Тақырып 16. Банктің салық салу есебі
Дәріс сұрақтары:
1. Салық мәні және салық есебінің принциптері
2. Корпорациялық табыс салығы
3. Қосылған құн салығы
4. Жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және басқа да салықтар
1. Салық мәні және салық есебінің принциптері
Банктер 2002 жылдың 1- қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12- мауысдағы №210-11 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес салық саясатын жүргізеді.
Осы Кодексті іске қосумен байланысты Қазақстанда бухгалтерлік есептің салық салу жүйесінен заң негізінде бөлінуі жүзеге асты, осыған байланысты, бір уақытта екі есеп түрін бірге жүргізу қажеттілігі туындады: бухгалтерлік және салықтық. Салық есебі салық міндеттемелрінің пайда болуын және шамасын дұрыс анықтау, табыстар мен шегерімдерді есепті кезеңдерге жатқызу және ақырында заңмен бекітілген мерзімді бюджетке төленуі тиіс салық сомасын алу мақсатында туындайды.
Қазақстан Республикасының салық заңы салық салу принциптеріне негізделеді.
міндеттілік;
анықтаушылық;
әділдік;
біртұтастық;
жариялылық.
Банк салық салу мақсатында табыстар мен шығыстарды Қазақстан Республикасының салық заңымен белгіленген тәртіпте және жағдайларда есептеу әдісі бойынша анықтайды. Салық салу базасын анықтау бойынша салық есебі мемлекеттің қазыналық саясатына негізделіп жүргізіледі және салық әкімшілігінің құралы болып табылады.
Салық есептілігі дегеніміз салық төлеуші салық органдарына табыс ететін, салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараты бар құжаттама:
салықтың әрбір түрі және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай- ақ жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті төлемдер бойынша салық төлеуші жасайтын салық декларациясы, есеп айырысу;
арнаулы салық режимін қолдануға патент алуға өтініштер;
салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды тіркеу карточкаларын алуға өтініштер;
қосылған құн салығын бюджеттен қайтарып алуға өтініштер;
қосарланған салық салуды болғызбау туралы келісімдер нормаларын қолдануға берілген өтініштер;
осы кодекске сәйкес электрондық мониторингке жататын, салық төлеушілер табыс ететін құжаттама.
Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген салықтар, жиындар және міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңымен анықталған тәртіпке сәйкес тиісті бюджеттерге түсіп отырады:
1. корпоративтік табыс салығы;
2. жеке табыс салығы
3. қосылған құн салығы
4. акциздер
5. кен орындарын пайдаанушылардың салықтары мен арнайы төлемдері;
6 әлеуметтік салық
7. жер салығы
8. көлік құралдарына салынатын салық
9. мүлік салығы
10.заңмен қарастырылған арнайы алымдар мен баждар.
Достарыңызбен бөлісу: |