Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ЖАҢА Қазақстанды қалыптастырудағЫ Қр тұҢҒыш президенті н.Ә. Назарбаевтың тағдыркешті шешімдері»



Pdf көрінісі
бет35/47
Дата30.01.2017
өлшемі5,76 Mb.
#3043
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47

Абугалиева М.Н. (Қарағанды, №81 ЖББОМ) 

 

МӘҢГІЛІК ЕЛ – АТА-БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ АСЫЛ АРМАНЫ 

 

Еліміздің  қоғамдық-саяси  өміріндегі  ең  маңызды  оқиға  Президентіміз 



Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 

болашақ»  Қазақстан  халқына  Жолдауы  болды.  Онда  Елбасы  еліміздің 

дамуының  басым  бағыттары  мен  ұзақ  мерзімді  «Қазақстан  -  2050» 

стратегиясын іске асыру бағдарламасын айқындады [1, 2 б.].  

Жолдаудың  ерекшелігі  –  ел  Президенті  «Мәңгілік  Ел»  -  ұлттық 

идеясын  тұжырымдап  негіздеді.  Жолдауда  Қазақстанның  мемлекеттік 

сәйкестілігін және халқының бірлігін нығайту үнделген. 

Елбасы  Н.АӘ  Назарбаев  тұжырымдаған  ұлттық  идеяның  іргетасы 

егемендік жылдары ішінде көп ұлтты Қазақстанда этникалық тұтастықтың 

– Қазақстан халқының, құндылықтар жүйесі ортақ, тарихы ортақ, тағдыры 

мен  мақсаты  ортақ  қазақстандықтардың  қалыптасуының  мойындалуы 

болып  табылатынын  айта  кеткен  жөн.  «Біз,  қазақстандықтар,  біртұтас 

халықпыз!  Біздің тағдырымыз да ортақ  – ол біздің «Мәңгілік Ел», біздің 

беделді  және  ұлы  Қазақстан!  «Мәңгілік  Ел»  –  бұл  біздің  жалпы 

қазақстандық  үйіміздің  ұлтық  идеясы,  ата-бабаларымыздың  арманы». 

Президенттің  бұл  сөздері  ұлттық  идеяның  негізін  де,  тереңдігін  де 

толықтай көрсетеді және бүгінде қазақстандықтардың оларды біріктіретін 

ортақ мақсаты бар деп нық айтуға мүмкіндік береді. Бұл мақсат  – саулық 

пен  молшылық,  келісім  мен  достық  үстемдік  ететін  ортақ  үйімізді  – 

Қазақстан Республикасын құру. 

Мұның  барлығы  Жаңа  Қазақстандық  Патриотизмнің  негізі  бола 

отырып, барлық қазақстандықтарды  біріктіретін және оларды «Қазақстан - 

2050» стратегиясын іске асыруға жұмылдыратын «Мәңгілік Ел» идеясында 

көрініс тапты. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік 

Ел»  ұлттық  идеясы  патриотизмнің,  Отанымыз  –  Қазақстанның  гүлденуі 

мен тәуелсiздiгінің күшеюінің терең мағынасын бейнелейді. «Мәңгілік Ел» 

–  ол,  Тәуелсіздік  жылдарындағы  Қазақстанның,  қазақстан  халқының, 

қазақтардың  тарихи  тәжірибемен  келген  жолы.  Президент  Қазақстанның 

болашағын «Мәңгілік ел» ретінде айтқанда, күн тәртiбiнде ұлттың тарихи 

санасы туралы мәселелерді алғашқы орындардың бiрiне қояды.  

  Ұлт  Көшбасшысының  «Мәңгілік  Ел»  түсінігінде  келтірілген 

философиялық - саяси негіздеріндегі бастауды сонау сақтардан, ғұндардан, 

ежелгi  түркілерден,  Шыңғыс  империясынан,  Алтын  Орда  мемлекетінен 

алады,  ендеше  Қазақстанға  «Мәңгілік  Ел»  иядеясы  ата-бабадан  қалған 

мұра  ретінде  өтедi.  Осы  идеяға  деген  сенім  бiздiң  жерiмiзді  барлық 

заманда басқыншылардан қорғады және бұл байланыс тарихқа да, уақытқа 


335 

 

да  қарамастан  үзiлмеуi  керек.  Өйткенi,  Президент  айтқандай,  бiздiң 



қаhарман 

ата-бабаларымыздың 

әрекеттері 

арасындағы, 

бүгiнгi 

жетiстiктеріміз  бен  жарқын  болашақ  арасындағы  сабақтастықты  сақтасақ 

қана  бiз  «Мәңгілік  Ел»  бола  аламыз.  Ежелгі  түркілер  өз  мемлекеттерін 

құрып,  оны  «Мәңгілік  Ел»  деп  атады  [2,  5  б.].  Елдің  атауы  үш  ғасырлық 

қағанатта  (V–VIII  ғғ.),  осы  өңірге  таңылғандығы  соншалық,  тіпті 

түркілердің Батысқа кетуіне қарамастан (қоныстану әлі де жалғасты), сол 

территорияда  қалған  маньчжурлік  одақтастар,  елдің  атауын  өздерінің 

этнонимі  ретінде  қабылдай  бастаған.  Сонымен,  Ұлы  түркі  елінің 

мемлекеттік  қайраткері  –  Күлтегіннің  құрметіне  орнатылған  тас  жазба 

ескерткіштерінде,  әскери-саяси  айбындылықты,  экономикалық  жетістікті, 

ұлттық  құндылықтарға  бейімделу  мен  адалдықты,  айналадағы  халыққа 

толеранттылық  қарым-қатынасты,  баяндылықты,  түркі  жұрты  мен 

мемлекетінің  аумақтық  және  саяси  бірлігін  көрсететін,  жүздеген  жылдар 

бойы  өшпеген  «Мәңгілік  Ел»  идеясы  көрініс  тапқан.  Түрік  элитасын 

басқарушыларының  өздерінің  көбеюіне,  жалпы  жақсы  тұрмысқа  қол 

жеткізуге,  басқа  мәдениетке  және  өркениетке  құрмет  танытуға,  қауіп-

қатерлер  кезінде  елдің  бірлігі  мен  тұтастығын,  қағандар  мен  қарапайым 

халық  арасындағы  өзара  түсіністікті  қалыптастыруға,  мемлекеттілікті 

сақтауға  күші  мен  жігерін  салуға  үндеді,  түптеп  келгенде  сол  кездегі 

«Мәңгілік  Ел»  идеясының  өзегін  қалыптастырды.  Мысалға,  Күлтегіннің 

құрметіне  жазылған  кіші  ескерткіште  алғашқы  рет  қағанның  кеңесшісі 

және  әйгілі  жырау  Тоныкөктің  мәңгі  ел  және  мемлекет  идеясы  көрініс 

тапқан. 

«Мәңгі  ел»  идеясы  әлемдік  өркениет  пен  айтулы  тарихы  бар  ұлы 

көшпелі империясының арасындағы көпір болды. Ол ізгілік, адал ниетпен 

халық  бірлігін  сақтау  сияқты  адами  қасиеттерді  сипаттайтын  Ұлы  Жібек 

жолында, көшпелі өркениеттің жолында жүзеге асты. 

 «Мәңгілік  Ел  –  ата-бабаларымыздың  сан  мың  жылдан  бергі  асыл 

арманы.  Ол  арман  –  әлем  елдерімен  терезесі  тең  қатынас  құрып,  әлем 

картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. 

Ол  арман  –  тұрмысы  бақуатты,  түтіні  түзу  ұшқан,  ұрпағы  ертеңіне 

сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. 

 Біз  армандарды  ақиқатқа  айналдырдық.  Мәңгілік  Елдің  іргетасын 

қаладық. 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 



 

1. Послание  Главы  государства  Н.А.  Назарбаева  народу  Казахстана 

«Казахстанский  путь  –  2050:  Единая  цель,  единые  интересы,  единое 

будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января  

     2.  «Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасы, 2012 жыл. 

 

 



336 

 

ӘОЖ 323.1(574) =512.122      Филютина Ю.А. (ҚарМТУ, БЖД-14-2 т. ст.) 



Ғыл. жет. – аға оқытушы Әбілқасов Ғ.М. 

 

ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМЫЗ! 

 

«Отанның намысы үшін оттан қашпа,  



Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа.  

Тайсалма бар Отанның құрбаны бол,  

Өмірің орынсыз  боп  кетпес босқа»  [1,  121 б.]  –  деп  Мұхтар  Шаханов 

жырлағандай  Ел  басына  күн  туғанда  даналығымен,  батырлығымен, 

парасаттылығымен  ел  мұңын,  халық  сырын,  тарих  үнін  түсіне  білген, 

халықтың  басын  қосқан,  халық  мүддесі  жолында,  табандылығында, 

тапқырлығын  да  таныта  білген  хан  Абылай  Қазақ  халқының  күшін 

тасытты,  мәртебесін  көтерді,  Қазақ  елін  аса  іргелі  елге  айналдырды. 

Батырларын,  елін  сүйген  ерлерін,  ақын-жырау  өнерпаздарын  достық  – 

бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады. Жауын торғайдай тоздырып, 

тарыдай  шашып,  ірімшіктей  іріткен,  қоқаңдап  қоңқылдаған  Қоқанмен  де, 

қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың 

даналығының  арқасында,  осы  біз  өмір  сүріп  отырған  аяулы  Отан- 

Қазақстан  жері  сол  бабалардың  сақтап  қалған,  бізге  қалдырған  асыл 

мұрасы екені сөзсіз.  

Тәуелсіздік күні – қазақ халқының тарихы тереңде жатқан елдің жаңа 

заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі 

әр  жылдың  16-желтоқсанында  аталып  өтеді.  Тәуелсіздік  тек  Қазақстан 

тұрғындары  үшін  емес,  сонымен  бірге,  шетелдердегі  қазақ  халқының 

өкілдері  үшін  де  маңызы  зор  мереке.  1991  жылы  16-желтоқсанда 

Қазақстанның  Жоғарғы  Кеңесі  «Тәуелсіздік  пен  мемлекеттің  егемендігі 

туралы»  заңды  қабылдады.  Ескеретіні,  Қазақстан  КСРО  құрамындағы 

елдердің  арасында  ең  соңғысы  болып  Тәуелсіздігі  туралы  заңды 

қабылдады.  Бұл  заң  1990  жылы  25-қазанда  қабылданған  Қазақстанның 

Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті. 

Елбасының  «Қазақстанның  тәуелсіздігі  қазақтарға  тартқан  тағдырдың 

сыйы  емес,  өзінің  ежелгі  жерінде  қилы  кезеңді  бастап  кешу  арқылы  қол 

жеткен  өз  мемлекттілігін  құруға  деген  заңды  құқығы  бұл  даусыз  және 

саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», – деп атап көрсетуінде үлкен 

мағына  жатыр.  Осыған  орай    Жастар  өз  мақсаттарын  қалыптастыра 

отырып,  мемлекет  жастардың  келешекте  маңызды  салмаққа  ие  болар 

халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді.  Қазақстандық жас 

буын  бойында  отаншылдық,  іскерлік,  жауапкершілік  қасиеттер 

қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ өткен 

буынның  әлеуметтік  –  мәдени  тәжірибесін,  Әлем  өркениеті  жетістіктерін 

игеруіне  жол  ашпай  әлеуметтік  ұстанымдағы  экономикасы  бар 

демократиялық  қоғам  құру  мүмкін  емес.  Мұндай  мақсаттарды  жүзеге 


337 

 

асыру жастарға, жалпы қоғамға қатысты саясаты қалыптастыру мен жүзеге 



асыру ісіне жастардың өздерін белсенді түрде тартуды көздейді. Мемлекет 

жастарға,  олардың  материалдық  деңгейі  мен  әлеуметтік  жағдайына 

қарамастан,  өмір  жолын  таңдау  мен  жеке  жетістіктерге  жету  үшін 

мейлінше  мол  мүмкіндіктер  ашуда.  Еліміздің  бүгінгі  жастары  жаңа 

жағдайда  заманауи  мемлекеттің  жасап  жатқан  сындарлы  саясатының 

арқасында  алысқа  қол  сермеп,  әлемдік  деңгейдегі  ұстанымды  игеріп, 

келешектің  кілтін  өз  қолдарына  алуда.  «Жастар  –  болашаққа  апаратын 

алтын көпір», – дейді дана халқымыз. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне 

және  кәсіби  біліміне  сай  қоғамымызда  өз  орнын  табуы  қажет  [2,  3  б.]. 

Біздің  әлеуметтік  –  эканомикалық  даму  жолындағы  қарқынымыз, 

жастардың қоғамдық – саяси өмірдегі ұстанымына олардың ертеңгі күнге 

деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие 

мазмұны  мен  жастарды  тәрбиелеу  ісі  олардың  дүниетанымын 

қалыптастыру  және  ақпараттық  –  саяси  мәдениетін  көтеруге  баса  көңіл 

аударуға тиіспіз.  

Елбасымыз  Н.Назарбаев  айтқандай:  «Уақыт  қарқыны  зымыран.  Күні 

кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. 

Бұл  жаңа  мемлекет  пен жаңа  қоғамның дүниеге  келуінің азапты  толғаққа 

толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең 

қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, 

сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін»  деген еді. 

Біз  жалпыұлттық  идеямыз  –  Мәңгілік  Елді  басты  бағдар  етіп, 

тәуелсіздігіміздің  даму  даңғылын  Нұрлы  Жолға  айналдырдық.  Қажырлы 

еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, 

аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан 

таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI 

ғасырдағы  Қазақстан  мемлекетінің  мызғымас  идеялық  тұғыры!  Жаңа 

Қазақстандық  патриотизм  дегеніміздің  өзі  –  Мәңгілік  Ел!  Ол  –  барша 

Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 



 

1. Шаханов М. Өлеңдер жинағы – Алматы «Жазушы» 2003 ж. – 265 б. 

2.  Н.Ә.  Назарбаев  Қазақстан  халқына  жолдауы  «Нұрлы  жол  – 

болашаққа бастар жол»/ «Егемен Қазақстан» 2014 жылғы 11 қараша.  

 

 


338 

 

ӘОЖ 323.1(574)=512.122     Чугай Н.А. (Бұқар жырау ауд. Қаражар ОМ) 



 

БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚ ТӨЛЕ БИ ӨСИЕТІНДЕ 

 

Тәуелсіздік  –  халқымыздың  басты  құндылығы.  Елбасы,Ұлт 



көшбасшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  барлық  қазақстандықтарды 

тәуелсіз  Қазақстанның  игілігі  мен  көркеюі  үшін  еңбек  етуге, 

қоғамымыздың жалпы құндылықтарын: Бейбітшілікті, Келісім мен Бірлікті 

бағалауға және нығайтуға, ұлттық дәстүрлерімізді сақтауға және дамытуға 

шақыратындығы сондықтан. 

«Қазақтың  Мәңгілік  Ғұмыры  ұрпақтың  Мәңгілік  Болашағын  баянды 

етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ 

Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!» деп Елбасымыз атап көрсеткендей 

тәуелсіздіктің  тұрақтылығы  мен  мәңгілігі  қазіргі  ұрпақтың  оны  түйсініп, 

түсінуінде жатыр. Осындай қасиетті ұғымның мәнін жете ұғынып, бағасын 

біліп,  зердесіне  сіңіру  қазіргі  ұрпаққа  жүктелер  үлкен  міндет  болып 

табылады [1, 2 б.]. 

Қай  дәуірде  де,  қай  заманда  да  тар  кезеңде  жол  тапқан,  тарыққанда 

ақыл  тапқан,  қазақтың  басын  қосқан,  туын  жықпаған  ұлы  тұлғалар  аз 

болған жоқ. Елдігімізді де, кеңдігімізді де біз солардың арқасында сақтап 

қалдық. 


Ел  арасындағы  билікке  ерте  араласып,  әділдігімен,  шешендігімен, 

тапқырлығымен халқын тәнті еткен Төле бидің ойының өзегі ел бірлігі мен 

ынтымақ жайлы болды. «Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр жоқ, Үйсін 

Төле  биден  асқан  би  жоқ».  Халқымыздың  өткен-кеткенін  таразылап, 

толғамды түйін түйген Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өз заманында осылай деп 

жазып  кеткен  екен.  Қиын-қыстау  заманда  қазақтың  бағына  біткен  дара 

тұлға туралы Мырзатай Жолдасбеков былай деп жазды: «Қазақтың халық 

ретінде  сақталып  қалуына  аянбай  қажыр-қайрат  жұмсаған  Төле  би 

Әлібекұлы  табиғатынан  дарынды  туған,  халқының  ақындық,  шешендік 

өнерінен  құмарын  қандырған,  кеудесі  алтын  сандық,  көкірегі  ояу,  терең 

кісі  болған.  Ел  арасындағы  билікке  ерте  араласып,  әділдігімен, 

шешендігімен,  тапқырлығымен  халқын  тәнті  еткен.  Төле  би  –  түп-

тұқиянынан, ата-тегінен билік үзілмеген, көсілгенде – көсем, шешілгенде – 

шешен,  қалың  елдің  қайғысын  жұтып,  қамын  жеген,  қара  қылды  қақ 

жарған,  басына  бақ  қонған,  Қыдыр  дарыған,  қаралы,  жаралы  жұртына 

тірек, пана болған, еліне сөзі ем болған, жұртына сөзі жөн болған, ақылы 

дария  кен  болған,  ханға  да,  қараға  да  тең  болған,  сөйлеп  бір  кетсе  сел 

болған,  көңілі  түссе  көл  болған  кемеңгер,  дала  данышпаны,  ақылман, 

данагөй, халық көсемі». 

Сәрсенбі  Дәуіттің  «Төле  би»  атты  еңбегінде  Төле  би  жасынан  аса 

зерек,  тапқыр,  қара  қылды  қақ  жарған  әділ  болғандығы,  өзінің  мінезімен 

аулына  ұнап,  бірте-бірте  қауым-халайыққа  сүйкімі  артып,  қылығы 



339 

 

жаққандығы  жайлы  айтылған.  «Ата  көрген  оқ  жонар,  ана  көрген  тон 



пішер»  дегендей,  әкесі  Әлібек  бидің  мінезі  жас  Төлеге  қаз-қалпында 

дарыған  екен  деседі  ол  жайында  дерек  қалдырушылар:  «Төленің  халық 

арасындағы  қадір-қасиетінің  хан-сұлтандардың  артық  болғандығын  орыс 

зерттеушілері мен шет елден келген саяхатшылардың жазбаларынан оқуға 

болады», делінген [2, 10. б.]. 

Төле  би  қазақ  халқының  шешендік  өнерінің  дәстүрлерін  жастайынан 

бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты болған. Ол 15-20 жасынан билердің 

бас  қосқан  жиналысына  қатысып,  өзінің  әділдігі  мен  шешендік  өнері 

арқасында танылады. 

Төле  жас  кезінен  талай  жақсы  үлкен  атақты  абыз  билердің  алдынан 

өтіп батасын алады. 

Бірде  бала  Төле  әуелі  әкесіне  барыпты.  Жасы  жүзге  тақап  отырған 

әкесі ынтымақ ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырған екен. Төле әкесінен 

«Қалай  еткенде  бірлік  болады,  оның  күші  қандай  болмақ?»  дегенді 

сұрайды.  Сонда  әкесі  әуелі  жауап  айтпас  бұрын  бір  бума  солқылдық 

шыбық алдырады: 

- Балам, мынаны сындырып көрші? 

Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды. 

- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы?  – Төле ортасынан буылған 

шыбықты  шешіп,  біртіндеп  пырт-пырт  етіп  оп-оңай  сындырып  береді. 

Әлібек би: 

- Бұдан не түсіндің, балам? - дейді. 

Сонда Төле бала: 

-  Түсіндім,  әке  бұл  мысалыңыздың  мәнісі:  ынтымағы,  бірлігі  мықты 

елді  жау  да,  дау  да  ала  алмайды.  «Саяқ  жүрген  таяқ  жейді»  демекші, 

бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады» дегеніңіз ғой. 

-  Бәрекелді,  балам,  дұрыс  таптың.  Ел  болу  үшін  алдымен  елді  ауыз 

бірлікке,  ынтымаққа  шақыра  біл.  «Бақ  қайда  барасың  ынтымаққа 

барамын»  дегеннің  мәнісі  осы,  -  депті  [2,  106  б.].  Тәукені  хан  етіп,  үш 

жүздің  ұлыстарын  бір  ортаға  бағыттауға,  сөйтіп,  бірегей  қазақ  хандығын 

нығайтуға,  жоңғар  шапқыншылығына  қарсы  бауырлас  халықтардың 

жауынгершілік  одағын  құруға  бағытталған  шаралардың  жүзеге 

асырылуына  Төле  бидің  қосқан  үлесі  зор  екенін  білеміз.  Тәуке  хан  Төле 

биді ұлы жүздің бас биі еткен. Төле би Қазыбек бимен және Әйтеке бимен 

бірлесе  отырып,  қазақ  халқының  дәстүрлі  әдет-ғұрып  заңдарының 

жинағына ат салысты. Орда басы жиыны кезінде Төле би басшылық жасап

жоңғар  басқыншылығына  қарсы  бүкілхалықтық  тойтарыс  беруге  ұйтқы 

болды.  Шашырап  кеткен  қазақтардың  басын  қосып,  Ресей  мен  қытай 

секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясат жүргізген Абылай 

ханды  өкіл  бала  етіп  тәрбиелеп,  азамат  қатарына  қосуда  Төле  бидің 

қызметі орасан [3, 466 б.]. Тәуке хан өлімінен кейін Қазақ хандығы ыдырай 

бастады.  Ұлы  жүзді  басқарып  отырған  Төле  би  жоңғар  басқыншыларына 



340 

 

біраз уақыт кіріптар болады. Оларға салық төлегеніне қарамастан, Төле би 



саяси  басқаруды  өз  қолына  алды.  Қазақтардың  басын  біріктіріп,  оларды 

жоңғар  бұғауынан  құтқаруда  Төле  би  маңызды  рөл  атқарды.  Кейбір 

мәліметтер бойынша, Төле би, Орта жүздің бас биі Қазыбек Келдібекұлы 

және  Кіші  жүздің  бас  биі  Әйтеке  Байбекұлы  үшеуі  Әз  Тәукенің  бас 

кеңесшісі болғаны жайлы айтылған. 

Сонымен  бірге,  Төле  би  Ұлы  жүз  бен  Ресей  арасында  байланыс 

орнатып, дамытуға  көп  еңбек  сіңірген. 1749  жылы  Орынбор  губернаторы 

И.И.  Неплюев  Ресей  қоластына  өтуге  дайын  екендігін  мәлімдеген.  Тәуке 

ханның  тұсында  Төле  би  «Билер  кеңесінің»  мүшесі  ретінде  мемлекеттік 

істердің  оң  шешілуіне  айтарлықтай  үлес  қосқан,  жыл  сайын  өтетін  бүкіл 

халықтық  жиынды  ұйымдастырушылардың  бірі  болған.  Ол  Орта  жүздің 

төбе  биі  Келдібекұлы  Қазыбекпен,  Кіші  жүздің  төбе  биі  Байбекұлы 

Әйтекемен  бірге  Тәукенің  Түркістан  қаласын  орталық  етіп,  үш  жүз 

ұлыстарын  бір  орталыққа  бағындыруға,  сөйтіп  бірегей  Қазақ  хандығын 

нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қырғыз, қарақалпақ, 

өзбек  халықтарының  одағын  құруға  бағытталған  шараларды  жүзеге 

асыруға  белсене  қатысады.  Бұл  Қазақ  пен  Жоңғар  хандықтарының  арасы 

шиеленісіп  тұрған  кез  болатын.  Жер  мен  жесір  дауында,  жалпы,  қазақ 

тарихының  қилы  кезеңдерінде  Төле  би  әлсізге  болысуды,  әділ  болуды, 

қиянатқа  қарсы  тұруды  адалдықтың  парызы  деп  түсінген.  Төле  бидің 

шығарған  шешімінде,  билік  үкімінде  адамның  өміріне  деген  құрмет  те, 

адамгершілік  сезім  де,  ел-жұртты  ықыласқа,  ізгілікке,  имандылыққа 

тәрбиелеуді мақсат тұтқан аталық даналығы да бар. 

Төле бабамыздың заманынан бергі аралықта қазақ даласында қаншама 

оқиғалар өтті. Қазақ қаншама ғасырлардан бері аңсаған Тәуелсіздікке қол 

жеткізді.  Өркениетті  елдердің  қатарынан  өзінің  лайықты  орнына  қол 

созып, барыс  бейнелі  болашаққа  батыл  бой  түзеп  келеді. Осы  жетістіктің 

бәрі  де  кешегі  Төле  бабаларымыз  шақырған  бірлік  пен  ынтымақтың, 

татулық  пен  тұрақтылықтың  арқасы.  Еліміздің  ынтымағы  мен  бірлігі 

жарасып, көркейіп өркендей берсін! 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 



 

1. Послание  Главы  государства  Н.А.  Назарбаева  народу  Казахстана 

«Казахстанский  путь  –  2050:  Единая  цель,  единые  интересы,  единое 

будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января 

2. Сәрсенбі Дәуітов. Төле би. Алматы, 1991 ж. 

3. Нысанбек Төреқұл. Даланың дара ділмарлары. Алматы, «Қазақстан», 

2001. 

 

 



341 

 

УДК 37.035.6:323.2(574)   



Эрзямкина И.В. (Караганда, КарГТУ) 

Черясова О.Ю. (Караганда, КарГТУ) 

 

НОВЫЙ КАЗАХСТАНСКИЙ ПАТРИОТИЗМ - ОСНОВА 



УСПЕХА МНОГОНАЦИОНАЛЬНОГО ОБЩЕСТВА 

 

В  современном  обществе  патриотическое  воспитание  молодежи 

приобретает  особо  важное  значение.  Как  отмечают  многие  ученые,  в 

процессе 

демократических 

реформ 


произошла 

деидеологизация 

казахстанского общества и насаждение западных либеральных ценностей, 

отрицательно  отразившихся  на  духовном  и  нравственном  развитии 

молодого поколения. 

Вопросы  патриотического  воспитания  молодого  поколения  в  духе 

любви  к  Родине  и  преданности  Отечеству,  законопослушных  граждан 

государства всегда стояли в центре внимания ученых на протяжении всей 

истории  развития  человечества.  Великие  философы,  педагоги  уделяли 

этому вопросу значительное внимание с древнейших времен.  

Важным  этапом  на  пути  возрождения  системы  патриотического 

воспитания  стал  документ  -  Послания  лидера  нации  -  Нурсултана 

Абишевича  Назарбаева  к  народу  Казахстана,  выраженная  в  стратегии 

«Казахстан-2050». 

Послание  к  народу  Казахстана  получило  широкое  обсуждение  и 

единодушную поддержку среди студенческой молодежи вуза. 

Молодежь  не  меньше  взрослых,  волнует  будущее  нашей  Родины. 

Граждане  нашей  республики  хотят  жить  в  свободной,  экономической 

развитой  стране,  со  справедливыми  законами,  равными  возможностями, 

независимо 

от 

социального 



происхождения 

и 

национальной 



принадлежности. 

В  масштабном  документе  «Стратегия  «Казахстан-2050».  Новый 

политический  курс  состоявшегося  государства»  Лидер  нации  отмечает: 

«Надо воспитывать в себе и наших детях новый казахстанский патриотизм. 

Это, прежде всего, гордость за страну и ее достижения» [2]. 

Человек не рождается патриотом, он становится им в ходе воспитания 

и  участия  в  общественной  жизни.  Современная  система  образования 

должна осуществлять подготовку такого выпускника, который бы отвечал 

потребностям времени и обладал высоким уровнем нравственности. 

В  нашем  старейшем  и  крупнейшем  вузе  Казахстана  внимательно 

отслеживается  все  важнейшие  документы,  определяющие  основные 

приоритеты  и  задачи  развития  нашего  государства.  Идет  поиск  новых 

подходов  к  системе  патриотического  воспитания  с  учетом  современных 

условий  нашего  общества,  когда  наша  молодежь  увлечена  западным 

образом  жизни,  скептически  относиться  к  национальной  культуре,  к 

традициям  своего  народа.  В  столь  опасной  ситуации  необходимо 



342 

 

постепенное  формирование  нового,  казахстанского  патриотизма,  в 



котором должны гармонично сочетаться традиции героического прошлого 

и сегодняшние реалии жизни. 

Студенческая  молодежь  на  себе  ощущают  отеческую  заботу 

Президента  о  повышении  жизненного  уровня  молодежи,  через 

возможность получения высшего образования на основе грантов и гибкой 

системы  студенческого  кредитования,  повышения  профессионального 

уровня  студентов,  стажировок  в  ведущих  вузах  дальнего  и  ближнего 

зарубежья,  а  также  участия  в  научных  программах  высших  учебных 

заведениях. 

Достижения  последних  лет  нашей  страны,  под  руководством 

дальновидной  политики  Президента  и  взвешенного  курса  Правительства 

на  модернизацию  экономики  Казахстана,  дали  студенческой  молодежи 

стимул  хорошо  учиться,  появились  перспективы  и  возможности  для 

творческого  развития  молодежи,  личного  и  профессионального  роста  и 

уверенность в счастливое, светлое будущее [1. стр 56]. 

Как отмечено в Послании - «Новый казахстанский патриотизм - основа 

успеха  нашего  многонационального  и  многоконфессионального  общества 

и  фундаментом  казахстанского  патриотизма  должно  стать  равноправие 

всех граждан Казахстана и их общая ответственность за честь Родины» [2]. 

Студенты  нашего  вуза,  независимо  от  национальности  гордятся,  что 

родились  и  живут  в  прекрасной  стране  -  Казахстан.  Только  в  дружбе  и 

общественном согласии залог будущего процветания многонационального 

государства Казахстан. 

В  своем  Послании  Президент  дает  нам  цель  к  2050  году  построить 

такую политическую систему, при которой каждый гражданин Казахстана 

должен  быть  твердо  уверен  в  завтрашнем  дне,  чтобы  не  искали  лучшей 

доли на чужбине, а приносили пользу своей стране и процветали у себя на 

Родине. Каждый казахстанский гражданин не зависимо от национальности 

и социального происхождения должен чувствовать себя хозяином на своей 

земле,  так  как  Лидером  нации  -  Нурсултан  Абишевичем,  делается  все 

возможное  для  объединения  многонационального  казахстанского 

общества [2]. 

Все  граждане  должны  быть  равны  в  нашем  государстве.  Нельзя 

допускать  разделение  общества  по  этническим  признакам.  «Новый 

казахстанский патриотизм - это то, что должно объединять все общество, 

вне  этнических  различий».  Каждый  казахстанец  должен  ощущать 

поддержку и опору со стороны государственной власти. 

Как  сказал  Президент  РК  -  «В  нашем  обществе  не  должно  быть 

«лишних» или «чужих», «наших» и «не наших». Мы не можем оставлять 

«за  бортом»  ни  одного  гражданина  нашей  страны»  и  все,  кто  пытаются 

вбить «клин» в межэтническое согласие нации, должны преследоваться по 

закону» [2]. 



343 

 

На  строгих  законах  и  страхе  народ  не  удержишь,  нужны  другие 



стимулы  и  здесь  наш  Президент  указывает  путь  к  воспитанию 

патриотических чувств у казахстанцев. 

Возвращение  государства  к  проблемам  воспитания  связано  с 

обозначением  его  приоритетных  направлений.  Особое  место  серди  них, 

принадлежит  патриотическому  воспитанию,  которое  является  главным 

средством укрепления единства и целостности Республики Казахстан. 

Необходимо  бережное  отношение  к  героическому  историческому 

прошлому  страны,  понимание  современных  противоречивых  реалий, 

уважение  к  народам,  населяющим  Казахстан,  их  национальному 

достоинству, культуре. 

Фундаментом  патриотического  воспитания  является  национально-

культурная  идентификация  личности,  осознание  своей  принадлежности  к 

определенной культуре и сохранения ее ценностей. 

И  особую  роль  Президент  в  своем  Послании  возлагает  на  коренную 

нацию казахов. «Казахстан  - это наша земля. Это земля, которая испокон 

веков  принадлежала  нашим  предкам.  Земля,  которая  будет  принадлежать 

нашим  потомкам.  И  мы  несем  прямую  ответственность  за  то,  чтобы  на 

нашей  земле  царили  мир  и  покой.  Мы  должны  быть  настоящими 

хозяевами  своей  земли  -  гостеприимными,  радушными,  щедрыми, 

терпимыми» [2]. 

 

Список использованных источников 



 

1.

 



Социальная  модернизация  Казахстана:  Двадцать  шагов  к  Обществу 

Всеобщего Труда - Назарбаев Н.А. 

2.

 

Послания  лидера  нации  -  Нурсултана  Абишевича  Назарбаева  к 



народу Казахстана, выраженная в стратегии «Казахстан-2050».  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет