Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы


Медициналық көрсетілімдер болған кезде балалардың бұзылған



Pdf көрінісі
бет6/52
Дата09.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#66539
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz

Медициналық көрсетілімдер болған кезде балалардың бұзылған 
денсаулығын қалпына келтіру үшін арнайы медициналық топтарда 
(бұдан әрі – АМТ) жеке оқыту керек. Мектептерде АМТ-да оқитындарды 
қамту 2400 білім алушыны құрайды. АМТ қызметінің оқу-әдістемелік, кадрлық 
және құқықтық жағдайларын пысықтау қажет.
Мектеп спорт лигалары дамуда.
ТжКБ ұйымдарында спорт секцияларымен қамту 53 %-ды, ЖОО-да 
барлығы 29 %-ды құрайды. Техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары білім 
беруде спорттың 10-12 түрі бойынша студенттік спорттық лигалар бойынша 
жобалар іске асырылады. 
Сонымен қатар білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысында мынадай 
проблемалар бар:
 
ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мен сақтаудың маңыздылығын 
дәріптеудің жеткіліксіздігі;
оқу-тәрбие процесінде пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің 
педагогикалық ӛзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы деңгейінің тӛмендігі;
ата-аналар жиналысын ӛткізудің ескірген форматы;
білім алушыларды идеологиялық тәрбиелеу деңгейінің тӛмендігі;
балалардың тұратын жерінен және тегін мектеп үйірмелерінен қадамдық 
қолжетімділіктегі мектептен тыс ұйымдар санының жеткіліксіздігі;
ҚБҰ-ның басым кӛпшілігінде кедергісіз жағдайлардың болмауы;
қосымша білім берудің білікті педагогтеріне, әсіресе, жас мамандарға деген 
сұраныстың артуы;


қосымша білім беру педагогтерінің біліктілікті арттыру курстарымен 
жеткіліксіз қамтылуы;
техникалық және жаратылыстану-ғылыми бағыттар бойынша қосымша 
білім беру бағдарламаларының жеткіліксіздігі;
мектепте "Дене шынықтыру" және ТжКБ мен жоғары оқу орындарында 
"Дене тәрбиесі" пәндерін оқытудың әдістемелік деңгейінің жеткіліксіздігі;
мектептерді, ТжКБ ұйымдары мен ЖОО-ларды бейінді оқулықтармен және 
ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі;
спорт ғимараттарының, қажетті спорт жабдықтарының материалдық-
техникалық базасының (бұдан әрі – МТБ) тӛмендігі;
мектептерде 3 сағаттық дене шынықтырумен қамтамасыз ету үшін спорт 
залдарының жеткіліксіздігі;
мектеп түлектерінің президенттік дайындық деңгейіндегі тест тапсыру 
нәтижелерінің тӛмендігі;
кейбір мектептерде (әсіресе ауылдық жерде) спорт залдардың болмауы және 
мектептер жанындағы спорт секцияларының даму деңгейінің жеткіліксіздігі 
(28 %). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет