дамудың білім беру бағдарламаларын да іске асырады, мәдени-ағарту және
46
шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілікті қабылдауға, өзін-өзі барынша
іске асыруға, пәндік, әлеуметтік, кәсіби, жеке тұрғыда өзін-өзі анықтауға
мүмкіндік береді.
Өнермен айналысу балалардың музыка, хореография, цирктік,
театральды,
бейнелеу,
декоративті-қолданбалы
өнер
салаларындағы
қабілеттерін дамытады; көркем-эстетикалық талғамды қалыптастырады;
ұжымда жұмыс істеу, үлкен сахнада өнер көрсету, көрмелерге қатысу
іскерліктерін тәрбиелейді; кәсіби өзін-өзі анықтауға көмектеседі, өнер мен
мәдениеттің орта, арнайы және жоғары оқу орындарында білімдерін
жалғастыру үшін барынша дарынды балаларды анықтайды.
Декоративті-қолданбалы шығармашылық сабақтарында балалар ерте
жастан бастап халық өнерінің, ұлттық мәдениеттің, халықтық салт-
дәстүрлердің қайнар көздеріне тартылады және түрлі материалдардан бірегей
бұйымдар жасайды. Республиканың барлық қосымша білім беру ұйымдарында
халық шығармашылығының дәстүрлерімен, қазақ халықтық бұйымдарының
әзірленуімен және жұмыс технологиясымен танысу бойынша жұмыстар
жүргізіледі.
Балалардың театрлық шығармашылығы біздің республикада дамыған
және оқушылар арасында өте танымал. Әрбір облыста түрлі жанрлардағы
мемлекеттік, орыс және өзге тілдердегі балалар театрлары жұмыс істейді.
Бейнелеу өнеріне оқыту көркем мектептерде, өнер мектептерінде,
клубтарда, Оқушылар үйлері студияларында, аулалық клубтарда жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: