§ 65. СІЛТІЛІК МЕТАЛЛ ─ НАТРИЙ
Сілтілік металдар І топтың негізгі топшасында орналасқан.
Сілтілік металдар ─ литий Li, натрий Na, калий K, рубидий Rb, цезий Cs ең белсенді металдарға жатады.
Сілтілік металдарға тән ерекшеліктерді олардың кең таралған өкілі натрийді мысалға ала отырып қарастырайық.
Атом құрылысы. Натрий ІІІ периодтың І негізгі топшасында орналасқан. Ол сілтілік металдардың қатарына жатады,
себебі сумен әрекеттескенде сілті түзеді.
Натрий ІІІ периодтағы мөлшері ең үлкен атом әрі сыртқы энергетикалық деңгейінде бір ғана электроны бар. Сондықтан
натрий басқа сілтілік металдар тәрізді, өзінің валенттік электронын оңай беретін өте белсенді металл ( қосылыстардағы
тотығу дәрежесі +1).
) 2
) 8
) 1
.
Электрондық формуласы :
.
Графиктік формуласы:
1s 2s 2p 3s
Табиғатта кездесуі. Біздің планетамызда таралуы бойынша барлық элементтердің ішінде натрий алтыншы орын алады,
оның үлесіне жер қыртысы массасының 2,64-і тиесілі. Натрий табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі, олардың көбісі
адамзатқа ерте заманнан белгілі. Ол жер қыртысында ас тұзының, далалық шпаттың және граниттің құрамына кіреді. Тау
жыныстары мүжілгенде натрийдің ерімтал қосылыстары түзіледі, олар сумен бірге теңіздер мен мұхиттарға жетеді. Мұхит
суларында 2,8 шамасында натрий хлориді болады, ішкі теңіздерде оның мөлшері одан да жоғарылайды ( мысалы, Өлі
теңізде 7,9 NaCl бар).
Ерте кезеңдерде теңіздердің жағасында болатын құбылысты осы кездері де Каспий және Арал теңіздерінің
жағалауларынан байқауға болады. Суы азайған шығанақтар теңізден бөлініп, онда құрғақ ауа райының әсерінен су
қарқынды буланып,теңіз тұзы концентрациялана түседі. Сөйтіп, шығанақтар бірте-бірте тұзды көлдерге айналады. Осындай
көлдерде жүз мыңдаған жылдардың ішінде ас тұзының мол қоры жинақталады, оның минералын галит деп атайды.
Қазақстанда көптеген тұзды көлдер мен тас тұзының қоры (галит) кездеседі. Олар натрий хлоридін өндірудің көзі болып
саналады. Осындай қорлар көбіне Каспий маңы ойпатында, Арал теңізінің жағалауында, Ертіс өзенінің бойында кездеседі.
Қазақстанда мирабилит деп аталатын минералдың
кен орындары көп. Олардың
ірілері Алматы, Қызылорда облыстарында шоғырланған.
Іле ойпаты мен Балқаш көлі маңында содалы көлдер көптеп кездеседі. Оларда натрий корбанаты
мол.
Натрийдің табиғи қосылыстарының ең маңыздысы – натрий хлориді NaCl адамға өте қажет. Ол адам мен жануарлар
қорегінің қажетті құраушысы болып саналады. Тірі организмде натрий ионы қан плазмасында, клетка құрамында болады.,
сөйтіп, клетканың қызметіне сай алуан түрлі процестерге қатынасады. Натрий жетіспесе бұл процестер бұзылады.
Сондықтан адам көп терлегенде оған аздап тұз қосылған су ішу ұсынылады.
Физикалық қасиеттері. Натрий басқа да сілтілк металдар сияқты, иондық кристалдық тор түзеді. Мұндай торларда
атом қабаттары бір-бірімен салыстырғанда өзара перпендикуляр 3 бағытта сырғи алады, осыған орай натрий иілімді әрі
жұмсақ келеді. Ол пышақпен оңай кесіледі, созылады. Натрий судан жеңіл, тығыздығы 0,97г/
. Ол оңай балқиды:
Сұйық күйде жылу мен электр тоғын өте жақсы өткізеді, сондықтан оны ядролық реакторларда жылу тасымалдағыш ретінде
жиі пайдаланады.
Жарықтың әсерінен натрий өз электрондарын оңай бөліп шығарады (фотоэлектрлік эффект).
Сілтілік металдардың бәрі керосин қабатының астында сақталады, өйткені олар ауада бірден оксидтердің татымен қаптала
бастайды. Осыған орай натрийге тән металдық жылтырды оны жаңадан пышақпен кескен жерінен байқауға болады.
Натриймен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет: оны қолмен ұстауға болмайды, өйткені
күйдіреді. Натрий қалдығын раковинаға немесе қоқыс салған корзинаға тастай салуға болмайды, өйткені өзінен-өзі тұтануы
не қопарылуы мүмкін.
Химиялық қасиеттері. Натрий өте белсенді металдардың қатарына жатады. Оның химиялық реакция кезінде өзгеруін
былайша өрнектеуге болады:
Бұл процесс өте оңай жүреді, сондықтан натрий күшті тотықсыздандырғыш болып саналады. Ол іс жүзінде азот пен
инертті газдарды қоспағанда барлық бейметалдармен әрекеттеседі. Натрий оттекте, фторда, хлорда жанады, ал күкіртпен
араластырып ұнтақтаса тұтанады:
67
2Na +
Натрийді суға салғанда онымен қуатты реакцияға түседі. Осы кезде бөлінген жылудың әсерінен металдың түйірі
балқып, су бетінде “жүгіре” бастайды. Натрий түйірін бөлінетін сутек газы итереді.
1 2 тотықсыздандырғыш
2 1 тотықтырғыш
Егер металдың кесегі үлкендеу болса ол өзінен-өзі тұтанып, тіпті қопарылуы мүмкін. Бұл аса қауіпті, сондықтан
натрийді сумен әрекеттестірерде металдың кесегін бұршақтан кішілеу етіп алады. Әрі қауіпсіздік техникасы ережесін қатаң
сақтайды
Натрийді тұздар мен қышқылдардың ертінділеріне салу қауіпті, өйткені натрий,алдымен еріткіш – судың өзімен
әрекеттеседі.
Натрий және оның қосылыстарын анықтау. Натрий иондары жалынды сары түске бояйды. Бұл тым сезімтал
реакция. Платина сымын алақанға бір сәт тигізіп, одан соң жанарғының жалынына апарсаң, бірден натрийге тән сары түс
пайда болады. Бұл терлегенде алақанда қалған ас тұзындағы натрийдің әсері.
Өнеркәсіпте алу. Натрий өте белсенді тотықсыздандырғыш ретінде өзінің сыртқы электронын оп-оңай беретіндіктен,
оған сол электронды қайта қосу тым қиынға түседі. Сондықтан бос күйдегі натрий ХІХ ғасырдың басында электр тогы
қолданыла бастаған кезде алынды. 1807 жылы ағылшын ғалымы Дэви металл күйдегі нартийді натрий гидроксидінің
балқымасын электролиздеу арқылы бөліп алды. Басқа сілтілік металдарды да осы күнге дейін олардың қосылыстарының
балқымасын электр тогымен ыдыратып алады:
Қолданылуы. Металл күйдегі натрий қазіргі ғылым мен техникада сан алуан салада қолданылады.
Натрийдің қолданылуы
Натрий – нағыз типтік белсенді металл. Натрийдің химиялық белсендігі, оның жалғыз валенттік электронының ядромен
әлсіз байланысуымен түсіндіріледі.
Натрий қосылыстары табиғатта кеңінен таралған, ол Қазақстанның көптеген жерінде кездеседі. Ас тұзы – натрийдің ең
маңызды қосындысы, ол күнделікті тұрмыста өте көп қолданылады.
V. Жаңа сабақты бекіту
1. № 5-есеп
Натрий хлоридіндегі натрийдің массалық үлесін (%) үлесін есептеңдер.
2. № 7-есеп ( Жаттығулар жинағы , 108-бет)
Төмендегі айналуларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құпия реакция теңдеулерін жазыңдар.
Na→ NaOH → NaCI → NaNO
3
І топ
Сәйкестендіру тесті
Аты
Формуласы
1. Ас тұзы
Na
2
SO
4 .
10 H
2
O
2.Мирабилит немесе Глаубер тұзы
Na
2
CO
3
3. Ас содасы
NaCI
4. Кальцийленген сода
NaHCO
3
ІІ топ
Массаны тап
Реакцияның сипаттамасы
Еритін негіз (сілті)
Ерімейтін негіз
1. Индикаторға әсер етеді.
2. Ерімтал тұзына сілті қосып алады.
3. Металға немесе металл оксидіне су қосып
алады.
8
10
20
6
12
15
Мr(NaOH) =
ІІІ топ
«Химиялық лото» ойыны
→
+
+
→
H
2
O
O
2
Ca( OH)
2
Na
2
O СaO Na
VІ. Жаңа сабақты қорыту
1.Натрийдің сыртқы энергиялық деңгейінде неше электрон бар?
2.Натрий периодтық жүйеде, қай период, топта орналасқан?
3.Таралуы бойынша нешінші орында?
4.Физикалық қасиеттері қандай?
68
5.Натрий тотықтырғыш па, әлде тотықсыздандырғыш па?
6.Натрий иондары жалын түсін қалай өзгертеді?
7.Натрий не үшін қолданылады?
VІІ. Үйге тапсырма
1. § 65. Сілтілік металл - натрий
2. № 6- есеп, 185-бет
VІІІ. Оқушылар білімін бағалау
І топ
Сәйкестендіру тесті
Аты
Формуласы
1. Ас тұзы
Na
2
SO
4 .
10 H
2
O
2.Мирабилит немесе Глаубер тұзы
Na
2
CO
3
3. Ас содасы
NaCI
4. Кальцийленген сода
NaHCO
3
ІІ топ
Массаны тап
Реакцияның сипаттамасы
Еритін негіз (сілті)
Ерімейтін негіз
1. Индикаторға әсер етеді.
2. Ерімтал тұзына сілті қосып алады.
3. Металға немесе металл оксидіне су қосып
алады.
8
10
20
6
12
15
Мr(NaOH) =
ІІІ топ
«Химиялық лото» ойыны
→
+
+
→
H
2
O
O
2
Ca( OH)
2
Na
2
O СaO Na
*****
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты
«№275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
тарих пәнінің мұғалімі Агибаева Айгуль Абдиалимовна
Сабақтың тақырыбы: Қазақ қалалары Сынып: 7 «А»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Экономикалық жағдайына мәлімет бере отырып, сол кездегі қазақ қалаларына
тоқталу. Оқушыларға қолөнердің дамуы мен қалалардың тоқырау себептері туралы айтып, білімдерін жан-жақты жетілдіру.
Дамытушылық: Түрлі тарихи тапсырмалар арқылы оқушының шығармашылық белсенділігін ояту және есте сақтау қасиеті
мен тарихи ұғымдарды талдап, қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ қалаларының даму ерекшеліктерін көрсете отырып, оқушыларды еңбексүйгіштікке, туған жерінің
тарихын, мәдениетін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, АКТ және СТО технологиясының стратегиялары, мағынаны тану, репродуктивті әдістер.
Көрнекіліктері: тақырыптық слайдтар,бейнетаспа.
Техникалық құрал-жабдық:
Интер белсенбі тақта, бейне сюжет, сызба-кестелер, үлестірмелі суретті қағаздар.
Пәнаралық байланыс : Бейнелеу өнері, әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу.
2. Психологиялық дайындық.
- Жақсы тілек тілейік,
- Мен сізге, сіз бізге.
- Күнде күліп жүрейік,
- Білім нәрін төгейік,
- Мен сізге, сіз бізге.
69
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Мұғалім: “Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды” деген елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Тарихымызды
біліп тану үшін, алдымен өздерің білетін хандардың, билер мен батырлардың суреттерін таңдап алыңдар. Хандар – І топ,
билер – ІІ топ, батырлар – ІІІ топ. Сыныпты 3 топқа осылай бөлемін.
II.Үй тапсырмасы сұрау: Қазақ халқының ХҮІ-ХҮІІ ғғ. шаруашылығын оқу және кестені ойлап сызу.
Негізгі мақсаты – Қазақ халқының ХҮІ-ХҮІІ ғғ. шаруашылықтың түрлері мен маусымдық көшу туралы және қолөнердің
дамуы жөнінде білу. Қазақ шаруашылығының даму ерекшеліктерін білу үшін, мен Сіздердің топтарыңызға сұрақтар
беремін.
1-топ. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығындағы көшпелі мал шаруашылығының басты саласын айту.
2-топ. Қазақ хандығының тұсында егіншілік шаруашылығының дамуы.
3-топ. Қазақтың көшпелі ауылдарының тұрмыс-тіршілігі, дәстүрі. Әр топ салыстырып айтып шығады.
III. Өткен сабақты қорытындылау.
Қазақ халқы қашанда ерекше сыйлы, қадірлі, еліне, жеріне жауапкершілікпен қараған. Қазақ хандығы тұсында жан-жақтан
тұспалаған жаудан қаймықпай, елін, жерін жаудан қорғай білді. Олай болса біздің бүгінгі сабағымызда Қазақ хандығы
қалыптасуы мен шаруашылығы, тұрмысы туралы сызба кестесін толтыру үшін үш топтан оқушылар шығып толтыру керек.
Маусымдық көшіп-қонудың
түрлері
Орналасуы
Маусымдық көштерде атқарылатын
жұмыс түрлері
1.
Қысқы көш
Түйе мен қой-ешкілер үшін қыстық
жайылымға Мойынқұм, Қызылқұм,
Бетпақдала шөлінің аймақтары
Құдық қазды. Көрші мемлекеттермен сауда
жасасты немесе айырбастады. Қора
жасады.
2.
Көктемгі көш
Қаратау, Ұлытау етегінде, Ертіс,
Зайсан көлінің маңы.
Малдар төлдейді. Қой қырықты. Мал
өнімдерінен киіз басты, киім тоқыды.
3.
Жазғы көш
Жетісу мен оңтүстік Қазақстан
Жазда бие байлап, қымыз ашытады. Жаз
бойы жүн түтіп, жіп иіріп, киетін шекпен
тікті. Дәстүрлі ойындар ойналды.
4.
Күзгі көш
Сырдария, Арыс маңы, орталық
Қазақстан
Суық басталысымен жайлаудан күздеуге
көшеді.Жаздай дайындаған азық-түлік пен
киім-кешектерін алып,қыстауға кетуге
әзірленеді.
Бүгінгі сабақта біз нені білдік, нені ұқтық, қазақ хандығы кезінде
қазақ халқының шаруашылығы қандай болды? Міне, осы
сұрақтарға жауап беруге «Сиқырлы таяқшаны» ұсынамын.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ қаласы
Мақсаты: Қазақ хандығының ХҮІ-ХҮІІ ғғ. экономикалық
жағдайына мәлімет бере отырып, сол кездегі қазақ қалаларына
тоқталу. Оқушыларға қолөнердің дамуы мен қалалардың тоқырау
себептері туралы айту.
-Балалар, сендер маған мына сұрақтарға жауап беріңдерші.
Мұғалім: Орта ғасырлар кезінде қандай қалалар болған?
Бала: Сығанақ, Сауран, Сайрам, Түркістан, Отырар, Жаркент,
Жент т.б.
Мұғалім: Ол өмірге қалай келді, кім оны әкелген?
Бала: Оны өмірге әкелген, жасаған да адам.
Мұғалім: Әйгілі қалалар құм астында жатып қалса, оны зерттейтін кімдер?
Бала: Археологтар мен ғалымдар, тарихшылар.
Мұғалім: Ғалымдардың ғылыми деректеріне жүгінсек, ІХ-ХІІ ғасырларда қалалар гүлденіп, көркейе түскен.Сырдария
бойында бірнеше қалалар болған. Сығанақ Дешті Қыпшақ үшін «сауда аймағы болған.Қасым ханның тұсында хандық
ордасына айналды. Бүгінде жай күй тек үйінді түрі қалған.
Қасым ханның тұсындағы қазақ хандығы деген видео сюжет көреміз.
1. «Хандар» тобына Сығанақ, Йасы қалалары туралы мәліметтер жинау.
2. «Билер» тобына Сауран, Сайрам қалаларының тарихы.
3. «Батырлар» тобына Отырар, Бабата қалалары туралы деректер.
Оқушылар оқулық бойынша жұмыс жасап, сол бойынша кесте сызады.Топ басшысы шығып кесте бойынша түсінген,
ізденген мәліметтері мен деректерін айтып шығады.
Дәптермен жұмыс: «Білімдіден шыққан сөз,Талаптыға болсын кез», дегендей, математикалық лото ойнату.
1.4000+219-3000=1219 1219 жылы - Шыңғысхан Отырар қаласын басып алды
2.4000:2-532=1468 1468 жылы - Әбілқайыр хан қайтыс болды
3.728 х 2+9=1465 1465 жылы - Қазақ хандығының құрылған жылы
Мұғалім: Ал, енді, балалар, шаршаған боларсыздар, орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық.
Ү.Сабақты бекіту: «Сиқырлы торша» ойыны.
«Хандар» тобы – Орта ғасыр кезіндегі қандай қалаларды білдік? Қалалардың тоқырауына қандай дәлелдер бар?(Сауран,
Сайрам, Сығанақ, Бабаата, Баласағұн т.б. Монғол шапқыншылығы кезінде қатты тоқырап кетті.)
«Батырлар» тобы – Қай қала үшін Өзбек хандығы мен Қазақ хандығының арасында бір ғасырға созылған қанды шайқас
болды? Талас-тартыстың себебін айтып бер. (Сауран - сауда жолының үстінде тұрды, айналасында егін шаруашылығы , бау-
70
бақша жақсы дамыды.)
«Билер» тобы – Тарихи деректемелерде Отырар қаласының бірнеше аттары кездеседі. Оны қалай атайды? (Тарбанд, Трабан,
Тұрарбанд, Тұрар,Фараб).
ҮІ. Қорытындылау. Бәйтерек – ең биік терек ағашы. Бәйтеректің тамыры тереңге бойлайды, ал діңгегі мықты, ұшар басы
биік болып өседі.Халықтың тарихы Бәйтеректің тамыры сияқты тереңде жатыр. Тарих саласын Бәйтерекке теңеуге болады.
Ата – бабамыз өнерді бізге мұра етіп қалдырды. Сол мұраны әрі қарай жалғастыратын өздерің балалар.
VII. Үйге тапсырма. Қазақ қалалары оқу. «Тарихи қала» эссе жазу.
VIII. Бағалау.
*****
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты
«№275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
II санатты физика пәнінің мұғалімі Ибайдуллаева Орынкуль Кунзаковна
Сыныбы 7 „Б“
Сабақтың тақырыбы: § 4.2. Қуат
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік қуат – туралы түсінікті сатылай комплексті талдау арқылы түсіндіру, қуаттың формуласын сатылай талдай
білуге дағдыландыру, есептер шығара алуға үйрету.
2. Дамытушылық алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алу дағдысын қалыптастыру, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз
жақтарына сын көзбен қарауға үйрету.
3. Тәрбиелік: еңбекке баулу, өз ойын ортаға сала алатын батылдыққа ұжымшылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, пәнге
деген қызығушылығын арттыру, танымын, іздемпаздығын қалыптастыру.
Сабақтың типі аралас сабақ
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: АКТ, тест әдісі, практикалық , сатылай комплексті талдау әдісі бақылау сұрақтары, репродуктивті, ішінара
іздену
Сабақтың көрнекілігі таблица, слайдтар, шам, секундомер, білеуше, динамометр, ИФМ журналы, есептер жинағы,
кроссворд.
Құрал – жабдық интерактивті тақта, компьютер, қосымша әдебиеттер
Пәнаралық байланыс әдебиет, биология, математика, информатика
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
ΙΙ. Үй тапсырмасын тексеру
1.Механикалық жұмыс. Денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы механикалық жұмыс
деп аталады. Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы күшке де, орын ауыстыруға да тура пропорционал
өзгеретінін көрсетеді. Бұл қорытынды қысқаша мына өрнек түрінде беріледі.
2. Жұмыс формуласы, өлшем бірлігі A = F*l, жұмыс = күш * орын ауыстыру
Жұмыстың өлшем бірлігіне 1 Ньютон күштің денені 1 метрге жылжытқандағы жұмысы алынады. Жұмыстың мұндай ХБ
XIX ғасырдағы ағылшын ғалымы Д. Джоульдің құрметіне Джоуль деп аталады. (қысқаша Дж. деп белгіленеді).
1 Джоуль = 1 Ньютон*1 м, қысқаша 1 Дж = 1Н*1м
3. Еселік бірліктер. Жұмыстың Джоульден үлкен де, кіші де бірліктері бар:
1 килоджоуль (1кДж) = 1000 Дж = 10
3
Дж
1 миллиджоуль (1мДж) = 0, 001 Дж = 10
-3
Дж
1 микроджоуль(1мкДж) = 0, 000001 Дж = 10
-6
Дж
4.Жұмыстың сипаттамасы: скаляр шама. A = F*l. 1 Дж = 1Н*1м
5.Жұмыспен байланысты физикалық шамалар:
A=F*S, S = υ*t, F = m*g, m = ρ*V, V = a*b*c
6.Есеп шығару мысалы:
Ұзындығы 12 см, ені 30 см, қалыңдығы 10 см алюминий кесегін 60 см биіктікке көтергенде істелетін жұмысты есептеңдер.
Алюминийдің тығыздығы: 2700 кг/м
3
Берілгені: ХБЖ Шешуі: Есептелуі:
a=12см 0, 12м A=F*S A=2700 кг/м
3
*0, 12 м*0,3 м*
b=30см 0, 3м F = m*g 0,1 м*9,8 Н/кг*0,6 м = 57, 15 Дж
c=10см 0, 1м V = a*b*c
h=60см 0, 6м
ρ=2700кг/м
3
Жауабы: A = 57, 15 Дж
A =?
ΙΙΙ.Үй тапсырмасын қорытындылау.
7.Есте сақта: 1. Егер күш бар болып, орын ауыстыру жоқ болса, онда жұмыс та болмайды.
2. Егер денеге күш әсер етпесе, бірақ дене инерциясымен қозғалатын болса, мұндай жағдайда да жұмыс істелмейді.
ΙV. Жаңа сабақ 1. Анықтамасы. Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шаманы қуат деп атайды.
2. Мағынасы Белгілі бір жұмысты орындау үшін әр түрлі қозғалтқыштар әр түрлі уақыт жұмсайды. Қуаттың еңбек
өнімділігін арттыруда маңызы зор. Сондықтан жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын физикалық ұғым қуат енгізілді.
Қуатты табу үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек:
3. Формуласы N – қуат, A – жұмыс, t – уақыт. Қуаттың формуласын сатылай комплексті талдау:
1. Осылайша қуатты табудың тағы бір формуласын өрнектеуге болады:
2. Сонда N = = = = = болады.
4. Орташа қуат. Әр түрлі қозғалтқыштар, бір адамның өзі бір жұмысты әр түрлі уақытта аяқтайды. Сондықтан көп
жағдайда орташа қуатты анықтайды:
71
5. Өлшем бірлігі. Қуаттың өлшем бірлігіне 1 секундта істелетін 1 джоуль жұмыс алынады.
5.1 Қуат бірлігі бу машинасын ойлап тапқан ағылшын ғалымы Джеймс Уаттың (1736 –1819) құрметіне Ватт деп
атайды. Белгіленуі:
5.2
6. Қолданылуы.
6.1 Тұрмыста қуаттылығы электр шамдары
әр түрлі электр ұстаралары
тігін машиналары
тоңазытқыштар қолданылады
Мысалы: электр шамдарының қуаттары 60 Вт, 100Вт т.б. болады.
6.2 Техникада аса қуатты қозғалтқыштармен қатар, қуаттылығы өте төмен нәзік тетіктер жиі қолданылады.
автомобильдер
ұшақтар
Техникада кемелер
бу турбиналары
су турбиналары
Мысалы кейбір қозғалтқыштардың орташа қуатын айта кетейік:
«Волга» автомобилінің қуаты 70 – 80 кВт.
Атом мұзжарғыш кемесінің қуаты 55 000 кВт.
«Восток» ғарыш зымыранының қуаты 15 000 000 кВт.
7. Салыстыру
1.
Адамның қалыпты жұмыс жағдайындағы қуаты 70 – 80 Вт;
2.
«Волга» автомобилінің қуаты 70 – 80 кВт;
3.
Атом мұзжарғыш кемесінің қуаты 55 000 Вт
4.
«Восток» ғарыш зымыранының қуаты 15 000 000 кВт;
5.
«Энергия» ғарыш зымыранының қуаты 125 000 000 кВт;
Бұдан адамның қалыпты жағдайдағы қуаты «Волга» автомобилінің қуатынан 1000 есе кіші екенін көруге болады.
ΙV.Жаңа сабақты бекіту. Есептер шығару
Оқулықпен жұмыс.
Жаттығу
№5. 50 кВт-қа қуатты арттыратын қозғалтқыштың 1сағат ішінде атқаратын жұмысын анықтаңдар.
Берілгені: ХБЖ Шешуi: Есептелуі
N = 50кВт
50 000 Вт N = А =50 000Вт3600c
=180 000 000Дж=1,8·10
8
Дж
t = 1сағ 3600c A = Nt
A =?
Жауабы: А =1,8·10
8
Дж
36-жаттығу. №2. „Атамұра“. Қуаты 30 Вт желдеткіш 10мин – та қанша жұмыс істейді?
Берілгені: ХБЖ Шешуi: Есептелуі:
N = 30Вт N = A = 30Вт 600с = 18000Дж =18 кДж
t = 10мин 600c
A = Nt
A = ?
Жауабы: A = 18 кДж
№4. Қуаты 600 Вт локомотив бірқалыпты қозғалып 200 м аралықты 20 с – та өтеді. Оның тарту күші қандай?
Берілгені: Шешуі: Есептелуі:
N = 600 Вт =
s =200 м N = F F = = 60H
t = 20 с F =
F = ? F =
Жауабы: F = 60H
Өз бетімен жұмыс Бөлме желдеткіші қозғалтқышының қуаты 30 Вт болады. Ол 10 минутта қанша жұмыс істейді?
Берілгені: ХБЖ Шешуі: Есептелуі:
N = 35Вт A = Nt A = 35Вт600с= 21000Втс=
t = 10мин 600с = 21000Дж = 21кДж
A = ?
Жауабы: A = 21кДж
Тәжірибе. Электр шамының қуатын біле отырып, секундомер арқылы шамның жұмысын есептеу.
VΙ. Сабақты қорытындылау.
1. скаляр шама
Қуат N = 1Вт = 1
2. Кроссворд шешу.
1.
Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шама.
2.
Қуат бірлігін ойлап тапқан ғалым.
3.
Қуаттың өлшем бірлігі.
4.
Аса қуатты қозғалтқыштар.
VIΙ. Бағалау.
VIIΙ. Үйге тапсырма§4.2. жаттығу №3,4. «Атамұра» 36 – жаттығу, №1-3
Шығармашылық жұмыс: Джеймс Уатт жайында деректер жинау Қуатты қозғалтқыштар туралы рефераттар жазу.
*****
72
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне
қарасты «№275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
I санатты математика пәнінің мұғалімі Утебаева Айгуль Кемалашовна
Сыныбы: 6 "А"
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды көбейту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға рационал сандарды көбейтудің ережесін пайдаланып көбейтіндіні табуға есептер шығарту,
білімдерін жүйелеу, қорытындылау.
Дамытушылық: таңбалары бірдей және әр түрлі сандарды көбейту дағдысын
қалыптастыру, ауызша есептеу қабілетін дамыту, логикалық ойлау белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды тиянақтылыққа ұқыптылыққа және жұмыс жасауға жауапкешілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге
ұмтылуға, нақты шешім қабылдай білуге өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: қорытындылау
Сабақтың технологиясы: деңгейлеп,саралап оқыту,дамыта оқыту, проблемалық оқыту, СТО, АКТ элементтері.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-көрнекілікті, репродуктивті, ішінара іздену, сұрақ-жауап, тест әдісі.
Сабақтың көрнекілігі мен құрал-жабдықтар: мультимедиялық проектор, компьютер, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар,
үлестірме материалдар, кестелер,бағалау парағы, бетперделер.
Пәнаралық байланыс :биология, тарих, ән, әдебиет.
Сабақтың жоспары:
I. "Жүректен жүрекке"
а) оқушылармен амандасу, түгендеу;
ә) оқушыларды топқа бөлу, назарын аудару;
б) сабақты оқушылар тілегімен ашу.
II. "Үй қоржынын ашайық"
а) Фронталды сұрақтар;
ә) Үй тапсырмаларын ауызша тексеру.
III. "Бәйге қоржыны"
1) Кіріспе: Топтардың қысқаша таныстыруы.
2) Негізгі бөлім
а) "Жұмбақ" сайысы;
ә) "Жүйріктер" сайысы;
б) "Ұшқыр ойшылдар" сайысы;
в) " Біліміңді шыңда" сайысы.
IV. Мәре сызығы
а) Сайыс қорытындысын айту;
ә) Сабақты ауызша қорытындылау.
V. Қазынаңды толтыр.
VI . Бәйге жемісі
Сабақтың барысы:
I . "Жүректен жүрекке"
а) оқушыларды топқа бөлу, назарын аудару;
ә) оқушы тілегімен сабақты ашу.
10.
окушы
Мешін жылы жақсылығын әкелсін,
Берекемен молшылығын арқалап,
11.
оқушы
Үлкендердің ақ тілегін ақтайық,
Койылады баршмызға сол талап.
3 - оқушы
Жақсы оқып биіктерге самғайық,
Сайыстарда бас жүлдені алайық.
II." Үй қоржынынын ашайық"
а) Фронталды сұрақтар:
5.
Таңбалары әр түрлі сандарды көбейту ережесі.
6.
Таңбалары бірдей сандарды көбейту ережесі.
7.
Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік заңы.
8.
Санның коэффициенті деген не?
б) Үй тапсырмасын ауызша тексеру.
№595
2) · (- 8) · = · (- 8) = · (- 8) = - 4 Жауабы: - 4
4) · (- 5) · = · (- 5) · = · (- 5) = - 1 · (- 5) = 5 Жауабы: 5
6) -1· (- 9) · (- ) = (-1· (- )) · (- 9) = ·(- 9) = 1 · (- 9) = - 9 Жауабы: - 9
№ 600
1) (- 7) · (- 0,5) · (- 3) · (- 2) = ((- 0,5) · (- 3)) · (- 2) · (- 7) = 1,5 · (- 2) · (- 7) = 21 Жауабы: 21
3) 0,2 · (- 25) · (- 5) · 4 = (- 25) · 4 · 0,2 · (- 5) = - 100 · (- 1) = 100 Жауабы:100
III. Бәйге қоржыны
73
1) Кіріспе: а) Кестелерді үлестірме материалдар тарату.
ә) Топ үй тапсырмасы бойынша қысқаша таныстыруы.
"Орангутанг"- "Шимпанзе"- "Горилла"-
2) Негізгі бөлім:
а) "Жұмбақ" сайысы
Нәрселерді санағанда қолданатын сан емес,
Жай сан емес, бүтін де емес, нөл емес.
Сәл ойланып жауап берші кәнекей,
Бұл сандарды білме генін жақсы емес.
Жауабы: рационал сан
1 санына "қостым" "алдым" 2-ні,
-3-ке көбейттім де, тағы азайттым 7-ні.
Бұл қандай сан ...?
Көбейтіп көр, тағы да оған 7-ні.
Жауабы: 1) (1+2-2)·(-3)-(7)=-10; 2) -10·7=-70
Теріс сан мен оң сан,
Қақ ортада қандай сан?
Жауабы: нөл
Тең бөлікке бөлінген,
Бағыты бар бұл түзу
"Оң" және "нөл" теріс сан
Орналасқан қай түзу
Жпауабы: координаталарық түзу
ә) Жүйріктер сайысы (кітаппен жұмыс). №596 (А тобы)
I топ II топ III топ
1) - 4а · 5 = - 20а 3) (- 5с) · 2 = - 10с 5) (- 5) · 9у = - 45у
2) 8в · (- 3) = - 24в 4) 4х · (- 3) = - 12х 6) (- 7m) · (- 8) = 56m
№599 (В тобы)
I топ 1) - 0,2 · (- 5) · 13 = ((- 0,2)(- 5)· ·13=13
II топ 2) - 0,25 · (- 0,3) · (- 4) = ((- 0,25) · (- 4) · (- 0,3) = - 0,3
III топ 5) · = ·· = · = -
Жауабы: 1) 13; 3) -0,3; 3) -
№ 604 (С -тобы)
1) ((- 3с) · 2,5) · (- 4d) cd=7
((- 3c) · 2,5) · (- 4d) = - 7,5c · (- 4d) = 30cd = 30 · 7 = 210
Жауабы: 210
2) 1,5c · ((- 8d)) · 7) = 1,5c · (- 56d) = 84cd = 84 · 7 = 588
Жауабы: 588
3) (с · (- 5)) · 0,4d = - 5c · 0,4d = - 2cd = - 2 · 7 = - 14
Жауабы: - 14
б) Ұшқыр ойшылдар сайысы (логикалық тапсырма)
Қоңыр калтада 7 жасыл, 4 сары, 2 қызыл шар бар. Калтадағы осы шарлардан ең болмағанда :
1 топ 2 топ 3 топ
1) 3 жасыл шар 2 сары шар 1 қызыл шар алу керек?
Жауабы: 9
Жауабы: 11 Жауабы: 12
74
Сергіту сәті.
в) «Біліміңді шыңда» Тест тапсырмалары.
1) Таңбалары әр түрлі сандарды көбейткенде қандай сан
шығады?
А) нөл; В) теріс; С) оң;
Д) бір.
2) - 2а · (- 17в) көбейтіндісінің коэффициенті неге тең?
А) -24; В) – 34; С) 34;
Д) - 3,4.
3) Көбейткіштердің орнын ауыстырғанымен
көбейтіндінің мәні...
А) ауысады; В) өзгереді; С) ықшамдалады; Д)
өзгермейді.
4) Мәнін табыңдар: - ·
А) ; В) -; С) ; Д) .
5) Екі теріссанның көбейтіндісі...
А) теріс; В) оң; С) нөл; Д) шексіз.
6) Көбейтінді нөлге бөлу үшін көбейткіштердің бірі ... болу керек.
А) теріс; В) оң; С) нөл; Д) натурал.
7) Екі теріс санды көбейтуді түсіндірген швейцариялық атақты математик.
А) Гаусс; В) Евклид; С) Эйлер; Д) Кантор.
IV. Мәре сызығы
а) Сайыс қорытындысын айту;
ә) Сабақты ауызша қорытындылау, келесі сабақпен байланыстыру.
V. Қазынаңды толтыр. № 596 ( 7, 8, 9), № 599 (2, 4), № 604 (4)
VI . Бәйге жемісі
*****
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы Қармақшы аудандық білім бөліміне
қарасты «№275 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
I санатты география пәнінің мұғалімі Измамбетова Айбарша Итеменовна
Тақырыбы : «Атмосфера»
Мақсаты :
Білімділік: Оқушыларға атмосфера құрамы ,құрылысы ,зерттеу,қорғау, маңызы туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық :әртүрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту, дүниетанымдық қабілеттерін
дамыту,танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылырды ұқыптылыққа зейінділікке ,экологиялық тәрбие беру, ауаны қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу .
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақ әдісі- тәсілдері : СТО, АКТ пайдалану, түсіндірмелі- көрнекілік әдіс ,топтық жұмыс, тапсырмалар ,сұрақ жауап,
инсерт әдісі ,ой қозғау әдісі ,жұмбақтар, мақал мәтелдер, ребус, халықтық болжамдар.
Көрнектілігі: Интерактевті тақта атлас карта оқулық суреттер кестелер бейне ролик бақалау парағы смайлик жұлдызшалар.
Сабақтын барысы:
1.Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеу. Назарларын сабаққа аудару .Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру .
2.Жаңа сабақты түсіндіру . Ой қозғау. Топпен жұмыс .
3.Жаңа сабақты бекіту .Тапсырмалар, сергіту сәті .
4.Сабақты қортындылау .
Сәйкесін тап тапсырмасы. Проблемалық сұрақ .Жұмбақтар, мақал- мәтелдер, ребус шешу .
5.үйге тапсырма беру
6.Оқушыларды бақалау
1.Ұйымдастыру
Оқушыларды түгелдеу .Назарларын сабаққа аудару .Сабақтын тақырыбы мен мақсатын түсіндіру .
2.Жаңа сабақты түсіндіру
Ой қозғау.
Тақырыбы: Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы
1.Атмосфераның құрамы
2.Атмосфераның қабаттары
3.Атмосфераның маңызы, зерттеу
4.Атмосфераны қорғау
Топпен жұмыс
1 топ .Атмосфераның құрамы
2 топ .Атмосфераның қабаттары
3 топ .Атмосфераның маңызы зерттеу
4 топ.Атмосфераны қорғау
Әр топқа мәтіндерін оқып шығуға 5минут уақыт беріледі .Өз мәтіндерінен сөйлем түрінде, не түсінгендерін, не
түйгендерін дәптерге жазып топтағы ең көп сөйлем жазған оқушы айтып шығады.
3.Жаңа сабақты бекіту
1топ
75
Тропосфераның қалыңдығы?
Венн диаграммасы арқылы табиғи ластанумен жасанды ластануды салыстыр
2 топ Атмосфера дегеніміз не,маңызы?
қажетті сөздерді орнына қой
3 топ Атмосфераның химиялық құрамы ?
Озон қабатының тіршілік үшін маңызы
4 топ Атмосфераның құрылысы ,сызба түрінде көрсет ?
Неліктен жер бетінде оттегі болмаса, тіршілік болмайды ?
Сергіту сәті
Таза ауада дем алып ,
Шынығамыз жаттығып.
Айналаны қорғаймыз ,
Күл-қоқыстан тазартып.
4.Сабақты қорытындылау
Сәйкестігін тап
Жер бетінен 15-50км аралығында орналасқан қабат?
Тропосфера
Зымыран ұшатын қабат ?
Озон
Жерден 50-80км қашықтықта орналасқан қабат?
Стратосфера
Сәулелерден қорғайтын қабат?
Экзосфера
Жерге жақын жатқан қабат ?
Мезосфера
Проблемалық сұрақ
Сабақ түсіндіріліп болған соң ,топ басшыларына сұрақ қойылады.
«Егер сіз табиғатты қорғау министрі болсаңыз , онда……..»
1топ .Жұмбақ шешу
Ұстасаң, қолға ілінбес
Қарасаң, көзге түспес. (......)
Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жасы тамып барады. (……..)
2топ . Мақалдардың жалғасын тап
1.Батыр туса-ел……..
Жаңбыр жауса-жер……
2.Батаменен ел……
Жаңбырменен жер…..
3топ . Халық болжамдарынан
1.Егер жаңа туған ай шалқалап туса ,сол ай шаруаға қалай әсер етеді? (…………)
2.Мысық керіліп ,ұйқыға берілсе ,онда ауа райы қандай болады? (………..)
4топ. Ребус шешу
Жауабы: Ауасыз тіршілік жоқ
5.Үй тапсырма
$36 Атмосфера,оқып келу Атмосфераның ластану себептері және қорғау шаралары туралы хабарлама
6.Оқушыларды бағалау Бағалау парағындағы бағалары бойынша бағаланады.
*****
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы
№47 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Камилова Барно Иззатуллаевна
Сыныбы: 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Астана
Сабақтың мақсаты:
А)Оқушыларға Астана туралы терең түсінік беру. Оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру,саналы түсініп, жүйелі баяндай
білуге үйрету.
Ә) Елін, жерін, Отанын сүюге, қорғауға үйрету. Патриоттыққа тәрбиелеу.
Б) Оқушылардың ой -өрісін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру, тіл байлықтарымен сөздік
қорларын толықтыру.
Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, парақшалар, плакат.
Сабақтың түрі : жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдісі: дамыта оқыту, сұрақ –жауап, ұжымдық.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Қызығушылығын ояту. (Психологиялық дайындық)
Мұғалім: - Екі көзің не үшін керек?
Оқушылар: - Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек?
Оқушылар: - Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: - Екі қолың не үшін керек?
Оқушылар: - Елге көмек беру үшін.
76
Мұғалім: - Екі аяғың не үшін керек?
Оқушылар: - Шетте жүрсең, Туған жерге жету үшін!
Мұғалім: Дұрыс балалар, отыра қойыңдар. Олай болса мен сендердің көздерің, құлақтарың, қолдарың мен аяқтарыңа
саулық тілеймін. Бүгін міне, сабағымызға көптеген ұстаздарымыз қатысып отыр.Бұл сабақ күндегіден ерекше болмақ. Бар
білімдеріңізді көрсетіп, сабаққа түгел қатысуға шақырамын.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
Мұғалім: Жақсы балалар, олай болса үйге қандай тапсырма берілді?
(Бір оқушыдан сұрау)
1) Ертегі мәтіннің мазмұнын әңгімелету.
2) Үлестірмелі қима-қағаздар үлестіру.
№1. Мәтіннің авторы кім?
№2. Құрбақа, тышқан, құмырсқа үшеуі неліктен жолға шықты?
№3. Мәтіндегі кейіпкерлерді ата.
№4. Тышқан ініне кіріп, өз інін қалай мақтайды?
№5. Құмырсқа өз илеуіне кіріп қалай рақаттанады?
№6.Құрбақа өзінің орнына секіріп түсіп өз мекенін қалай мақтайды?
№7.Ең соңында құрбақа, тышқан, құмырсқа қандай шешімге келеді?
Мұғалім: Міне балалар, балық суында патша, бақа көлінде патша, жігіт елінде патша, туған жердей жер болмас, туған елдей
ел болмас! Дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс - әркімнің өз мекені, өз туған жері деп бекер айтпаған екен.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Жақсы балалар, ал сіздер өз туған жеріңіз, Отаныңыз туралы не айтар едіңіздер? (Оқушылардың ойын тыңдау.)
Мұғалім: Жақсы балалар, ендеше бүгінгі біздің сабағымыз өзіміздің Отанымыз, туған жеріміздің әсем қалалары турасында
болмақ. Ол қалаларды білу үшін мына ребустарды шешеміз. Әр ребустың шешуіндегі қаланың аты ол өз топтарыңыздың
атына айналмақ. (Интерактивті тақтада көрсетіп қою ребустарды, ал оқушылар жауабын жазып жоғарыға көрсетіп, топтан
бір оқушы дауыстап айтады) (Екі топтың жауаптарын тыңдау)
Мұғалім: - Өте жақсы балалар, ендеше сабағымызды №2 тапсырмамен жалғастырамыз.
(1 оқушыға дауыстатып оқыту) (Оқушылардың ойларын тыңдау)
( Интерактивті тақтада Алматы, Астана қалаларының суреттерін көрсету. Сюжет)
Мұғалім: Алматы – тарихи қала. Ол ІХ – ХІІ ғасырларда түркі заманында сауда саттығы, өнеркәсібі өркендеген қала
болған. Оның сол кездегі аты – Алмалық. 1921 жылға дейін Верный деп аталып келген. Осы жылдан бастап Алматы атанған.
Қаланың аумағы 286 шаршы шақырымға созылған. Алматы қаласы әлемге апорты мен танылған. Шыршалары шыңға
өрлеген Алатау көздің жауын алып-ақ тұр.
- Астана жас тәуелсіз мемлекеттің тарихына өз алтын бетін жазып үлгерді. 90-жылдың ортасында Елбасы Н.Назарбаев
ешкім күтпеген жерден оңтүстікте орналасқан Алматы қаласынан республикамыздың қақ ортасына астананы ауыстыру
туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1998 жылы 10-маусымда Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласының
тұсаукесер тойы болды.
Есілдің жағасында орналасқан Ару қала күннен-күнге келушілердің көз қуанышына айналды. Биіктігі 91 метрлік «Қазақ
елі» монументі, Президент резиденциясы, Ақ Орда, Министрлер үйі, биіктігі 97 метрлік «Бәйтерек», пирамида, 2 мың
орындық «Думан» ойын-сауық орталығы, 30 мың кісілік «Астана» жабық стадионы – осының бәрі Елорданың ажарын
ашып, айбынын асқақтатуда.
- Енді балалар, осы екі қаланың аттары қатар аталатын белгілі ақын Күләш Ахметованың өлеңімен оқулықтарымыздағы №3
тапсырманы қарай отырып танысамыз.
(Берілгенін, өлеңді бір оқушыға оқыту) (Жалғастырып оқыту)
- Жақсы енді сабағымызды әрі қарай оқулығымыздағы №4 тапсырмамен жалғастырамыз.
(Интер-ті тақтада көрсетіп қою) (Оқушыларға жеке-жеке оқыту)
- Енді №5 тапсырмаға назар аударайық.
Тапсырманы 1 оқушыға оқыту. (Жауап алу, ойларын тыңдау)
ІҮ. Сергіту сәті. (Достыққа байланысты алу)
Мұғалім: - Жақсы балалар, енді сабағымыз №6 тапсырмамен жалғасын табады.
(Тапсырманы 1 оқушыға оқыту, ойларын тыңдау)
Ү. Дәптермен жұмыс.
- Енді балалар әр топтың өз атауы әсем қалаларға байланысты. Ендеше өз әсем қалаларыңыз туралы тақпақ, өлең
жолдарын кім арнап айтады?
(Айтылған тақпақ, өлеңді әр топ өзіне тиістісін жазып алады. 1 оқушы инт.тақтада, екінші оқушы жәй тақтада)
Әр топ өзіне тиісті өлең жолдарын дәптерлеріне көшіреді.
Мұғалім:
Енді барлығымыз №7 тапсырманы орындап көрейік. (1 оқушыға оқыту)
Жақсы балалар, енді екі топ, өзара келісіп топтық жұмыс жасайсыздар. Тапсырма бірдей суретке қарап отырып, 1 шумақ
өлең шығару.
(Екі топқа плакатқа жазу тапсырылады, болғаннан соң әр топтан бір оқушы қорғайды)
ҮІ. Шығармашылық тапсырма. Ұжымдық жұмыс.
Өте жақсы балалар өз еліңіздің жас астанасы ару қала – Астанаға деген қызығушылығыңызды, сүйіспеншілігіңізді өлең
жолдарымен жеткіздіңіздер. Енді мен сіздердің Астана қаласын қаншалықты білетіңізді білу мақсатында мынадай
шығармашылық – ұжымдық жұмыс бергім келіп тұр.
І топқа жұмыс. Астана қаласы туралы білетіңізді топтастыру.
77
ІІ топтың жұмысы. Астанаға деген сүйіспеншілігіңізді және болашағым Астанада деген өз армандарыңызды
сызбаға түсір.
Менің Астанам
Астана-болашағым
ҮІІІ. Қорытындылау.
Кең өлкеме терең жайып тамырын, Жайнай бергің, жаның нұрдай, Астана!
Әлденеңе кәріп қылып Тәңірім, Енді бізді табындырма басқаға – деп ақын ағаларымыз жырлағандай, халқымыздың аялы
алақаны, ыстық мейірімімен тұрғызылған әсем қаламызды қадірлеп, қастерлеп келер ұрпаққа аманат етіп жеткізетін
бәйтеректей саялы азамат болады деген үмітпен мен сабағымды аяқтаймын.
ІХ. Бағалау.
Х. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттау.
«Ару қала - Астана» тақырыбына сурет салу.
*****
ВКО. Урджарский район. Село Алтыншокы.
КГУ «Алтыншокинская средняя школа- сад»
Учитель русского языка и литературы Скакова Жаркын Шариповна
Тема урока: Прямое и переносное значение слов. ( 5 класс)
Цели урока: 1. познакомить с прямым и переносным значением слов.
1. развивать умения различать прямое и переносное значения слов; составлять предложения со словами, употребленными
в переносном значении.
2. воспитание внимательности, наблюдательности, прививать любовь к природе
Тип урока: комбинированный
Методы и приемы: творческая работа, работа со словарем, работа по сюжетным картинкам
Оборудование: раздаточно-дидактический материал, толковый словарь, русско-казахский словарь
Ход урока:
I. Организационный момент
II. Постановка цели урока
III. Проверка домашнего задания.
1.Задание №8 стр.40
2. правило стр.37-38
IV. Объяснение нового материала
1. Слово учителя: Ребята, обратите внимание на эти словосочетания:
ЗОЛОТОЕ КОЛЬЦО ЗОЛОТАЯ ОСЕНЬ
-Как вы думаете, кольцо может быть золотым? А осень?
Вывод: золотое кольцо –прямое значение, золотая осень –переносное
- Приведите теперь вы свои примеры.
2. Задание №1 стр.41 Стихотворение Абая «Осень».
А) Ответить на вопросы
Б) выполнить задания к тексту
3. Чтение теоретического материала стр.42-43
V. Закрепление материала
Задание №2 стр.43 устно
Задание №3 стр.43 перевод на русский язык
Задание №4 стр.43 устно
Задание №5 стр.44 письменно
А) объяснить значения слов: БРЫЗНУЛИ, СКРЕБУТСЯ, ЛОПОЧУТ
Б) перевести на родной язык: ИВОЛГА, БЕЛКА, КУНИЦА
В) ответить на вопросы
Творческая работа. Составить рассказ об уборке урожая по рисунку стр.45
VI. Домашнее задание.
Задание №7 «Осень» стр.44 + развитие речи. Составить 5-6 предложений.
VII. Подведение итогов урока.
Комментирование оценок
Тема : Повторение по теме « Состав слова». ( 6 класс)
Цели урока: 1) Повторение и контроль знании учащихся по разделу состав слова
2) Развитие памяти, логического мышления, внимания и практика навыков и умение учащихся.
3) Воспитывать чувства коллективизма, сплоченности, привить интерес к уроку русского языка.
Оборудование: интер. доска, карточки, слайды,
Тип урока: повторение
Ход урока:
І. Орг. момент
1) Создание коллаборативной среды: ученики становятся в круг и говорят друг другу пожелания.
2) Деление класса на группы. ( каждый ученик выбирает себе цветок, по цветам цветов делятся на 3 группы)
78
ІІ. Проверка д\з ( сочинение « Первый снег»)
ІІІ. Новая тема : сегодня на уроке мы с вами , ребята, будем повторять тему состав слова.
1.Задание - Стратегия « Кофейная палочка».
Учащиеся задают друг другу вопросы по пройденным темам, передовая палочку.
2. Задание- перед вами карточки разного цвета на карточках гриб, пуск, лист, ход, вод, ый, и, ок, ик, по, под, а, н.
Подумайте, что на них написано? (части слова).
Прочитайте и подумайте, какая часть слова записано на красных карточках?
( гриб, пуск, лист, ход, вод, - это корни)
Какие части слова на синих карточках? ( ый, и, ой, а )
Какие части слова на желтых карточках? ( ок, н, ик)
- 3.Составьте как можно больше слов из этих данных частей.
- 4. Слайд
- Выберите лишнее слово.
- 1. Поле, полочка, полюшко, полевой
- 2. Снег, на снегу, снежинка, снегом
- 3. Догнал, допрыгал, докатил, домишко
- 4. Рыбка, дубок, норка, горка
- Ү. Слайд. Физминутка ( Цып, цып)
- ҮІ. Слайд. Тест ( если ответите на вопросы правильно у вас должно получиться слово)
- 1) Часть слова без окончание
- Е- корень
- С- основа
2) Чтобы найти корень надо...
Л – изменить слова
О - подобрать однокоренные слова
- 3) Окончание – это
- Л – изменяемая часть слова
- П- неизменяемая часть слова
- 4) Суффикс служит-
А- для образования формы слова
Н – для образования новых слов
5) Приставка стоит
Ц – перед корнем
Я – после корня
6) Приставка, корень, суффикс-
Е - образуют основу слова
И – не образуют основу слова
У кого какое слово получилось?
( Солнце) – правильно.
А что такое солнце?
( небесное тело, раскаленный газовый шар, большая звезда, которая дает всему свету тепло, свет).
Как переводится слова солнце на казахский и английский яз.
Подберите к слову солнце однокоренные слова и разберите по составу.
ҮІІІ. Работа по учебнику.
на странице 90 читаем текст (Пусть всегда будет солнце).
1) Чтение учителем
2) Чтение учащимися
3) Словарная работа
4) Каждой группе дается задание ученики пересказывают текст применяя стратегии
1 группа стратегия – «Линия времени»
2 группа стратегия – «Карта истории»
3 группа стратегия – «Рыбье кость»
Слушание аудиозаписи звучит песня «Солнечный круг».
ІХ. Закрепление урока
« Кто быстрее».
Каждая команда на постерах составляют, какие можно использовать символы со словами солнце, небо, мама.
ХІІ. Рефлексия.
ХІІ. Д\З стр. 92 упр. 8
ХІІІ. Подведение итогов урока
*****
79
Калкузова Клара Жанадиловна
Учитель по английскому языку
Илийский район п.Отеген батыр
Частная Лингвистическая Гимназия «АЙ-НУР”
Класс: 6Б
Дата:24. 11.2016
Достарыңызбен бөлісу: |