6.
Янги мавзу баёни
а) Демак, бугун соннинг қисмини топишга доир содда масалалар ечамиз.
1 – масалани тушунтириб ечамиз.
А. Йиғилди 9 кг
- ? кг гилос
Қайнатилди 3 дан 1 қисми
Ечиш: 9 кг : 3 = 3 кг
жавоб: 3 кг гилос
Б. Бор эди 120
Устки жавонда 4 дан 1 қисми
- ? китоб
Ечиш: 120 : 4 = 30 та китоб
Дафтарларига ёзиб олиш.
б) 2 – масала
Ечиш: (17 + 1) : 6 = 3 жавоб: 3
в) 3 – масала: Амалий иш тарзида ўтказилади.2 парта 2 топшириқни ўқиб, бажарадилар.
8 дм : 4 = 2 дм
24 : 6 = 4 жавоб: 4 соат
г) 5 – мисол. Жадвални тўлдир. Оғзаки бажарилади.
д) 6 – мисол. Доска ва дафтарда бажарилади.
(43 – 39)x 6 = 24
5 x 9 = 45
20 : 4 x 6 = 30
(17 + 12) : 3 = 10
40 : 8 = 5
6 : 6 x 9 = 9
20 : (5 x 2) = 2
35 : 7 = 5
36 : 9 x 8 = 32
е) 7 – мисол. Мустақил иш.
1т – 530 кг * 450 кг
376л * 500 л – 130л
23ц + 160 кг *500 кг
28м – 3дм * 2м 6дм
ё) 8 – масала. Фойдаланди 82 чивиқ
терек – 17 та
үйінкі – 24 та
қолгани қайин - ?
ечиш: 82 – 17 – 24 = 41 жавоб 41 та қайин
7.
Якунлаш.
1.
9 – мисол. 2 та иштирокчи ўқувчилар бажарадилар.
2.
10 – мисол. “Гапни тўлдир” ўйини.
3.
Тест ўтказиш.
1.
Қўшишни кўпайтириш билан алмаштириш:
7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7 =
а) 7 x 4 = 28
б) 7 x 5 = 35
в) 7 x 6 = 42
2.
Тенгламани еч:
X + 26 = 34
a) x = 60
б) x = 8
в) x = 9
4.
Бошқотирма мисра стратегияси
5.
Ўқувчиларни баҳолаш ва дарсга якун ясаш.
Уйга. 4 – мисол. 83 – бет.
*****
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты
«№275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі Башенова Каламкас Казакбаевна
Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. І.Жансүгіров «Жазғытұрым»
Сыныбы: 1 «Б»
Сабақтың мақсаты: Заттың атын білдіретін сөздерге дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Оқушылардың ой-өрісін дамыту,ойлау
қабілетін арттыру.Жаттығуларды орындай отырып, талдап өз ойын жеткізе білуге дағдыландыру.Ұқыптылыққа, ұжымшыл
болуға, достыққа, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,көрнекілік, жаңа білімді игерту.
Көрнекілігі: слайдтар, суреттер, ереже.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Қазір сыныптағы психологиялық ахуалды жақсартып алу мақсаты.
Психологиялық дайындық
Ерте тұрып күнде мен, Тереземді ашамын.
Сәлем, - деймін Күнге мен Шаттық әнге басамын.
19
Айналама қарасам,
Ғажайыптар қаншама
Сан жетпейді санасам
Сәлем, - деймін баршаға.
Балалар, бүгінгі ана тілі сабағымыз ерекше, себебі бүгін бізде қонаққа ұстаздар келіп отыр, олай болса терең біліміміз бен
жақсы тәртібімізді көрсетуге тырысайық. Отыра қойыңдар.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге қандай тапсырма берілді?
ҚР - ның мемлекеттік Әнұраны.
Қазақ радиосының хабарлары таңсәріден Мемлекеттік Әнұран орындаудан басталады. Әнұран салтанатты
жиналыста, ескерткішті ашу кезінде орындалады. Шетелдік қонақтарды қарсы алу және шығарып салу кезінде
Мемлекеттік Әнұран орындалады.
Жиында Мемлекеттік Әнұран орындалғанда түрегеп, оң қолыңды жүрек тұсына қойып, қосыла айтып тұру керек.
Онымен сен Отаныңа сүйіспеншілігіңді, құрметіңді көрсетесің. Елдің әр азаматы Мемлекеттік Әнұранның мәтінін
білуі тиіс.
Әнұранның авторларын атап жіберейік, қане кім айтады?
Өткен сабақтарда ҚР - ның рәміздерімен таныстық. Мемлекеттік рәміздерді атап жіберейікші қане?
- Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
- Астана қаласы туралы не айта аламыз?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
- Дұрыс балалар, «Астана – Бәйтерек» монументі бар.
Бүгінгі сабақта монумент туралы да түсінік аламыз және өз білімдерімізді көрсетеміз.
- Монументтің биіктігі қанша метр? (97 метр)
- Бұл нені білдіреді? (Елордамыздың 1997 жылы Астана болғанын көрсетеді.)
- Бәйтерек 3 бөлімнен тамыры, діңі, ұшар басынан тұрады.
- Балалар бүгінгі сабақта 3 топқа бөлініп, топ бойынша жарыса отырып, сабақ өткіземіз
- Астана – Бәйтерек монументінің сызбасына деңгейлік тапсырмалар орналастырылады.
Міне, біз де бүгінгі сабағымызда барлық тапсырмаларды орындап, ұшар басына шығып, білімдерімізді биіктен
көрсетеміз.
I деңгей (тамыры) Оқушылардың міндетті түрде игеруге, білуге тиісті ережелер қамтылады.
Қазір тақтадағы ұяшықтармен жұмыс жасаймыз. Әр оқушының өз ұяшығы бар, отырған орнына байланысты. Сұрақтарға
жауап берген балаларға белгі қойылады 3 немесе одан да көп сұрақтарға жауап берген оқушы «өте жақсы», 2 сұраққа жауап
берген оқушы «жақсы» бағамен бағаланады. Олай болса, «Іске сәт!» деп бастайық.
І тобы: 1. Дыбыс дегеніміз не? Дыбысты не істейміз?
2. Жуан айтылатын сөздерге байланысты ереже. Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады.
3. Буын дегеніміз не? Буынды дауысты дыбыстар құрайды.
ІІ тобы: 1. Әріп дегеніміз не? Әріпті не істейміз?
2. Жіңішке айтылатын сөздерге байланысты ереже. Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады.
3. Тасымал дегеніміз не? (Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп, тасымалданады. Тасымалданбаған сөз бөлігінен соң
қысқа сызықша қойылады). Тасымалданбайтын сөздерді ата.
ІІІ тобы: 1. Жұп дауыстыларды ата.
2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3. й, у, ң дыбыстарына байланысты ережені айт. 9 «+»
Балалар, бізді қоршаған дүниенің барлығының аттары бар.
3. Жаңа сабақ
II деңгей (діңі)
5 - слайд
І тобы: Мамандық иелерінің суреті.
ІІ тобы: Жануарлардың суреті
ІІІ тобы: Заттардың суреті 12 «+»
Интербелсенді тақтадан суреттерге сұрақ қоя отырып, жаңа тақырыпқа байланысты ережені шығару (хормен ережені оқыту)
Заттың атын білдіретін сөздерге Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұрақтар қойылады.
ІІІ.Жаңа сабақ.
ІV.Оқулықпен жұмыс
82-жаттығу.Ауызша сөздерді оқып сұрақ қою.
Аю (аң),бүркіт (құс),сүт (тағам),өзен (су), ұшқыш (маман иесі), тігінші. 6 «+»
Күннің реті жазылып,сынақхат жазу. Шана, ұшқыш, шар, ағаш, әнші.
Сергіту сәті
Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық
Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің
сыныбымыздың ынтымағы мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім
келеді.
83-жаттығу.Тақтамен жұмыс.Суретке қарап Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табу.
Кім? Не?
20
қыз қуыршақ,
бала алма
Ал енді осы сөздерге дыбыстық талдау жасап жіберсек. Қыз – 1б, 3 әр, 3д.
Қу-ыр-шақ – 3б, 7әр, 7д. Бала -2б, 4әр, 4д. Алма-2б, 4әр, 4д
8 «+»
3- тапсырма Бәйтеректің ұшар басы. Кітаптың келесі бетін ашамыз, қазір біз керемет дыбыстар патшалығында
жүргендей аудиодыбысқа назар аударайық.
V.Өзіндік жұмыс. Сурет бойынша жұмыс жүргізу. Көктем туралы видеоролик қойылады. -Суреттен нені көріп
тұрсыңдар?
І-топ. Көктемнің қандай белгілері бар.
ІІ-топ Көктемдегі мерекелерді атау.
ІІІ- топ Көктем айларын атау.
Күн,ағаш ,су, шөп, шырша,тау.
3 оқушыдан сұрау. 3 «+»
VІ. Оқу материалымен жұмыс
1.Ілияс Жансүгіровтың өмірбаяны жөнінде мәлімет беру. І.Жансүгіров 1894 жылы 5-мамырда Алматы облысы , Ақсу
ауданында дүниеге келген. «Күй», «Күйші», «Құлагер», «Өтірік», «Балаларға базарлық» «Мектеп» тағы да басқа көптеген
туындылары бар.Ол 1938 жылы дүниеден өткен.
2. «Жазғытұрым» өлеңін мұғалімнің мәнерлеп оқып, өлең мазмұнына түсінік беру. Оқулықпен жұмыс: таңдап оқу (өлең
сөздерімен)
Сөздік жұмыс
Жылғалар - сай –сала.
Желкілдейді – қозғалады, желмен тербеледі.
Желіндейді - малдың желіні сүтке толады.
Қыстау - малшылардың мал қыстатын қысқы мекені.
Іштей оқу, тізбектей оқу. 2-3 оқушыға мәнерлетіп оқыту.
(Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау)
1.Жылы-жылы не соғыпты?
2. Жылғалардан не ақты?
3. Қаңқыл-қаңқыл не келіпті?
4. Жер қарайды не кепті?
6. Қыстаудан не көшті?
7. Кімдер қой сауды?
VІІІ.Сабақты қорытындылау.
«Гүл ұсынсам...» ойыны.Заттың атын білдіретін сөздерді атаңдар.
ІХ.Үйге тапсырма 84-жаттығу. Өлеңді жаттау.
Х.Бағалау.
*****
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты
«№ 275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
II санатты бастауыш сынып мұғалімі Жадиева Роза Акниетовна
Тақырыбы: Ғафу Қайырбеков «Ана тілі»
Сыныбы: 4"Б"
Пәні Әдебиеттік оқу.
Мақсаты: Өлеңді дұрыс түсініп, мәнерлеп оқу арқылы оқушыларды ақынның туған тілге деген ыстық сезімін
бөлісуге, өлең мазмұнын ашуға жағдай жасау.
а)білімділік: «Тілге-құрмет, елге – құрмет» деген нақыл сөздің ақын шығармасының түйіні, өзегі, негізгі ойы болып
отырғанын ұғынуға жағдай жасау;
ә)тәрбиелік: Оқушыларға туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу;
б)дамытушылық: Сөздік қорларын, жазба тілдерін, ауызша сөйлеу дағдыларын арттыру.
Типі: Жаңа білімді меңгерту.
Түрі: ашық сабақ
Әдістері: анализ-синтез, шығармашылық, топтастыру, аудиодалдық әдістер.
Көрнекілігі: жетондар, кеспе қағаздар.
Өтілу барысы
І.Ұйымдастыру
Психологиялық тренинг
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше баламыз.
Қонақтарды көргенде
Сәлеметсіздер ме!-деп сәлемдесіп аламыз.
-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ.Бүгінгі сабағымызды ерекше көңіл күймен өткізейік.
Топқа бөлу.
1-топ.Бәйшешек.
2-топ Қызғалдақ
3-топ Сарғалдақ
4-топ Жауқазын (қолдарындағы қима қағаздары арқылы)топтарына жайғасады.
21
Жетон таратылып,бағалауды түсіндіру.
II.Үй тапсырмасын топтық тапсырмалар арқылы сұрау.Оралхан Бөкей "Апамның астауы"
1-топ "Бір айналым сөйлеу"әдісі бойынша әңгімені мазмұндау.
2-топ Әңгімеге сатылай кешенді талдау жасау.
3-топ Ана туралы өлең құрастыру.
4-топ Өз анасының немесе апасының қандай адам екенін суреттеп шағын әңгіме жазу.
III.Үй тапсырмасын пысықтау.
Сұрақтар.
1.Әңгіме кім жайында айтылды
2.Автор неліктен "Апам менің ғана емес,бүкіл ауыл балаларының апасы сияқты"-деп жазады?
3.Апасының сыртқы келбеті мен мінезін сипаттап жазған жерін айтып бер?
Мінездеу дегеніміз не?
5.Әңгімеден қандай ой түйіндедіңдер?
IV.Жаңа сабақ.
Ғафу Қайырбеков "Ана тілі"
Тақтамен жұмыс . Күн ретін жазу.
Кіріспе әңгіме. Аңыз әңгіме.
Ертеде бір данышпан кісі ұлдарын сынамақ болыпты. Сөйтіп әкесі үлкен ұлына қонаққа келеді. Тамақ салынып, ет
асылады. Әкесі:
6.
Қарағым, ана етіңнің жақсы жерінен бір кесіп берші,- дейді. Баласы кесіп береді.
7.
Әрине, санның еті дәмді екен.Енді ең жаман жерінен кесіп берші,-дейді.Баласы
кесіп береді.
Әкесі:
3.
Тіс өтпейтін сіңір ғой.
Әкесі екінші ұлынан да осындай сый-сияпат көреді.
Содан соң кіші баласына келгенде де:
Балам, етіңнің жақсы жерінен кесіп берші,-дейді.Баласы тілден кесіп береді.
Енді жаман жерінен кесіп берші,-дейді. Тағы да баласы тілден кесіп береді.
Әкесі:
Мұның қалай балам, жақсы жерінен десем де, жаман жерінен десем де тілден
кесіп бердің.
Баласы:
Ой,әке-ай, жақсы да, жаман да, ұрыс та, керіс те, өсек те, бәрі де
осы тілден шығады,- дейді.
Дұрыс екен, балам. Айтарым, осы ақылыңнан ешқашан
ажырама,-деген екен.
Осы әңгімеден түйгеніміздей тіл адамға ананың ақ
сүтімен туылған сәтінен-ақ
беріледі. Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да көрсетеді. Тіл адамды өсіреді де, өшіреді де. Олай дейтініміз тек
қана жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтсаң, адамдар арасында сыйлы боласың. Өз тіліңді жетік біліп, оны
дамыта алсаң, сондай-ақ басқа елге барғанда өз туған тіліңде сөйлесең олар сондай халық бар екенін біледі.
Демек халқыңды басқа ұлттарға танытасың, халқыңды өсіресің. Егер сенің ана тіліңде ешкім сөйлемесе
халқың өшеді деген – осы.
Егеменді мемлекетіміздің басты белгілерінің бірі – тіл. Ата Заңымыздың 7-бабында «ҚР-ғы мемелекеттік тіл –
қазақ тілі» деп көрсетілген.
1997 жылы ҚР Парламенті «Тіл туралы» жаңа заң қабылдады. Онда қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде
дәрежесін көтеру мәселелері көрсетілген.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Өлеңді оқушыларға оқыту. (өз бетімен, іштей)
— белгісі — түсінбедім
+ белгісі – ұнады
Өлеңді оқушыларға оқыту.
Өлеңді қара сөзбен суреттеу.
Өлеңдегі негізгі ойды анықтау.
Д
ә птермен
ж
ұ мыс
С
өздік жұмыс.(түртіп алу әдісі)
Шарлап,ажар,қалмассың, ,қазақтың, қияғы.
Сергіту сәті.
Шығармашылық тапсырма:
1-топ Тіл туралы мақал-мәтел жазу.
2-топ.Тіл туралы өлең құрастыру.
………………… тіліңде,
………………… білуге.
……………………………..
……………. білімге.
22
3-топ. Ана тілін құрметтеу жөнінде тіл туралы эссе жазу.
4-топ.Өлең мазмұнын суреттеп салу
Қорытындылау
-Дүниеде не тәтті
-Дүниеде не ащы
Мақалды жалғастыр:
1.
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен болмаса, …………….
1.
Өнер алды — ……………………..
2.
Жіптің ұзыны, сөздің …………. жақсы.
3.
Тілге құрмет, ………………..
4.
Тіл күшті,
Тіл күшті емес, …………… күшті.
Үйге тапсырма:
1.Өлеңді мәнерлеп оқу, жаттау.
2.Ана тілін құрметтеу жөнінде шығарма жазу.
3.Тілге байланысты нақыл сөздер жинастыру.
Бағалау. Жетондарын санау.
*****
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты
«№275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі Шыганбаева Бибімария Райхановна
Тақырыбы: «Мерейін төгеді, мектебім»
Сыныбы: 4 «А»
Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз
жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін
ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен
қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 1 жыл» фотомонтажы.
Қанатты сөздер мен тақырып.
1-жүргізуші : Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!
2-жүргізуші: Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
1-жүргізуші: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне 1-сыныпты аяқтайды.
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!
2-жүргізуші:Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
1-жүргізуші: Дұрыс айтасың Балжан ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де,
анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.
2-жүргізуші: Олай болса Дамир, алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық!
Ән: Мектебім.
«Мектептегі мерекелер» туралы айту
1-жүргізуші: Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын
тыңдайық
1 оқушы : Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
2 оқушы: Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 1жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
23
3 оқушы:Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
4 оқушы:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
5 оқушы:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
6 оқушы: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.
7 оқушы: Мектебім- сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін , көктеймін.
Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
8 оқушы: Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Бір жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
Ән: «»
1-жүргізуші: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып,
оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз-
ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Балжан?
2-жүргізуші:Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің
жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
1-жүргізуші:Дұрыс айтасың ,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір
балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
2-жүргізуші: Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор
егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!
9 оқушы: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
10 оқушы: Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
11 оқушы: Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсам да көре тұғын белестер.
12 оқушы:Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай
13 оқушы: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
14 оқушы: Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың , даналардың .
Өмірде сенің алар орыныңа ,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың
15 оқушы: Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.
16 оқушы:Нұр құйған санасына зейіндінің.
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,
Дамыттың дарын отын бейімдінің.
17 оқушы:Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
24
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын
18 оқушы:Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.
19 оқушы:Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .
Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғысмына отты жүректерден!
Ән: «Ұстазға мың тағзым»
1-жүргізуші: Иә осыдан 1 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана
аттаған едік.
2-жүргізуші: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына
қосылғалы тұрмыз.1-жүргізуші: Иә, міне сағымдай өте шыққан 1жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі
азамат етіп шығарды.
2-жүргізуші: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !
*****
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты
«№ 275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
II санатты бастауыш сынып мұғалімі Есембаева Лида Абжаппаровна
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Сыныбы: 3 сынып
Сабақтың мақсаты: Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеті:1) Сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін
меңгерту. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру; Сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын
қалыптастыру.
2) Ізденімпаз, тапқыр, еңбекқор, өз ойын, пікірін еркін жеткізе алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
3) Сөз қорын байытып, ауызекі және жазба сөйлеу тілін, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Оқыту әдісі: сөздік, көрнекі, талдау, салыстыру, ажырату, жинақтау, өз бетінше жұмыс, жазба жұмысы, ізденіс әдісі, ойын.
Көрнекілік: тірек – сызба, слайд, ребус.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру:
Біз бақытты баламыз,
Ойнап күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз
Оқып білім аламыз.
ІІ. Ережелерді еске түсіру: ойын «Кім көп біледі?»
Слайдтағы сұрақтарды оқып, жауап береді.
1.Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
2.Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
3.Тұрлаулы мүшелерді ата.
4.Тұрлаусыз мүшелерді ата.
5.Бастауыш дегеніміз не?
6.Баяндауыш дегеніміз не?
7.Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай табамыз?
8.Сызықша қай кезде қойылады?
9.Жай сөйлем дегеніміз не?
Слайдтан қыс, қар жауып тұрған бейне сюжет көрсетіледі. Оқушы өлеңді оқиды:
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Қарамен жазылған сөйлемді сөйлем мүшесіне талдайық, ауызша.
Жаңа сабақ. Осы сөйлем арқылы жаңа тақырыпқа шығу. Слайдта екі сөйлем көрсетіледі:
Қар борайды. Далада қар борайды. Салыстырады, қорытынды шығарады.
Сызба көрсетіледі, ереже оқытылады.
Дәптермен жұмыс: Күн реті жазылады.
Көркем жазу: Ққ
Сөздік сынақхат: Қырау, мұз, үскірік, аяз,сырғанақ, аққала, боран, шаңғышы, көктайғақ, тұман.
Оқушы тақтаға жазады, тексеріледі. Қалғандары бір- бірін тексереді.
Оқулықпен жұмыс. 97-жаттығу. Сөздерден сөйлем құратып, оларды сөйлем мүшелеріне талдату.
Құралған жалаң, жайылма сөйлемдерді тиісті пойыз вагондарына орналастырады. Сөйлемдердің айырмашылықтарын
айтады.
25
Сергіту сәті. Слайдтан бейне сюжет көрсетіледі. Музыкамен оқушылар қимылдар жасайды. (Музыка ағылшын тілінде)
98-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, жай сөйлемдердің түрлерін анықтау.
Шығармашылық жұмыс.
Сурет бойынша әңгіме құрап жазу. Жалаң және жайылма сөйлемдер болуы шарт.
Қорытынды: Бүгін не өттік?
Жай сөйлемдер нешеге бөлінеді?
Жалаң сөйлем дегеніміз не?
Жайылма сөйлем дегеніміз не?
Сабақ ұнады ма?
Бағалау.
Үйге тапсырма: 100,101-жаттығулар. Ережені жаттау.
*****
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты
«№ 275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі Есжанова Гулсара Исатаевна
Пәні: әдебиеттік оқу Сыныбы: 3 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Шаханов «Төрт ана»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға ақын Мұхтар Шахановтың өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып, өлеңнің негізгі идеясын
ашу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелілігі: Отансүйгіштік сезімдерін молайту, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы
Пәнаралық байланыс: тарих.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, оқулық, А4 парақтары, түрлі-түсті маркерлер, суреттер, видеоролик.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
Табиғат - біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Әдебиеттік оқу сабағы. -Оқушылар, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп
сүйсініп тұрмын. Бүгін бізге әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өткелі жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп
тілейік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау:
«Құстар айтысы» үнді ертегісін мазмұндау.Слайд №1
«Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтел» жатқа айту.
Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.
-Ертегі не жайлы?
-Неліктен құстар айтысы деп аталған?
-Қандай құстар айтысты?
-Негізгі ойы қандай?
- Осы сабақтан біз не түйдік Осы ертегінің негізгі ойын қандай мақалмен қорытындылауға болады?
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді».
«Бірлік болмай, тірлік болмас».
Қызығушылығын ояту. Рахмет, өте жақсы! Үй тапсырмасына жақсы дайындалып келіпсіңдер.
Түстер бойынша топқа бөлу.
І - топ: Салт - дәстүр
ІІ - топ: Туған тіл
ІІІ - топ: Туған жер
ІV - топ: Туған тарих
Жұмбақ шешу.
Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (Ана)
Ана дегеніміз кім?
«Күн шұғыласы» ойын өткізу.
өмір сыйлаушы ақылшы сырласың
26
тәрбиешің Ана отбасының берекесі
ұстазың досың
-Қалай ойлайсындар неліктен біз ана туралы айтып жатырмыз?
-Дұрыс, өйткені біз бүгін жалпы ана атаулыға тән, бәріміздің анамызға ортақ оқулығымыздағы тамаша бір шығармамен
танысамыз.. Ол Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңі.
ІІІ. Жаңа сабақ .
Мағынаны тану .Слайд №2
- Мұхтар Шаханов өміріне тоқталу
Мұхтар Шаханов (2.07.1942 жылы туған, Оңтүстік Қ
азақстан
облысы, Ленгір ауданы, Қ
асқасу
селосы) — қ азақ ақыны.
Мұхтар Шаханов 1942 жылы сәуір айының 2-сі туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы. Алғашқы өлеңі
("Сырдария") 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрді. 1993-2003 жж.Қазақстан
Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. 2004 жылдан ҚР
Парламенті Мәжілісінің депутаты.
- Балалар,қазір неліктен өлең «Төрт ана» деп аталғандығын білу үшін, ақын өлеңін тыңдап көрейік. (бейнеролик тыңдау,
слайд №3)
-Өз анасынан басқа әр адамда тағы қандай аналары болады екен?
-Дұрыс, яғни туған тілі, туған жері, салт-дәстүрі, тарихы.
Сергіту сәті:
«Қимылмен сөйле» ойыны
- Аналарыңды неге теңейсіңдер?
- Аналарына қалай еркелейсіндер?
- Дүниеге келгенде біз қандай болдық?
–
Әке-шешеміздің арқасында қалай өстік?
- Аналарыңды қалай жақсы көресіңдер
Дәптермен жұмыс. - Ендеше барлығымыз дәптерлерімізді ашып бүгінгі күннің ретін жазамыз.
- Қарашаның он алтысы. Мұхтар Шаханов «Төрт ана»
Сөздік жұмыс.
Ғұмыр-өмір бойы
Жебеп жүрер- қорғау, қамқор болу
Тағдырыңның тынысы – өмір сүруі
Салт-дәстүрі- жеті атасын білу.
Тарихы – қазақ елінің басынан кешкен оқиғалары
ІV. Бекіту: «Төрт ана» өлеңін мәнерлеп оқу.
1.Өлеңнің мазмұнын ашу.
2.Кітаппен жұмыс. «Сызбаға сүйеніп талдау» Слайд №4
-Ақын атаған төрт ана.
- Оқушылар айтады. (туған жер, туған тілі, салт-дәстүр, тарих) .
-Қалай ойлайсындар неліктен ақын оларды анаға теңейді?
Өз ойларын жүйелеп айтқызу.
Оқушылардың «төрт ана» туралы пікірлерін білу үшін шығармашылық жұмыс жүргізу.
Шығармашылық тапсырма: Слайд №5
1-Туған тіл: «Тіл» туралы мақал-мәтел
2-Туған жер: «Туған жер» туралы эссе жазу
3-Салт-дәстүр: Бір салт-дәстүрді сипаттап беру. (жеті ата туралы жазу)
4-топ. Туған тарих: Өлең жолын аяқтау
-------------------- өсеміз,
-------------------- аламыз.
-------------------- құрметтеп,
-------------------- боламыз
Тарихи оқиғалар. Слайд №6
550 жыл- қазақ хандығының құрылғаны
170 жыл- Абай Құнанбайұлының туғанына
20 жыл- ассамблеяның құрылуына, Ата заң
70 жыл -Ұлы жеңіске
4 - маусым рәміздер күні
16 - желтоқсан тәуелсіздік күні
22 - қыркүйек тілдер күні
V. Қорытындылау.
- Өте жақсы! - Сонымен біз бүгін қандай ақынның шығармасымен таныстық?
- Мұхтар Шаханов кім?
- Қандай өлеңімен таныстық?
- Ол не жайлы?
- Әр адамда өз анасынан басқа тағы неше анасы бар?
Сызбамен жұмыс
Слайд № 7
Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
27
Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ- демекші өз тарихымызды ұмытпай, салт-дәстүрімізді сақтап, тілімізді құрметтеп,
ата-бабамыз қызғыштай қорғаған жерін қорғау келешек ұрпақ сендердің қолдарыңда. Білімдеріңді шыңдай беріңдер деген
тілекпен бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді «Алма ағашы» әдісі арқылы сипаттайық.
Оқушылардың алдарында екі түсті “алма” жатады. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Сары түсті алма – мен
бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Жасыл түсті алма – мен тапсырманы орындай
алмадым, көңіл – күйім жоқ.
VІ.Үйге тапсырма: Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңін жаттау.Тіл туралы мақал-мәтелдер жинастырып жазып келу.
VІІ. Бағалау.
*****
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты
«№275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
II санатты өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Таубаева Алпеш Амитовна
Тақырыбы: «Бейбіт елдің ұланымыз»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың Отан сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу. Отанды қорғауға, батыл да
батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер!
Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті.
Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын
беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше
миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен
өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Бейбіт елдің ұланымыз» атты ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс
себепкерлеріне арналады.
Соғыс деген сөзді естігім келмейді
Болмасын ол, болмаса, ер өлмейді,
Біздің елдей пейілі кең халыққа
Енді қайтып қайғы бұлты төнбейді.
Төнбесінші, көрмейікші соғысты,
Жаудың бізге қанша рет оғы ұшты.
Соғыссыз-ақ біздің елдің ерлері
Орындайды Отан үшін борышты.
Екі қолмен шоқ көсеп ойнағадар,
Кеудесн оққа төсеп лаулағандар.
Бір сәтке сол ерлерді еске алайық,
Жеңіс тойын 70 жыл тойлағандар
Мұғалім сөзі: Сонау сұрапыл жылдары Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан жандарды 1 минут үнсіздікпен еске
алайық.
Көрініс: «Соғысқа аттанған әке»
Қызы: Әже, әже! Бүгін менен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді.( әжесін
құшақтап еркелей күледі.)
Әжесі: Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымиып , қарап
тұрады. Келіні ыдыс алып , келе жатып, радиодағы хабарды тыдап тұрып қалады.)
Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше Совет Одағына неміс фашистері тұтқиылдан шабуыл жасады. Жаудың
дивизиялары елге баса көктеп кірді. Ел үшін, жер үшін, барлық ер азаматтар, Отан қорғауға аттаныңыздар!
Қызы: «Аттан!» деді,
Сен қазір аттанасың,
Жауынгердің рөлін аткарасын,
Аттан, әке, аттан! (Әкесін келіп құшақтайды)
Әкесі: Тыңда, балам тыңда, күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анаң, сәби інің –
Барлығы саған аманат.
Әжесі: (Баласын сүйіп келініне қарап):
Оралсын аман жеріне,
Көріссін ттуған елімен.
Кеін-ау, көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.
Келін: Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді.
(Жарының соңынан жылап қалады, әскери әуен ойнап тұр)
Мұғалім сөзі: Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың
туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың және жауынгерлердің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде
понфиловшылар дивизия командирі Бауыржан Момыш ұлы есімі соғыс тарихынан мәңгілік орын алады
Момышұлы Бауыржан
Ел намысын қорғады.
Ол туралы жазылды
28
Ән мен жырдың томдары.
Бауыржандай батырды
Туған қазақ –асылсың.
Сондай ұлдың көп болса,
Қандай дұшпан басынсын?!
Мұғаліл сөзі: Қазақтың хас батыры Бауыран Момышұлының тәуелсіздік алғанға дейінгі жазғандарынан үзінді:
1 оқушы: Адам ерлік жасауды жоспарламайды. Ерлік туғызатын сәт болады. Адам ер атанайын деп елік жасамайды. Асыл
парызын орындап, атаққа ілінеді. Рақымжан Қошқарбаевтың жұлдызы бомаса да, ол қазір жұлдызды батырлардан әлдеқайда
әйгілі.
2 оқушы: Ерлік - басына төнген қауіп – қатерді жеңу деген сөз. Ол тек қасарысқан қажырлы күресте ғана туады.
3 оқушы: Батылдық тәуекел мен ақылдың есебінен шығады. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекел
ешкімді де ақтай алмайды.
4 оқушы: Жігіттің жігіттігін жау келгенде сына
5 оқушы: Ерлік – саналы әскери тәрбиенің жемісі. Өзіңді саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр өтудің нәтижесі.
Ән «Әрқашан күн сөнбесін»
Мұғаліл сөзі: Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы
адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Мінеки осы 70 жылдыққа байланысты балалар өз үлестерін
қосып сурет салып кеген болатын соны қорғауы керек.
2- сыныптар
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің,
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер
Жаңарған берекелі еліміз бар,
Даласы гүлге толы жеріміз бар. Әжесі:
Кең өлкем байлығы мол, ынтымақты,
Шалқыған айдын – шалқар көліміз бар.
70 жыл бейбіт көктем таң атқалы
70 жыл – шуақты күн таратты әнін
Есімде сонан бері 70 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Ән «Ақ көгершін »
Мұғалім сөзі: Ия аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне – 70 жыл. Соғыс өрті өшіп қайғы мұңнан арылып,
бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде -- 70 жыл .
3 сыныптар
Соғыста өлгендер тек оралмайды.
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді
70 жыл үзілмеді құстар әні
Кетті енді сұм соғыстың қыспақ әні.
Сіздерсіз Жеңіс деген жай сөз ғана,
Сіздерсіз төріміз де толмайтындай.
Омырауын орден мен медаль басқан
Сіздердей ерлер енді болмайтындай.
Аман-сау жүре тұршы, ардагерлер,
Жеңіс күнін мәңгілік тойлайтындай.
Күн көзін бұлт баспасын,
Енді соғыс болмасын
Жер бетін өрт шалмасын
Әр күні бейбіт таң оятып
Әр күні көкке күн шықсын!
Күрсінбесін аналар
Күле берсін балалар!
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Мұғалім сөзі: Жеңіс күні – халқымыз үшін ерекше мейрам. Қазақ жерінен Ұлы Отан соғысына милиондаға ержүрек
жауынгерлр аттанған. Кітаптан оқып, кинодан көргеніміздей соғыстың әр күні, әр сағаты, әр минут қорқынышты, қасіретті
болған. Сонда да жап-жас ер азаматтар өз Отанына шын берілген жанқиярлықтың арқасында ғана жеңіске жетті.
4 -сыныптар Ән: «Біз – өмірдің гүліміз»
Қорытынды сөз: Балалар, апаларымыз бен аталарымыздың көрсеткен ерліктері мен батырлықтары біздер үшін және бізден
кейінгі ұрпақтар үшін де нағыз үлгі-өнеге болады. Қазақ халқы – ежелден ержүрек, қаһарман, батыр халық. Қазақ елінің
қанат жайып әлемге танылуы, жерінің тұтас сақталуы – батыр ұлдарының арқасы.
*****
29
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты
«№275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
I санатты бастауыш сынып мұғалімі Кубесова Несибели
Сабақтың тақырыбы: М. Хакімжанованың « Оқы, ойна » өлеңі.
Сабақтың мақсаты: 1) білімділігі: оқушыларды өлеңнің мазмұнымен таныстыра отырып, өлеңдегі негізгі ойды
ұғындыру; мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру, белсенді, ынталы оқуға үйрету.
2) дамытушылығы: оқушының сөздік қорын молайту, оқушының ой өрісін, дүние танымын кеңейту, тіл байлығын молайтып,
ойлау, көру қабілеттерін дамыту. Оқуға деген қызығушылығын арттыру.
3) тәрбиелілігі: бойларына жақсы қасиеттерді жинай білуге, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, мектеп мүліктеріне
ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: репродуктивті, түсіндірмелі көрнекілік, талдау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, электрондық оқулық, слайдтар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды түгелдеу, психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Ізетпенен біз. ( хормен)
Әліппе сабағы сендерге нені үйретті балалар?
Мұғалім сөзі.
3. – Енді кешегі Тувиннің « Көкөніс » атты өлеңін мәнерлеп, тізбектеп оқып шығайық. ( 2 рет оқылады )
4. Ал, енді көкөністер туралы жұмбақтар шешейік.
Электрондық оқулықтан жұмбақтар айтылады.
а) Көмдімдағы түйірлеп, қазып алдым үйірлеп. ( картоп )
б) Жер бетінде шашы бар, жер астында басы бар. ( сәбіз )
в) Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады. ( пияз )
г) Аласа тал, тамаша тал, самсап тұр алмасы.
Ол ал қызыл, ол қан қызыл боялғанша алмашы. ( қызанақ )
д) Жайлы жұмсақ төсегім, домаланып өсемін.
Қабат – қабат тоным бар оны қалай шешемін. ( орамжапырақ )
е) Көк лағым көгенде жатып семіреді. ( қарбыз )
- Енді тапсырмалар орындайық.
№1 тапсырма. Екі буыннан тұратын көкөніс пен жемістерді табу.
№2 тапсырма. Сөздердегі дыбыс санын анықтау.
5. Қорытыды бөлім: Біз көкөніс туралы алған білімізді қорытындылап « Мен қай көкөніспін? » ойынын ойнайық.
2.
Сергіту сәті: тақырыбымызға байланысты витаминдер туралы таңдап алынды.
Витаминдер тірегін,
А,В,С,Д,Е, деп аласың.
Жетіспесе біреуі
Ауырып сен қаласың.
«А» сы қажет көзіңе,
«В» жүйкені тоғайтар.
«С» дан микроб безінер,
«Д» сүйекті нығайтар.
6. – Балалар күз айларын атайықшы.
- Қыркүйек, қазан, қараша.
- Күздің бірінші күні сендер үшін, ерекше күн болды.
Алғашқы рет мектепке келдіңдер.
Қазір экранға қараңдар. Электронды оқулықтан мектеп туралы тыңдалым көру, тыңдау.
Мұғалім сөзі. Балалар, біз мектепке келгелі оқуды, жазуды,әдепті болуды, таза жүруді, ұқыпты болуды үйрендік.
Ендеше бүгінгі сабақта М.Хакімжанованың « Оқы, ойна » өлеңімен танысамыз.
Автор туралы әңгіме. Мазмұнын баяндау.
Мұғалім оқиды. ( мәнерлеп )
Талдау. ( жаман қылықтарды атату, одан аулақ болу керек.)
Тізбектеп оқу.
– Осы өлеңнің ішінен кітап, мектеп, білім сөздеріне дыбыстық, математикалық, буындық талдау жасау.
Кітап – дыбыстық талдау. Мектеп – буындық талдау. Білім – математикалық талдау.
Дәптермен жұмыс. Осы үш сөзді жазу.
Жазылуын есте сақтауды ескерту.
- Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық.
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Тез шынығып алайық.
30
9.
Электронды оқулықтан тапсырмалар орындайық.
3.
Сыныпта қандай заттар болады ?
4.
Біз сынып бөлмелерін таза ұстаймыз ғой.
а) Ендеше шашылып жатқан сынып бөлмесін жинауға көмектесейік.
Электронды оқулықтан жұмбақ айтылады.
Шешулері: парта, кітап, қалам, бор, тақта дұрыс жауабын тапса орнына жиналады. Көмектестік.
б) Сумкаға оқу құралдарын салу. ( электронды оқулықтан )
9. Қорытынды бөлім.
1.Графикалық сынақхат.
Үлкенге жол беру, автобуста орын беру.
Сабақты жақсы оқу, білімді болу.
Бір-біріңмен төбелесу, тәртіпсіз болу.
Таза жүріп,ұқыпты болу.
Өтірік айту, алдау.
Тәртіпті болу, сабақтан кешікпеу.
Кішіге қамқор болу.
Кітапты лас ұстау.
Тіл алғыш болу.
2.« Жүректен жүрекке » шеңбері әдісі бойынша бір – бірімізге жақсы лебізімізді айтайық. Бүгінгі сабақтан не білдік, не
ұғындық?
*****
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты
«№275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
I санатты бастауыш сынып мұғалімі Досаева Гульжахан Жарылкасыновна
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұстазым менің ұстазым»
Сыныбы: 3 «В»
Мақсаты:
а) Оқушыларға ұстаз—екінші ана екендігін түсіндіру. Мерекелерімен құттықтау.
ә) Танымдық қабілетін арттыру. Мұғаліммен оқушы арасындағы байланысты нығайту.
б)Айналасына білім, тәрбие ұрығын шашып, адамгершілік нұрын төгетін ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету, лебіз білдіру,
адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер, өлеңдер, гүл шоғырлары, шарлар.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. ҚР – ның мемлекеттік Әнұраны.
Мұғалімнің құттықтау сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұлағатты ұстаздар! Сіздерді дәстүрлі ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Баршаңыздың отбасыңызға амандық ,бақ-береке ,еңбектеріңізге шығармашылық табыстар
тілейміз.
Ұстаз!
Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына ,қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім
—мектептің жүрегі» - деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске
аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға
қарыздар. Ол-ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат етудің өзі бір
үлкен күш, сондықтанда ұстаздың еңбегі - ұлы еңбек.
Сонымен «Ұстазым менің ұстазым»! атты тәрбие сағатымызды ашық деп кезекті оқушыларға беремін.
Хормен барлығы:
Құрметіне ұстаздың тік тұрайық.
Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық.
Аяулы ұстаздардың бұл мерекесін
Барлығымыз қуанып қарсы алайық!
Жадыраған жаздай жылы жаны бар
Жақсылықтың шырағы болып шағылар.
Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған,
Шәкірттеріңнің жүрек сөзін қабыл ал.
Армысыздар,мұғалімдер –әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би-билеп, әнде бүгін шырқалар.
Ән: Хор. «Мұғалім ол біздің»
Әдетте оқушының бойына білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым негіздерін тоқитын,алған білімдерін өмірде
қолдана білуге үйрететін—ұстаз.
(Өздерінің гүлдерін ұстаздарға беріп, құттықтайды)
Мұғалім:Ендеше ұстаз сөзінің формуласы қандай?(сол сәтте бес оқушы шығып ұстаз сөзінің формуласын көрсетіп
айтады)
Ұ – ұлағатты С– салмақты Т – тапқыр А – ардақты З – замандастай зиялы
Ән: «Ұстазым» (хор)
31
Мұғалім:Сүйікті ,парасатты мұғалімім
Өзіңдей жанымды ұғады кім?
Бас иіп,шәкіртіндей құрмет тұтып
Алдыңнан алғыс өлең шығар бүгін.
Қолыңнан әр шәкіртің ұшқан түлек
Сыйлайды еңбегіңе алғыс, құрмет
Мақтан!Мақтан!Мұғалім армиясы!--
деп,Мұзафар Әлімбаев атамыз өлең шумақтары арқылы өзінің ұстазына деген сезімін осылай білдірген екен.
Мұғалім:Келесі кезектіұстаз ұлылығы жайлы айтылған ұлағатты сөздерге береміз.
Ұстаздық—ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,данасын да,ғалымын да,еңбекқор
егіншісін де ұстаз өсіреді.
Мұғалім—оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі.Сондықтан да,ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.
Мұғалім—өзінің білімділігімен,жүріс-тұрысымен,жайдары мінезімен,тіпті сырт- пішіні, киген киімімен оқушысына жақсы
әсер етеді.
Мұғалім—өзінің бойындағы,барлық жігерін,білімін,бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына,халқына беріп
отырады.
Қорытындылау:
Әдетте оқушы бойына білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым негіздерін тоқитын,алған білімдерін өмірде
қолдана білуге үйрететін—ұстаз!.
Бәрі (Хормен)
Ұстаздарға мың алғыс! Мерекелеріңіз құтты болсын!
*****
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты
«№275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
II санатты технология пәнінің мұғалімі Оспанова Қарлыға Аманқосқызы
Сабақтың тақырыбы: Тік білдемшені өңдеу.Iшақтап кию, ақауларын анықтау, жөндеу.
Сыныбы: 8 «Ә»
Сабақтың мақсаты:
білімділік: үлгі бойынша киім пішіп үйренуді жетілдіру,технологиялық нұсқау картасы бойынша жұмыс жасай білу;
дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту,
практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру;
тәрбиелік: икемділікке, тапсырманы дұрыс орындай білуге үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың әдісі: репродуктивті,түсіндірмелі- көрнекілік,ой қозғау стратегиялары, АҚТ
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, дайын бұйымдар,М1:1, М1:4сызбалар, үлгілер, нұсқау карталар.
Техникалық құрал-жабдық: интербелсенді тақта, тігін машинасы
Пәнаралық байланыс: геометрия, бейнелеу өнері
Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
IV.Жаңа сабақты бекіту
V. Сабақты қорытындылау
VI. Үйге тапсырма беру
VII. Оқушылардың білімін бағалау.
Сабақтың барысы: І. а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) психологиялық дайындық
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау
1. Оқушылар 2топқа бөлінеді.»Мен саған, сен маған»ойыны арқылы 2топ бір біріне сұрақтар береді.
Сұрақтары :
1.Белдемше тігу үшін қандай өлшемдер алынады?
2.Қосымша өлшем не үшін беріледі ?
3.Белдемше қандай бөліктерден тұрады?
4.ЖБа- өлшемі қалай аталады?
5. АБұ-өлшемі қалай аталады?
6. ЖМа-өлшемі қалай аталады?
7. Белдемшені қандай киімдермен киеді?
8. Белдемше қандай киім түріне жатады?
9. Белдемше сызбасын сызу үшін қандай құрал-жабдықтар керек?
10. Сызба не үшін сызылады?
Үй тапсырмасын қорытындылау. Зерттеушілік шығармашылық тапсырма 1.Белдемшенің түрлері. 2.Белдемшені модельдеу
3.Сен өзіңе қандай белдемшені таңдар едің ?
Қызығушылығын ояту. Жұмбақтың шешуін тап!
Адамның сәнi, Онсыз жоқ мәнi. (киім)
ІІІ. Жаңа сабақ Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Тік білдемшені өңдеу.I шақтап кию, ақауларын анықтау,
жөндеу».
32
Мақсаты: үлгі бойынша киім пішіп үйренуді жетілдіру,технологиялық нұсқау картасы бойынша жұмыс жасай білу;
Белдемшенің құрастырылуы, силуеті жағынан ерекше болып келеді.
Силуеті жағынан
тік қиықты конустық
Құрастырылуы жағынан
Бір, екі тігісті көп тігісті қарама қарсы қыржымды
Қиықты әр түрлі белді әр түрлі әшекейлі
Сонымен бірге әр түрлі қалталардан да тұрады./жапсырма,тілік,бедерлі,ішкі тігісті,т.б.
-Сыртқы киімдер үшін-1,5см
-Жеңіл көйлектер үшін-1см
-Төменгі бүктемелер үшін-3см
-Ішкі тігістер үшін-0,7см
Пішім бөліктерін матаға жаю.Барлық бөлшектерді матаның бойлық жіптерімен және белгісімен пішім бөліктеріндегі
бойлық жіптер бағытымен жаяды,алдымен матаға ірі бөлшектер жайылады.Бөлшектер матаға түйреуішпен түйреледі.
Үлгіні пайдалана отырып белдемше пішудің нұсқау картасы. Матаны пішуге дайындау.
Пішім бөлшектерін матаға орналастыру.
Пішім бөлшектерін тігіске арналған шеттік қалдыра отыра, контуры бойынша сызып шығу.
Пішім бөлшектерін қиып шығу.
Пішу кезінде мына мәселелерге көңіл аудару керек:
-матаның түрі мен қасиеттері: қиып пішілетін жұмыстарға кіріспестен бұрын, табиғи және басқа да талшықтардан алынатын
маталарды дымқылдағанда отыратынын еске түсірген дұрыс.
- матаны бумен немесе жылы сумен өңделеу, яғни жазбалау (дымқылдау, үтіктеу, кептіру) қажеттілігін анықтау.
-тігіске қалдырылған шеттіктерінің көлемін анықтау.
-суреттің сипатына (оның бағыты мен бөлшектерінің орналасу симметриялығына) назар аудару.
Матаны төсемдеудің екі түрі бар: бүктеп және жайып.
Әдетте пішу үшін матаны бүктеп төсейді. Егер де пішілетін бөлшектердің көлемі өте үлкен немесе бұйымның
ортасында тігіс , я болмаса ілмек болуы керек жағдайда мата жазылып төселеді.
ІV. Жаңа сабақты бекіту
а) дәптермен жұмыс:жұмыстың орындалу ретін дәптерге жаздыру;
ә) оқулықпен жұмыс: матадағы пішім жайылмасын түсініп оқу;
б) сарамандық жұмыс. Тік білдемшені өңдеу.Iшақтап кию, ақауларын анықтау, жөндеу.
Жұмыстың орындалу реті (слайдтар көрсетіледі)
1. Матаға белдемше бөліктерінің пішімін жайып орналастыру және түйреуіштерді түйреу;
2.Белдемше бөлшектері лекалосының контурларын айналдыра сызу және тігіске қосымшаны белгілеу.
3.Пішімді алу, белдемше бөлшектерінің ішкі жағынан түйреуіштермен түйреу. Белдемшені пішу
Сарамандық жұмыс: жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіреміз.
1.Қайшыны жолдасыңа үшкір жағымен бер.
2.Қайшымен ойнауға болмайды.
3.Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.
4.Ине, түйреуіштер арнайы қорапшада салулы болу керек.
5.Жұмыс орнын таза ұқыпты ұстау керек.
Сергіту сәті
Жалғасын тап ойыны
1.Өнерлінің қолы алтын
Өлеңшінің …………алтын.
2.Еңбектің наны тәтті
…………жаны тәтті.
3.Еңбек түбі…………
4.Еңбек етпесең елге өкпелеме
…………екпесең жерге өкпелеме.
5.Ақыл көпке жеткізеді
………..көкке жеткізеді.
6.Кесте тіксең зерлеп
Мұның аты……………….
7.Өнерді үйрен,өнерсізден…….
8.Көз қорқақ……….батыр.
9Адам көркі………………..
10.Адамды адам еткен……………
V. Сабақты қорытындылау.
Тест сұрақтарын беру.
1.Белдемшенің түрлерін ата?
а/үлкен,кіші ә/әдемі,көркем б/тік,қиықты
2.Тігістер қандай болу керек?
а/біркелкі,түзу ә/әр түрлі б/сапалы
3.Белдік қандай бөлік?
а/үлкен ә/ұсақ б/негізгі
4.Матаның қай бетінен пішеді?
33
а/теріс ә/оң б/кез-келген
5.Өлшем алу үшін еректі құрал?
а/сызғыш ә/см лента б/бор
6.Матаны пішу үшін керекті құралдар?
а/сызғыш,карндаш ә/қайшы,бор б/мата,жіп
7.Белдемше қандай киім түріне жатады?
а/ұлттық ә/жеңіл б/күнделікті
8.Белдемшенің ірі бөліктері?
а/алдыңғы,артқы ә/белдік,қалта б/алды,жаны
9.Белдемшенің ұсақ бөлшектері?
а/белдік,қалта ә/үсті,асты б/алды,арты
10.Қайшыны жолдасыңа қай жағымен беру керек?
а/үшкір жағын өзіңе қаратып ә/үшкір жағын жолдасыңа қаратып б/бәрібір
VI. Үйге тапсырма: Тік белдемше бөліктерін өңдеуге дайындау.Үлгіні үтіктеу, тігуге дайындау ,құрал-жабдықтар әкелу.
VII.Бағалау
*****
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты
«№275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
I санатты технология пәнінің мұғалімі Узакбаева Рысты Узакбаевна
Сабақтың тақырыбы: Күнбағыс панносы.
Сыныбы: 4 түзету (коррекциялық сынып)
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға күнбағыс өсімдігі туралы мәлімет беру. Күнбағыс панносын жасауды үйрету.
дамытушылық: алған білімін іс жүзінде қолдана білуге, өз ойын толық жеткізе білуге баулу, сөздік қорларын молайту, ой-
өрісін, қол икемін дамыту.
тәрбиелік: пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың әдісі: репродуктивті,түсіндірмелі- көрнекілік,ой қозғау стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, дайын бұйымдар
Техникалық құрал-жабдық: интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану, бейнелеу өнері.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
IV.Жаңа сабақты бекіту
V. Сабақты қорытындылау
VI. Үйге тапсырма беру.
VII. Оқушылардың білімін бағалау.Мадақтау
Сабақтың барысы: І. а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) психологиялық дайындық
Қуан, шаттан
Қуан, шаттан
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп атсын таң бүгін!
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау
1. Күз мезгілінің ерекшеліктері мен айларын атаңдар.
2. Жеміс-жидектердің түрлерін атаңдар.
3. Жеміс-жидектердің адам ағзасына пайдасы қандай?
4. Қағаз бен қатырма қағаздың айырмашылығы қандай?
5. Қайшымен, желіммен жұмыс жасағанда ескеретін қауіпсіздік ережелері туралы не білеміз? Оқушылардың жасаған
жұмыстарынан көрме ұйымдастыру, (слайдтар көрсетіледі).
1. Қызығушылығын ояту. Жұмбақтың шешуін тап!
Қалпағы бар дөңгелек,
Сары гүлмен қоршалған.
Қарай-қарай күнге ерек,
Мойны талып шаршаған. (күнбағыс)
ІІІ. Жаңа сабақ
Балалар , бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Күнбағыс» панносы.Сабақтың мақсаты қағаздан күнбағыс өсімдігін
жасаймыз.Олай болса тақтаға назар аударайық.(дәптермен жұмыс, күн ретін сабақтың тақырыбын жаздырту)
Күнбағыс- бір жылдық өсімдік.Европалықтар тұңғыш рет Американы ашқан кезде Мексиканың жазықтарынан көрген екен.
Олар бұдан 400 жыл бұрын әкелген. Оны «күн гүлі»деп атайды.Күнбағыстың биіктігі 2 метрдей, сабағы тік, үлкен жалпақ
жапырағы сабақта кезектесіп орналасады.Гүл шоғы көп сары гүлді себет. Себеті күн көзі бойымен бұрылып отырады.
Себеттің диаметрі10-60см дейін жетеді.Біздің еліміздің Солтүстік-Шығыс аудандарында өсіріледі. Көп күнбағыстың
34
тұқымын мыжып одан сұйық май алады, одан біз бауырсақ пісіреміз.(слайдтар көрсетіледі)
ІV. Жаңа сабақты бекіту
Ал балалар енді біз «Күнбағыс» панносын қағаздан жасауды үйренеміз.Қағазбен, қайшымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік
ережесін сақтау туралы айту, оқушылардан сұрау.
Сергіту сәті. Тербеледі ағаштар,
Бетіме жел еседі.
Кіп- кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
а) сарамандық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті (слайдтар көрсетіледі)
1. Қатырма қағазға дөңгелек сызып аламыз.
2.Сары түсті қағаздан 14 жапырақша қиямыз.
3.Дөңгелекті айналдыра 7 жапырақшаны орналастырып, желімдейміз.
4.Екінші қатарға қалған 7 жапырақшаны орналастырып,желімдейміз.
5.Қара түсті қағаздан шаблонды пайдаланып дөңгелек қиып ал, жапсыр.
6. Сабағын, жапырағын жасыл түсті қағаздан дайында, жапсыр.
7. Бұйымды аяқтау.
Сергіту сәті.Жалғыз саусақ тіпті де, Үш саусағым орамды
Ұстай алмас жіпті де.
Жүгіртеді қаламды.
Екі саусақ бірікті, Өнерлі екен он саусақ,
Ине қолға ілікті.
Қала салсақ, жол салсақ.
«Ұйқасын тап» (Оқушылардың жауаптарын тыңдау, слайдтар көрсетіледі)
Өзінше ноян,
Қорқақ, кім?.. Қоян.
Үкісі бар қарыс,
Бунағы көп... Қамыс.
Тұмсығымен шымшып,
Құрт тереді... Шымшық.
Жағасында бұлақ
Жайылып жүр... Лақ.
Көз алмай күнге алыс.
Қарайды... Күнбағыс.
V. Сабақты қорытындылау.
- Бүгін біз сабақта білдік …
- Бүгін біз сабақта үйрендік …
- Біздер жасай алдық …
- Бұдан да жақсы жасай аламыз …
VI. Үйге тапсырма беру. Оқулықтан 48 бет оқу, жұмысты аяқтау.
VII. Оқушылардың білімін бағалау. Мадақтау.
*****
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты
«№275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
I санатты физика пәнінің мұғалімі Пазылбекова Аманбике Куанышбековна
Пәні:
физика
Сыныбы:
7 «А»
Сабақтың тақырыбы: §4.8. Кинетикалық энергия
Жалпы мақсаттар: Энергия түрлерімен танысады, кинетикалық энергияны талдап, талқылап танысады және түсінеді.
Кинетикалық энергия мен жұмыс арасындағы байланысты біледі. Оның физикалық қасиеттері мен формулаларын,
өлшем бірліктерін анықтайды.
Оқыту нәтижесі: а) энергия ұғымын түсінді,
б) энергия көздері мен танысты,
в) энергия түрлерін білді,
г) жұмыс пен энергия арасындағы байланысты ұқты,
д) энергиялардың деңгейін білді, формуласын анықтады,
е) кинетикалық энергияны өмірмен байланыстыра білді.
Оқыту әдістері: Диалог, топқа бөлу,шаттық шеңбері, «біреуі үйде, үшеуі қонақта», трек сызбасы, ДЖИГСО,
топтық жұмыс.практикалық жұмыс.
Түйінді идеялар: Бағдарламаның модульдерін тиімді пайдалана отырып, нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел –уәждерін
нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір- көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда
құзырлылық танытатын оқушыны қалыптастыру.
Сабақ
барысындағы іс –
әрекеттер мен
кезеңдер
Мұғалімнің
іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар
Жұмыс түрі/
Уақыт
Ұйымдастыру
Амандасу. Сынып
бөлмесін және
оқушылардың сабаққа
Оқу құралдарын сабаққа
дайындады. Сабаққа
жинақталды.
Оқулық, дәптер,
интерактивті
мультимедия тақта,
1 мин
35
дайындығын
ұйымдастыру.
Оқушылардың жұмыс
құралдарын қадағалау.
үлестірмелер,
суреттер
Психологиялық
дайындық
Сергіту сәті «Жүректен
жүрекке». Көңіл күйін
көтеру. Сабақ барысына
оқушыларға сәттілік тілеу
Оқушылар шеңбер құрап,
бір-біріне жүректен шыққан
жақсы сөздерін айтып,
бүгінгі сабаққа сәттілік
тілейді.
Көтеріңкі көңіл күй,
өзіне сенімділікті
қалыптастыру
2 мин
Топқа бөлу
Топқа бөлу «Мағынаны
ажырату»
Бес топ аттарына қатысты
үлестірме суреттер тарату.
Үлестірмелер бойынша
мағынаны ажыратып, сыни
ойлай отырып, топтарын
табады.
Үлестірме суреттер:
Формулалар,
ғалымдар, бірліктер,
шамалар,
құбылыстар.
2 мин
Үй тапсырмасы
мен жұмыс
Диалог.Сұрақ -жауап.
1Деформацияланған
серіппенің потенциалдық
энергиясы.
2 .№ 2 есеп
3.№ 4 есеп
Үй тапсырмасын бекіту.
Графикалық бақылау.
Кері байланыс:
Дұрыс жауаптарымен
салыстырып өзін- өзі
тексеріп бағалайды.
Графикалық бақылау.
Графикалық бақылау
жауаптары.
8 мин
Жаңа сабақ
Бағалау
Интерактивті тақтадан
жаңа сабақ тақырыбы мен
жоспары жазылады. Жаңа
тақырып мәтінін топтарға
бөлу. ДЖИГСО (біреуі
үйде, үшеуі
қонақта).Тақырыптарын
түсіндіріп қорғауға
тапсырма беру.Трек
сызбасы мен жаңа сабақты
қорытындылаймын
Мұғалімнің қорытынды
баға қоюы. Формативті
бағалау.Оқушыларды баға
қоюға тарту стратегиясы.
Тақырыппен танысып
түсінді, қолданды, талдап
ойларын жинақтап ішінен әр
топ тақырып бойынша өз
жұмыстарын қорғайды.
Iтоп «физикалық
формулалар» (постер)
II топ «физикалық бірліктер»
(постер)
III топ «физик
ғалымдар»(есеп шығ) IVтоп
«физикалық құбылыстар»
(есеп шығ)
V топ «физикалық
шамалар»(суретерден
энергия түрлерін ажыратып
дәлелдеу)
Бақылауға алынған жеке
оқушыларға деңгейлік
тапсырмалар орындату.
(есептер)
«Екі жұлдыз, бір тілек» Кері
байланыс
Тақта, дәптер,
суреттер түрлі- түсті
маркерлер, оқулық
Өзін- өзі бағалау
және сыныптастарын
бағалау
стратегиялары
24 мин
6 мин
Үйге тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |