2)
зияткерлік дамуын, психологиялық-физиологиялық және жеке
ерекшеліктерін ескере отырып, халық үшін барлық деңгейдегі білімнің
қолжетімділігі;
3) азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам ӛмірі мен
денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;
4) адам құқықтары мен
бостандықтарын құрметтеу;
5) білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру
процесінің үздіксіздігі;
6) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі
қызметінің ашықтығы.
Саланы дамыту тәсілдері білім беру жүйесінің 7 бағыты бойынша қаралады.
1-тарау. Қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеу
1-параграф. Формальды білім беру шеңберінде білім алушылардың адамгершілік-рухани және
эмоциялық қабілеттерін дамыту
Ӛскелең ұрпақты тәрбиелеу – қоғамның, мұғалімдер мен ата-аналар
қауымдастығының басты мақсаты. Оқушылар мен
студенттерді отанға деген
сүйіспеншілікке, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге және
дәріптеуге тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Қоғамда ӛскелең ұрпақты
тәрбиелеуге деген сананың деңгейін кӛтеру қажет.
Жаңа ұрпақты тәрбиелеуге қатысты мәселелерді жүйелеу үшін тәрбиенің
тұжырымдамалық негіздері әзірленетін болады. "Іс-шараларды ӛткізу"
тәсілінен "әр деңгейде тәрбиелік жұмыс тәрбиелеу мақсаты мен жобалық тәсіл
арқылы" тәсіліне кӛшу іске асырылады.
Оқыту мен тәрбиенің құндылыққа бағдарланған тәсілі мектеп климатында,
мәдениетінде, барлық қызметкерлердің мінез-құлқында және қарым-
қатынасында кӛрініс табатын орта білім беру жүйесінің ажырамас бӛлігі
болады.
Білім беру ұйымдарының тәрбие жұмыстарының жоспарларына балалардың
кибермәдениеті бойынша жұмысты енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ балаларды
олардың рухани дамуына зиян келтіретін ақпарат пен материалдардан қорғау
жӛніндегі шараларды әзірлеу және енгізу жоспарлануда.
Негізгі ұлттық құндылықтар жеке
тұлғаны рухани-адамгершілік
дамытудың және тәрбиелеудің негізі ретінде қарастырылады. Жас ұрпақтың
ұлттық құндылықтар және оларды сақтаудың маңыздылығы туралы хабары
арттырылады. Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде отбасылық
құндылықтар мен отбасы институтының маңыздылығы дәріптелетін болады.
Отбасы құндылықтарын танымал ету және оны сақтаудың маңыздылығына
назар аудару мақсатында Отбасы күні шеңберінде (қыркүйектің әрбір екінші
жексенбісі) әкелер кеңестерінің,
ақсақалдар кеңестерінің, аналар кеңестерінің,
әжелер кеңестерінің қатысуымен және БАҚ пен әлеуметтік желілерде жариялай
отырып, "Менің отбасым – ӛнерлі отбасы", "Менің отбасым – кӛптілді отбасы",
"Менің отбасым – оқуға құштар отбасы", "Менің отбасым – спорттық отбасы",
"Менің отбасым – кӛңілді отбасы" және басқа да ӛңірлік конкурстар ӛткізілетін
болады. Ӛмірлік қиын жағдайдың туындау қаупі бар аймақтағы отбасылар мен
адамдарға кӛмек кӛрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық ӛзара іс-қимыл
регламентін әзірлеу және бекіту жоспарлануда.
"Ӛзін-ӛзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасына енгізілген
жалпы адамзаттық құндылықтар, сондай-ақ "Білім-инновация" лицей-
интернаттары мен "НЗМ" ДБҰ-ның "мектеп-бала-ата-ана" үшбұрыш қағидаты
бойынша мектеп пен ата-аналардың ӛзара тығыз қарым-қатынасына негізделген
тәжірибесі негізінде білім алушыларды тәрбиелеу және оқыту жүйесін
енгізу
жалғастырылады. Барлық осы шаралардың жиынтығында әр білім алушының
физикалық, ақыл-ой, эмоционалды және адамгершілік дамуына бағытталған
тәрбие жұмысының үйлесімді жүйесі қалыптасады.
Тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында сынып жетекшілігі
туралы ережені қайта қарау және сынып жетекшісінің біліктілік
сипаттамаларын әзірлеу жоспарлануда.
Білім алушыларды патриоттық тәрбиелеу мақсатында әскери-патриоттық
клубтардың рӛлі күшейтіледі, олардың қызметін облыстық білім басқармалары
деңгейінде үйлестіру жүзеге асырылады.
Білім алушыларды ұйымдасқан
қоғамдық қызметке тарту "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар-жасӛспірімдер
қозғалысына, "Ұшқын ой алаңы" дебаттық қозғалысына, мектеп және
студенттік парламенттер мен ӛзін-ӛзі басқаруға кең және дәйекті мүшелік
арқылы қамтамасыз етіледі.
Студенттерді бағыттар бойынша клубтардың жұмысына тарту кеңейтіледі,
студенттік лигаларды (спорттық, дебаттық және т.б.) құру және дамыту
жоспарлануда. Студенттерді экологиялық мәдениет пен салауатты ӛмір салтына
баулу эковолонтерлықты дамыту жолымен "Ашық жүрек", "Саламатты жастар"
жобалары, "Жас турист" және "Гүлдене бер, Қазақстан" конкурстарын ӛткізу
арқылы жоспарлануда. Сонымен қатар спорт үйірмелері
мен секцияларын,
оның ішінде ұлттық спорт түрлері бойынша дамыту жоспарланған.
Студенттердің қоғамдық және волонтерлік қызметін ынталандыру арқылы
ЖОО мен ТжКБ ұйымдарында тәрбиелік компонент күшейеді. Ол үшін
пилоттық режимде әлеуметтік GPA енгізіледі.
Экологиялық тәрбие, қоршаған ортаға ұқыпты қарау, экологиялық
құндылықтарды, қаржылық және кәсіпкерлік дағдыларды дарыту тәрбиелік іс-
шаралар кешені арқылы жүзеге асырылатын болады.
Табиғатты сақтау үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, қоршаған ортаны
сақтау проблемасын қабылдау бойынша белсенді ӛмірлік
ұстанымды
қалыптастыру тәрбие жұмысының басым бағыттарының бірі болады.
Достарыңызбен бөлісу: