Қазақстан республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғАН



Pdf көрінісі
бет47/69
Дата31.12.2021
өлшемі4,89 Mb.
#22064
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   69
Байланысты:
Публикация на каз

7.1. ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК 

Қыз  балалар  заңға  қайшы  әрекет  жасағанда  жы-

нысына  және  жасына  байланысты  ерекше  осал 

бола  түседі.  Мысалы,  қыздар  олардың  жыныстық 

ерекшеліктерін  ескеретін  санитарлық-гигиеналық 

жағдай жасалмағандықтан немесе гендерлік зорлық-

зомбылық  және  қорлық  көру  қаупі  салдарынан 

тұтқынға  алынғанда  немесе  бас  бостандығынан 

айырылғанда  айрықша  қауіп-қатерге  шалдығуға 

бейім


332

.  Қыз  балалар,  сондай-ақ,  қоғам  тарапынан 

кемсітушілікке душар  болуы  мүмкін,  бұл  бірінші  ке-

зекте  олардың  әділ  сот  жүйесімен  байланысына 

қатысты,  мысалы,  олар  гендерлік  зорлық-зомбылық 

немесе  қиянат  құрбаны  болғанда  айқын  көрінеді. 

Балаға  қатысты  қабылданатын  барлық  шешімдер 

332


 Қараңыз,  мысалы,  БҰҰ  әйел  тұтқындарға  қарауға  және  құқық 

бұзушы әйелдерге бас бостандығынан айыруға қатысы жоқ жа-

залау  шараларына  қатысты  ережелері  (Бангкок  ережелері),  6 

қазан 2010 ж.

оның  жынысымен  байланысты  осалдығын  ескеруі 

тиіс.  Бұл  кез-келген  теңсіздікді  болдырмау  және 

балаға  қатысты  жалпы  нәтижелерді  жақсарту  үшін 

ұл  балаларға  қарағанда  қыз  балалардың  өзгешерек 

көзқарасты талап етуі мүмкін екенін білдіреді.

Жауап  берушілердің  барлығы  бірдей  КТМАС-та 

істерді қарау кезінде гендерлік теңдікке негізделген 

әдістемені ұстану маңызды екенінен хабардар болған 

жоқ. Кейбір жауап берушілер іс жүзіндегі теңдік пен 

кемсітпеушілікті  бірдей  қараумен  шатастырды.  Мы-

салы  «Сот  үдерісі  барысында  ұлдар  мен  қыздарға 

бірдей қарай ма?” деген сұраққа бір КТМАС судьясы: 

«Жоқ … барлығы тең»

333


 деп жауап берді. Оған қоса, 

жауаптар  гендерлік  теңдік  мәні  туралы  жеткілікті 

түрде хабардарлық жоқ екенін және оның іс жүзінде 

қалай  кепілдендіріле  алатын  көрсетіп  отыр.  Мыса-

333

 Судья  2  [КТМАС  орналасқан  жері  туралы  ақпарат  алынып 



тасталған], 23 қыркүйек 2014 ж.

7. ТЕҢДІККЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАР




Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

71

• 

Қыз балалардың гендерік теңдігіне және құқықтарына қатысты әлеуетін арттыру үшін оқу-ағарту ісі КТМАС 



судьяларын, прокурорларды, қорғаушыларды, әлеуметтік қызметкерлерді, педагог мамандар мен психологтар-

ды (5. АРНАЙЫ КАДРЛАР МЕН МЕКЕМЕЛЕР бөлімінде ұсынылған) оқытуға арналған мамандандырылған оқыту 

бағдарламаларын енгізуге кеңес беріледі.

ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІККЕ 

ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫМДАР 

лы,  кейбір  жауап  берушілер  сот  ережелері  бары-

сында  ұлдар  мен  қыздарға  әртүрлі  қарайды,  себебі 

қыздар ұлдарға қарағанда тез «ашуланады»

334

 неме-


се «сезімдерге берілгіш»

335


 болып келеді, сондықтан, 

қыздарға «үлкен түсіністікпен»

336

 қарайды деп жауап 



берді. 

Мұндай жауаптар қыздардың (мен ұлдардың) мінез-

құлқы  және  олардың  психологиялық  жай-күйі  тура-

лы  кемсітуге  жол  беретін  түсініктердің  орныққанын 

көрсете  алады,  сонымен  қатар,  әрбір  баланың 

нақты  жағдайына  жеке-дара  әдістеме  қолдану 

маңыздылығын төмендете алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет