сапасын жақсартады. ЖАО балаларды қосымша білім беретін мемлекеттік
ұйымдардың МТБ-сын нығайту, оларды қазіргі заманғы жабдықтармен
жарақтандыру жӛнінде, соның ішінде ЕБҚ бар балалар үшін кедергісіз
жағдайлар жасау үшін шаралар қабылдайды.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын жеке меншік ұйымдарда орналастыру
есебінен балаларға қосымша білім беру мектептен тыс ұйымдарда, мектептерде
және жеке ұйымдарда қолжетімді болады.
"Қосымша білім беру навигаторы" ақпараттық сервисін құру балаларды
қабылдау және есепке алу, үйірмелер мен секциялар, қызметтердің түрлері,
бағдарламалар мазмұны, педагогтер, ақылы, тегін екені, бос орындардың болуы
және т. б. туралы ақпараттандыру бӛлігінде балалар мен ата-аналар үшін білім
беру қызметтері сервисінің сапасын арттырады.
Оқушылар арасында дебаттық қозғалысты танымал ету және одан әрі
дамыту мақсатында ЖАО қажетті ғылыми-әдістемелік, ұйымдастырушылық-
педагогикалық, ақпараттық жағдайларды қамтамасыз ету жӛніндегі ӛңірлік
жоспарларды әзірлейтін болады.
Мектеп кітапханалары электрондық ақпараттық ресурстар базасы, оның
ішінде цифрландырылған құжаттар коллекциясы, веб-сайттар, веб-порталдар
және т. б. бар қосымша білім беретін оқыту алаңдарына трансформацияланатын
болады.
Балалардың, педагогтердің білім қажеттіліктерін анықтау бойынша талдау
жүргізу, балаларға қосымша білім беру бойынша кӛрсетілетін қызметтердің
сапасын бағалайтын кӛрсеткіштер мен индикаторларды әзірлеу, білім беру
бағдарламаларын әзірлеу, педагогтердің біліктілігін жүйелі түрде арттыру
кӛрсетілетін білім беру қызметтерінің сапалы деңгейін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: