КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары қазақ әдебиетінің негізгі жанрлары поэзия, проза, драматургия өсіп, дами бастады. Жаңадан қанаттанып келе жатқан әдеби сынның буыны беки түсіп, баспасөз беттерінде әдебиеттің өткені, жаңадан шығып жатқан жеке шығармалар, ақындар мен жазушылар шығармалары туралы сын мақалалар жиірек жарық көріп отырған.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасып дамуында жиырмасыншы жылдардағы әдеби айтыстардың алатын орны ерекше. Себебі, сыншылар сол кезде шығып жатқан жаңа шығармаларға әдеби тұрғыдан баға беріп қана қоймай, оны дамытудың мәселелерін сол кездің жағдайы тұрғысынан талқылап, бағыт сілтеуге талпыныс жасады. Сондықтан да бұл жұмыста осы кезеңдегі әдеби айтыстардың, сыншылдық ой-пікірлердің қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесінің негізделуін салыстыра отырып саралау көзделді. Қазақ әдебиеттану ғылымының дамуындағы жиырмасыншы жылдардағы әдеби сынның бай тәжірибесі мен нәтижелері негізгі зерттеу нысаны болды.
Достарыңызбен бөлісу: |