5.3.1. ПСИХОЛОГ
ТАР МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДАР
КТМАС судьяларымен жүргізілген интернет-сауал-
нама шеңберінде олардан КТМАС-тағы тыңдауларға
психологтар қаншалықты жиі қатысады деген сұрақ
қойылды. Алынған жауаптер төмендегі Кесте 12 – де
берілген.
Бір жағынан нәтижелерге қарасақ, әр КТМАС-та
психологтардың қатысуы әртүрлі. Олардың қатысуы
төмендегі әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі
істердің тыңдауларында байқалады
143
. Бұл нәтиже сот-
та жүргізілген бақылау жұмыстары кезінде жиналған
мәліметтерге негізделген; бақылау жүргізілген
әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты тыңдалымның
95,5%-ында психологтар
144
. Алайда жауап беруші
КТМАС судьялары КТМАС-тағы тыңдауларға психо-
логтар қатысқан кезде олардың өте пайдалы рөл
атқаратынын айтады.
Кесте 13-те көріп отырғанымыздай, жауап беруші
судьялардың жартысынан көбі психологтардың
тыңдауларға қатысуы не өте пайдалы немесе аса пай-
далы деп есептейді. Жекелеген сұхбаттарда берген
судьялардың жауаптары осы тұжырымды қайталайды.
142
Біріккен ұлттар ұйымының кәмелетке толмағандарға арналған
әділсот бойынша Минималды стандартттары, 29 қараша 1985 ж.
Бас Ассамблеяның 40/33 қарары
143
Жауап берушілердің 58%-ы (31-дің 18-і) психологтар сирек не-
месе ешқашан қатыспады деді.
144
Өтінеміз, сот тыңдалымдарына жүргізілген бақылаулар өкілдік
іріктеу мақсатын басымдық деп таппады, сол үшін бұл мәліметтер
таңдалып алынған КТМАС-тар, жылпы Қазақстандағы КТМАС-тар
үшін өкілдік емес болуы мүмкін екеніне назар аударыңыз.
Мысалы, бір судья айтқандай, олар «судьялар үшін өте
қажет – өте маңызды, өйткені шешім қабылдауда көмек
береді»
145
. Алайда, кейбір судьялар психологтардың
«сылбыр рөлге ие, олар белсенді болулары қажет»
146
деген де пікір білдірді. Сол сияқты КТМАС судьяла-
ры психологтардың көрсеткен қызметінің сапасын
және сот тыңдауларына дайындық деңгейін әрқалай
бағалайды
147
.
КТМАС істерінің тыңдауларына психологтардың аз
қатысуы келесідей фактормен түсіндіріледі. Ішкі
мемлекеттік құқыққа сәйкес, олардың КТМАС-
тың барлық тыңдауларына қатысуы міндетті емес.
Қазақстанның заңнамасында КТМАС-тың барлық
әкімшілік құқық бұзушылық істерінде психологтардың
көмек көрсетуін міндеттейтін талап жоқ
148
. Нақтырақ
айтсақ, психолог пен педагог маманның он төрт жасқа
толмаған куәгермен сұхбаттасу кезінде қатысуы та-
лап етілген
149
.
Қылмыстық істердегі тыңдауларға қатысты ай-
тар болсақ, «он алты жасқа толмаған, сондай-ақ
осы жасқа толған, бiрақ психикалық дамуын-
да мешеулiк белгiлерi бар кәмелетке толмаған
күдіктiнiң, айыпталушының қатысуымен iс жүргiзу
әрекетiн жүргiзу кезiнде» педагог маманның неме-
се психологтың қатысуы мiндеттi»
150
. Алайда кейбір
жағдайларда кәмелетке толмаған айыпталушының
жасы 16-дан төмен болса да, психолог барлық
тыңдауларға әрқашан қатыспаған. Өйткені олар заң
бойынша міндетті емес деп ойлаған
151
.
145
Жекелеген сұхбат, судья, Алматы қ. КТМАС, 10 июля 2014 ж.; же-
келеген сұхбатты қараңыз, судья 1, Ақтау қ. КТМАС, 23 қыркүйек
2014 ж.; жекелеген сұхбат, судья 2, Ақтау қ. КТМАС, 23 қыркүйек
2014 ж.
146
Қараңыз, мысалы, жекелеген сұхбат, судья 2 [КТМАС-тың мекен-
жайы алынып тасталды] [уақыты белгісіз].
147
КТМАС-тың
кейбір
судьялары
психологтардың
сот
тыңдалымдарына жақсы әзірленгендерін және сапалы қызмет
көрсеткенін білдірді (Қараңыз, жекелеген сұхбат, судья 1, Ақтау
қ. КТМАС, 23 қыркүйек 2014 ж.); кейбіреулері психологтардың
қанағаттандырарлық қызмет көрсеткендерін және сот тыңдауына
да қанағаттандырарлық деңгейде дайындалғандарын білдірді
(Қараңыз, жекелеген сұхбат, судья 1 [КТМАС-тың мекен-
жайы көрсетілмеген], 17 қыркүйек 2014 ж. ); кейбір судьялар
психологтардың төменгі деңгейде қызмет көрсеткендерін және
сот тыңдауына жақсы дайындалмағандарын айтты (жекеле-
ген сұхбат, судья 1, [КТМАС-тың мекен-жайы алынып тасталды]
[уақыты белгісіз]).
148
Психологтың әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іске
қатысу үшін мамандарды тағайындау ережелеріне сәйкес
белгіленуі мүмкін екенін аңғару қажет; 2014 ж.Әкімшілік құқық
бұзушылықтар туралы кодекс, 756 бап.
149
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс, 754 баптың 6
тармағы.
150
2014 ж. Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 538 (1) және 542 (4) бапта-
ры (немесе бұрынғы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 488 бабы).
Он алты жастан асқан кәмелетке толмағандардың істеріне педа-
гог мамандар немесе психологтар тергеуші немесе сот (жағдайға
байланысты) немесе қорғаушының/заңды өкілінің өтінішіне
қарай қатыса алады (2014 ж. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің
538 (2) бабы).
151
Жекелеген сұхбат, судья 1 [КТМАС-тың мекен-жайы
көрсетілмеген], 19 қыркүйек 2014 ж.; судья 2, [КТМАС-тың мекен-
жайы көрсетілмеген], 19 қыркүйек 2014 ж., судья 1 [КТМАС-тың
мекен-жайы көрсетілмеген], 22 қыркүйек 2014 ж.
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
37
Достарыңызбен бөлісу: |