Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру Стандартын бекіту туралы


-тарау. Сүйек-бұлшықет жүйесі жарақаттары мен аурулары бар пациенттерге стационарлық медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру



бет7/17
Дата27.03.2022
өлшемі112,14 Kb.
#28928
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
?@8 07 07

6-тарау. Сүйек-бұлшықет жүйесі жарақаттары мен аурулары бар пациенттерге стационарлық медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру
26. Сүйек-бұлшық ет жүйесінің жарақаттары мен аурулары бар пациенттерге стационарлық көмек Кодекстің 124-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетіледі.

27. Жарақат салдары (металл құрастырылымдары, бітіспеген бар бітелген сынықтар, бітпеген сынықтары, буындардың жарақаттан кейінгі контрактуралары, жалған буындар және басқалары) және сүйек-бұлшықет жүйесі аурулары бар пациенттер жоспарлы емдеуге жатқызу талонында көрсетілген жоспарлы емдеуге жатқызудың белгіленген мерзіміне сәйкес МҰ-ға емдеуге жатқызылады.

28. Шұғыл жағдайларда СБЖ жарақаты бар пациент тиісті стационарға медицина қызметкерінің алып жүруімен МҰ санитариялық автокөлігімен, жедел медициналық жәрдем станциясымен (бөлімшесімен) және санитариялық авиациямен жеткізіледі немесе өз бетінше жүгінеді. Жекелеген жағдайларда пациенттер стационарға ішкі істер органдарының қызметкерлерімен немесе азаматтармен жеткізеді.

29. Стационардың қабылдау бөлімшесі шұғыл және жоспарлы медициналық көмек алуға пациенттерді тәулік бойы қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

30. Стационардың қабылдау бөлімшесінде шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде:

1) бейінді маман келіп түскен сәттен бастап 10 минуттан кешіктірмей, өмірге қауіп төндіретін жағдайларда – дереу қарап-тексеруді жүргізеді;

2) пациентті емдеуге жатқызу немесе амбулаториялық жағдайларда емдеу туралы шешім қабылдау жүзеге асырылады;

3) пациенттің жеке басы мен паспорттық деректері анықталады;

4) тағайындау парағы бар медициналық карта ресімделеді, онда пациенттің жалпы жай-күйі бағаланады, шағымдар, ауру мен өмір анамнезі, объективті зерттеу деректері, анықталған патология, орындалған зертханалық және функционалдық зерттеулердің клиникалық бағасы, алдын ала диагноз, диагностикалық және емдік іс-шаралар егжей-тегжейлі және дәйекті жазылады. Сырқатнамаға пациенттің жақын арада қажетті емдеу-диагностикалық іс-шараларды (пациенттің қазіргі жағдайын ескере отырып) жүргізуге жазбаша келісімі енгізіледі.

31. Стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу пациент стационардың қабылдау бөлімшесіне жүгінген сәттен бастап 30 минуттан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

32. Түпкілікті диагноз қою үшін динамикалық бақылау және кезек күттірмейтін емдеу-диагностикалық іс-шаралардың толық көлемі қажет болған жағдайларда, пациентке стационардың қабылдау бөлімшесінде екі сағатқа дейін болуына жол беріледі.

33. Пациентте стационарға медициналық көмекке жүгінген кезінде алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық мас болу белгілері анықталған кезде медицина қызметкері бұл туралы бастапқы медициналық құжаттарда белгі жасайды.

34. Стационарға түскен кезде пациентке медициналық қызмет көрсететін медицина қызметкерлерінің аты-жөні мен кәсіби мәртебесі туралы мәліметтер ұсынылады.

35. Медициналық көмек алу кезінде пациент ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал қатері мен артықшылықтары туралы деректерді, емделуден бас тартудың ықтимал салдарлары туралы мәліметтерді, диагнозы, емдік іс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпаратты қоса алғанда, өз денсаулығының жай-күйі туралы толық ақпарат алады, сондай-ақ үйге шығу немесе басқа МҰ-ға ауыстыру себептерін түсіндіреді.

36. Сүйек-бұлшықет жүйесі жарақаттары және аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсетуден бас тарту Кодекстің 137-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кодекстің 136-бабында регламенттелген.

37. Стационардың травматолог-ортопед дәрігері келіп түскен күні пациентті қарап тексереді, оған қажетті ем тағайындайды және оны белгіленген емдеу-диагностикалық іс-шаралармен таныстырады.

38. Емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, емдік тамақтануды ұйымдастыру және пациенттің тиісті күтімі стационарға келіп түскен сәттен бастап жүзеге асырылады.

39. Клиникалық диагноз пациент стационарға түскен күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей белгіленеді. Диагностикалық тұрғыдан күрделі жағдайлар ерекшелік болып табылады, бұл ретте медициналық картада диагнозды белгілеудегі кідіріс себебі көрсетіледі және қосымша диагностикалық зерттеулер мен мамандардың консультациялары белгіленеді. Клиникалық диагноз белгіленген күні медициналық картада тиісті жазба жасалады.

40. Стационарға түсетін барлық пациенттер санитариялық өңдеуден өтеді. Пациенттің жағдайына байланысты санитариялық өңдеу толық немесе ішінара жүргізіледі. Қажет болған жағдайда пациенттің іш киімі дезинфекцияланады.

41. Бөлімшенің ішкі тәртіп қағидаларына және санитариялық-эпидемиологиялық режиміне қайшылықтар болмаған кезде, бөлімше меңгерушісі немесе кезекші дәрігер пациентке жеке заттарын (жеке киім-кешек, киім, аяқ киім) пайдалануға рұқсат береді.

42. Әкімшілік пациент стационардан шыққанға дейін сақтауға тапсырылған бағалы заттарды, ақша қаражатын, құжаттарды, сондай-ақ пациенттердің киімдері мен жеке заттарын есепке алуды және олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Стационар әкімшілігі сақтауға тапсырылмаған құнды заттардың, ақша қаражатының, құжаттардың, сондай-ақ пациенттердің киімдері мен жеке заттарының сақталуына жауап бермейді.

43. Стационарда болған уақытта пациент медициналық айғақтар бойынша консультациялық-диагностикалық емшаралар жүргізу үшін басқа денсаулық сақтау ұйымдарына жіберіледі немесе екі МҰ басшылығының келісімімен емдеуді жалғастыру үшін басқа стационарларға ауыстырылады.

44. Стационардағы барлық пациенттерді диагностикалық және емдеу манипуляцияларын тағайындай отырып, медициналық картаның ауру күнделігіне тиісті жазба енгізе отырып, емдеуші дәрігер күн сайын (кезекші дәрігер қарап-тексеруді жүзеге асыратын демалыс және мереке күндерінен басқа) қарап-тексеруге тиіс. Медициналық картадағы ауру күнделігін емдеуші дәрігер аурудың жеңіл ағымы болған жағдайда күнтізбелік үш күнде бір рет және пациент орташа ауыр, ауыр және аса ауыр жағдайда болған жағдайда күн сайын жүргізеді.

45. Бөлімше меңгерушісі пациентті келіп түскен күні, кейіннен – медициналық көрсеткіштер бойынша (ауыр және аса ауыр жағдайдағы пациенттер күн сайын, орташа ауыр және жеңіл жағдайдағы пациенттер аптасына кемінде бір рет) және шығару алдында қарап – тексеруді жүзеге асырады. Науқастарды қарау нәтижелерін бөлімше меңгерушісі диагнозымен және ұсынымдарымен медициналық картаға енгізеді және оларға қол қояды.

46. Диагнозды сәйкестендіруде қиындықтар, жүргізіліп жатқан емнің тиімсіздігі кезінде, сондай – ақ өзге де айғақтар кезінде медициналық көмек көрсетудің кез келген деңгейінде бөлімше меңгерушісінің өтінімі бойынша басшының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары консилиум ұйымдастырады (қажет болған жағдайда-пациентті қосымша тексеру, нақтылау, емдеу тактикасын айқындау және қажет болған жағдайда, республикалық деңгейдегі консультантты қоса алғанда, қажетті мамандарды (кемінде үш) тарту). Кешкі, түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері консилиумды кезекші дәрігердің өтініміне сәйкес стационар бойынша жауапты кезекші дәрігер ұйымдастырады.

47. Сүйек-бұлшықет жүйелерінің жарақаттары мен аурулары бар пациенттерге операциялық араласулар өткізілгеннен кейін ерте оңалту шараларының кешенін жүргізу керек.

48. Сүйек-бұлшықет жүйелерінің жарақаттары мен аурулары бар пациенттерге ақылы қызметтер Кодекстің 202-бабының 8-тармағына сәйкес беріледі.

49. Пациент стационардан шыққаннан кейін медициналық карта МҰ мұрағатына тапсырылады және 25 жыл бойы сақталады.

50. МҰ белгіленген режим мен тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ емдеу-диагностикалық процеске кедергілер жасалғанда, басқа пациенттердің тиісті медициналық көмек алу құқықтарына қысым жасалған жағдайда, пациент емдеу курсы аяқталғанға дейін (өмірге тікелей қауіп төнбеген кезде) МҰ басшысының немесе оның медициналық бөлім жөніндегі орынбасарының шешімі бойынша стационардан шығарылады, бұл туралы медициналық картаға жазба жасалады.

51. Стационардан шығару кезінде медициналық картаға шығару эпикризі жазылады, онда толық клиникалық диагноз, жүргізілген диагностикалық зерттеу көлемі, емдеу іс-шаралары және одан әрі бақылау мен емдеу жөніндегі ұсынымдар көрсетіледі. Пациенттің қолына қолхатпен медициналық картадан үзінді көшірме (027/у нысаны) беріледі, онда толық клиникалық диагноз, жүргізілген диагностикалық зерттеу көлемі, емдеу іс-шаралары және одан әрі бақылау мен емдеу жөніндегі ұсынымдар, сондай-ақ емделген жағдайдың құны көрсетіледі.

Стационардан шығарылған пациентте белсенді динамикалық байқауға айғақтар болған кезде, сондай-ақ 1 жасқа дейінгі балаларда олар туралы ақпарат тіркелген жері бойынша МСАК ұйымына беріледі.

52. Сүйек-бұлшықет жүйесінің жарақаттары мен аурулары болған пациенттерді патологиялық-анатомиялық ашып қарау Кодекстің 131-бабының 7-тармағына сәйкес регламенттеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет