геологиялық,
археологиялық
және
басқалар
бойынша
туристік-
өлкетанушылық жұмыс табылады.
43
Туристік-өлкетанушылық бағыт оқушыларды туған өлке туралы біліммен
байытады, оған деген сүйіспеншілікті баулиды және азаматтық ұғымдардың
қалыптасуына септеседі. Туристік-өлкетанушылық жұмыстың негізінде іздену,
күресу, өткенге деген қызығушылық жатыр, олар оқушылардың дүниетанымын
кеңейтіп, танымдық қзығушылықтарын дамытады, шығармашылық іс-әрекетке
тартады, іс-тәжірибелік және зияткерлік іскерліктерді қалыптастарады,
мамандық таңдауда көмектеседі.
Біздің еліміздегі балалар мен ата-аналар арасындағы барынша бұқаралық
және танымал болып көркем-эстетикалық қосымша білім беру орталықтары
табылады.
Көркемдік білім берудің қазіргі кезеңіндегі мақсаттары болып табылады:
«Мәңгілік Ел» халықтың ұлттық идеясын жүзеге асыруды
қамтамасыз ету;
білім берудегі мәдениет пен өнердің маңыздылығының жалпы
деңгейін көтеру;
көркемдік-эстетикалық сана-сезімді қалыптастыру, ол арқылы адам
халықтың мәдениетіне өзіндік қатыстығын сезіне алады;
көркемдік білім берудің кешенді бағдарламасын құру;
мәдениет және өнер саласындағы көркемдік білім беру
мекемелерінің қалыптасқан жүйесін дамыту.
Осылардан қорыта келгенде, көркемдік білім беру келесі міндеттерді
жүзеге асыруды қамтамасыз етуге шақырылған:
халықтың этникалық, әлеуметтік және жас ерекшеліктеріне қарай
бөлінген барлық топтарының эстетикалық қажеттіліктері мен талғамдарын
қалыптастыру және дамыту;
Қазақстанның көркемдік білім беру жүйесі үшін өнер және
мәдениет саласындағы шығармашылық кадрларды, сондай-ақ, педагогикалық
кадрларды кәсіби қызметке даярлау;
44
өнер саласындағы отандық кәсіби білім беру дәстүрлерін сақтау
және жаңа ұрпаққа беру;
Қазақстан азаматтарын отандық және шетелдік көркемдік
мәдениетке, Қазақстан халықтары шығармашылығының ең үздік үлгілеріне,
классикалық және заманға сай өнерге тарту;
өнердің адамгершілік әлеуетін тұлға мен қоғамның этикалық
қағидаттары мен мұраттарын қалыптастыру және дамыту тәсілдері ретінде
жүзеге асыру;
көркемдік білім беруді
балалар
мен
жасөспірімдердің
шығармашылық
әлеуетін
ашуға
мүмкіндік туғызатын зиялы жетілдіру
ықпалы ретінде кеңінен енгізу;
Қазақстан
халқының
көркемдік
дәстүрлерін
зерделеу
арқылы
ұлтаралық
қатынас
мәдениетін қалыптастыру;
өнердің,
көркемдік-
шығармашылық қызметтің мүмкіндіктерін түзету педагогикасы, халықтың
барлық топтарын арт-терапияның заманға сай әдістерін енгізу арқылы
халықтың барлық топтарын психофизикалық сауықтыру мақсаттарында;
бейресми тәртіптің алдын алу және түзету үшін балалар мен
жасөспірімдердің әлеуметтік-мәдени бейімделуі мақсатында көркемдік білім
берудің ресурстарын тарту;
халықтың барлық топтарын базалық көркемдік-тәжірибелік
дағдыларды игеруді шамалайтын белсенді шығармашылық қызметке тарту;
көркемдік дарынды балалар мен жастарды анықтау, олардың білім
алуы мен шығармашылық дамуына сәйкес жағдай жасалуды қамтамасыз ету.
Балалар жүрекпен өмір сүреді, олардың бойларында рухани және
адамгершілік құндылықтардың қуаты бар, олар Ақиқат, Сұлулық, Махаббат,
Мейірімділікті жарату үшін дүниеге келеді, ал бұлардың жиынтығы адамның
рухани өмірінің өзегін құрайды.
Мәдениет пен өнер саласындағы білім беру – бұл білім беру кеңістігінің
маңызды құрамдас бөлігі.
Бүгінде Қазақстанда 127 Өнер мектебі, 198 Оқушылар сарайлары мен
үйлері бар, оларда 127 көркем бөлімшелер жұмыс істейді. Еліміздің барлық
дерлік өңірінде көркем мектептер ашылған, олардың саны 30-ды құрайды.
45
Көркем шығармашылықпен шамамен 120 мың бала қамтылған. Балалардың
көркем мектептері және өнер мектептерінің, техникалық мектептердің
көркемдік бөлімшелері көркем білім беру жүйесіндегі бастапқы буын болып
табылады.
Нақ соларда бейнелеу грамотасының негіздеріне оқыту, эстетикалық
талғамның қалыптасуы, оқушылардың әлемдік көркем мәдениетке, ғылым мен
техниканың негіздеріне, ұлттық дәстүрлерге тартылу, сондай-ақ білімдерін
арнайы және жоғары оқу орындарында жалғастыру үшін барынша дарынды
оқушыларды анықтау басталады.
Жыл сайын республикада ондаған көркем конкурстар ұйымдастырылады,
халықаралық көркем шеберлік сайыстарына, көрмелерге, пленёрларға біздің
балалар үнемі қатысады.
Конкурстық-көрмелік іс-шаралардың мұндай жүйесі тек дарынды
балаларды анықтауға, оларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке тартуға ғана
емес, сондай-ақ кәсіби дағдыларды жетілдіруге де септеседі.
Қазақстанда көркем мектептер базасында құрылған ЮНЕСКО клубтары
балалар мен жастар үшін өте қызықты, өйткені шығармашылық
қайталанбаушылық арқылы өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі тануға, өмірдегі өз
орнын табуға, жалпы адамзаттық құндылықтардың жоғары ұстанымдарына
және нормаларына сәйкес өмір сүруге мүмкіндік береді.
Клубтық іс-әрекетке тарту өнер әлеміне жол ашады, сонымен қатар
Қазақстанның өскелең ұрпағының мәдени мұраны сақтауына септеседі.
ЮНЕСКО-ның алғашқы қазақстандық Клубы Ә.Қастеев атындағы
бейнелеу өнері мен техникалық дизайн мектебі болды.
Осы ұжымның он жылдық қызметінде көп жұмыс атқарылды. Бұл
Мектепке түсуге көпшілік талпынады, себебі мұнда әр баланың бейнелеу
өнерінің алуан түрін игеруге, алғашқы көркемдік білім алуға, өзінің жеке
басының талантын көрсетуге мүмкіндігі бар.
Тұлғаны тәрбиелеуде, оның шығармашылық дамуы мен өзіндік
дамуындағы қажетті буын – бұл көркемдік білім беру.
Достарыңызбен бөлісу: |