Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ЖАҢА Қазақстанды қалыптастырудағЫ Қр тұҢҒыш президенті н.Ә. Назарбаевтың тағдыркешті шешімдері»



Pdf көрінісі
бет37/47
Дата30.01.2017
өлшемі5,76 Mb.
#3043
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47

Даукишева С.А. ( КарГТУ, ст. гр. С-14-4) 

Ушакова Ю.С. (КарГТУ, ст.гр. С-14-3) 

Науч. рук. – к. ф. н. Сабденова В.Т. 

 

АСТАНА – СИМВОЛ СЛИЯНИЯ ВОСТОКА И ЗАПАДА 

 

Кто сказал, что «Запад есть Запад, Восток есть Восток и вместе им не 

бывать»?  Есть  в  Казахстане  город,  который  опроверг  казавшееся 

незыблемым утверждение. 

Астана  –  самая  северная  столица  в  Азии.  В  настоящее  время 

территория  Астаны  превышает  722  квадратных  километра,  численность 

населения  –  около  853  тыс.  человек.  Не  секрет,  что  столица  является  не 

только  сосредоточением  основных  органов  государственной  власти,  но 

также  и  своеобразной  визитной  карточкой  страны.  Но  продвижение 

столицы в качестве символа страны не является единичным действием, оно 

встраивается в общую кампанию по созданию имиджа государства. В 1997 

году  Президент  суверенного  Казахстана  Нурсултан  Назарбаев  предложил 

перенести  столицу  страны  из  Алматы  в  Акмолу.  Конечно,  эта 

широкомасштабная  акция  вылилась  в  значительные  затраты,  однако  она 

стала  своеобразной  отправной  точкой  для  выделения  основного  объекта 

имиджа страны – ее столицы.  

Удобное  расположение  в  центре  Евразийского  континента  делает 

Астану  экономически  выгодным  транспортным,  коммуникационным  и 

логистическим  центром,  своеобразным  транзитным  мостом  между 

Европой  и  Азией.  Перенос  столицы  придал  мощный  импульс 

экономическому  развитию  Астаны,  а  высокие  темпы  роста  экономики 

города из года в год привлекают все больше инвесторов.  

В  1999  году  новой  столице  Казахстана  была  присуждена  премия 

ЮНЕСКО  "Города  за  мир".  Это  награда  городам,  наиболее  успешно 

зарекомендовавшим  себя  в  социальной,  экологической  сферах,  в  области 

развития  муниципального  сектора  и  вносящим  практический  вклад  в 

культуру  мира.  Вручая  премию,  Генеральный  директор  ЮНЕСКО  г-н 

Федерико Майор особо отметил, что за короткий срок с момента переноса 

столицы из Алматы в Астану Президент Республики Казахстан Нурсултан 

Назарбаев  и  муниципалитет  города  приложили  огромные  усилия  к 

превращению  новой  столицы  государства  в  центр  науки,  культуры  и 

образования. По мнению главы ЮНЕСКО, Астана стала ярким символом 

независимости  молодого  государства  и    имеет  все  основания  для  того, 

чтобы войти в число 30 лучших городов мира. 

В  2003  году  Астана  была  отмечена  ведущим  мировым  рейтинговым 

агентством Moody`s Investors Service. 

Каждый  год  Правительство  Казахстана  под  патронажем  президента 

организовывают  в  новой  столице  различные  мероприятия  действительно 



356 

 

мирового  масштаба.  Приведу  основные  события,  которые  постепенно 



формировали  образ  Астаны  и  Казахстана  в  глазах  мирового  сообщества. 

Учреждение  10  октября  2000  года  в  Астане  новой  международной 

организации — Евразийское экономическое сообщество. Государственный 

визит  в  новую  столицу  Казахстана  Папы  Римского  Иоанна  Павла  II  22 

сентября  2001  года.  Первый  съезд  лидеров  мировых  и  традиционных 

религий 24 сентября 2003 года, провозгласивший Астану «городом мира», 

и  заложивший  традицию  постоянных  съездов  представителей  различных 

религий  мира.  В  2006  году  в  Астане  прошел  второй  съезд.   В 

подтверждение  статуса  «город  мира»  в  2006  году  состоялось 

торжественное  открытие  Дворца  Мира  и  Согласия  —  уникального 

сооружения  в  виде  77-метровой  пирамиды,  спроектированного 

знаменитым лидером архитектуры в стиле хай - тек – Норманом Фостером, 

[1]. В феврале 2007 года в составе Министерства иностранных дел РК был 

создан  Департамент  международной  информации,  основной  функцией 

которого стало формирование имиджа страны за рубежом и уже в мае 2007 

года Департамент привлек к работе два крупных PR-агентства, в том числе 

«Корпорацию  развития  общественных  связей»  (КРОС)  в  России,  а  в 

августе  2007  года  КРОС  участвовала  в  освещении  хода  выборов  в 

Мажилис Парламента Казахстана, [2]. 21 декабря 2015 года в Астане было 

подписано  соглашение  о  расширенном  партнерстве  и  сотрудничестве 

между  Республикой  Казахстан  и  Европейским  союзом  и  его 

государствами-членами. 

Первые  шаги  по  созданию  имиджа  за  рубежом  принесли  свои 

значительные успехи, а кульминацией всего этого комплекса мероприятий 

стало событие, которое в некоторой степени можно назвать историческим, 

с 25 ноября по 2 декабря 2010 года в Астане был проведен Саммит ОБСЕ

на  котором  собрались  главы  большинства  стран.  На  этом  продвижение 

Казахстана,  а  в  частности  Астаны,  на  международной  арене  не 

закончилось: в январе-феврале 2011 года были благополучно проведены 7-

е  зимние  Азиатские  игры.  В  связи  с  вышесказанным  окончательно 

поставить  точку  в  формировании  образа  Казахстана  может  такое 

знаменательное  и  яркое  событие,  как  выставка  EXPO-2017  в  Астане. 

Учитывая  особую  важность  проблемы  энергетики  и  экологии

Республикой  Казахстан  мировому  сообществу  предлагается  тема  для 

проведения выставки ЭКСПО-2017: «Энергия будущего». 

Данная тема позволит широко осветить проблему энергосбережения и 

внедрения  альтернативных  энергоисточников,  таких  как  энергия  солнца, 

ветра,  энергетические  ресурсы  морских,  океанических  и  термальных  вод, 

которая  в  наши  дни  приобретает  все  большую  актуальность  для 

человечества.  Избрание  Астаны  местом  проведения  выставки  является 

ошеломительной  победой  для  Казахстана,  и  стратегически  важна  для 


357 

 

Астаны, поскольку позволит наиболее полно осветить стремление страны 



реализовать свой потенциал и воплотить национальную идею в реальность.  

Ежегодно  Столичная  Астана  традиционно  принимает  множество 

фестивалей, культурных мероприятий, конференций, форумов и  выставок, 

в которых принимают участие фирмы со всего мира, тем самым позволяя 

наладить  экспорт  и  импорт  в  центрально  азиатском  регионе,  и  повысить 

эффективность  производства  и  сферы  обслуживания.  Наряду  с 

проведением  такого  масштабного  события,  как  Expo2017,  Астана  также 

планирует  ряд  различных  мероприятий  на  самые  актуальные  темы 

современностей,  такие  как:  13-я  Казахстанская  Международная  выставка 

по  «Здравоохранению»  (3.11.16  -  5.11.16),    13-я  Центрально-Азиатская 

международная Выставка по Природоохранным технологиям и «зеленым» 

инновациям  (26.04.17-27.04.17),  8-я  Казахстанская  Международная 

выставка  и  конференция  «Атомная  энергетика  и  Промышленность» 

(26.04.17-27.04.17), 

19-я 

Казахстанская  Международная  Выставка 



«Строительство  и  интерьеры,  Отопление  и  вентиляция,  Окна  и  двери, 

фасады,  Дорожное  строительство,  Керамика  и  камень»  (17-19.05.17),  [3], 

VIII  Международный  горно-металлургический  Конгресс  «ASTANA 

MINING 


METALLURGY» 

(25-26.05.17),  19-я 

Казахстанская 

Международная  Выставка  "Продукты  Питания,  Напитки,  Упаковка  и 

Оборудование  для  Пищевой  Промышленности"  (30.05.17-01.06.17)  и  еще 

множество  других  выставок  и  форумов,  [4].  Всемирная  туристская 

организация  (ВТООН)  в  рамках  «ЭКСПО-2017»  планирует  провести 

совместную  конференцию  «Туризм  и  Энергия  будущего»  в  конце  июня 

2017 года в Астане. Форум должен пройти с участием министров туризма 

более 150 стран, входящих во ВТООН, [5]. 

И  сегодня  Астана  гордо  шагает  вперед,  неся  за  собой  шлейф  побед 

Казахстана,  став  ее  гордостью    и  символом  утверждения  национальной 

идеи  и  объединения  страны.  Будущее  Казахстана  неразрывно  связано  с 

будущим  Астаны  и  является  неотъемлемой  частью  нового  образа 

Казахстана. 

 

Список использованных источников 



 

1. http://bnews.kz/ru 

2. http://www.iteca.kz/ru/ 

3. http://www.astanabuild.kz/ru/ 

4. https://www.konferencii.ru/city/astana/1 

5. http://www.investkz.com/pages/35.html 



 

 

358 

 

ӘОЖ 323.2 (574)=512.122                Жуматова Г.М. (Қарағанды, ҚарМТУ) 



Жумаканова У.С. (Қарағанды, ҚарМТУ) 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭТНОСАЯСИ  

ДАМУ БАҒЫТТАРЫ 

 

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдары 



ел  аумағында  Қазақстан  азаматтығына  ие  болған  этнос  өкілдерінің  өзара 

тату-тәтті  өмір  сүріп,  ортақ  бір  тудың  астында  бас  қосып,  бейбіт  өмір 

кешуінің 

алғышарты 

– 

ел 


этносаясатын 

тұрақтыландырып, 

экономикасының  еңсесін  көтеріп,  тұрғын  халықтың  әлеуметтік  жағдайын 

жақсарту,  олардың  конституциялық  құқықтары  мен  мүдделерін 

қамтамасыз ету күн тәртібінің басты мәселелерінің біріне айналды. 

Қандай  да  болмасын  саяси  жүйе  халық  мүддесінен  шықпаса,  ондағы 

тұрып жатқан түрлі ұлттар мен этникалық диаспоралардың мұң-мұқтажын 

ескермесе,  олардың  өзара  келісіп  жұмыс  жасауына  демократиялық  негіз 

қаламаса, 

этникалық 

топтардың 

өзара 


тәртіпті 

де 


келісімді 

ұйымдастырылған  азаматтық  қоғамын  жасап  бере  алмаса,  әрине,  ол 

мемлекеттің  саяси  пәрменсіздігі  басым  түсіп,  өмір  сүру  қабілетінен 

айырылатындығы  дәлелдеуді  қажет  етпейтін  аксиомаға  айналды.  Оның 

дәлелі ретінде ХХ ғасырдың аяғында КСРО құрамындағы елдерде болған 

және  посткеңестік  кеңістіктегі  елдерде  орын  алған  (1986  жылы 

Алматыдағы қазақ жастарының, 1988-91 жылдары Әзірбайжандағы армян 

мен  әжірбайжандардың,  1989  жылы  Өзбекстандағы  түріктер  мен 

өзбектердің,  Абхазиядағы  грузиндер  мен  абхаздықтардың,  грузиндер  мен 

осетиндердің,  1990  жылы  және  2010  жылы  Қырғызстандағы  қырғыздар 

мен өзбектердің және т.б.) этносаяси жанжалдарды айтуға болады [1]. 

