Ќазаќстан республикасы


Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет3/26
Дата06.01.2022
өлшемі265 Kb.
#12778
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
20-жж адеби айтыстар

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ әдебиеттану ғылымы тарихы мен сынының дамып, қалыптасуына атсалысқан алаш азаматтарының еңбектері бүгінгі таңда баспасөз құралдары, түрлі ғылыми еңбектер арқылы оқырман қауымға белгілі. Олардың әдебиет саласындағы игі істері, соның ішінде, әдеби айтыстар да әдеби құндылықтар ретінде жарқырай көрінді. Жиырмасыншы жылдардағы әдеби айтыстар арқылы сол кездегі қазақ әдебиетінде қалыптасқан жағдаяттарды терең түсініп, жан-жақты тануға болады.

Осы тұста әдебиетте үш бағыт болғанын байқаймыз. Оның біріншісі – әдебиетті тап күресінің құралы ретінде ғана қарайтын, өздерін пролетариат деп санайтындар тобы. Бұлар барлық мәселеге таптық тұрғыдан ғана келді. Екінші топ – өздерін бұқарашыл санап, әдебиетті саясатқа бағындыруға қарсы, жалпы адамзат баласына қызмет ететін әдебиет жасау керек деген ұстанымдағылар. Оларды әдеби ортада «жолбикелер» деп атады. Үшінші топ – тап күресінің әсерін жоққа шығармайтын, әр мәселеге тарихи тұрғыдан қарауға шақыратын, жазушы қауымының біртұтас болуын қалайтындар.

Жиырмасыншы жылдардағы әдебиетті қарастырғанда, кейбір саяси ұйымдар мен ағымдардың әдебиет жайындағы көзқарастары қарама-қайшы болып отырғандығы анық байқалады. Әдебиетте тек пролетарлық қана үстем болсын деген пікірді ұстанған сыншы-әдебиетшілер кеңес үкіметіне арқа сүйеді. Ал А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ы.Мұстамбаев, Д.Ысқақов, А.Байтасов, М.Әуезов, С.Сәдуақасов, Қ.Кемеңгеров және т.б. қаламгерлер әдебиет саласына саясаттың араласуына түпкілікті қарсы болып, өз мақалаларында әдебиет жайлы салмақты ой-пікірлер айта білді. Осыған қарамастан, бұл кезеңдегі әдеби айтыстарда әдебиеттің таптығы туралы пікірталас толастамады.

Жиырмасыншы жылдардағы ақын-жазушылар мерзімді басылым беттерінде әдебиет, өнер, мәдениет туралы өз пікірлерін жиі білдіріп, түрлі әдеби пікірталастарға белсене араласты. Осы кездегі түрлі пікірталастарға қатысқан қаламгерлердің пікірлерін саралай түсіп, олардың әдебиеттану ғылымының қалытасып, дамуына қосқан үлестерін анықтау – осы жұмыстың алдына қойған мақсаттарының бастысы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет