Қазақстан Республикасындағы балаларға қосымша білім беруді


техникалық шығармашылығын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет21/38
Дата07.01.2022
өлшемі2,34 Mb.
#19329
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
техникалық шығармашылығын ұйымдастыру айтарлықтай орын алады. 

 

Ғылыми-техникалық  бағыттағы  бағдарламалар  бойынша  жалпы  орта 



және  қосымша  білім  беру  ұйымдарында  2,6  млн.  мектеп  оқушысының  ішінде 

барлығы  47  мыңнан  астам  бала  айналысады.  Олардың  75%  (37 937  адам) 

ұлдар  құрайды  және  бар-жоғы  25%  (11 965  адам)  –  қыздар  құрайды. 

Балалардың техникалық шығармашылықпен жалпы қамтылуы 1,8% құрайды.  

Республикадағы  балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдарында  бастапқы 

техникалық  модельдеу,  әуе  аппараттарын  модельдеу,  кемелерді  модельдеу, 

автокөліктерді  модельдеу  және  зымырандарды  модельдеу  сияқты  техникалық 

шығармашылық түрлері бойынша белгілі бір іс-тәжірибе жинақталған.  

Техникалық  шығармашылықтың  дәстүрлі  түрлерін  дамытумен  қатар 

қосымша білім беру ұйымдарында қазіргі балалар мен жастар үшін өзекті жаңа 

бағыттар да белсенді дамуда. 

Айталық,  Қарағанды  қаласының  Балалар  және  жасөспірімдер  сарайы 

базасында  Жас  зерттеушілердің  Орталық  Азиялық  кіші  ғылым  академиясы 



39 

 

жұмыс  істейді.  36-дан  астам  балалар  бірлестіктерінде  жас  медиктер, 



бағдарламалаушылар, 

техник-конструкторлар, 

физиктер, 

математиктер 

айналысады. 

Техникалық  шығармашылықтың  бағдарламалау,  информатика  және 

ақпараттық  технологиялар,  компьютерлік  дизайн,  компьютерлік  графика, 

медиадизайн,  жобалық-зерттеу  іс-әрекеті  сияқты  бағыттары  қарқынды  дамып 

келеді. 

Павлодар  қаласында    Оқушылар  сарайының  ауыл  мектептерінің 

оқушыларын  журналистика  негіздеріне  және  компьютерлік  дизайнға 

қашықтықтан  оқыту  бойынша  «Юниор  –  экспресс»  жобасы  назар  аударуға 

тұрарлық. 

Атырау,  Батыс  Қазақстан,  Маңғыстау,  Солтүстік  Қазақстан  облыстары 

жоғары  оқу  орындарында  «Квант»,  «Информатика»,  «Интеграл»  техникалық 

шығармашылық  үйірмелерінің,  Алматы  қаласының  Жаңа  технологиялар 

колледжінде «Заманауи технопарктердің» ашылуы кең қолдау тапты.  

Қазақстандағы  оқушылар  арасында  ғылымды  насихаттайтын  ірі  жоба 

Астана  қаласындағы  Оқушылар  сарайының  Ұлттық  Интербелсенді  паркі 

болды.  Тағы  бір  ірі  жоба  болып  елдегі  тұңғыш  ғылым  мен  техниканың 

виртуальды  мұражайын  құру  табылады,  онда  Қазақстанның  негізгі  салаларын 

қосымша  шынайылық  технологиясын  қолдану  арқылы  ұсыну  бойынша 

жұмыстар жүргізілуде. Білімді балаларға жақындату, оларды қызықтыру – жаңа 

технологиялардың басты міндеті.  

Балалар  мен  жастар  арасында  ғылыми-техникалық  шығармашылықты 

дамыту  және  роботты  техниканы  насихаттау  мақсатында  роботты  техника 

бойынша сайыстар өткізіледі, олардың ұлттық үйлестірушісі болып «Назарбаев 

зияткерлік мектебінің» автономды білім беру ұйымдары табылады.  

Көп  жағдайларда  техникалық  бағыттағы  бірлестіктер  балаларды, 

негізінен  мектеп  есебінде,  кәмелетке  толмағандардың  ісі  және  оларды  қорғау 

бойынша  комиссияның  есебінде  тұрған  ұлдарды  оқыту,  тәрбиелеу  және 

шығармашылық дамыту үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, маңызды 

алдын алу қызметін атқарады. 



40 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет