Мектеп
бағдарламасына
8-сынып
оқушыларына
арналған
"Медиасауаттылық" курсы енгізілді. Курс білім алушыларды ақпаратпен
жұмыс істеуге, материалдарды бағалауға, талдауға, дезинформация мен
насихатты тануға үйретеді. Оған киберқауіпсіздік модулі кіреді.
Мектептерде балалардың санасына әлеуметтік желілердің теріс
әсерінің профилактикасы бойынша жұмысты жандандыру қажет.
Республикада мектеп жасындағы 2461775 (70,5 %) бала қосымша біліммен
қамтылған. Бұл ретте қосымша білім беруге тартылған балалардың жартысынан
кӛбі мектеп үйірмелері мен секцияларға қатысады. Мектептен тыс ұйымдарға
(1523 бірлік) оқушылардың 29,4 %-ы немесе 1058718 бала барады (645336 –
қалада, 413382 – ауылда).
Балаларды қосымша білім берумен қамтудың ӛңірлік саралануы байқалады.
Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында балаларды
қосымша біліммен қамту республиканың орташа мәнінен 2 еседен астам
жоғары кӛрсеткішті кӛрсетіп отыр. Еліміз бойынша халық тығыздығы жоғары
ӛңірлер: Алматы, Түркістан, Ақмола облыстарының, сондай-ақ Ұлттық білім
беру дерекқорында (бұдан әрі – ҰБДҚ) кӛрсетілмеген қосымша білім берудің
мемлекеттік емес объектілерінің желісі кеңінен дамыған Астана, Алматы және
Шымкент қалаларының кӛрсеткіші орташадан тӛмен.
Бүгінгі күні мектептер базасында балалардың қызығушылықтары бойынша
үйірмелер мен секциялар желісін дамыту арқылы қосымша білім беру іске
асырылуда. Мысалы, балаларды мектеп үйірмелерімен және секциялармен
қамтудың жоғары пайызы Алматы қаласында (60,7 %), Қызылорда (58,1 %),
Павлодар (52,1 %) облыстарының мектептерінде байқалады.
2021 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО)
балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын
орналастыру туралы норманы заңнамалық түрде бекітті. Тиісті қағидалар
қабылданды (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27
тамыздағы № 381 бұйрығы), олардың негізінде ЖАО тиісті қаржы жылына
арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының кӛлемі
шегінде мемлекеттік тапсырысты бекітеді және орналастырады, сондай-ақ
белгіленген лимит шегінде облыстық және аудандық деңгейлерде жүзеге
асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді.
Алматы, Атырау, Түркістан, Ақмола, Ақтӛбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл,
Қарағанды және Қостанай облыстарында қосымша білім беру ұйымдарының
(бұдан әрі – ҚБҰ) саны ӛсті. Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында ҚБҰ
желісі қысқарған. Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс
Қазақстан облыстарында, Астана және Шымкент қалаларында бұл позициялар
сақталған. Соңғы үш жылда Талдықорған және Петропавл қалаларында
оқушылар сарайлары, Атырау, Маңғыстау және Қарағанды облыстарында жас
туристер станциялары ашылды. Атырау, Түркістан, Кӛкшетау, Қарағанды
қалаларында оқушылар сарайлары салынды, Түркістан облысында балалар
музыка мектебі, Ӛскемен қаласында "SMART" креативті білім беру орталығы,
Шымкент қаласында ӛнер мектебі ашылды.
Бұдан басқа, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,
ерекше білім беруді қажет ететін (бұдан әрі – ЕБҚ) балалар қатарынан қосымша
білім берумен 12172 бала қамтылған, бұл мектептен тыс ұйымдарда қосымша
айналысатын балалардың жалпы үлесінің 1,2 %-ы ғана. Мектептен тыс
ұйымдарда ЕБҚ балаларды қамту тиісті жағдайлардың болмауына байланысты
тӛмен екенін атап ӛткен жӛн.
ҚБҰ-ның жартысы дерлік (592) бейімделген ғимараттарда орналасқан, оның
ішінде 2020 – 2021 оқу жылына арналған деректер бойынша 5-еуі авариялық
деп танылған, 157-сі күрделі жӛндеуді талап етеді.
Қосымша білім беру құрылымында техникалық және жаратылыстану-
ғылыми бағыттарға қарағанда музыкалық, кӛркемдік, спорттық бағыттағы
бағдарламалар басым.
Қосымша білім беру жүйесінде педагог кадрларға сұраныс 2,5 мың адамды
құрайды: зейнеткерлік жас алдындағы және зейнеткерлік жастағы мамандар –
3,7 мың, 3,8 мың маманға біліктілігін арттыру қажет.
Дене шынықтыру және спорт саламатты жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды
орын алады. Дене тәрбиесі – ӛмір бойғы дене белсенділігінің негізі.
Мектепке дейінгі 10739 ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) 2805-і (26 %) спорт
залдарымен, 452-сі (4 %) бассейндермен, 8365-і (78 %) дене шынықтырумен
айналысуға арналған ойын алаңдарымен жасақталған.
Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарымен
қамтамасыз етілуі 90 %-ды құрайды. Сонымен қатар 1099 мектепте (16 %) дене
шынықтыру сабақтары бейімделген спорт залдарында ӛткізіледі.
Бүгінде 774 мемлекеттік мектепте спорт залдары жоқ (Ақмола – 63, Ақтӛбе
– 71, Алматы – 125, Атырау – 22, БҚО – 94, Жамбыл – 77, Қарағанды – 31,
Қостанай – 47, Қызылорда – 25, Маңғыстау – 6, Павлодар – 15, СҚО – 22,
Түркістан – 135, ШҚО – 34, Астана – 2, Алматы – 1, Шымкент – 4 мектеп).
Спорт залдары жоқ мектептердің жалпы санынан 489-ы (немесе 63 %) шағын
жинақты мектептер (бұдан әрі – ШЖМ) болып табылады (БҚО – 75, Алматы –
71, Түркістан – 65, Ақтӛбе – 58, Ақмола – 50, Жамбыл – 43, Қостанай – 43,
ШҚО – 22, СҚО – 22, Қарағанды – 13, Павлодар – 11, Атырау – 7, Қызылорда –
6, Маңғыстау – 3).
"Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру
ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
22 қаңтардағы № 70 бұйрығына қарамастан мектептерді спорттық
жабдықтармен және құралдармен жарақтандыру кӛрсеткіші тӛмен күйінде
қалып отыр.
Мектептерде "Дене шынықтыру" оқу пәні аптасына 3 сағат кӛлемінде іске
асырылады. 1343000 білім алушыны қамтитын 45 мың спорт секциясы жұмыс
істейді (жалпы контингенттің 39 %-ы), оның ішінде тегін – 40845, ақылы –
4674. Дене шынықтыру мұғалімдеріне аптасына 3 сағаттан сабақтан тыс
спорттық сабақтар жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақыдан (бұдан әрі
– БЛЖ) 100 % кӛлемінде қосымша ақы кӛзделген.
Сонымен қатар дене шынықтыру сабағын жүргізуде бірқатар проблемалық
мәселелер бар. Мектептегі дене шынықтыру – бұл оқу-әдістемелік
кешендермен (бұдан әрі – ОӘК), оқу құралдарымен және әдістемелік
ұсыныстармен ең аз қамтамасыз етілген пәндердің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |