кадрлар даярлау бағдарламаларында дене шынықтырудың сауықтыру,
тәрбиелеу және әлеуметтендіру бағдарламаларымен ӛзара байланысы
күшейтілетін болады.
Дене шынықтыру-спорт жұмысын жетілдіру бӛлігінде президенттік
тесттерді тапсыруды қамтамасыз ету, мектептегі спорт клубтарының санын
ұлғайту және олардың ӛзара іс-қимылының тиімділігін арттыру бойынша
шаралар қабылданатын болады.
Сондай-ақ жоғары оқу орындарына түсу кезінде президенттік тест
нәтижелерін есепке алу мәселесі пысықталатын болады.
2025 жылға қарай спорт залдары, стандартты спорттық жабдықтар мен
мүкәммалдары бар мемлекеттік мектептердің үлесі ұлғаяды.
Дене шынықтыру сабақтарын және спорт секцияларын сапалы жүргізу үшін
жобалық қуаты үлкен мектептердің құрылысы кезінде кемінде екі спорт залы
кӛзделетін болады.
Орта білім беру ұйымдарында қажеттіліктер мен қазіргі заманғы талаптарға
сәйкес дене шынықтыру мен спорт инфрақұрылымы жаңғыртылатын болады.
Дене шынықтыру мен спорт инфрақұрылымы бӛлігінде кедергісіз ортаны, дене
шынықтырумен және мектеп спортымен шұғылдану кезінде қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау жоспарлануда.
Мектептерде АМТ жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін олардың қызметін
нормативтік құқықтық актілермен регламенттеу кӛзделеді, сондай-ақ оқу-
әдістемелік және кадрлық сүйемелдеу мәселелері шешілетін болады.
2023 жылға дейін ӛңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, кейіннен
практикалық ұсынымдар әзірленіп, оқушылардың дене дамуы мен дене
даярлығының жүйелі мониторингін енгізу жоспарланған. Ол үшін қазіргі
заманғы технологияларды ескере отырып, білім алушылардың дене дайындығы
деңгейіне қойылатын нормативтік талаптар және білім алушылардың дене
дайындығының жай-күйін мониторингтеу бағдарламалары жетілдірілетін
болады.
Мектеп спортын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында қосымша
жалпы дамыту бағдарламаларын әзірлеуді және жалпы білім беру жүйесіне
енгізуді қоса алғанда, дене шынықтыру және спорт, білім алушыларды
тәрбиелеу және әлеуметтендіру саласында ғылыми зерттеулер жүргізу
кӛзделетін болады.
Балалар спортын насихаттау және дамыту мақсатында 2022 және 2024
жылдары Қазақстан оқушылар арасындағы Дүниежүзілік жазғы гимназиадаға
қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: