  знания  и 

первоначальный  опыт  на  уровне  мировых  стандартов.  Год  от  года 

расширяется  молодежная  инфраструктура,  поддерживаются  и  поощряются 

молодежные инициативы.   

Молодежный ресурсный центр отдела внутренней политики объявляет 

о  старте  проекта  «25  шагов  независимости».  Предполагается  проведение 

встреч  и  молодежных  акций  «Молодежь  и  Президент»  по  разъяснению  и 

пропаганде ежегодного Послания главы государства, акция для сельской и 

рабочей  молодежи  «Страна,  устремленная  в  будущее»,  запланированы 

семинар  «Активен  значит  успешен»  и  слет  молодежных  волонтерских 

отрядов  «Форум  добрых  дел».  Будут  организованы  workshop  «Молодежь 

села  –  для  процветания  страны»,  научно-практическая  конференция 



314 

 

«Независимость.  Перспектива.  Молодежь»  и  встречи  с  ветеранами 



ликвидации аварии на Чернобыльской АЭС, посвященные 30-летию этого 

события.  Продолжат  реализацию  проекта  акции  «Этих  лет  не  смолкнет 

слава»,  «Батальон  бессмертия»,  «Никто  не  забыт»,  «Вахта  памяти» и 

«Символы эпохи независимости». 

Казахстан  –  одна  из  богатейших  стран  в  мире  по  запасам  полезных 

ископаемых. В пределах Казахстана располагаются крупнейшие компании 

–  экспортеры  химической  продукции.  Наша  родина  является  одним  из 

ведущих поставщиков нефти и газа в мир. 

В  настоящее  время  Казахстан  активно  развивает  внешнюю  политику, 

поддерживает  дружественные  отношения  со  многими  странами,  является 

членом мировых организаций, таких как ОБСЕ, ЦАС, СНГ, ОДКБ, имеет 

индивидуальный план партнерства  с  НАТО,  ЕАЭС,  ШОС,  СВМДА  и  т.д. 

Наша страна является инициатором создания региональных (Организация 

центральноазиатского 

сотрудничества, 

Союз 


центральноазиатских 

государств) 

и 

субрегиональных 



интеграционных 

объединений 

(Евразийское  экономическое  сообщество).  Колоссальное  значение  в 

развитии  внешней  политики  придается  сотрудничеству  в  рамках 

Шанхайской  организации  сотрудничества.  Наша  родина  регулярно 

участвует  в  различных  референдумах,  переговорных  процессах, 

антитеррористических  военных  учениях,  различных  индивидуальных 

мероприятиях  со  странами  ближнего  и  дальнего  зарубежья.  И  наряду  с 

этим  быстротечно  меняющиеся  международные  и  геополитические 

процессы  выдвигают  перед  нашей  страной,  как  и  перед  всем  мировым 

сообществом, новые задачи. 

Одним 


из 

крупномасштабных 

мировых 

событий 


является 

специализированная  международная  выставка  EXPO-2017,  и  именно  нашей 

стране  оказана  честь  проведения  данного  мероприятия,  что  несомненно 

является показателем уровня авторитетности нашего государства на мировой 

политической  арене.  EXPO-2017  ожидает  участия  более  100  стран  и 

международных  организаций,  и  2-3  миллиона  посетителей.  На  сегодняшний 

день  в  столице  уже  построены  и  продолжают  строиться  архитектурные 

шедевры, аналогам которых в мире нет.  

На земле Казахстана проживает более ста двадцати национальностей, что 

способствует  культурной  ассимиляции  между  представителями  разных 

народов.  Такой  сплочённости  мы  достигли  вследствие  тонко  продуманной 

внутренней  политики  Президента,  за  что  по  праву  мы  зовём  его  Лидером 

Нации. 

За годы суверенитета благодаря осмысленному выбору путей, форм и 



верно  расставленных  приоритетов  Первого  Президента  Республики 

Казахстан  и  усилиями  многоэтничного  и  поликонфессионального  народа, 

Казахстан  занял  свое  почетное  место  среди  мирового  сообщества  и  по 

праву может называться одной из быстро развивающихся стран.  

 


315 

 

ӘОЖ 323.1 (574)   



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет