Кәмелетке толмаған құқық бұзушылар мен олардың ата-аналарының қорғаушымен ең
алғаш қашан кездескендері жөніндегі жауаптары
Кесте 18.
баламен кейінгі кезеңдерде, нақтырақ айтсақ, тергеу
изоляторында немесе алғашқы сот тыңдауының ал-
дында кездесетіндерін жеткізді
208
. Дәл осындай жа-
уаптарды кәмелетке толмаған айыпталушылар мен
олардың ата-аналары да берді; жауаптар Кесте 18 –
де берілген.
Кесте 18-де
209
көрсетілгендей, кәмелетке толмаған
айыпталушылардың тек 16,7%-ы өз қорғаушыларымен
полиция тергеместен бұрын кездескендерін айт-
ты. Бұл халықаралық стандарттың талабы. Ал жау-
ап берушілердің 45,8%-ы кәмелетке толмаған бала
қорғаушымен полиция тергегеннен кейін кездескенін
айтса, 25%-ы өз қорғаушыларымен сот тыңдауының
алдында немесе үстінде кездескендерін білдірді.
4,2% бала алғашқы тыңдау өткеннен соң кездес-
кен екен
210
. Бұл фактілер мәселенің өзекті екенін
көрсетеді және кәмелетке толмағандардың өздерінің
заңды өкілдеріне полиция тергеместен бұрын қол
жеткізулерін ойластыру қажет.
Кәмелетке толмаған айыпталушының қорғалуы үшін
әрқашан жеткілікті уақыты бола бермейді, тіпті оның
мүддесін қорғаушы қорғаған жағдайда да. Мысалы,
қылмыстық істердің бірінде келесідей бақылау орын
алды:
«Сот ісін қарау алдында прокурор кәмелетке толмаған
айыпталушыдан жазбаша түрде мазмұндауын талап
етті, бірақ оны қалай жазу керек екенін толықтай
түсіндірмеді. Айыпталушы қорғаушының нұсқауымен
оған түсініксіз кейбір терминдердің нені білдіретінін
сұрай отыра жазды.
Прокурор ылғи асықтырып отырды және тез жазуын
сұрады. Сонымен қатар баланың жазып отырған стол-
ында прокурордың өзі де отырған еді»
211
.
қорғаушы 1, Шымкент қ., 18 қыркүйек 2014 ж.; жекелеген сұхбат,
қорғаушы 2, ж. Шымкент қ., 18 қыркүйек 2014 ж.; жекелеген
сұхбат, қорғаушы 1, Өскемен қ., 17 қыркүйек 2014 ж.
208
Жекелеген сұхбат, қорғаушы 1, Ақтау қ., 25 қыркүйек 2014 ж.; же-
келеген сұхбат, қорғаушы 2, Өскемен қ., 17 қыркүйек 2014 ж.
209
Өтінеміз, сот тыңдалымдарына жүргізілген бақылаулар өкілдік
іріктеу мақсатын басымдық деп таппағанын ескеріңіз.
210
Істердің 8,3%-ында кәмелетке толмаған бала қорғаушысымен
алғаш рет қашан кездескендері белгісіз.
211
Қылмыстық істер бойынша тыңдалымды бақылау [КТМАС-тың
мекен-жайы алынып тасталды], тамыз 2014 ж.
Алғашқы сот тыңдауынан соң
Достарыңызбен бөлісу: |