Өткенге  мұқият  қарап,  жарамдысы  мен  жарамсызын  таразылап,  өзіне 

тың  жолды  таңдап  алған  тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  саяси 

тұрақтылығын,  қоғамдық  ішкі  қауіпсіздігі  мен  тыныштығын  сақтауды 

саяси  реттеудің  басты  тетігі  ретіндегі  елдің  ынтымағы  мен  этносаралық 

келісімін қамтамасыз ету әрдайым өзекті мәселе. Саяси институттардың ең 

жоғарғы сатысынан орын алатын мемлекет өзінің бүкіл әкімшілік жұмысы 

барысында  өз  атауына  сай  төл  азаматтарымен  қатар  басқа  да  этнос 

өкілдерінен  құралған  азаматтардың  қамын  күйттеп,  олардың  барлық 

конституциялық  құқықтары  мен  бостандықтарын,  заңды  мүдделерін 

қамтамасыз  етуге,  олардың  өзара  тыныш,  келісімді  де  үйлесімді 

арақатынастарына  тиімді  әрі  қауіпсіз  жағдай  жасауға,  ынтымақты 

күйттеген  этносаяси  процестерді  ұйымдастыруға  қабілетті  барлық 

мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, әсіресе Қазақстан халқы 

Ассамблеясының  қызметін  демократиялық  әдіспен  қамтамасыз  етудің 

стратегиялық  міндетін  орындау  қажеттілігін  зор  жауапкершілікпен 

мойындайды.  Сондықтан  ел  тәуелсіздігін,  егемендігін  нығайтуға  тікелей 


359 

 

ықпал  ететін  этносаяси  процестерді  тиімді  ұйымдастыру,  бағалау,  талдап 



зерттеу  бүгінгі  және  келешек  Қазақстанның  өзекті  міндеттерінің  біріне 

айналып отыр [1]. 

Қазақстан  –  Еуропалық  және  Азиялық  қасиеттері  тоғысқан,  әлемдегі 

әртүрлі  мәдени  және  саяси  үлгілерді  біржерде  қордалаған  ерекше  сипаты 

бар,  Орталық  Азиядағы  бірегей  мемлекет.  Онда  қазіргі  кезеңде  әртүрлі 

халық  өкілдері  бірге  өмір  сүруде,  сондықтан  елдегі  ұлт  саясаты  «көп 

түрліліктің бірлігі» тұжырымдамасын ұстанады. Әрине, түрлі мәдениеттер 

мен дәстүрлердің үндесуі кездейсоқ болған жоқ, оның астарында көптеген 

тарихи  себептер  бар.  Дегенмен  біздерге  қазіргі  заманауи  кезеңде 

еуразиялық  және  азиаттық  мәдениеттің  үздік  жетістіктерін  игеруге 

мүмкіндіктер  ашылып  отыр.  Осылайша,  Қазақстан  өзінің  этносаяси 

кеңістігінде  «ұлтаралық  бірлік»  ұлттық  идеясын  өзара  қарым-

қатынастардың  үндестігі  деңгейінде  тәжірибе  жүзінде  қалыптастыруға 

кіріскенін  байқаймыз.  Еліміздегі  қазіргі  замандағы  әртүрлі  этнос 

қауымдастықтарының 

мәдени 


құндылықтарының 

синтезделуі, 

ықпалдасуы,  кірігуінің  болашағы  қандай  жағдайда  мүмкін?  деген  сауал 

туындауы  заңды.  Құндылықтардың  өзара  жақындасуына  іргетас  болатын 

нәрсеге не жатады? Әрине, бұл қатынастар жүйесі көптеген жылдар бойы 

деформацияға  ұшырап  келгені  белгілі.  Бұрынғы  Кеңестік  кезең 

«социалистік  принципті»  бекіте  түскен  әлеуметтік  ортаға  Қазақстанның 

этномәдени кеңістігін жатқызамыз [2]. 

1995  жыл  еліміздегі  саяси  жүйенің  түбегейлі  реформаланып, 

Президент 

Н.Ә.Назарбаевтың 

бастамашылығымен 

республиканың 

этномәдени  орталықтары  негізінде  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 

құрылған  жылы  болды.  Бүкілхалықтық  референдумда  қабылданып, 

осыған  орай  этносаралық  қатынастар  саласындағы  саясат  дәйекті 

демократиялық 

сипат 


алды. 

Барлық 


азаматтардың 

этностық 

қатыстылығына  және  діни  сеніміне  қарамастан  теңдігі  қоғамдық 

келісімнің негізгі қағидатына айналды [2]. 

Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдары  Қазақстанда  ел  азаматтарының 

құқығы  мен  еркіндігін  қамтамасыз  ететін  демократиялық  тетіктерді 

дамыту  міндеті  тұрды.  Бүгінде,  Қазақстанның  25  жылдық  тәуелсіз 

дамуынан  кейін,  этносаралық  толеранттылық  пен  қоғамдық  келісімнің 

қазақстандық  үлгісі  ажырамас  бөлігі  болып  табылатын  «қазақстандық 

даму  жолы»  бүкіл  әлемде  мойындалып  отыр.  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының  2025  жылға  дейінгі  даму  тұжырымдамасы  бойынша, 

тұжырымдаманың басты мақсаты ҚХА-ның конституциялық мәртебеге ие 

мекеме  ретінде  одан  әрі  дамуы;  оның  азаматтық  қағидат  негізінде 

қазақстандық  бірегейлік  пен  бірлікті  нығайтудағы,  «Мәңгілік  Ел» 

жалпыұлттық  патриоттық  идеясының  құндылықтарын  ілгерілетудегі, 

Болашағы біртұтас ұлтты қалыптастырудағы рөлін арттыру. 

Тұжырымдаманың негізгі міндеттері: 


360 

 

1)  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясын  ойдағыдай  жүзеге  асырудың 



түйінді факторы ретінде қоғамдық келісімді, қазақстандық бірегейлік пен 

бірлікті  нығайту  бойынша  барлық  деңгейдегі  мемлекеттік  органдар  мен 

азаматтық қоғам институттарының жұмысын үйлестіруші ретіндегі ҚХА 

рөлін күшейту; 

2)  қоғамдық  келісім  мен  жалпыұлттық  бірлікті  нығайту  үшін 

мемлекет  пен  этномәдени  және  басқа  да  қоғамдық  бірлестіктердің  өзара 

іс-қимылының жаңа форматтарын енгізу; 

3)  Қазақстан  халқының  мәдениетін,  тілдерін  және  дәстүрлерін 

дамытудағы  топтастырушы  фактор  ретінде  мемлекеттік  тілдің  рөлін 

нығайту; 

4)  болашағы  біртұтас  ұлтты  қалыптастыру  және  жалпықазақстандық 

құндылықтарды  нығайту  мақсатында  үш  тілде  білім  беруді  енгізуге 

жәрдемдесу; 

5) бірегейлік пен бірліктің қазақстандық моделін шет елдерде тұратын 

отандастарымыздың, 

Қазақстан 

Республикасының 

дипломатиялық 

өкілдіктерінің қатысуымен халықаралық қоғамдастықта кеңінен таныту; 

6)  халықаралық  ұйымдармен  және  шетел  мемлекеттерінің  азаматтық 

қоғам институттарымен ҚХА-ның өзара іс-қимылы; 

7) этномәдени бірлестіктердің жалпымемлекеттік кешенді міндеттерді 

шешуге белсене қатысуы болып табылады. 

Тұжырымдаманың  құндылық  негіздері  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық 

патриоттық  идеясын,  қазақстандық  бірегейлік  пен  бірлікті  азаматтық 

қағидат негізінде нығайту мен дамытуды білдіреді [3].    

Қазақстанның  ғасырлар  бойы  жалғасқан  тарихы,  күрделі  этникалық 

құрамы  мен  құрылымы,  геостратегиялық  орналасуы,  өркениеттердің 

тоғысқан жерінде орналасуы да оның Еуразиядағы өзіндік ерекшелігі бар 

мемлекет  екендігін  көрсетеді.Көпұлтты  мемлекетіміз  тарихисебептерге 

байланысты  тілдік,  мәдени,  әлеуметтік  жағынан  әртүрлі  болғанымен, 

рухани біртұтастығымызды сақтап, ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, 

жаңғыртсақ «Мәңгі ел» бола аламыз. 

  

Қолданылған әдебиеттер тізімі 



 

1.  Общечеловеческие  и  национальные  ценности  в  изменяющемся 

обществе. Алматы: Ақыл кітабы, 1997.-220с. 

2.  Қазақстан  халық  Ассамблеясының  (2025  жылга  дейінгі)  даму 

тұжырымдамасын  бекіту  туралы.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

2015 жылғы 28 желтоқсандағы №148 Жарлығы 

3.  Нысанбаев  Ә.Н.  Егемендікке  ие  болу  мен  нығаюы  жағдайындағы 

қоғамдық  сананың  эволюциясы  және  жаңа  құндылықтар  жүйесінің 

қалыптасуы//  Тәуелсіз  Қазақстан  философиясы.  Астана:  Аударма,  2006.-

544б 


 

361 

 

ӘОЖ  67.400.612  



 

Кусаинова Д.Т. (Караганда, мектеп-гимназия № 95) 

Шаймерденова К.Д. (Караганда, ЖББОМ № 13) 

 

ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  



ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ 

 

Пранзитті  даму  кезеңінен  өту,  қалыпты  эволюциялық  жолына  түсу 



мемлекет алдындағы өзінше күрделі міндеттер болып табылады. Сонымен 

қатар  нарықтық  экономиканы  қалыптастыру,  қоғамдық  қатынастардың 

барлық  салаларын  нарықтық  экономикаға  сәйкестендіру,  тәуелсіздіктің 

алғашқы  жылдарындағы  әлеуметтік  –  экономикалық  қиыншылықтарды 

шешу  проблемасы  –  XX  ғасырдың  90  жылдарындағы  Қазақстан 

Республикасының  күн  тәртібіндегі  ең  өзекті  мәселе  болып  табылатын. 

1995  жылғы  Конституция  бойынша  «...  ортақ  тарихи  тағдыр  біріктірген 

Қазақстан  халқы,  байырғы  қазақ  жерінде  мемлекеттік  құра  отырып, 

өзімізді  еркіндік,  теңдік  және  татулық  мұраттарына  берілген  бейбітшіл 

азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты 

орын  алуды  тілей  арқылы,  қазіргі  және  болашақ  ұрпақтар  алдындағы 

жоғары  жауапкершілігімізді  сезіне  отырып,  өзіміздің  егемендік 

құқығымызды  негізге  ала  отырып,...»  -  деп  қоғамның  негізгі  бағыты 

айшықталады. Сонымен қатар, Конституцияда мемлекеттік биліктің бірден 

–  бір  бастауы  –  халық  деп  көрсетілген.  Конституцияның  2  бабында 

көрсетілгендей  «Қазақстан  Республикасы  –  президенттік  басқару 

нысанындағы  біртұтас  мемлекет»  [1,  2  бап].  Басқарудың  президенттік 

формасы  жағдайында  президент  халық  атынан  арнайы  өкілдіктерге  ие 

болады  және  де  билік  бөлісі  принципі  айқын  болса,  ол  әрі  мемлекеттік 

атқарушы органның төрағасы болып саналады [2, 199].  

Мемлекетті  басқару  жүйесіндегі  Президенттің  рөлін  айқындау 

үдерісінде  1991  жылғы  16  қазандағы  «Қазақ  КСР  Президентін  сайлау 

туралы»  Қазақ  КСР-інің  заңы  мен  «Қазақ  КСР  Президентін  сайлауды 

тағайындау  туралы»  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің  қаулысының  алатын 

орны ерекше. Осылайша, Қазақстанның тарихында Президентті баламалы 

негізде тікелей бүкілхалықтық сайлауға алғашқы қадам жасалды. 

Президенттік  республиканың  қалыптасуы  мен  дамуы  арқылы  қазақ 

тарихында,  тіптен  басқа,  жаңа  да  жаңашыл,  қазақстандық  жол  басталды. 

1991  жылғы  1  желтоқсанда  өткен  жалпыхалықтық  алғашқы  сайлауда 

Н.Назарбаевты  дауыс  берушілердің  98,78  пайызы  қолдады.  Бұл  жарқын 

жеңіс  Қазақстанның  бүгінгі  күнге  дейін  жалғасып  келе  жатқан  ұлағатты 

жолының бастауы еді. 

Салтанатты  ұлықтау  рәсімі  1991  жылдың  10  желтоқсанында  өтті. 

Данагөй  абыз  ақын  Шәкір  Әбенов  халқымыздың  атынан  Елбасына 

жүрекжарды  батасын  берді.  Сол  күні  қазақстандықтар  Тұңғыш  Пре-

зидентіне елі мен жерінің тағдырын тапсырды. 



362 

 

Егемен  елдің  мемлекеттік  тарихи  күні  –  1991  жылғы  16  желтоқсанда 



«Қазақстан 

Республикасының 

Мемлекеттік 

Тәуелсіздігі» 

туралы 

конституциялық  заңы  қабылданды.  Президенттік  институттың  құрылуы, 



оның  елдің  қоғамдық-саяси  жүйесінде  алатын  орны  мен  рөлінің 

нормативтік-құқықтық  тұрғыда  реттелуі  заңнамалық  негізде  қамтамасыз 

етілді.  Бұл  бағытта  1998  жылға  дейін  жүргізілген  жетілдіру  жұмыстары 

президенттік  институтты  Қазақстанда  тұрақты  сипатта  орнықтырды. 

Президенттік  институт,  Президенттің  мемлекеттік  органдармен  өзара 

қарым-қатынасы, билік тармақтары жүйесіндегі Президенттің орны, оның 

қоғамның  пәрменді  дамуына  тікелей  ықпал  етуші  факторлары  біртұтас 

президенттік басқару жүйесін жасақтады. 

Президенттік  басқару  моделі  –  әлемде  мемлекет  басқарудың  кең 

тараған  және  тиімді  тәжірибесі  ретінде  Қазақстанда  ширек  ғасыр  уақыт 

ішінде өзінің өміршеңдігін және тиімділігін толықтай дәлелдеді. Еліміздің 

даму  парадигмасына  өлшеусіз  оң  өзгерістер  енді.  Мемлекетіміздің 

өркендеу жолында ілгерілей даму қағидасын ұсынды және үздіксіз жүзеге 

асыртуда.  Мән-мағынасы  мен  мазмұны  жағынан  аса  маңызды  және  өте 

ықпалды  биліктің  басқару  институты  еліміздің  экономикалық  өсуі, 

әлеуметтік  өрлеуі,  саяси  бекемдігі  және  қоғамның  демократиялық, 

зайырлы,  құқықтық  дамуы  мен  бірлігінің  нығаюын  қамтамасыз  етті. 

Стратегиялық  нысандағы  бағдарламалар  қабылданды.  Мемлекеттік 

мақсатты бағдарламалар жүзеге асырылды. 

Тәуелсіздіктің  бірегей  көрінісі  елордамыз  –  Астананың  салынуы 

болды.  Қазақстан  дүниежүзінен  атақты  сәулетшілерді  шақыра  отырып, 

оларға  жаңа  астанада  өздерінің  небір  керемет  ойларын  жүзеге  асыруға 

мүмкіндік  берді.  Астана  –  жаңа  идеялар  жүзеге  асырылған  ақылды  қала. 

Астанадағы таңғаларлық көптеген сәулет нысандары соның дәлелі. Астана 

– қазақстандықтардың Тұңғыш Президентіміздің жасампаздық идеяларын 

және  әлеуметтік-рухани  сұраныстары  мен  интеллектуалды  әлеуеттерін 

жүзеге  асырған  өмірлік  қала.  Президенттік  институт  мемлекеттің  бүкіл 

тыныс-тіршілігін  айқындады.  Президент  лауазымы  –  президенттік  инсти-

туттың  атрибутын  білдірді.  Қазақстан  Республикасындағы  президенттік 

институт  –  елдің  тәуелсіздігі  мен  егемендігінің  тірегі,  әлемдік  қауым-

дастыққа  лайықты  қосылуының,  мемлекеттің  экономикалық  және 

әлеуметтік  дамуының  кепіліне  айналды.  Президент  институты  Қазақстан 

үшін игілікті басқару жүйесі болып табылды. 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 



 

1.

 



Конституция Республики Казахстан. Официальное издание. –  

Алматы, 1995.Ст.5,п.1-2;ст.23,п.1. 

2.  Машан  М.С.  Политическая  система  Казахстана:  трансформация, 

адаптация, целедостижение. – Алматы: Білік, 2000. – 208с.  

 


363 

 

УДК 9.05(574):323.2           Нургалиева Р.Т. (КарГТУ, ст. гр. ГПР-16-2с) 



Науч.рук – ст. препод. Макалаков Т.Ж. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет