Стратегияны жүзеге асырудың болжамды нәтижелері
Балаларға қосымша білім беру мекемелерінің саны артады, олар
балаларға қосымша білім беру мекемелерінің жалпы санындағы мекемеаралық
әрекеттестікке енгізілген;
жалпы білім беруші мектептердің саны артады, олардың базасында
балаларға қосымша білім беру бірлестігі жұмыс істейді;
қосымша білім беру жүйесіне енгізілген денсаулығының мүмкіндігі
шектеулі, ауыр өмірлік жағдайдағы, қауіп-қатер тобындағы және жоғарғы
мектеп жасындағы балалардың саны артады;
қосымша білім берудің білім үрдісінің бағдарламалық-әдістемелік және
ғылыми қамтамасыз етілуінің сапасы жоғарылайды;
балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі басқарушы және
педагогикалық кадрларды мекемеаралаық негізде жүзеге асырылатын даярлау,
қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламаларының сапасы
жоғарылайды;
мемлекеттік-қоғамдық басқару органдары бар балаларға қосымша білім
беру мекемелерінің саны артады;
балаларға қосымша білім беру жүйесінде халықтың қызметке сұранысын
анықтау жүйесі құрылады;
балаларға қосымша білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін сақтау және
дамыту деңгейі көтеріледі;
балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі инновациялық дамудың
ғылыми-әдістемелік жүйесі құрылады;
балаларға қосымша білім беру мекемелерін қаржыландырудың көп
арналы жүйесі құрылады;
балаларға қосымша білім беру мекемелерінің материалды-техникалық
қамтамасыз етілуі жақсарады;
балаларға қосымша білім беру бойынша заңнамалық және нормативтік
құқықтық база жетілдіріледі;
62
балаларға қосымша білім беру мекемелерінің жүйесін дамыту және
қосымша, орта білім беру, ғылым мен өнідіріс жүйесін біріктіру арқылы
балалардың қосымша білім берумен қамтылуы артады;
қосымша білім алудың қолжетімділігі мен үйренушілердің тең
мүмкіндіктері қамтамасыз етіледі;
балаларға қосымша білім беру жүйесінің заманға сай инфрақұрылымы
құрылады, материалды-техникалық база нығайтылады, экономикалық
қатынастар жетілдіріледі;
балаларға жалпы, орта және қосымша білім беру құрамының
сабақтастығы негізінде бірыңғай білім кеңістігі сақталады;
қосымша білім берудің мазмұны мен құрылымы жаңартылады, балаларға
қосымша білім берудің тиімділігі мен сапалылығына қол жеткізіледі;
балаларға қосымша білім беру жүйесінің мекемеаралық сипаты, қосымша
білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүдделі органдар мен
мекемелердің күш салу үйлестілігі қамтамасыз етіледі;
қосымша білім беру жүйесіндегі бәсекелесуге қабілетті және жоғары
білікті мамандарды даярлау сапасы жоғарылайды;
ақпараттық және коммуникациялық технологиялар дамытылады,
қосымша білім беру мекемелерінде қашықтықтан оқыту қамтамасыз етіледі;
балалар бағдарламаларын, қосымша білім беру мекемелерінің web-
порталын, балаларға арналған web-сайттар, балалар журналдарын құру арқылы
бірыңғай білім беруге арналған ақпараттық орта құрылады;
балаларға қосымша білім беру мекемелерін мемлекеттік аттестаттау мен
аккредиттеу жүйесі жетілдіріледі;
Балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі педагогикалық және
басқарушы кадрлардың әлеуметтік мәртебесі мен кәсіби деңгейі көтеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |