39
жұмыс істейді. 36-дан астам балалар бірлестіктерінде жас медиктер,
бағдарламалаушылар,
техник-конструкторлар,
физиктер,
математиктер
айналысады.
Техникалық шығармашылықтың бағдарламалау, информатика және
ақпараттық технологиялар, компьютерлік дизайн, компьютерлік графика,
медиадизайн, жобалық-зерттеу іс-әрекеті сияқты бағыттары қарқынды дамып
келеді.
Павлодар қаласында Оқушылар сарайының ауыл мектептерінің
оқушыларын журналистика негіздеріне және компьютерлік дизайнға
қашықтықтан оқыту бойынша «Юниор – экспресс» жобасы назар аударуға
тұрарлық.
Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары
жоғары оқу орындарында «Квант», «Информатика», «Интеграл» техникалық
шығармашылық үйірмелерінің, Алматы қаласының Жаңа технологиялар
колледжінде «Заманауи технопарктердің» ашылуы кең қолдау тапты.
Қазақстандағы оқушылар арасында ғылымды насихаттайтын ірі жоба
Астана қаласындағы Оқушылар сарайының Ұлттық Интербелсенді паркі
болды. Тағы бір ірі жоба болып елдегі тұңғыш ғылым мен техниканың
виртуальды мұражайын құру табылады, онда Қазақстанның негізгі салаларын
қосымша шынайылық технологиясын қолдану арқылы ұсыну бойынша
жұмыстар жүргізілуде. Білімді балаларға жақындату, оларды қызықтыру – жаңа
технологиялардың басты міндеті.
Балалар мен жастар арасында ғылыми-техникалық шығармашылықты
дамыту және роботты техниканы насихаттау мақсатында роботты техника
бойынша сайыстар өткізіледі, олардың ұлттық үйлестірушісі болып «Назарбаев
зияткерлік мектебінің» автономды білім беру ұйымдары табылады.
Көп жағдайларда техникалық бағыттағы бірлестіктер балаларды,
негізінен мектеп есебінде, кәмелетке толмағандардың ісі және оларды қорғау
бойынша комиссияның есебінде тұрған ұлдарды оқыту, тәрбиелеу және
шығармашылық дамыту үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, маңызды
алдын алу қызметін атқарады.