Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру Стандартын бекіту туралы



бет1/17
Дата27.03.2022
өлшемі112,14 Kb.
#28928
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
?@8 07 07



Қазақстан Республикасында

травматологиялық және ортопедиялық

көмек көрсетуді ұйымдастыру

Стандартын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабының 32-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың қоса берілген Стандарты бекітілсін.

2. Күші жойылды деп танылсын:

1) «Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі жөніндегі Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 6 маусымдағы № 352 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7024 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында 2011 жылы № 6 болып жарияланды (2011 жылғы 14 қыркүйек).

2) «Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру Стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 514 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11738 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 тамызда жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:


  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

  2. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

  3. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет