8-тарау. Тірек-қимыл аппаратының жарақаттары және сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары бар пациенттерге медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру
61. Тірек-қимыл аппаратының жарақаттары мен сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары бар пациенттерге медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру "Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 13 қазанда жарияланған)
62. Ересектер мен балаларға арналған медициналық оңалту бөлімшесі немесе төсектері (бұдан әрі - МО) республика, облыс, қала деңгейінде стационарлық көмек көрсететін, травматология және ортопедия бөлімшесі, көп және жанамаласқан жарақат бөлімшесі, ауданаралық травматология бөлімшесі бар медициналық ұйымдардың құрамында травматология және ортопедия орталығының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады және мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жіті жай-күйден және операциялық араласудан кейінгі бірінші және екінші кезеңдерде сүйек-бұлшықет жүйесі жарақаттары мен аурулары бар ересектер мен балаларға МО көрсету АХЖ-10 XXI класты коды бойынша нақтылаушы диагнозды көрсете отырып, АХЖ – 10 және АХЖ - 9 кодтары бойынша жүзеге асырылады;
2) СБЖ жарақаттары мен аурулары бар пациенттердің МО мәселелері бойынша стационардың басқа бөлімшелерінің дәрігерлеріне консультациялық көмек көрсету;
3) оңалту көмегінің сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүргізуге қатысу;
4) СБЖ жарақаттары мен аурулары бар пациенттерді МО жаңа тиімді әдістерін жүйелі түрде игеру және практикаға енгізу;
5) МО көрсету мәселелері бойынша медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
6) есепке алу және есеп беру құжаттаманы жүргізу, қызмет туралы есептерді ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: |