Ќазаќстан республикасы


Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері



бет6/26
Дата06.01.2022
өлшемі265 Kb.
#12778
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Қазіргі әдебиеттану ғылымында қалыптасқан әдіс-тәсілдер, соның ішінде тарихи-салыстырмалық тұрғыдан талдау мен жинақтау, жүйелеу, саралау сияқты түрлер басшылыққа алынды.

Жұмыс барысында филология ғылымдарының отандық, шетелдік тарихы, әдебиеттанудағы жаңаша көзқарастар негізіндегі ой-пікірлер мен тұжырым-ойлар, сын-зерттеу еңбектер жетекшілікке алынды.



Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Әдебиеттану ғылымының бір саласы ретінде әдеби сынның жиырмасыншы жылдардағы даму барысын саралаудағы басты мақсат – осы сын-зерттеулердің әдеби дамуымыздағы маңызы мен мәнін, құндылығын ашу. Сол кезеңдегі идеология тарапынан туындыған басты кемшіліктерді талдай отырып, әдіснамалық тұрғыдан қате теориялардың табиғатын ашуға талпыныс жасалды. Жиырмасыншы жылдардағы әдеби айтыстарды саралай қарастырып, олардың қазақ әдебиеттану ғылымына, әдебиет тарихына қосқан үлесін айқындау алға қойылды. Осы мақсатты айқындау үшін алдымызға мынадай міндеттер қойдық: жиырмасыншы жылдардағы әдеби айтыстардың өзіндік сипатын аша отырып, дамуы мен дағдарысын саралау; сол кезеңде жазылған әдеби сын жанрларындағы мақалалар мен зерттеулердің танымдық-тағылымдық бағыттарының әдеби дамуға тигізген ықпалын айқындау; идеологиялық қыспақтың әдеби сын мен әдебиетші-сыншылардың шығармашылығына тигізген кері әсерін ашу; ұлттық әдеби мұрамызды бағалау мен зерттеу жұмыстарындағы сыншыл ой-пікірлердің жемістерін таразылау; жиырмасыншы жылдардағы әдеби айтыстың жанрлық сипатын аша отырып, әдіснамалық және теориялық мәселелерді аталған уақыт табиғатына сай етіп талдау; әдебиет және оның даму бағыты туралы айтыстардың мән-маңызын анықтау; жиырмасыншы жылдардағы мағжантанудың өрісі, әдеби мұра мен Абай туралы айтыстардың маңызын байыптай отырып, жекелеген сыншылар тұлғасының жалпы әдеби сынның дамуына тигізген шығармашылық ықпалын зерделеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет