Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Ғылыми зерттеудің нәтижесінде бұрын терең зерттелмеген жиырмасыншы жылдардағы әдеби айтыстар сараланып, шығармашылық ерекшеліктері айқындалды. Сол кезеңдегі әдеби сындағы әдеби-эстетикалық ізденістердің бағыт-бағдары, көркемдік деңгейі төмендегідей мазмұнда айқындалды:
- жиырмасыншы жылдардағы әдеби айтыстардың қазіргі қазақ әдебиеті сынының тарихында алатын орны айрықша;
- қазақ әдебиетін дәуірге жіктеу, онда қалыптасқан бағыттар мен ағымдарды анықтауда бұл кезең сынының орны ерекше;
- осы кездегі әдеби айтыстар қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуына материалдар жинап, іргетасын қалай бастады;
- бұл тұстағы әдеби сын үстемдік құра бастаған таптық идеология әсерімен әдіснамалық қағидаларды қалыптастыруда бірсыпыра кемшіліктерге жол беріп алғанына қарамастан, қазақ әдебиетінің дамуына айтарлықтай үлес қосты;
- сын өзінің жеке әдебиет саласы екенін нығарлай түсіп, дәстүр талабына сай жаңашылдыққа бет бұрды;
- әдеби айтыстардың барысында қазақ әдебиеттануында абайтану, мағжантану ғылымдарының іргесі қаланды.
Достарыңызбен бөлісу: |