42
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
•
КТМАС істеріне қатысатын әлеуметтік қызметкерлердің, психологтардың және педагог мамандардың жеке-
жеке атқарымдық міндеттері бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулықтар болуын қамтамасыз етуге кеңес беріледі.
•
Әр КТМАС-та сот қарайтын әрбір істе, соның ішінде, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерде сот үшін
қолжетімді кем дегенде бір штаттағы әлеуметтік қызметкер тағайындау мүмкіндігін қарастырған жөн.
•
Кез-келген сәтте, КТМАС-қа қажет болған кезде, балалар клиникалық психологтары өз кәсіби тәжірибесін,
білімін және психологиялық қолдауын тегін көрсете алуы үшін КТМАС-та жұмыс жасауға тағайындалған бала-
лар клиникалық психологтарының санын бірте-бірте ұлғайту мүмкіндігін қарастырған жөн.
•
Әлеуметтік қызметкер/психолог ювеналды әділсот істерінде және КТМАС-тағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істерде, әсіресе, жаза тағайындау туралы шешім қабылданар алдында (осы туралы толығырақ
жоғарыдағы «Жазаны тағайындау» бөлімінен қараңыз) балаға әлеуметтік байқау жүргізу нәтижелері туралы
есеп ұсынуын талап етуге кеңес беріледі.
•
Әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, педагог мамандар және қамқоршылық пен қорғаншылық
органдарының өкілдері КТМАС-та қаралатын істермен айналысудан бұрын кәмелетке толмағандардың
істерімен жұмыс жасау бойынша міндетті мамандандырылған дайындықтан өтуін және олардың дағдылары
мен білімі заманауи талаптарға сай бола беретінін кепілдендіру үшін КТМАС-тағы өз жұмысы барысында
міндетті жүйелі оқыту курстарынан өтуін қамтамасыз етуге кеңес беріледі.
ПСИХОЛОГТАР, ПЕДАГОГ МАМАНДАР ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫМДАР
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
43
6. КТМАС-ТЫҢ ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІ ЖӘНЕ ПРАКТИКАСЫ
Достарыңызбен бөлісу: